16. Бан – әр формадағы мемлекет тарапынан қысым көрсету
құқықтарының жалпы аты – жоғарғы қылмыс сотының құқығы, соғыс жасаған
шақыру, шоқыну туралы нұсқау шығару құқығы, т.б. феодалдық ыдырау
дәуірінде бан құқығын әртүрлі дәрежеде жай князьдер мен шіркеулік
феодалдар жүргізді.
17. Бан-бан – ХІІ ғасырда Венгрия шет аймақты соғыс округі банотты
билеуші әкім. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Австро-Венгрия
құрамындағы Хорват-словен-Далмация облысын басқаратын өкілдер.
18. Баналитет – феодалдық құқық, ол бойынша сеньор аз ақы үшін өзіне
қарасты дүние-мүліктің бірқатарын пайдалануға, қарамағандығы шаруаларды
қанауға мүмкіндік алды: феодалдық диірменде ұн тарту, оның пешінде нан
пісіру, жүзім пресін, қайрақтарын пайдалану, т.б. Бұл заттарды пайдаланғаны
үшін ақы не феодалдың өз ықтияры бойынша алынады, не әдет құқығы
бойынша реттеледі. Баналитет бұқараны күйзелткен феодалдық қысымдардың
бір түрі еді.
19. Барон – Батыс Европадағы феодалдық титул. VІ-VІІ ғ.ғ. ауқатты
адамдардың бәрін осылай атады, ал ХІ-ХІІ ғ.ғ. ірі жер иелері – феодалдардың
аты еді.
20. Барондық олигархия – феодалдық бір орталыққа бағынған мемлекет
жағдайындағы басқару режимі. Бұл кезде өкімет билігі іс жүзінде бір топ
магнаттар қолында болды; оларсыз король ешқандай шешім қабылдай алмады.
1238 ж. «Оксфорд провизияларын» қабылданғаннан кейінгі Англияда қысқа
мерзімде билік жүргізген режим барондық олигархияның мысалы болады.
21. Барщина – жұмыспен өтеу рентасының орысша аты, шаруаның
феодал шаруашылығындағы тегін, зорлықпен істелетін еңбегі. Барщина
шаруалардың жеке басының тәуелділігінің формасы – басыбайлылықпен пара-
пар.
22. Ваганттар – орта ғасырлар дәуірінде кейбір Батыс Европа елдерінде
кедей, қаңғыбас оқушылар. ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. қалалар мен университеттердің
дамуына байланысты қайыршы кезбе студенттер және қоғамда орны жоқ уақ
дін қызметкерлері-клириктер. Әлеуметтік жағдайы бойынша қала кедейлеріне
жақын. Шіркеу ваганттарды қатты қуғынға түсірді.