Бақылау сұрақтары:
1.
Түркияның жаулап алулары Балқан халықтарына қандай әсері болды?
2.
Балқандағы өкіметін күшейту үшін Түркия үкіметі қандай жолдарды
қолданды?
3.
Ислам дініне енгендерді Түркия үкіметі қандай мақсаттарға
пайдаланды?
4.
Түркия үкіметінің грек феодалдарымен белгілі келісімге келіп, олардың
кейбір құқықтары мен артықшылықтарын сақтап қалдыруының себептері
қандай?
5.
Осман империясына кірген жерлер қандай ірі әскери-әкімшілік
бірлестіктерге бөлінді?
§ 9.
ХVІ ғасыр – ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы
халықаралық қатынастар. Отыз жылдық соғыс
ХVІІ ғасырдың басында Еуропадағы халықаралық қайшылықтардың
шиеленісуі. Еуропада қалыптаса бастаған ұлттық мемлекеттердің және оларға
қарсы тұрған универсалистік монархиялардың арасында XVI ғасырдың өзінде-
ақ орын алған қайшылықтар XVIІ ғасырдың басында одан шиеленісе түсті.
Түркия империясы да, сондай-ақ одан да күшті австриялық және испандық
Габсбургтер де XVIІ ғасырдың алғашқы он жылдықтарында, Еуропада бірігіп,
нығая түскен ұлттық мемлекеттер үшін қауіпті күш болып қала берді.
Австриялық және испандық Габсбургтердің Италия мен оңтүстік
Германиядағы бақталастықтарына қарамастан, олардың бірлесе қимыл жасау
қаупі XVIІ ғасырдың басында-ақ айқын сезіле бастады. Бұл ретте Габсбургтер
бірқатар еуропалық елдердің реакцияшыл күштерінің қолдауына үміт артты.
Испания үкіметі, Германияда католиктік реакцияның жеңуі арқасында Құрама
провинциялардың буржуазиялық республикасын Испанияның қол астына
қайтару үшін қолайлы жағдайлар болады деп үміттенді.
Испандықтар мен австриялықтардың Рейнде бірлесіп қимыл жасау
қаупінің тууы Францияның тынышын кетірді. Испандық және австриялық
Габсбургтердің күшейіп, Германияда католиктік реакцияның жеңуі католиктік
Францияның көздеген мүдделеріне сай келмейтін. Сондай-ақ Франция
австриялық
және
испандық
Габсбургтер
иеліктерінің
араларын
байланыстырушы буын болып табылатын Солтүстік Италияға Испанияның XVI
ғасырдың орта шенінен бастап үстемдік жасай бастауымен келісе алмады.
Испандық Габсбургтердің Нидерландыдағы басқыншылық жоспарлары
мен Төменгі Рейннің бойындағы жерлерді өздерінің бақылауына бағындыру
жөніндегі әрекеттері Англияға да қауіп туғызды. Оның үкіметі өзінің
солтүстіктегі теңіз сауда жолдарының бойында өздерінің ықпалын ұлғайтуды
көздеді. Солтүстік Еуропаның басқа елдерінің де күшейіп кетуіне жол бермеуге
тырысты. Бірақ ағылшын үкіметі құрлықта Габсбургтердің қарсы жақтарының
толық жеңіп кетулерін де қаламады. Англия Франциямен Шығысқа апаратын
156
Жерорта теңіз жолдары үшін де бәсекелесті. Франциядан кейін дереу Англия да
Түркиямен келіссөздер жүргізуге кірісті және өз кемелерінің түрік порттарына
ағылшын жалауымен кіруі жөнінде келісімге келді.
Еуропаның солтүстігінде Габсбургтерге қарсы тұрар батыл жаулары
Дания мен Швеция болды. Дания Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі
елдердің арасындағы делдалдық саудада Ганзаның орнын басып,
Габсбургтердің Солтүстік теңіздің жағалауына шығуына бөгет жасауға
тырысты. Дания королінің өзі сонымен қатар Гольштин герцогы бола тұра
(неміс князьдарының бірі), Габсбургтердің Солтүстік Германияда үстемдік
орнатуына қарсы шықты. Солтүстік теңіз жолдарында Даниямен бәсекелесіп,
Балтық бассейнінде жаулап алу саясатын жүргізуші Швеция да мұны тілемеді.
Сонымен, мемлекеттердің бәрі де белгілі бір дәрежеде, жаңа туып келе жатқан
және жалпыевропалық сипат алмақшы жанжалға тартыла бастады.
Еуропаның шығысында танылған Ресейдің позициясы ірі күш ретінде
соғысқа әзірленіп жатқан екі лагердің қайсысына болса да маңызды еді. Өзінің
жүргізген сыртқы саясатындағы негізгі міндетті орыс үкіметі поляк
интервенциясының зардаптарын жою деп санады. Габсбургтердің Польшаны
Еуропаның шығысындағы аванпост деп санағандығынан, испандық-австриялық
агрессияның жеңуі, әлбетте Польшаның алдағы уақытта да орыс жерлеріне
қарсы агрессияшыл қимылдар жасауына түрткі салар еді. Ресей сыртқы
саясатының екінші бір мақсаты Прибалтика үшін Швециямен күрес жүргізуде
болды. Бірақ ол австриялық-польшалық агрессияның туғызып отырған қаупін
жоюдың міндетімен салыстырғанда, әрине, екінші орынға шегіндірілді.
Екі лагерьдің арасындағы күрестің жандана түсуі. Чехиядағы оқиғалар
және олардың маңызы. XVIІ ғасырдың екінші он жылдығынан бастап
Еуропадағы қайшылықтардың түйінді жері Германия болды. Испандық және
австриялық Габсбургтердің біріккен күштері Батыс Германияның аумағымен
Нидерланды және Солтүстік теңіздің жағалауына қарай беттеуге әзірленді.
Жауласушы лагерьдің әрқайсысы өз жағына неміс князьдарын мүмкіндігінше
көбірек тартуға ұмтылды. Габсбургтер католиктерді, ал антигабсбургтік
бағыттағы державалар – протестанттарды тартты. 1608 – 1609 жылдары
Германияда протестанттық уния мен Католиктік лиганың тууына байланысты
екі лагердің де ашық соғысқа әзірленуі ең соңғы шешуші сатысына кірді. Тек
белгіленген коалициялардың өз іштеріндегі қайшылықтар ғана соғыстың
басталуын кідіртті. Католиктік лиганың бастығы Максимиллиан Баварский
Габсбургтердің күшейіп кетуін тілемегендіктен, ашық соғыс қимылдарын
бастауды кідірте берді. Сонымен қатар Испания мен Австрия арасында да
толық келіспеушілік әлі бола қоймады. Немістің протестанттық князьдарымен
келісім жасасқан Франция олардың толық жеңуін қаламады. Сонымен қатар
неміс протестанттары Габсбургтердің қарсы жақтарымен – Венециан
республикасы, Швейцарлық кантондар, Англия және 1613 жылы протестанттық
уния өзінің қорғаныс одағын жасасқан Құрама провинциялардың
республикасымен жақындасуға ұмтылды.
Неміс протестантары Чехияға (1526 ж. Габсбургтік державаға қосылып,
содан кейін уәде етілген құқықтары мен артықшылықтарынан айырылған)
157
ерекше назар аударды. Чехиядағы протестанттық және ұлт-азаттық қозғалыс
қуатты саяси оппозициялық сипатқа айналды. Чех протестанттарына бірқатар
діни кеңшіліктер беру жөнінде «Ұлы ағзам Грамотасына» әуелі ІІ Максимилиан
(1564 – 1576
ж.ж.) қол қоюға, ал ІІ Рудольф (1576 – 1612 ж.ж.) оны бекітуге
мәжбүр болды. 1611 жылы Прагада протестант граф Турнның
қолбасшылығымен Чехтың қарулы күштері құрылды. Чехиядағы
протестанттардың табыстарына іші күйген Католиктік Лига мен иезуиттер
оларға қарсы 1614 – 1615 ж.ж. дұшпандық қимылдар жасады. Бұл олардың
қолшоқпары Фердинанд Штрийский папаның көмегімен Австрияның Чехияның
және Венгрияның тағына мұрагерлікке ие болып алды да «Ұлы ағзам
Грамотасында» кепілдікпен берілген чехтардың барлық құқықтарын бұзып,
протестанттарды және Чехияның саяси тәуелсіздігін жақтаушыларды, атап
айтқанда, чех армиясының қолбасшысы граф Турнды қуғынға салды.
Габсбургтерді жақтаушылар Прагада он «лейтенанттан» («орынбасарлардан»)
жаңа үкімет құрды.
Чех сеймінің протестанттық депутаттары «Ұлы ағзам Грамотасын»
бұзуды тоқтатпауды талап етті. Бұл талапты император Матвей (1612 – 1619
ж.ж.) өрескелдікпен қабылдағаннан кейін 1618 жылы мамырда Прагадағы ашу-
ыза, наразылық ең жоғары шегіне жетті. Қаруланған адамдар көшелерде
жиналып, үкіметтік шараларды қызу талқылап, олардың тоқтатылуын батыл
талап етті. «Лейтенанттар» және олардың католиктік ақсүйектерден шыққан
жақтаушылары Чех сеймінің өкілдерімен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды.
Алайда 23 мамырда жиналған қарулы жұрт чехтардың ежелгі әдет-ғұрпын қол
данып «лейтенанттардың» екеуін – Мартиниц пен Славатуды Сейм үйінің
терезесінен лақтырып жіберді («дефенестрация» акты).
Отыз жылдық соғыстың алғашқы (чехфальцкілік) кезеңі (1618 – 1624
ж.ж.). «Дефенстрация» актысынан кейін дереу Чехияда өріс алған оқиғалар
Чехияның Австриядан саяси бөлінуін көрсетті. Құлатылған «лейтенанттардың»
орнына чех сеймін тағайындап, 30 директордан құрылған үкімет, Чехия мен
Моравияның мемлекеттік тұтастығын қайта қалпына келтіріп, Құрама
Провинциялар Республикасының үлгісі бойынша Силезия, Жоғарғы және
Төменгі Лужицтермен біріктіріп, федерация ұйымдастыру жөнінде Моравия
ландтагымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Моравиядағылар бұл идеяны
қолдады, осыдан кейін чех әскері Моравияның аса ірі қалаларына келіп кірді.
Чехиядан иезуиттер қуылды, ал Фердинанд Чехия тағынан түсірілді, яғни чех
тәжінен айырылды деп жарияланды.
Чехтың жаңа үкіметінің бұл жасаған әрекеттерінің тек Австриямен ғана
емес, сонымен қатар католиктік лигамен де және габсбургтік-католиктік
лагерьдің барлық күштерімен де қарулы қақтығыстарға әкеліп соқтыратығы
анық бола бастады. Сондықтан бұлар тезірек біріге бастады, император ІІ
Фердинанд (1619 – 1637 ж.ж.) пен Католиктік лиганың бастығы – Максимилиан
Баварскийдің арасында, австриялық және испандық Габсбургтердің арасында
келісімдер жасалды. Польшаның королі ІІІ Сигизмунд та Фердинандқа
көмектесем деп уәде берді. Католиктік одақтың мұндай ірі күштеріне Чехияда
тек жалпы халықтық көтеріліс қана қарсы тұра алатын болды. Алайда 1618
158
жылы Габсбургтерге қарсы жасалған қозғалысты басқарған чех дворяндары
немістің Протестантық униясымен одақтасуды артық көрді. Чехтың сеймі
унияның бастығы Фридрих Пфальцскийді Чехияның королі етіп сайлады.
Жалдамалы әскер жинау ісі унияның қолбасшысы-граф Мансфельдке
тапсырылды.
Дәл осы кезде католиктік лиганың басшылары Протестантты унияның
бастығымен шабуыл операцияларын тек Чехияның өз аумағында ғана жүргізу
туралы келісті. Осы келісім бойынша Германияның өзінде статус-кво
сақталынды. Сөйтіп, католиктер күштері әлдеқайда басым, жақсы ұйымдасқан
қарулы әскерлерін өздерінің Германиядағы оппозицияларына нұқсан
келтірместен бұл елде ешбір беделсіз, жатжерлік король Фридрих
Пфальцскийге басқартып қойған Чехияға қарсы аттандыруға мүмкіндік алды.
Мұның ақыры чех халқы үшін ауыр зардаптармен аяқталды. 1620 жылғы
8 қарашада Прагаға таяу Белая Тораның түбінде болған шайқаста габсбургтік-
католиктік армия чехтардың әскери күштерін талқандады. Чехия толығымен
Габсбургтерге бағындырылды. Чехияның бүкіл аумағын, сондай-ақ Моравия,
Силезия, Жоғарғы және Төменгі Лужиц терді ІІ Фердинандтың әскерлері басып
алды. Чехияда жұртты қырып-жою, жазалау және жаппай тәркілеу басталды.
Мұның нәтижесінде атылып-асылғандар мен елден қашып кеткен протестант
чехтардың мал-мүліктерінің көп бөлігі чехтық және австриялық католиктердің
қолдарына көшті. Чехиядан барлық бағыттағы протестанттар толық қуылды
және құдайға құлшылық етудің католиктіктен басқасының қайсысына болса да
тиым салынды.
Белая Гораның түбінде болған шайқас Орталық Еуропадағы күштердің
ара-қатынасын өзгертті. Чехияны бағындырудан және онымен байланысты
жерлерді алғаннан соң және чех протестанттығы тұншықтырылғаннан кейін
Германия мен Австрияда католиктік реакция күшейе түсті. Чехияда қожалық
етіп, Австрия арқылы өткен Максимилин Баварскийдің әскерлері онсызда
құтырынған феодалдық реакцияның жасаған зорлық-зомбылықтарынан жапа
шеккен шаруалары көтерілістер жасады. Бұл көтерілістер бұқара халықтың бас
көтеріп қарсыласуға шамасы бар екенін көрсетті. Алайда бұл бытыраңқы
жергілікті көтерілістерді габсбургтік қолбасшы Валленштейннің әскерлері
шектен шыққан қаталдықпен басып тұншықтырды.
Католиктік лагерь табысқа жете тұрса да, оның өз ішінен жаңа
қайшылықтар байқала бастады. Оның үстінде, Франция, Англия және олардың
одақтастары Габсбургтердің Еуропада гегемония орнатуына жол бергісі
келмеді. Ал бұның өзі күрестің қайталанып кеңейіп, тереңдей түсетінін
танытты.
Соғыстың екінші (даниялық) кезеңі (1625 – 1629 ж.ж.). Габсбургтердің
позициясы күшейе түсуі әсіресе Англия, Құрама провинциялар республикасы
және Данияны мазалай бастады. Олар габсбургтік-католиктік күштер жеңіп
кетсе өз мүдделеріне тікелей қауіп қатер төнетінін көрді. Сондықтан, бұл
мемлекеттер 1525 жылы өзара бірікті. Дания королы ІV Кристиан Англия мен
Голландияның берген ақша көмегімен армия жинап, Католиктік лиганың
қолбасшысы Тиллидтің әскеріне қарсы соғыс қимылдарын бастады.
159
Антигабсбургтік одақ немістің протестанттық князьдарының қолдауына,
сондай-ақ Францияның көмегіне үміт артты. Шынында да, саясатын 1624
жылдан бастап кардинал Ришелье бағыттап отырған Франция Габсбургтерге
қарсы күреске қатты ден қоя отырып, бұл бағытта аса жігерлі дипломатиялық
әрекеттер жасады. Бірақ бұған тікелей соғыс жолымен араласудан Ришелье бой
тартты. Ол Франция мүддесі үшін Германияның протестанттық және
католиктік князьдықтарының арасындағы тепе-теңдікті әзірше сақтай тұруды
қажет деп тапты. Ришельенің агенттері немістің ұсақ канязьдарымен жасырын
келіссөздер жүргізді, бұл жағдай габсбургтік лагерьдің ішіндегі алауыздықты
тереңдетуге көмектесті.
ІІ Фердинанд Даниямен күресу үшін Католиктік лиганың
командованиесімен байланысы жоқ, өзінің жеке армиясын құруға әзір болды.
Алайда оның бұған тиісті қаржысы болмады. Альбрехт Валленштейн мұндай
армияны ешбір шығын шығармай-ақ құруды ұсынды. Валленштейн ұсынған
«жүйенің» мәнісі – армия өзін-өзі асырауға тиісті, ол үшін армияға өзі тұрған-
жүрген жеріндегі халықты тонау арқылы күн көруге шексіз «құқық» берілуі
керек болды. Валленштейннің ұсынысын қабылдаған Фердинанд оған Чехия
мен Оңтүстік-Батыс Германияның бірқатар округтерін арнап бөліп берді. Бұл
округтар көп ұзамай-ақ ойрандалды. Тонаушылық тек армияны ұстауға қажет
шығындарды өтеп қана қоймай, сонымен қатар Валленштейннің өзін және
оның офицерлерін де байытты. Данияның әскерлерімен күресу үшін
солтүстікке қарай жылжи түскен сайын Валленштейннің армиясы талап-
тонауға құмар жалдамалылардың көптеп қосылуы есебінен барған сайын
күшейе берді.
1627 –
1628 жылдардағы соғыс қимылдары Габсбургтерге жеңіс әкелді.
Олар тек Штральзунды қоршағанда ғана сәтсіздікке ұшырады. Оны қорғауға
шведтер де қатысқан еді. ІV Кристиан немістің протестанттық князьдарынан
күткен көмегін ала алмады, олар сенімсіз одақтастар болып шықты.
Валленштейн Солтүстік Германиядан Дания мен Скандинавияға қарай жылжи
бермек болды. Бірақ мұнан оның өзіне де және ІІ Фердинандтқа да бас тартуға
тура келді. Өйткені олар қарсы шығу қаупінен сескенді. Валленштейннің
армиясына арқа сүйеген Австрияның тым күшейе беруі Католиктік лигаға да
тиімді болмайтын. Сондықтан Максимилиан Баварский Ришельемен жасырын
байланысын жүргізе берді.
1629 жылы көктемде Любек бітімі жасалынды. Германияның істеріне
бұдан былай араласудан Дания бас тартты. Алайда ІІ Фердинанд Солтүстік
Германияны келешектегі басқыншылық үшін плацдарм ретінде сақтап қалудың
қамын ойлап, Валленштейнге Мекленбург герцогтығын сыйға тартты. Любек
бітімінен соң іле-шала император 1552 жылдан кейін тартып алынған барлық
шіркеу жер иелерін протестантардан тартып алып, оларды католиктерге
қайырып беру туралы (1629 ж. 6 наурызда) «Реституциялық эдикт» шығарды.
Мұнымен қатар епископтардың артықшылықтары мен юрисдикциясы де қайта
қалпына келтірілді.
Солтүстік Германияда Габсбургтердің орнығуына Франция, Англия және
Швеция көніп отыра алмағандықтан Любек бітімі берік болып шықпады.
160
Смоленск үшін Польшамен соғысуға әзірленіп жатқан Россия үшін де
Габсбургтердің жеңісі тиімсіз еді. Орыс үкіметі еуропалық жанжалдарға
араласуды өзіне қажет деп таппады, бірақ әуел бастан-ақ антигабсбургтік
лагердің елдерін, әсіресе Швецияны қолдап отырды, Габсбургтердің және
Католиктік лиганың қолдары жеткен жеңісі олардың өз ішіндегі
қайшылықтардың салдарынан баянсыз болды. Қайшылық мынада еді:
Католиктік лиганың басшылары Валленштейннің жоғарылауын, императордың
Лигадан тәуелсіз жағдайына наразы болды. Олардың қысымымен Фердинанд
Валленштейнді қызметінен босатып жіберуге (1630 ж.) мәжбүр болды.
Соғыстың үшінші (шведтік) кезеңі (1630 – 1653 ж.ж.). Любек бітімі
жасалып, Солтүстік Гермаанияның бір бөлігін өздеріне бағындырғаннан кейін
Габсбургтер Скандинавияға және Солтүстік теңіз жолдарындағы саудаға
бақылау орнатуға ұмтылды. Габсбургтер осынысымен Құрама Провинциялар
Республикасы мен Швецияға қатер төндірді. Англияның, Францияның және
Россияның экономикалық әрі саяси мүдделеріне нұқсан келтірді. 1630 жылы
жазда Швеция Габсбургтердің Помераниядағы әскерлеріне-Валленштейннің
жалдамалы армиясына қарсы соғыс қимылдарын бастады. Швецияның королі
Густав-Адольф Валлейнштейннің армиясына қарсы негізінен мемлекеттік
жерлерді ұстаушы қарабасы еркін-әскер қызметін атқаруға міндетін
шаруалардан құрылған әскерлерді аттандырды. Ол мұндай армия жат елге
жіберіле тұрғанымен де өз елінің мүддесін қорғайтын болған Габсбургтердің
және Католиктік лиганың жалдамалы әскерлеріне қарағанда анағұрлым жақсы
жауынгерлік және моральдық сапаларға ие болуға тиіс деп санады. Оның
үстіне, Швед армиясы жетілдірілген дала артиллериясымен жарақтандырылды,
сол себепті ол шапшаң шабуыл қимыллдарын жасауға қабілетті болды.
Густав-Адольф үшін қиыны науқанның дипломатиялық жағын даярлап,
одақтастарды іріктеп алу болып шықты. Формальды түрде оның одақтастары
аса ірі литерандық князьдар-курфюрстер Бранденбургский мен Саксонский
болып табылды. Бірақ Густав-Адольф оңтүстік-Батыс Германияның
кальвинистік қалалары мен немістің барлық протестанттық князьдарын
біріктіруге тырысты. Ал лютерандар мен кальвинистер арасында бұрыннан
келе жатырған қайшылықтар лютерандық князьдардың және ең алдымен,
Бранденбургтік және Саксондық курфюрстедің екі жақты позиция ұстауларына
себепші болды. Швед королының толық жеңіп кетуі Германиядағы өздерінің
саяси позицияларын әлсіретуге әкеліп соқтырады деп шошынған курфюрстер ІІ
Фердинандпен және оның қызметіне көшкен бұрынғы Католиктік лига
әскерлерінің қолбасшысы Тиллимен жасырын байланыстар жасады. Өздерінің
иеліктері арқылы олардың өтулерін кідірте берді және Габсбургтер мен
Католиктік лиганың арасындағы қайшылықтарды пайдалану арқылы
империядағы жағдайымызды күшейтеміз, өз иеліктерімізде реституциялық
эдиктті жоюға қолымыз жетеді,- деп үміттенді. Фердинанттың әскерлері
Саксонияға басып кіріп, оны талап тонуға кіріскеннің өзінде де, Саксонияның
протестанттық әскерінің шведтерге көмегі мардымсыз болды. Брейтенфельдтің
түбінде 1631 жылы 17 қыркүйекте болған шайқаста Густав-Адольф Тиллидің
армиясына шешуші соққы берді. Шведтер жеңді, өйткені ссаксондық әскерлер
161
ұрыстың бас кезінде-ақ жеке тарап кеткен еді ал, курфюрстің өзі қашып кеткен
болатын.
Брейтенфельд түбіндегі жеңістен кейін Густав-Адольф Саксония
әскерлерінің қолбасшысы Арнимді Чехия мен Моравияға және Силезияға
аттандырды. Мұны ол Габсбургтердің осы иеліктеріне қатер төндіру үшін
істеді. Арнимнің алдына қойылған екінші міндеті император Фердинанд 1635
жылы империялық армияға командашы етіп қайта тағайындаған
Валленштейннің армияны құруына бөгет жасау еді. Бірақ Арнимнің
Валлейнштейнге бөгет жасамауы былай тұрсын, қайта онымен жасырын ауыз
жаласып, опасыздық жасады.
Густав-Адольф Франциядан соғыс көмегін ала алмаған күннің өзінде де,
онан финанс және дипломатиялық көмек аламын деп үміттенді. Алайда
Ришелье Швецияға ақша көмегін көрсетіп, оның әрекетін көтермелеумен қатар,
өзінің екі жүзді дипломатиясымен Густав-Адольфтың ілгері басқан аяғын кейін
тартты, яғни ол Максимиллиан Баварскиймен және империяның діни кня
зьдарымен жасырын келіссөздер жүргізді. Ришелье Швецияның да, неміс
протестанттардың да толық жеңіп кетуіне жол бергісі келмеді.
Соғыс қимылдарын бастар алдында Швеция 1629 жылы Польшамен
уақытша бітім жасады, өйткені оған Солтүстік Германияда өз әскерлерінің
тылдарын қамтамасыз ету қажет еді. Ал Польша бұған Ресеймен арада соғыс
қатері төнгендіктен мәжбүр болды. Ресей мен Польшаның арасындағы соғысты
тездету мақсатымен Густав-Адольф Ресей, егер Польшаға қарсы соғыс
қимылдарын бастасаң батыс жақтан сені қолдаймын деп уәде берді. Ал Ресей
жеңілдік шарттарымен Швецияға астық жеткізіп беріп тұруға тиісті болды.
Алайда, 1632 жылы Ресей Польшаға қарсы соғыс қимылдарын бастаған кезде,
Густав-Адольф өзінің бұл соғысқа белсене қатысамын деген уәдесін
орындамады, өйткені ол Орыс мемлекетінің күшейіп кетуінен сескенді.
Соғысқа әлі кіріспей тұрған кезінде-ақ Густав-Адольф Габсбургтерге
дұшпан Түркияны енгізу арқылы антигабсбургтік одақты кеңейтуді ойлағанды.
Түркия шек аралары іргелес Польшамен де жауласты. 1629 – 1632 жылдары
түрік сұлтанына Швеция мен Францияның елшілері жіберілді. Бұлардың
міндеті, сұлтанды келешекте Германияға шығыстан шабуыл жасау плацдармын
жасау үшін Польшаның жерлерін басып алуға көндіру болған еді.
Габсбургтерге қарсы шыққан Трансильванияның князы Бетлен Габормен, одан
соң оның мирасқоры І Ракоцимен байланыс орнату мақсатымен дипломатиялық
қадамдар да жасалынды.
Алайда бұл деректердің бәрі де нәтижесіз қалды. Иранмен соғыс жүргізіп
жатқан Түркияның аса күшті еуропалық мемлекеттермен соғысуға батылы бара
қоймады. Оның үстіне антигабсбургтік одақ Ресей мен Түркияның арасындағы
қайшылықтарды жоя алмады.
Брейтенфельд түбінде жеңіске жеткен Швед армиясының алдында
Германияда шабуыл қимылдарын одан әрі өрістету міндеті тұрды. Алайда
Густав-Адольфке, өзінің одақтастарының тарапынан сенімді қолдауды
қамтамасыз етіп алмай тұрып Валленштейннің жаңа армиясымен бетпе-бет
кездесуге тура келді. Оның үстіне, Габсбургтердің иеліктеріне қатер төндіру
162
жоспары протестанттық княздарды, әсіресе Саксондық курфюрстың опасыздық
тактикасының салдарынан жүзеге аспады. Австрияға жорық жасаудан Густав-
Адольфтың бас тартқан себебі: Жоғарғы Швабия мен Чехия сияқты, Авсрияны
да ірі шаруалар көтерілістері қамтыған болатын.
Осы арада Валленштейн Саксонияға аттанды. Оның соңынан іле-шала
1632 жылы қарашада Густав-Адольф та Саксонияға қарай бет алды. Люцен
түбінде болған шайқаста швед армиясы Валленштейнді жеңіп, оны өзінің
армиясымен Чехияға қашуға мәжбүр етті. Бірақ осы ұрыста Густав-Адольф қаза
тапты. Осыдан кейін Швецияның саясатын, Ришельенің күшті ықпалындағы
канцлер граф Оксеншерне жүргізді. 1633 жылы Франция мен Швеция
Валленштейнмен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер жөнінде Валленштейн
императорға әрдайым хабарлап тұрмағандықтан, Фердинанд оның әлденедей
бір ерекше жоспары болуы мүмкін деп күдіктеніп, онан құтылуға бел байлады.
1634 жылы ақпанда Валленштейн өлтірілді.
Валленштейннің өлімінен соң императордың және Испанияның біріккен
әскерлері шведтермен соғысты Дунай мен Майннің арасындағы терреторияда
жүргізді. 1634 жылы қыркүйекте өзінің саксондық одақтастары тастап кеткен
шведтер, Нердлингеннің түбіндегі шайқаста ойсырай жеңілді. Осыдан соң-ақ
жеңіске ие болған императордың және Испанияның әскерлері Батыс
Герамнияда протестанттық княздары арасында императормен келісімге келу
қозғалысы басталды. Сөйтіп, бұл жолы Франция соғысқа араласуға және
антигабсбургтік одақты басқаруға бел байлады.
Соғыстың төртінші (франция-швециялық) кезеңі (1635 – 1648 ж.ж.).
Нердлинген түбіндегі шайқастан соң және одан кейінгі оқиғалардың барысында
соғысушы жақтардың күштерінің ара салмағы Габсбургтердің пайдасына
өзгере бастады. 1635 жылы саксондық курфюрст Прагада императормен бітім
жасады. Осыдан соң бұған басқа протестанттық княздар да қосылды. Бұл
бітімнің шарттары бойынша император неміс княздарына бірқатар кеңшілік
жасады. Оның ішінде ең маңыздысы, Саксонияда және Прага бітіміне қосылған
барлық неміс княздықтеріне реституциялық эдикті жүзеге асырудан бас тарту
болды. Саксондық курфюрст біраз аумақтарды алды, сонымен бірге
Силезияның өзіне көшкен бөлігінде де өзінің басқа жерлерінде
протестанттықты енгізуге құқылы болды. 1635 жылғы Прага бітімі
Габсбургтердің немістің протестанттық княздары Швеция мен Франциядан
бөліп тастауға есеп құрған жаңа тактикасын көрсетті. Габсбургтердің
Германияда күшейіп кету перспективасы сол 1635 жылы Францияның
Швециямен бұрын жасаған одағын қайта жаңғыртып, ашықтан-ашық соғысқа
кіруіне түрткі болды. Франция-Швеция одағына көп ұзамай-ақ Құрама
провинциялар республикасы, Савойя мен Венеция да қосылды.
Антигабсбургтік одақ күштерінің басшылығы енді айқын көрінуге айналды.
Отыз жылдық соғыстың соңғы – ең ұзаққа созылған кезеңінде ірі
шайқастар оншалықты көп бола қойған жоқ, жергілікті маңызы ғана бар, алма-
кезек табыстармен жүргізілген ұрыстар көбірек болды.
1640 –
1645 жылдары шведтер Солтүстік Германияда, ал француздар
Рейн мен Оңтүстік Нидерландыда үстем болды. Шведтің талантты әскер
163
басшысы Торстентсон 1642 жылы қарашада Брейтенфельд түбінде екінші рет
болған шайқаста император армиясын талқандап жеңді. Шведтер сондай-ақ
Силезия мен Моравияның бірқатар жерлерін басып алды. Оңтүстік
Нидерландыда француздардың Конде басқарған әскерлері испандықтардан
басым түсті және 1643 жылы Рокруа түбінде оларды жеңді. Соғыс
қимылдарының барысында істі қиындатқан жағдай, Балтық теңізінде үстемдік
етуге ұмтылған Швецияның 1643 жылы Даниямен екі жылға жуық уақытқа
(1643 – 1645
ж.ж.) созылған соғыс бастауы болды. Бұл жылдарда Оңтүстік-
Батыс Германиядағы соғыстың кейбір қиыншылықтарын тартқан Франция
Швеция мен Данияның арасындағы соғыстың тоқтатылып, Швеция күштерінің
Габсбургтермен күресу үшін босануына мүдделі болды. Сондықтан 1642 жылы
қайтыс болған Ришельенің мирасқоры Мазарини Дания мен Швецияның бітім
жасауларына көмектесті. Бұл бітім бойынша Швеция Эзель және Готланд
аралдарын алып, өзінің Балтық теңізіндегі позициясын нығайтты.
Даниямен бітім жасасқаннан кейін швед армиясы оңтүстікке қарай
екпіндете шабуыл жасады және 1645 жылғы наурызда ол Оңтүстік Чехиядан
Янковенің түбінде императордың армиясын ойсырата жеңді де Данияның
солтүстік жағын ала орналасқан Австрия жерлеріне келіп кірді. Швед
армиясының алдына қойылған ендігі міндеті: Дунайды кешіп өту, онан соң
француз әскерлерінің қарсылық жасағаны бөгет болып қойған жоқ, едәуір
дәрежеде Мазаринидің тактикасы да себеп болды, өйткені Ришеленьенің
саясатын қолданған Мазарини шведтердің жеңіске жетуіне де, сондай-ақ
олардың Германиядағы протестанттық одақтастарының салтанат құруына жол
бермеуге тырысты. Мазарини Максимилиан Баварскиймен келіссөздер
жүргізіп, онымен сепараттық бітім жасасты және осы арқылы швед
әскерлерінің Чехияға басып кіруін кідіртіп тастады.
Алайда Франция мен Максимилиан Баварскийдің арасындағы сепараттық
бітім ұзаққа бара алмады. Швецияның Саксониямен жасасқан одағы қайта
орнағаннан кейін Швед армиясы Чехиядағы шабуыл операцияларын жаңадан
кең өрістетіп, Праганың іргесіне және Жоғарғы Австрияға таяп келіп қалды.
Чех қалаларының тұрғындары, әсіресе Праганың халқы шведтерге тегеурінді
қарсылық көрсетіп, олар ұзақ уақыт әрі табанды ұрыс жүргізіп, шведтерді ілгері
бастырмады. Отыз жылдық соғыстың аяғына таман, австрия-испания
армиясының да, сондай-ақ швеция-франция армиясының да көбінесе халықты
тонаумен айналысатынына чехтардың көздері әбден жетті. Чехияда
партизандық соғыс кең өрістетілді. Сонымен қатар бұл соғыс Германияның
«өз» армиялары және өзге армиялар талап-тонап кеткен көптеген аудандарында
да етек алды.
Бірнеше рет ойсырай жеңілгеннен кейін және Венаны басып алу қаупі
төнгеннен соң ІІІ Фердинанд (1637 – 1657 ж.ж.) 1648 жылы күзде бітімнің өзіне
қойылған өте ауыр шарттарын қабылдауға мәжбүр болды. Екі жақтың да
соғысты тоқтату керек деген шешімге келуіне, соғыс қимылдары жүріп жатқан
аумақтарда жауласушы армиялардың халықты тонауына қарсы бағытталған
партизандық соғыстың күшейе түсуі және Англиядағы буржуазиялық
164
революцияның табыстары жөнінде түсіп жатқан хабарлар, сондай-ақ
Франциядағы Фрондамен байланысты ішкі оқиғалар әсер етті.
Соғыстың соңғы кезеңі. Вестфаль бітімі. Отыз жылдық соғысты аяқтаған
бітімнің шарттары 1648 жылы Вестфалияның екі қаласында – Оснабрюркте (бір
жағынан, Швецияның және оның немістік-протестанттық одақтастарының және
екінші жағынан, императордың араларында жасалған келісім-шарт) және
Мюнстернде (император мен Францияның арасында) қол қойылған бітім
шарттарында баяндалды. Вестфаль бітімі Франция мен Швецияның неміс
князьдармен келісімге келуі болып табылды, ал неміс князьдары тек өздерінің
оқшауланған иеліктерінің мүдделерін ғана көздеді. Соғыстың барысында-ақ
көрінгендей, бұл бітім саяси жағынан бытыранды және діни күрестің
салдарынан екі лагерьге бөлінген Германияның әлсіздігін көрсетіп берді.
Вестфаль бітімі бойынша Швеция Рюген аралын қоса бүкіл Батыс
Померанияны, ал Шығыс Помераниядан – Штеттин (Шецин) қаласын және
бірқатар мекендерді алды. Швецияға Волин аралы жағалаудағы барлық
қалаларды қоса Померан шығанағы, «империялық лен» ретінде Везердегі
Бремен және Верден архиепископтықтары және Висмар қаласы берілді.
Сонымен, Солтүстік Германиядағы кеме жүзетін өзендердің барлық сағалары
Швецияның бақылауына алынған болып шықты. Швеция Балтық теңізіндегі
үстемдікке қолы жетіп, Еуропаның аса күшті мемлекеттерінің біріне айналды.
Франция Эльзасты алды (Страсбург және Эльзастың кейбір басқа қалалары
формальды түрде империяның құрамында қала тұратын болып), және өзі сонау
1552 жылы-ақ басып алған үш епископтыққа Лотарингтегі Мец, Туль, Верден
қалаларымен қоса қожалық етуге өзінің құқылы екендігін растатты.
Германияның кейбір князьдықтарының аумақтары оларға бірқатар ұсақ
иеліктерді қосудың есебінен ұлғайтылды. Әсіресе Шығыс Померанияны қосып
алған Бранденбургтік курфюрст өз иелігін әжептәуір қомақты етіп алды.
Вестфаль бітімі Германияның саяси бытырандылығын ресми түрде
бекітті. Неміс князьдарының өзара және шет мемлекеттермен одақтар жасасуға
дербес сыртқы саясат жүргізуге құқығы танылды. Князьдық одақтар
«императорға және империяға» қарсы бағытталуға тиіс емес делінген ескерту,
тек декларация ғана болды. Жалпы империялық байланыстар формальды түрде
ғана қала берді. Вестфаль бітімі бойынша, империя мемлекеттердің одағы
болып қана табылды. Бұл одақтың өзі де тек сайланып қойылатын
императормен және рейхстақтармен ғана байланыста болатын етіп жасалынды.
Ал бұлар қабылдаған шешімдердің міндеттілік сипаты болмады.
Вестфаль бітімі мемлекеттік егемендігі халықаралық көлемде танылған
Құрама Провинциялар Республикасының империя құрамынан шығуын
заңдандырды.
Отыз жылдық соғыс көрсеткеніндей, еуропалық ұлттық мемлекеттердің
қалыптасуы және олардың аумақтарының жігін айыру үрдісінен туған
халықаралық қайшылықтар кезінде кез-келген нәрседен ойы және формальды
байланыстары бар Герман империясы ойыншыққа айналған болып шықты. Бұл
жағдайда жалпы еуропалық дағдарыстың нәтижесі Германияның саяси
жағынан кемсітілуінен көрінді. Сонымен қатар негізінен империя аумағында
165
жүргізілген Отыз жылдық соғыс неміс халқы, әсіресе қалың шаруалар бұқарасы
үздіксіз бастан кешіріп отырған күйзелістің бірі болып табылды.
Испандық-австриялық Габсбургтердің дүние жүзілік «христиан
империясын» құрмақшы болған әрекеттері сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, XVII
ғасырдың 2-жартысынан бастап Еуропада халықаралық қатынастардағы
жетекші рольді, ұлттық негізде дамып, орталықтандырылған мемлекеттер
(Франция, Швеция, Ресей) атқаруға айналды. Австрия Европадағы көп ұлтты
мемлекеттердің бірі ретінде өзінің мұралы жерлерінің шегінде ғана дамыды.
Оттомон империясының Еуропадағы ықпалы азайды: оның әскери және саяси
күш-қуаты әлсірей берді.
Вестфаль бітімін жасауға қатыспаған Испания Франциямен соғысын
жалғастыра берді. 1659 жылғы Пиреней бітімі бойынша Франция солтүстік-
шығыста – Испандық Нидерландия провинциясы Артуаның есебінен ұлғайды,
ал шығыста оған Лотарингияның бір бөлігі қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |