Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
Чехияның феодалдық бытыраңқылығының ұзаққа созылмауының 
басты себептері қандай?
 
2.
Чехиядағы неміс отаршылдығының қарқын алуына қандай жағдайлар 
әсерін тигізді?
 
3.
Люксембургтар кезінде Чехияда қандай өзгерістер байқалды?
 
4.
Чех қоғамының қалың бұқарасы католиктік шіркеу мен неміс 
басқыншыларына қатысты қандай саясатты ұстанды?
 
5.
Гусшілдер соғысының Чехия үшін тарихи маңызы қандай?
 
88 


§ 5. 
ХІ – ХV ғасырлардағы Скандинавия елдері 
 
Скандинавия 
елдерінде 
феодализмнің 
қалыптасуының 
өзіндік 
ерекшеліктері. Скандинавия елдері, ең алдымен, Дания, Швеция, Норвегия орта 
ғасырларда өзгеше дамыды. Ең алдымен, бүкіл елдегі феодалдық 
қатынастардың баяулығы назар аудартады. Феодализм мұнда тек ХІІ – ХІІІ 
ғасырларда толық қалыптасып болды. Сонымен бірге феодализмге дейінгі 
әлеуметтік элементтердің көп белгілері сақталып қалды: ұлан-байтақ, кең 
тараған (әртүрлі нысандағы) жерге, орман, суға қоғамдық, ұжымдық және 
меншік; кейінгі орта ғасырлардың аяғына дейін жекелеген аймақтар бойынша 
халық жиналыстарында қызмет көрсету; Еуропаның басқа елдерімен 
салыстырғанда христиан дінінің кейін және терең енуі. Барлық белгілер осы үш 
елдің орта ғасырлық тарихында терең із қалдырды.
Скандинавия феодализмінің ерекшелігі оны Батыс Еуропаның басқа 
елдерінен айырған баяу дамуы болды. Италия, Франция, Англияда 
басыбайлылық құқық жойылып үлгерсе, Данияда ол жаңа басталды.
Скандинавиялық солтүстікте шіркеу христианға дейінгі діни-
нанымдармен күрес жүргізіп жатты, ал Батыс Еуропаның басқа елдерінде бұл 
кезде шіркеу бюргерлік ересьтермен күресте болды.
Өндіргіш күштердің өсуі де айтарлықтай баяулығымен ерекшеленді. ХІІІ 
ғасырдың өзінде-ақ нағыз дамыған және халық тығыз қоныстанған Данияда үш 
танапты егістік екі танапты егістікпен қатар жүрді. Таулы аймақтарда соқалы 
жер шаруашылығы қалыпты құбылыс болды. Дания, Швецияның шаруашылық 
өмірінде, әсіресе, Исландия мен Норвегияның, экстенсивті бақташылықтағы 
мал шаруашылығы жалғасып жатты. Балық шаруашылығы, мұхит 
жағалауларында кит аулау өнеркәсібі жақсы дамыды. Теңіз жолы, ең алдымен, 
Дания мен Норвегияны құрлықпен тұрақты байланыс жасатты.
Феодализмнің неғұрлым тез дамыған аймағы Дания болды. ХІV ғасырға 
таман шаруалардың негізгі бөлігін тәуелді иемденушілер құрады. Ал ХV 
ғасырда аграрлық құрылыстың солтүстік германдықтардан айырмашылығы аз 
болды.
Швецияда бұл үрдіс неғұрлым баяу жүрді. Швецияда ұзақ уақыт құлдық 
сақталып қалды. Жат жерді ұстаушылар ХV ғасырдың өзінде-ақ шаруалардың 
аз бөлігін құрады. Швецияның мұндай артта қалушылығының себебі оның 
скандинавиялық көршілерімен салыстырғанда Батыс Еуропадан қашық 
орналасуында еді. Моңғол-татар шапқыншылығы да Швецияға жанамалай 
әсерін тигізді.
Норвегияның дамуы өзгеше көріністе болды. Шаруа-меншікшілердің 
қатары мұнда тез ыдырады, елдегі жердің көп бөлігі корольдің, ақсүйектер мен 
діни шонжарлардың қолында шоғырланды. Норвегияда Швециядан ерте 
басталған феодалдану үрдісі өзінің алғашқы сатысында тоқтап қалғандай 
болды. Шаруа-иемденушілердің қатары Швециямен салыстырғанда аз 
болғанымен, олардың құқығы толық меншік иесіне жақын болды. Ірі жер 
иеленуші феодалдар Норвегияда ерте анықталғанымен, саны аз және 
шведтіктерден әлсіз болды.
89 


Скандинавия елдері феодалдық бытыраңқылықты білген жоқ. Корольдік 
бенефицияларды ұстаушылар (Скандинавияда оларды лендер деп атады) мұнда 
сыйға алған жерлердің мұрагерлері бола алмады және бұл жерлердің халқынан 
кең құқықтарын алмады.
ХІІІ – ХІV ғасырларда Скандинавия елдерінің корольдері мен феодал 
шонжарлардың арасындағы шиеленіскен күрестен кейін шонжарлардың съезі 
және тұрақты мемлекеттік кеңестің көмегімен корольдік өкіметтің билігін 
шектеумен ғана қанағат тұтты. Дат королі таққа отырарда дворяндардың 
барлық еркіндіктерін сақтайтындығы жөнінде ерекше міндеттеме қабылдайтын 
болды. Бұл міндеттемелер капитуляция деп аталатында көрініс тапты. 
Мемлекеттік кеңес – риксрод – Скандинавия елдеріндегі маңызды мемлекеттік 
мекемеге айналды. Король сайлау, лендік иеліктерді бөлу, сыртқы саясаттың 
бағытын анықтау мәселелерін шешті. Шонжарларды қолдаушы және күшті 
орталық өкімет Скандинавия елдеріне өздерінің сыртқы саяси басқыншылығын 
жандандыруға мүмкіндік берді. ХІІ ғасырдың екінші жартысында дат 
корольдері теңіз бойы славяндарын, ал ХІІІ ғасырдың басында Эстонияның 
жартысын және төменгі Эльба бойындағы неміс қалаларын бағындырды. Осы 
жаулап алынған аймақтар түгелге дерлік даттардың ықпалына түсті.
Швеция корольдері ХІІ ғасырдың ортасынан бастап Финляндияны басып 
алуға жұмыстанды, бірақ оны жаулап алуға бағытталған алғашқы шешуші 
қадам тек жүз жылдан кейін ғана жүзеге асырылды. Русь аумағына ену 
әрекеттері 1240 жылы Нева бойында швед әскерлерінің жеңілісімен аяқталды. 
Финляндияны бағындыру швед корольдеріне тек ХІV ғасырда ғана мүмкін 
болды.
Скандинавия елдерінің дамуының ерекшелігі жекелеген елдердің 
ақсүйектерінің өздерінің саяси еркіндіктерін сақтап қалу үшін жатжерлік 
корольдіктерді иемденуге тырысуында болды. Осы үшін жеке униялар құруға 
бет алды. 
Дания. Данияда Скандинавияның өзге елдеріне қарағанда феодализм ерте 
қалыптасты. ХІІ ғасырда шаруалардың негізгі бөлігі шіркеу және дүнияи 
феодалдарға немесе корольге тәуелді болды. Шаруалар қоныстанған және 
бұрын иемденілген жерлердің барлығы корольдің меншігі болып жарияланды 
және оларды өңдеушілер корольге салық төлеумен қатар, оброк төлеуі де тиісті 
болды. Феодалдар жерге бекітілген құлдарды да қанады. Құлдық кең тарады 
және Данияда ол ХІV ғасырға дейін сақталды. Корольдің шонжарларды 
бағындырғысы келген әрекеттерінің барлығы ХІІ ғасырда бірқатар көтерілістер 
туғызды. Король І Вальдемар (1157 – 1182 ж.ж.) өз қарсыластарын шіркеудің 
көмегімен жеңіп, корольдік өкіметті біраз нығайтты. Корольдің келесі тірегі 
рыцарьлар болды. ХІІ ғасырдың екінші жартысында король әскерлері негізінен 
рыцарьлардан тұрды. Ұсақ және орта феодалдар барлық салықтық 
міндеткерліктерден босатылып, корольге тек әскери қызмет атқарды. Шаруалар 
әскери қызметтің орнына салық төлеуі тиісті болды. 1250 жылы әрбір соқадан 
төлеуді талап еткен жаңа салық түрі енгізілді, бұл әрине, шаруалардың 
көтеріліске шығуына алып келді. Бірақ қатал жазаланды.
90 


Дания көрші елдерге қатысты басқыншылық саясат ұстанды. ХІ 
ғасырдың басында ол біраз уақыт Англия, Норвегия және Швецияның 
жартысын бағындырды. ХІІ ғасырда дат шапқыншылықтары Балтық және 
Приморьелік славяндарға қарсы бағытталды және крест жорықтары түрінде
жүргізілді. ХІІІ ғасырдың басында ол Солтүстік Эстонияны басып алды. ІІ 
Вальдемардің (1202 – 1241 ж.ж.) кезінде бірқатар неміс аумақтарын жаулап 
алды: Гольштиния, Гамбург, т.б. Фрисландияға бекіну әрекеттері кезінде даттар 
Дитмаршеннің және солтүстіктегі германдық қалалардың шаруаларынан (1227 
ж.) жеңіліс тапты және өздерінің неміс иеліктерінің барлығынан дерлік 
айырылды.
Норвегия. Норвегиядағы феодалдық қатынастардың бекуі елде қарама-
қайшылықтарға кезікті. Корольдің өз өкіметін шіркеу мен қызметкер 
шонжарларға арқа сүйеп орнатуға талаптанған әрекеттері биркбейнерлердің 
халықтық көтерілісін туғызды. Король Магнус өлтірілді және көтерілісшілердің 
басшысы Сверрир өзін король жариялады (1148 – 1202 ж.ж.). Алайда, ол 
кедейленген шаруалардың жағдайын жақсарту үшін айтарлықтай шаралар 
жасай қоймады. Өз саясатында ол қызмет адамдарының қолдауына сүйенді. 
Сверрир шіркеудің артықшылықтарын жойды және оны корольдік өкіметке 
тәуелді жағдайға қойғысы келді. Бұл Папамен қақтығысқа алып келді. Папа 
Иннокентий ІІІ Сверрирді шіркеуден аластатты. Оған қарсы король 
Норвегиядағы папа прелаттарын қуып шықты. Сверрирдің мұрагерлері 
Папамен келісімге келді және дін өкілдерінің бірқатар артықшылықтарын 
қалпына келтірді. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында корольдік өкімет 
айтарлықтай нығайды. Король Магнус Законодатель 1274 жылы әдеттегі 
құқықтың бірінші Жалпы норвегиялық жинағын шығарды. Жоғарғы орган 
корольдік кеңес болып табылды, ол сановниктерден және король 
қызметшілерінен тұрды. Маңызды істер жиналыстарда – тингаларда шешілді. 
Елдің жергілікті басқармасының басында король вассалдары тұрды. Өнім 
рентасы басым болды. Шаруаларды қанау мемлекеттік салық салу түрінде 
болды және тікелей корольге тәуелді күйінде қалды. 
Швеция. Норвегиядағы сияқты Швецияда да феодалдық тәуелділікке 
тартылу өте баяу жүрді. Бос жатырған жерлердің көп болуы шаруаларға 
феодалдардың қанауынан қашып құтылуға мүмкіндік берді. Соған қарамастан 
шонжарлар ірі жер иеліктерін құрып үлгерді, оларда жартылай ерікті 
шаруалардың және құлдардың еңбегін пайдаланды. ХІІ ғасырдың бірінші 
жартысында Швецияда корольдік өкімет және ру шонжарларының арасында 
алауыздық соғыстар басталды. Бұл кезде корольдік билеушісі мен әскери 
басшының – ярлдың жағдайы ерекше нығайды. Сондай белсенді ярлдардың бірі 
Биргер шіркеудің қолдауын пайдаланып, таққа өзінің ұлын қойды және жаңа 
әулеттің негізін қалады (1250 ж.). Корольдік өкімет біраз уақытқа нығайды. 
Тұрақты салық енгізілді, ол шаруалардың (бондтар) жағдайын нашарлатып 
жіберді. Феодалдық жер иеленушілік – фрельстер барлық салықтың түрлерінен 
босатылды және корольге атты әскерде қызмет жасады. Швед феодалдары 
Шығыс Прибалтикада жаулап алу саясатын жүргізді. 1249 – 1250 жылдары 
олар финдерге қарсы крест жорықтарын ұйымдастырды және Батыс 
91 


Финляндияны жаулап алды. Олар сонымен қатар, Нева сағасындағы орыс 
жерлерін де жаулап алғысы келді, бірақ 1240 жылы Нева түбіндегі шайқаста 
күйрей жеңілді.
Скандинавияның қалалары Батыс Еуропаға қарағанда қолөнер мен 
сауданың орталығы ретінде кеш орнықты. Шаруашылық ұзақ уақыт натуралды 
сипатын сақтап қалды. Соған сәйкес айырбас та натуралды түрде жүрді. Тек ХІІ 
ғасырдың 2-жартысында ғана қолөнер мен сауда, әсіресе, сыртқы сауда, 
жандана бастады. Норвегиядағы Берген және Готландтағы Висбю Солтүстік 
Еуропадағы ірі сауда орталықтарына айналды. Бірқатар дат қалалары өзін-өзі 
басқару құқығына ие болды. Бірақ Скандинавия қалаларының бюргерлері әлсіз 
болды және саяси өмірде айтарлықтай роль атқармады. ХІІ ғасырдың 
ортасынан бастап сыртқы саудада солтүстік-германдық қалалардың, соның 
ішінде, Любек пен Ростоктың көпестері үлкен маңызға ие болды. Сонымен 
қатар неміс өсімқорлары мен кәсіпкерлері Швецияның тау-кен өндірістеріне өз 
капиталдарын салды. Скандинавия қалаларында немістер көптеп орныға 
бастады, олар ықпалды төбелтоптарға айналды. Неміс көпестерінің енуі 
Скандинавия елдерінің экономикалық дамуына тұтастай әсерін тигізді, ол 
жергілікті бюргерліктің өсуін тежеді.
ІV Вальдемар Датский және Ганзей одағымен соғыс. 1363 жылы швед 
тағына солтүстік германдық герцог Альбрехт Мекленбургский шақырылды. 
Неміс корольдің пайда болуы Скандинавияға германдық элементтердің кең 
түрде енгендігін көрсетті. Бір жағынан, ганзейлік көпестер және саксондық 
қолөнершілер Скандинавиядағы өндіріс пен сауданың ұлғаюына жағдай 
жасады. Сонымен бірге герман отаршылдығы Скандинавия елдеріне аумақтық 
тұтастықтан және тәуелсіздіктен айырылу қаупін туғызды. Неміс феодалдары 
дат шонжарларын «Вальдемар Конституциясын» мойындауға мәжбүр етті. 
Конституция бойынша, дат корольдері орта ғасырлық Данияның маңызды 
бөлігі Шлезвигке алдағы уақытта номиналды билігін сақтап қалды.
ІV Вальдемар Аттердаг кезінде Данияда король өкіметі күшейді. Шіркеу 
мен рыцарьларға арқа сүйеген король ақсүйектерге қарсы күреске шықты. 
Сонымен қатар, сыртқы саясатты да күшейтіп, бай Висбю қаласымен бірге 
Готланд аралын да басып алды. Бұл Ганзей одағымен соғысқа алып келді (1367 
– 1370 
ж.ж.). Соғыс Данияның күйрей жеңілуімен аяқталды. Дания ганзейлік 
көпестердің пайдасына салықты азайтып, Штарльзунд Ганзаға тікелей саяси 
тәуелділікте қалды. Дат королі Вальдемар ганзейліктердің Балтық теңізіне 
үстемдігін бекітті және король сайлауға араласу құқығын берді. Яғни, Ганзаның 
келісімінсіз Дат королі таққа отыра алмады. Біртіндеп Ганза өз қолына елдің 
саудасын шоғырландырды. Ганза Норвегияда да сауда артықшылықтарына ие 
болды. Бұл ХІV ғасырда Норвегияның құлдырауына алып келді. Германияның 
тарапынан отарлаудың ортақ қаупінінің төнуі Скандинавия елдерін бірігуге 
итермеледі. Бірігуді олардың ең күштісі Дания бастады. 1389 жылы король 
Маргарита Датская басшылығындағы Унияға барлық Скандинавия елдері 
бірікті. 8 жылдан кейін Кальмардағы шонжарлар съезінде Уния мәңгі саяси 
одақ ретінде бекітілді. Унияға кірген әр елдің ішкі дербестігі сақталатын болды. 
Үш корольдіктің ортақ королі болып королева Маргаританың немере туысы 
92 


Эрик Померанский салтанатты түрде жарияланды. Кальмар униясы шын 
мәнінде дат және швед феодалдарының өзара келісімі болды. Ал, Норвегия 
болса, ХІV ғасырдың аяғына таман құлдырауға түсті. Оның сыры әлі күнге 
анықталмаған. Кальмар униясына бітім жасау кезінде Норвегия айтарлықтай 
саяси роль атқарған жоқ. Жергілікті феодалдарға қарсылық ретінде, әсіресе, 
дат, швед корольдері Унияның алғашқы жылдары прогрессивті тарихи 
тенденцияларды ұстанушылар ретінде көрінді. Алайда, ширек ғасыр өтпей 
жатып-ақ, Унияның жағымсыз жақтары да көрініс бере бастады. Оның, ең 
алдымен, Дания үшін ғана тиімді екендігі анықталды. Король Эриктің 
салдарынан Ганзеймен соғысқа тартылған Норвегия мен Швеция шектен тыс 
салықтан, өз жағалауларын қоршауға алудан қатты зардап шекті. Король 
уәлилері немістер немесе даттар болды. Олар өздерін Швеция мен 
Норвегияның басқыншылары тәрізді ұстады. Бұл қатты наразылықтар туғызды, 
1434 жылы Швецияда шаруалар көтерілісі бұрқ ете түсті. Оны тау-кен шебері, 
ұсақ дворян Энгельбрект Энгельбрексон басқарды. Көтеріліс табысқа жетті, 
Энгельбрект Швед мемлекетінің басшысы болды. Халықтық-азаттық соғыс 
сословиелік-өкілеттілік жиналыс Швеция риксдагын нығайтты. Оған қаламен 
қатар, шаруа сайлаушылары да қатысты. Осылайша, сословиелік монархия 
қалыптаса бастады. Алайда, Энгельбрект көп кешікпей бүлікшілердің қолынан 
қаза тапты. Шаруалар көтерілісі талқандалды. 1436 жылы Норвегияда да
көтеріліс басталды.
Эрик Померанский Скандинавияның барлық елдерінде төмендетілді. 
Данияның өзінде де король саясаты шонжарлардың қарсылығын өрістетті. 
Алғашында швед шонжарлары көтерілісшілерге қосылды. Бірақ Энгельбректті 
өлтіргеннен кейін шаруалар қозғалысы енді швед феодалдарына да қарсы 
бағытталды. Кальмар униясы уақыт өте келе мағынасын жоғалта бастады. Ал, 
1450 жылы Дат-Норвегия униясы «мәңгіге» бірікті. Осыған сәйкес, 
Норвегияның Данияға тәуелділігі үздіксіз өсіп отырды. Бұл уния 1814 жылға 
дейін өмір сүрді.
ХV ғасырдағы Скандинавия елдері. Кальмар униясындағы неғұрлым 
артта қалған және әлсіз мемлекет Норвегия болды. Оның экономикасында 
(қолөнері мен саудасы) негізгі позицияны ганзейлік, ал, ХV ғасырдың аяғынан 
бастап голландық көпестер иемденді. Норвегиялық бюргерлік кейінгі орынға 
шегеріліп тасталды. Әлсіз норвегиялық дворяндар унияға қарсы күрес 
ұйымдастырып, мемлекетті азат етуге қабілетсіз болды. Норвегия өзінің 
төмендегі иеліктерінен айырылды: Оркней және Шетланд аралдары 
Шотландияға кетті, ал, Исландия даттардың ықпалына түсті. Дәл осы мезгілде 
Швеция өрлеуді басынан өткеріп жатты. Елде дат үстемдігіне қарсы оппозиция 
күшейіп келе жатты. Алайда дворяндар мен дін өкілдерінің бір бөлігі, әсіресе, 
елдің екі бөлігінде де жерлері барлары, Даниямен унияның сақталып қалуын 
жақтады. Елде уния қарсыластары мен жақтаушыларының арасында 
шиеленіскен күрес жүріп жатты. Ірі швед феодалы Карл Кнутсон оппозициялық 
қозғалысқа арқа сүйей отырып, тақты басып алды және 1448 жылдан – 1470 
жылға дейін үзіліспен басқарды. Данияның позициясын қайтарып алуға 
бағытталған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Көтеріліске шыққан бюргерлер мен 
93 


шаруалар Стен Стурдың басшылығымен даттарға күйрете соққы берді. Стен 
Стур мемлекеттің регенті болды (1471 ж.). Швециядағы неміс өктемдігі 
тоқтатылды. Стен Стурдың саясаты швед мүдделеріне сәйкес келді және 
Швецияның ұлттық өрлеуіне жағдай жасады. Упсалада университет ашылды. 
Елден қымбат металдың сыртқа шығарылуы шектелді, темір мен мыстың 
экспортына мемлекеттік монополия қойылды. Қолөнер мен сауда швед 
бюргерлерінің қолына өтті. Кальмар униясы формальды түрде 
жойылмағанымен, Швеция тәуелсіз саясат жүргізді.
Дания да ХV ғасырда шаруашылық және мәдени өрлеуді басынан 
өткерді. Қалалар дамып, бюргерлік нығайды. ХҮ ғасырда Копенгаген ел 
астанасы болды: ол ірі сауда және мәдени орталық болды. Қалада университет 
ашылды. Дания Ганза үстемдігінен босады, ганзалық көпестердің 
артықшылықтары жойылды. Сыртқы сауда кеңейді, әсіресе, Солтүстік 
Германия облыстарына ауыл шаруашылық өнімдерінінің тасылуы дат 
корольдерінің ықпалын күшейтті. 1460 жылы І Христиан Шлезвиг және 
Голштини герцогы болды және империя князының титулын алды. Бұл герман 
істеріне еркін араласуға мүмкіндік берді. 1493 жылы Москва князы ІІІ Иванмен 
Ганзаға қарсы бағытталған келісімдер жасалды; Русьпен тұрақты байланыстар 
орнатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет