Бақылау сұрақтары:
1.
Алтын Булла кімдердің мүддесін көздеді?
2.
Венген мемлекеті сыртқы саясатында қандай бағытты ұстанды?
3.
1351 жылғы сеймнің дворяндар үшін қандай маңызы болды?
4.
Ұсақ және орта дворяндардың орталықтанған өкіметке мүдделі
болуының басты себебін атаңыз?
5.
1456 жылы түріктерге қарсы Белград маңындағы шайқастың тарихи
маңызы қандай?
98
3-
ТАРАУ. СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЕУРОПА
(ХVІ ҒАСЫР – ХVІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ)
§ 1.
XVI ғасыр – XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс
Еуропа елдерінде өндіргіш күштердің дамуы және капиталистік
қатынастардың тууы
XVI ғасырдың аяғы – XVII ғасырда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында
өндіргіш күштердің дамуы. Кейінгі орта ғасырлар немесе XVI ғасыр – XVII
ғасырдың бірінші жартысы Батыс Еуропа елдерінде феодалдық қатынастардың
ыдырауы және капиталистік қатынастардың тууымен сипатталады. Бұл
үрдістердің неғұрлым интенсивті дамыған жері Англия және Нидерландия
болды.
Өндірістің капиталистік нысандарының пайда болуы негізінде ауыл
шаруашылығанда өндіргіш күштерінің дамуы, еңбек құралдарының
жетілдірілуі байқалды. XVI ғасырдың басында қолөнер өндірісінің бірқатар
саласында елеулі ілгері басушылықтар байқалды. Диірмендер жетілдірілді.
Құлама судың көмегімен айналдыратын диірмен кең тарады. Тіке диірмендер
одан әрі жетілдіріп, оның диаметрі екі еседей өсті.
Өзенге кедей аймақтарда жел диірмендері қолданылды. XVI ғасырда
оларды айналып тұратын корпусымен жасай бастады. Нидерландияда олардың
ерекше түрі жасалды. Олар «бокмюле» деп аталды. Онда диірмен мұнарасының
тек жоғары бөлігі ғана айналды. Бокмюленің энергетикалық қуаты су
диірменінің қуатынан асып түсті. Бірақ оның құрылысы қымбатқа түсті, ал
жұмыс уақыты желге байланысты болды. Бокмюлені Голландияда әртүрлі
мақсаттарға кең қолданды. Энергия көзі ретінде диірмендерді көптеген
салаларда қолданды: кен өндіруде кенді уату және қозғалту үшін, ұсталық
кәсіптерде егеу құралдарын қозғалысқа түсіру, тері және зығыр өңдеу, қағаз
дайындау, т.б.
XVIІІ ғасырға дейін диірмен дөңгелектері ағаштан жасалды, бұл оның
қуаттылығына әсер етті. Ағаштан сонымен қатар әртүрлі механизмдер мен
аппараттар да жасалды. Қымбат металл тек нағұрлым ауыр салмақты көтеретін
тұста ғана пайдаланылды. Уақыт өткен сайын конструкцияның көп бөлігі
металдардан – мыс, қалайы, темір, латуниден жасала бастады, ал XVI ғасырдың
екінші жартысының аяғында темір мысты ығыстырып шығарды. Өндіріс
құралдарының техникалық жетілдірілуі кез-келген энергия беретін аппараттың
маңызды элементі – бұрандаларды (винт) дайындаудың технологиясы мен
құрылысын жақсартумен тығыз байланысты болды. Бұрандаларды алғаш
тескіш немесе ағаш егеудің көмегімен қолдан жасады. Жаңа бастамалар
токарьлық станоктың (1568 ж.) ашылуымен байланысты болды. Бұрандалар
қола мен латуниден жасалды. Металл бұрандалардың қолданылған маңызды
салаларының бірі – кітап басу және теңге жасау ісі болды. Алғаш рет 1550
жылы Нюрнбергте қолданылған бұрандалы баспа пресі баспа станогінің
сапасын айтарлықтай жақсартты, алғашында 300 басылған парақ дайындалса,
ғасыр аяғында күніне мыңнан аса парақ басылып шығарылды. XVIII ғасырдың
99
басына таман 15 сағаттық жұмыс күнінің өнімділігі шамамен 3 мың параққа
жетті.
Механикалық бұрандалы престің ақша шығаруға қолданылуы цехтық
қолөнершілердің қарсылығына кездесті. XVI ғасырдың ортасы мен екінші
жартысында Аугсбург және Цюрихте жаңа әдіс бекітілді. 1552 – 1585 жылдары
ол Луврдағы теңге сарайында, 60-жылдары Габсбургтегі теңге сарайында
қолданылды. 1561 жылы оны алғаш рет Англияда қолданды, бірақ сәтсіз
аяқталды. Мұндағы механикалық престің көмегімен корольдік теңге шығару
1651 жылы басталды.
Автоматтандырылған механизмдердің қатарында бұл кезде танымалы тек
серіппелі (пружина) және тербелмелі (маятник) сағаттар болды. XV ғасырда
шағын жанқалта сағаттары пайда болды.
Ауыл шаруашылығы. Қарастырып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы
Еуропаның экономикалық өмірінде маңызды сала (халықтың
9
/
10
-
ы ауыл
шаруашылығымен айналысты) болып қала берді. 1500 – 1650 жылдаы жұмыс
құралдары айтарлықтай өзгеріске түсті. Бұған қоса өнеркәсіптік сектордағы
өзгерістердің дүмпуімен ауыл шаруашылығы да елеулі өзгерістерге килікті.
Дегенмен, ауыл шаруашылығының еңбек құралдары бұрынғысынша қала
берді: соқа, орақ, қол орақ. Бірақ, олар ендігі уақытта жетілген, ең жақсы
металдан жасалған, жеңіл, әрі ыңғайлырақ болды. XV ғасырдың 2-жартысынан
бастап бірқатар елдерде 1-2 атқа жегіліп, бір адам басқаратын жеңіл соқалар
қолданыла бастады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің мөлшері көбейді.
Шөл және шөлейт жерлерді суландырудың есебінен игерілетін жерлердің
аумағы артты. Агротехника жақсарды. Топырақты көң, торф, т.б. тыңайту
кеңінен жүргізілді. Үш танапты егістікпен қатар көп танапты егістік және шөп
себу пайда болды. Мал шаруашылығы дамыды. Бірқатар елдерде (Англия,
Нидерландия, Германия) малды бордақылау тәжірибеге енгізілді, тұқымы
асылдандырылды. Жүн экспорты және жергілікті шұға тоқуды қамтамасыз ету
мақсатында қой өсіру бірқатар Франция провинциялары, Оңтүстік Германия,
Швейцария үшін тән болды. Флоттың және тоқыма өндірісінің қажеттіліктері
бірқатар облыстарда коноплия мен зығыр өсіретін алқаптардың пайда болуына
алып келді. XVI ғасырда Ирландия, Шотландия, Солтүстік-Батыс Франциядан
Бретань және Нормандия арқылы Фландрияға дейінгі ұланғайыр аймақты
қамтыған еуропалық «зығыр алқабы» қалыптасты.
Жүзімдіктер, бау-бақшалар, бақтар кеңейтілді. Ірі өнеркәсіптік
орталықтар, әсіресе, Батыс және Орталық Еуропада, дәнді дақылдарға керағар
бақшалық дақылдар мен жеміс ағаштарын өсіруге көбірек көңіл бөлді.
Қала мен деревнядағы тауарлы шаруашылықтың кеңейтілуі ұсақ жеке
өндірістің ірі капиталистік өндіріске орын беруіне алғы шарт жасады.
Кітап басу ісі. 1500 жылға таман кітап басу ісі (XV ғасырдың ортасына
таман басталды) 12 елде танымал болды. Баспаханалық престер Венеция, Лион,
Париж, Руана, Бордода, лондондық Вестминистерде, Стокгольмде, Неапольде,
Валенсия және Севильяда жұмыс жасады. 1535 жылы Иоганн Кромбергер (1502
жылы Севильяда баспахананың негізін салған неміс шығыстанушысы және
баспагері Якоб Кромбергердің ұлы) Мехикода филиал ұйымдастырды.
100
Нюрнбергтен шыққан Антон Кобергердің, Базельдік Иоганн Фробен және
Иоганн Амербахтың баспаханалары Еуропада танымал болды. Оның төңірегіне
гуманистер шоғырланды. XVI ғасырда Шығыс Еуропадағы кітап басудың ең ірі
орталықтары Львов және Киев болды.
1460 жылдан бастап кітаптарды түрлі-түсті суреттермен, ағаштан немесе
мыс тақташалардан жасалған гравюралармен безендіру басталды,
диаграммалар, ноталар, жоспарлар, карталар басылды. Кітаптың мазмұны
идеология, философиялық-діни салаларға ғана емес, сонымен қатар күнделікті
сұраныстарға да бағытталды. Оның жарқын дәлелі – техникалық әдебиеттің
шығуы. Кітап басудың арқасында қолжазба күйінде көпшілікке жете бермейтін
көптеген шығармалар кеңінен танымал болды және «айналысқа» түсті.
Байланыс құралдары және жүйесі. Теңіздің ар жағындағы әскери және
сауда экспедициялары, жаңа аумақтарда балық аулаудың кеңейтілуі, соның
ішінде, Атлант және Тынық мұхиттарға шығу, аймақ аралық және теңіздің ар
жағында сауда сипатының өзгеруі (ең бірінші қажеттіліктегі заттар мен шикізат
басым бола түсті) транспорт құралдарына, ең алдымен, кеме құралдарына жаңа
талаптар қоя бастады. Кеменің санын көбейту ғана емес, олардың түрін,
жылдамдығын көбейту, жүк көтерушілігін арттыру, т.б.қажет болды. Кеме
құрылысы барлық жерлерде жүргізілді – Жерорта теңізінде, Атлантика, Балтық
теңізінде, Солтүстік теңіздің гаваньдарында, сонымен қатар ірі өзендердің
жағалауларында да. Орта орта ғасырларда еуропалық кеме жасау ісінің
танымал орталықтары қалыптасты. Олар жаңа жағдайда да өз позицияларын
сақтап қалды. Олардың қатарында Венеция және Генуя болды. Олар қажетті
шикізаттарды (кемелік және мачталық орман) иемденді, гаваньдарға жақын
жерлерде ғана емес, Левант және Қара теңіз жағалауында да көпсанды
верфьтері болды (кеме жасайтын және жөндейтін өндіріс).
XVI ғасырдың соңғы он жылдығы Англия, Скандинавия елдерінде кеме
құрылысының өрлеген және зеландиялықтар мен голландиялықтардың
еуропалық кеме құрылысында және теңізде жүзушілігінде басты рольді толық
иемденген уақыт болды. Олардың верфьтері механизмдермен (көтергіш
крандар, орман аралары) жақсы жабдықталды. Нидерландия шеберлері жасаған
кемелер үлкен сұранысқа ие болды. Олар сауда флотын жасауда ерекше роль
атқарды.
Орта ғасырларда кемелерді әскери және саудалық деп бөлу болған жоқ.
Қажет жағдайда көпес кемесі әскери немесе қарақшы кемеге айнала алды. Бұл
функцияларды шынайы түрде алғаш рет бөлу 1500 жылға жатады. Кемелерде
қорғану үшін шағын қару-жарақтар пайдаланыла бастады. Бұл кеме
құрылысында және теңіз жабдықтарын жүргізуде күрделі өзгерістерге алып
келді. Алайда флоттың әскери және сауда болып түпкілікті бөлінуі XVIII
ғасырға жатады. Бұл арнайы сауда кемесінің пайда болуына байланысты болды.
Кеменің құрылысы ғана емес, теңізде жүзу өнері де жетілдірілді. Компас
жетілдірілді, кеменің жылдамдығын XVI ғасырдың басынан танымал арнайы
құрал лагменяның көмегімен анықтауды үйренді. Орта орта ғасырлардың
соңында Италия жағалаулары мен Каталандық гаваньдарда тәжірибеге
сүйенген теңіз картографиясы қалыптасты. Алғашқы портуландар (теңіз
101
«карталары») мүйіс, өзеннің сағалары белгіленген жағалауларды ғана көрсетті.
Кейінгілерінде желдің бағыты белгіленді және бір орыннан екінші орынға
ауысуға болатын жолдарға тор көзді белгі салды. XVI ғасырдың аяғында
голландықтар алғашқы географиялық карталарды құрастыра бастады.
Құрғақтағы байлықтардың картографиясына да өзгерістер енді. 1501
жылы нюрнбергтік Этцлауб Орталық Еуропа жолдарының картасын жасады.
Ол қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң оның басты шығармасы «Атлас, или
Космологические рассуждения о сотворении мира и образе сотворенного»
деген жарық көрді.
Өзендер жүйесіне пайдалану үшін канал құрылысы жүргізілді. Ол,
әсіресе, Нидерландия, Италияда жақсы жолға қойылды. Бірақ, канал құрылысы
көп қаражат пен уақытты қажет етті. Эльба, Шпрей, Одер арналарын
байланыстырған каналдардың құрылысы жүз жылдан астам (1548 –1669 ж.ж.)
уақытқа созылды. XVI ғасырда ірі өзендерде қайықшыларды арнайы
корпорациялармен қамтамасыз ететін жүйелі паром қызметі ұйымдастырылды.
Ауыр трассаларда, әсіресе, Арденна, Тюрингия, Гессенде, альпілік
аудандарда XVI ғасырда транзиттік транспорт қызметі дамыды.
Тау-кен ісі және металлургия техникасы. Үлкен жетістіктер тау-кен ісі
және металлургияда да байқалды. XVI ғасырдың 30-жылдары темірді
валиктердің көмегімен өңдеу жүзеге асты. Алдыңғы ғасырлармен
салыстырғанда тау-кен ісінде помптарды қолдану өсті. Бұл күміс және мыс
өндіретін аудандардағы шахталардың 200-300 м., одан әрі тереңдеуіне
байланысты болды.
Тау-кен өндірісіндегі техникалық ой-пікір құрғататын жабдықтарды
жетілдіруге және қол еңбегін атпен немесе механикалық тірекпен алмастыруға
бағытталды. Мысалы, 1538 ж. Фалькенштейнде жетілдірілген құрылысы бар
сегіз помп орналасты, нәтижесінде 3 кезекте жұмыс жасайтын
жұмысшылардың санын 240 адамға дейін кемітуге мүмкін болды. XVI
ғасырдың ортасында чехтық кен тауларында атқа жегілген тірекпен (тяга)
жұмыс жасайтын қақпа орнатылды.
Зальцбургтан шыққан Вольфганг Лешнер шығарған диаметрі 10 м және
судың көмегімен қозғалысқа түсетін дөңгелек «техника ғажайыбы» деген
атауға ие болды. Оның көмегімен бірмезгілде кенді және тері қаптардағы суды
бірдей көтеретін болды. 8 сағатта машина 100 м
3
дейін суды көтерді, бұл 35,5
аттың күшін жұмсағанмен тең еді. Оның қызметін жүзеге асыру бұрынғы 629
адамның орнына, екі адам ғана қажет болды. 1570 жылы «Қасиетті Рух»
шахтасына осындай 8 машина орнатылды. Ол алғашында қолмен, кейін атқа
жегілген тіректің көмегімен іске қосылды.
Тау-кен ісіндегі келесі маңызды технологиялық қадам XVII ғасырдың 20-
жылдарының аяғында жасалды. Алғаш рет Хемниц және Нойзольде табылған
кенді жару әдісі қолданылды. Бұл әдістердің таралуы XVII ғасырдың аяғына
тұстас келеді.
Еңбектің интенсивтендірілуіне, өнімділігінің артуына шахталарда
желдету жүйесінің жақсартылуы (XVI ғасырдың екінші жартысы) және ағаш
рельстердің бойымен қозғалатын вагондарды өндірілген кенді алғаш өңделген
102
жеріне жеткізу үшін қолдану да әсерін тигізді. Алғаш рет вагондар XVI
ғасырдың өн бойында Словакия мен Гарцияның мыс кен орындарында пайда
болды, кейін Англияда көмір өндіретін жерлерде қолданды.
Металдың сапасы алғашқы өңдеуге тікелей (уату, жуу, сүзу) байланысты
болды. XVI ғасырда бұрын бытыраңқы болған бұл өндіріс біртіндеп бірыңғай
кәсіпорынның шеңберіне шоғырлана бастады. Бұл шығынды азайтуға және
неғұрлым ауыр үрдістерді бөлу және уату механикаландыруға мүмкіндік берді.
Техникалық ізденістердің келесі бағыты бүгінгі «химияның» дамытылуы
болды. Шығармашылық ой-пікір ғылыми химиялық білімнің бастапқы
сатысында тұрды. Жасанды жолмен алтын және басқа бағалы, құнды
металдарды алуды іздестіре бастады. Химиялық тәжірибелердің нәтижелері
жетілдірілген және әр түрлі металдар мен минералдардың қасиеттері туралы
жинақталған білімдер XVI ғасырда күнделікті өмір мен өндірістің, әсіресе
металлургия мен металл өңдеудің тәжірибелік қажеттілігіне айналды.
Асыл және құнды металдарды өндіру және олардың өңделуі
қарастырылып отырған кезеңде маңызды роль атқарды. Алтынға, әсіресе,
маңызды айырбас құралы ретінде күміске корольдік, империялық, князьдық
теңге сарайлары аса мұқтаж болды. Түсті металдар мен олардың балқымалары
қару-жарақ, ғибадат заттарын (қоңыраулар, май шамдар), үй жабдықтарын
өндіруге кетті. Металл бұйымдарды жергілікті және аумақтық базарлар сіңіріп
алды, олар теңіздің ар жағындағы елдерде саудада эквивалент ретінде
қолданылды.
XV ғасырда ашылған зейгерлеу (термин: – қалайының көмегімен аралас
қалайы-күміс-мысты кендерден күмісті бөліп алу) одан әрі жетілдірілді, ол XVI
ғасырда Еуропада мыс және күміс өндірісінің жаңа өрлеуіне негіз салған тағы
бір жаңалық амальгамирлеудің (сынаптың көмегімен кеннен күмісті бөліп алу
әдісі) енуі болды. Ол Еуропада пайда болып, XVI ғасырдың 50 – 70-жылдары
Мексика мен Перуге енгізілді; XVI ғасырдың соңында кеңінен қолданылып,
мойындалды. Еуропаның техникалық әдебиетінде XVII ғасырдың 40-
жылдарында сипатталып жазылды.
Шынайы тәжірибелердің негізгі бағыты балқыту температураларын
көбейтумен байланысты болды. Бұл әсіресе, темірді өңдеу, шойын және болат
өндіруде ерекше маңызды болды. Ізденіс екі бағытта жүргізілді:
1.
балқыту үрдісінің өзі және балқыту пештерінің құрылысы жетілдірілді.
Домна және мартен үрдістері игерілді, пештердің биіктігі XVII ғасырдың
екінші жартысына таман екі еседей өсті.
2.
ағаш көмір немесе торфпен салыстырғанда жану температурасы
жоғары тас көмірді өндіру кеңейтілді.
Ағаш көмірді тас көмірмен алмастыруға ұмтылыс XVI ғасырдың
ортасында Орталық Еуропа мен Альпілік аудандарда орман массивтерінің
қысқаруынан да болды. Бұл жағдай аумақтық және қалалық өкіметті
ормандардың өнеркәсіптік пайдалануларын ерте бақылауға алуға итермеледі,
ол арнайы жарғылар және қаулылармен реттелді. Тұз қайнату, металлургия
үшін арнайы участоктер бөлінді.
103
Осылармен бірге отын ретінде тас көмірді пайдалану кеңейе берді. Бірақ,
тас көмірдің құрамындағы зиянды қоспалар (күкірт) металдың сапасын
төмендетті. XVII ғасырдың 20-жылдары Англияда тас көмірді тазалау әдісі
табылды. Оны тәжірибеде қолдану алысқа апаратын нәтиже берді. Өндірістің
өнімділігін арттырумен бір мезгілде Еуропадағы металлургия өндірісінің
орталығының Альпілік аудандар мен Швейцариядан Англияға ауысуына алып
келді. Оның экономикалық және демографиялық салдары да болды. Кокс
көмірінің ең елеулі қорын иеленген Англия оның алғашқы өндірушісі және
экспортері болды. XVII ғасырда мұнда кокс жоғары температураны талап
ететін өндірістің көптеген салаларында (кірпіш күйдіру, тұз және сабын
қайнату) кеңінен қолданылды. Тас көмірді шыны жасауда пайдаланудың да
маңызды нәтижесі болды. Терезе әйнектерінің сапасы жақсарды, XVI ғасырда
линза дайындау тарала бастады.
Капиталистік өндіріс тәсілінің пайда болуы. Мануфактуралар. Ерте жаңа
кезеңнің экономикалық дамуының маңызды белгісі капиталистік
қатынастардың тууы болды. Ол нарық жағдайындағы ұсақ тауарлы өндірістің
эволюциясындағы заңды құбылыс болды. ХV ғасырдың аяғына таман Еуропа
шаруаларының басым бөлігінің жеке бас бостандығы болып, шаруашылық
дербестіктерін пайдаланған еді. Алайда, ұсақ өндірушінің шаруашылығы өте
тұрақсыз болды: үнемі базарға жұмыс жасай отыра, ол гүлденіп, нығайды
немесе құлдырады. Бұл тенденция ХVІ – ХVІІ ғасырларда ауылда да, қалада да
бірдей байқалды.
Феодалдық экономиканың капитализмге қарай баяу эволюциясын
«капиталдың алғашқы қорлану» үрдісі жеделдетті.
Капитализм цехтардың тежеуші ықпалына қарамастан, қала
экономикасында да таралды. Ортағасырлық бюргерліктің негізі болған цехтық
қолөнерді де мүліктік және әлеуметтік жіктелу қамтыды. «Кіші цехтардың»
«үлкен цехтарға» бағыныштылығы ХV ғасырдың аяғына таман-ақ шеберлердің
біразын теңсіздік жағдайларға қойды. Қалаларда жартылай кедейленген
шеберлердің, «мәңгі кіші шеберлердің», плебс пен күнкөріс іздеп келіп
жатырған шаруаларлың есебінен ерікті жұмыс күшінің нарығы қалыптасты.
Бұл ірі өндіріс – мануфактураларды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Мануфактура (латынның сөзі – қол еңбегі) бұрынғыша қол еңбегіне
негізделді (атауы да осыған байланысты), алайда, оның орта ғасырлық қолөнер
шеберханасынан айырмашылығы көлеміне, жұмысшы күшінің санына (бірнеше
ондаған станоктарда жұмыс жасайтын жүздеген жалдамалы жұмысшылар),
мамандану деңгейіне және еңбек бөлінісіне (әрбір жұмысшы бір мамандыққа
мамандандырылды) байланысты болды.
Мануфактуралардың ұйымдастырушылары көпестер немесе цехтардан
дараланып шыққан дербес қолөнершілер болды, кейде оған дворяндар да
қаражат бөлді. Ерте мануфактуралардың екі түрі болды:
1.
орталықтанған;
2.
шашыраңқы.
Капиталистік қатынастардың қалыптасуы біркелкі жүрген жоқ. ХҮІ ғ.
аяғына таман ол Англияның және Нидерландияның экономикасында жетекші
104
болса, Францияның, Германияның, кейінірек Швецияның жекелеген өндіріс
салаларында елеулі роль атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |