114
Бақылау сұрақтары:
1.
Ұлы географиялық ашылулардың алғы шарттары қандай?
2.
ХV ғасырдың екінші жартысында Жерортатеңіздік сауданың өткір
дағдарысқа ұшырау себептері?
3.
Неліктен «Алтын мәселесі» өткір экономикалық мәселеге айналды?
4.
Х.Колумб және Васко да Гама саяхаттарының маңызы қандай?
5.
Испандықтар мен португалдықтар дүниежүзін қалай бөліске салды?
6.
Ф.Магеллан – Эль-Кано экспедициясының қандай маңызы бар?
7.
Географиялық ашылулардың мәні мен Еуропа үшін салдары қандай?
8.
«Бағалар революциясы» дегеніміз не?
§ 3.
ХVІ ғасыр
–
ХVІІ ғасырдың басындағы Англия
ХVІ ғасырдағы Англияның экономикалық дамуы. ХVІ ғасыр Англия
тарихында ерекше орын алды. Еуропаның бірде-бір елінде дәл Англиядағыдай
феодалдық қатынастар ыдырап, экономикадағы капиталистік қатынастардың
интенсивті дамуын басынан кешірген жоқ. ХVІ ғасырда Англия тарихында
феодализмнен капитализмге өтудің жалпы заңдылықтары көрініс берді.
Ағылшын деревнясы алғашқы қорлану деп аталатынға қолайлы алғы-шарт
жасаған капиталдың енуінің негізгі саласына айналды.
Шаруаларды қанауға негізделген аграрлық төңкеріс капиталдың
өнеркәсіпте дамуының мануфактуралық нысанымен сәйкес келді. Ол
Англиядағы капитализм генезисінің тездеп, жаңа өндіріс тәсілінің жеңісіне
алғы шарт жасады. Экономикалық дамудың осындай ерекшеліктері
мануфактуралық капитализм дәуіріндегі Англияның бүкіл әлеуметтік-саяси
дамуында терең із қалдырды.
Феодалдық тәртіптердің ыдырау үрдісінің классикалық сипаты
феодализм дәуіріндегі өндірістік қатынастардың бастысы – ренталық өндірістің
эволюциясында көрініс берді: ХVІ ғасырдың өн бойы – ХVІІ ғасырдың бірінші
жартысында феодализм әлі үстем болып қала берсе де, капиталистік
қатынастардың және баға инфлияциясының ықпалында болды. ХV ғасырдың
аяғына таман барщина мен өнім рентасының ақшалай рентамен
алмастырылуына (коммутация) байланысты Англияда басыбайлылық
жойылды.
ХVІ ғасырда тоқыма маталар қолөнершінің жабық корпорациясы
түріндегі
шеберхана
гильдияларында
және
шұғашы-кәсіпкердің
кәсіпорындарында өндірілді. Мануфактуралық үлгідегі бұл мекемелер, әсіресе,
елдің батыс аудандарында таралды.
Қоршауларға қарсы шаруалар қозғалысы. Роберт Кет көтерілісі.
Мануфактураның өркендеуіндегі табыстарға қарамастан, ХVІ ғасырда
Англияда бұрынғыша ұсақ қолөнер өндірісі, соның ішінде шұға тоқу кәсібі
басым болды. Шұға өндірісіндегі табыстар, ағылшын жүніне деген сұраныстар
алдымен, көршілес Фландрияда, содан кейін Англияның өз ішінде аграрлық
қатынастарға өзгерістер туғызды. Жүн бағасының жоғарылауына байланысты
Англиядағы қой шаруашылығы егіншілікке қарағанда тиімді бола бастады.
115
Лордтар өз поместьелерін жайылымдарға айналдырды. Олар қауымның
жерлерін басып алып қана қоймай, шаруалардың жерлерін де тартып ала
бастады. ХVІ ғасырда мануфактуралық кәсіпорындар мен фермерлік
шаруашылықтардың жерден қуылған шаруалардың барлығына жұмыс тауып
беруге шамалары келмеді. Англияның жолдарын жұмыссыздар мен
қаңғыбастар басып кетті. VІІІ Генрих (1509 – 1547 ж.ж.) тек кәрі адамдар мен
жұмысқа жарамсыздардың ғана садақа жинауына рұқсат берді.
ХV ғасырда басталған ескі дворяндар мен жаңа дворяндардың
арасындағы жіктелу үрдісі одан әрі күшейді. Ескі дворяндар жаңа
буржуазиялық қатынастарға бейімделе алмады. Жердің көп бөлігі феодалдық
меншікте қалғандықтан шаруалардың негізгі бұқарасы дворяндардың жерін
ұстаушы болып, тәуелділікте өмір сүрді. Англияның шаруалары феодалдық
езгіге сәйкес шарбақпен қоршауларға қарсы тұрды. 1536 – 1537 жылдары
Англияның солтүстігіндегі графтықтарды қозғалыстар жайлады. Негізгі бөлігі
шаруалар болды. 1549 жылдың жазында Уот Тайлер көтерілісінен кейінгі зор
шаруалар көтерілісі басталды. Ол Девоншир мен Корнуолл (Англияның
оңтүстік-батысы) графтықтарын, Шығыс Англиядағы шарбақпен қоршаудың
қауырт жүргізілген ауданы – Норфолк пен Сеффолк графтықтарын түгелге
жуық қамтыды.
Көтерілісті ұсақ дворян Роберт Кет пен інісі Вильям басқарды. Кеттің
отряды 20 мыңға дейін жетті. Көтерілісшілер Норич қаласының маңындағы
Маусхолд жотасындағы орман ішінде лагерь болып орналасты. Маусхолд деп
аталатын бағдарлама жасап, оны петиция түрінде үкіметке тапсырды.
Бағдарламаның негізгі талаптары жер иелеріне қарсы бағытталды және
мынадай талаптар қойды:
рентаны төмендетіп, фригольдтер мен копигольдтерге айналдыруға
тиым салу;
лордтарды қауымдық жерлерді пайдалану құқығынан айырып,
манориалдық соттарды құрту және басыбайлылық құқықты жою.
Ал, басқа бірнеше баптары ұсақ дворяндардың мүдделерін білдірді.
Шаруалар мен кедейлерді қанағаттандыра алмады. Олар дворяндар мен
шаруаларды мүліктік жағдайда теңестіруді талап етті. Көтерілісшілерді жазалау
үшін үкімет немістер мен италияндықтардан тұратын 15 мың адамдық
жазалаушы отряд жіберді. Жақсы қаруланған жазалаушылармен соғыса
алмаған көтерілісшілер 1549 жылы 27 тамызда Норичке жақын Дюссендейль
аңғарында жеңіліс табады. Құрбан болғандардың саны 3500-ге жетеді. 300
көтерілісшілер өлім жазасына кесіліп, Роберт және Вильям Кеттер дарға
асылды.
Тюдорлардың экономикалық саясаты. VІІІ Генрих және реформация.
Тюдорлар үкіметі (1485 – 1603 ж.ж.) шарбақпен қоршаулардың салдарынан
қатты қорықты. Кедейленген шаруалар салық және өзге де міндеткерліктерді
дер кезінде өтей алмады. Қаңғыбастық үстем таптың мүдделеріне қайшы келді.
Үкімет шарбақпен қоршауларды тоқтатуға тырысты. Шаруаларды күштеп
қудалауға қарсы заңдар шығарды. 1486 жылы VІІ Генрих шаруа иеліктерін
талқандау мен қоршауға тиым салды. 1516 жылғы VІІІ Генрихтің статуты
116
егістік алқаптарды жайылымдарға айналдыруға тиым салды. 1533 жылғы
статут 1 адамдағы қойдың санын 2000 дейін қысқартуды талап етті. 1597 жылы
королева Елизаветаның статуты талқандалған шаруа иеліктерін қалпына
келтіру мен бұрынғы жарлықтарды қайта бекітті. Үкімет шарбақпен
қоршауларды тергеуге комиссия жіберді. Статутты бұзған адамдарға айып
салынды. Бірақ барлық шаралар бірдей нәтижелі болған жоқ.
V
ІІІ Генрих (1509 – 1547 ж.ж.) тұсында Англияда реформация басталды.
Реформацияның себебі ағылшын дворяндарының шіркеу жерлерін тартып алуға
қызығушылығы, ағылшын буржуазиясының шіркеуді қарапайым және арзан
күйге түсіруге ұмтылушылығы болды. Реформацияның сылтауы Рим
Папасының VІІІ Генрихке оның бірінші әйелі Екатерина Арагонскаямен
(Германия императоры Ү Карлдың апасы) ажырасуына тиым салуы болды.
Ажырасу Рим Папасының рұқсатынсыз-ақ, парламенттің қолдауымен жүзеге
асты. Папа қарсылығына жауап ретінде VІІІ Генрих 1534 жылы супрематия
(жоғарғы өкілдік) туралы акт шығарды. Акт бойынша король ағылшын
шіркеуінің басшысы болып жарияланды. Актіде ескі католиктік догматтар мен
салттардың барлығының жойылмайтындығы айтылды. Тек шіркеу басшысы
ғана өзгерді. Епископтық сақталып қалды және ол абсолютизмнің тірегіне
айналды. Жаңа ағылшын шіркеуі католиктік мен протестанттықтың орта
деңгейін иемденді. 1536 жылы және 1539 жылы монастырьлар жабылып,
мүліктері тәркіленді.
Корольдік реформацияның басты мақсаты – шіркеу иеліктерін басып алу,
римдік шіркеудің қамқорлығынан құтылу және ағылшын шіркеуін корольдік
өкіметке бағындыру.
Реформация барысында жасалған ағылшын шіркеуі англикандық шіркеу
деп аталды. VІ Эдуард кезінде англикан шіркеуі протестанттыққа жақындай
түсті. Бірақ 1553 жылы VІІІ Генрихтың қызы Мария Тюдор (Испан королі ІІ
Филиптің әйелі) билігі кезенде Англияда католиктік реакция басталды.
Испанияның қолдауына сүйенген королева католиктікті қалпына келтіріп,
протестанттарды қатал қуғындайды. Оның ұзақ уақыт басқаруынан кейін тәж
сіңлісі Елизаветаға (1558 – 1603 ж.ж.) өтті. Жаңа дворяндар мен буржуазияның
мүддесімен санаса отыра, Елизавета баяу англикандық нысанда
протестанттықты қалпына келтірді. 1559 жылы парламент корольдің
англикандық шіркеуге өктемдігін бекітті. Католиктерге қарсы қатал заңдар
шығарылды. Шіркеу ұлттық шіркеуге айналды және абсолютизмнің тірегі
болды.
Ағылшын абсолютизмінің ерекшеліктері. Тюдорлар әулетінің билігі
кезінде Англиядағы корольдік өкімет айтарлықтай нығайып, абсолюттікке
айналды. Әулеттің бірінші басқарушысы VІІ Генрих (1485 – 1509 ж.ж.) феодал
ақсүйектердің қалдығымен аяусыз күрес жүргізді. Төтенше саяси соттар
құрылды: Жұлдызды палаталар соты (мемлекеттік сатқындар ісі бойынша),
кешірім палатасының соты, кеңсе соты, т.б. Сонымен қатар феодалдардың
киімдеріне де тиымдар салды. Король барондарға артиллерия ұстауға тиым
салды. Барондар өздерінің артықшылықтары үшін корольмен соғысу
мүмкіндіктерінен айырылды.
117
Тюдорлар әулетінің әлеуметтік тірегі жаңа орта және ұсақ дворяндар,
жаңа лордтар болды. Екінші тірегі өсіп келе жатырған қала, мануфактура, сауда
буржуазиясы болды. Олар экономикалық және саяси көзқарасы бойынша жаңа
дворяндармен тығыз байланысты болды. Корольдік өкіметтің жаңа таптармен
байланысы Тюдорлар әулетіне ағылшын парламентін саяси тірек ретінде
пайдалануға мүмкіндік берді.
Егер Францияда корольдер сословиелік-өкілдік мекемелердің көмегінсіз
жүруге тырысса, Англияда парламент сақталып қалды және ол өз мәнін
жоғалтқан жоқ.
Сонымен, ағылшын абсолютизмінің ерекшеліктері:
1.
корольдік өкіметтің тірегі болған парламенттің болуы;
2.
графтықтарда жергілікті өзін-өзі басқарудың сақталып қалуы;
3.
тұрақты армияның болмауы (Англияның аралдық жағдайына
байланысты түсіндіріледі).
Достарыңызбен бөлісу: |