Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
Өндірістің капиталистік нысандарының пайда болуының ауыл 
шаруашылығына қандай әсері болды?
 
2.
Транспорт құралдарына, ең алдымен, кеме құралдарына жаңа 
талаптардың қойылуы неге байланысты болды?
 
3.
Металлургия техникасында қандай жаңалықтар болды?
 
4.
Ерте мануфактураның қандай нысандары бар?
 
§ 2. 
Ұлы географиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің пайда 
болуы 
 
Ұлы географиялық ашылымдардың алғы шарттары. Крест жорықтарынан 
кейінгі қалыптасқан Жерорта теңізі елдерімен сауда байланыстары орта 
ғасырлардың аяғында тұрақты сипат алды. Әртүрлі Шығыс тауарлары татымды 
жемістер, қант, әшекей бұйымдар, маталар, т.б. Батыс Еуропаның жоғары және 
орта тап өкілдерінің жиі пайдаланатын заттарына айналды. Оңтүстік 
италиялық, оңтүстік француздық және шығыс испандық қалалардың көпестері 
Шығыспен саудадан үлкен пайда тапты. 
Жапония, Қытай және Үндістан алтынға бай елдердің қатарынан саналды. 
Еуропалық олжа іздеушілердің осы алыс елдердің ғажайып байлығы туралы 
әңгімелері талайды қызықтырды, әсіресе, венециялық көпес Марко Полоның 
(ХІІІ ғ. Қытайда және Шығыстың көптеген елдерінде болған) жазбалары 
кеңінен танымал болды. Өзінің жазбаларында Марко Поло еуропалықтарға 
бейтаныс Жапония және ондағы алтынның шектен тыс мол қоры және маржан 
тастар туралы баяндады.
Алайда ХV ғасырдың екінші жартысында Жерортатеңіздік сауда өткір 
дағдарысқа ұшырай бастады. Бірқатар себептер бұрын да дамуды тежеген 
болатын. 
Делдалшылардың 
көбеюі, 
яғни 
арабтар-византиялықтар, 
италиялықтар-шығыстық тауарлардың құнын шектен тыс өсіріп жіберді. Батыс 
және Солтүстік-Батыс еуропалық елдердің көпестеріне шығыстық тауарлар 
мүлдем қол жетпестей болды. Түріктердің Таяу Шығысты жаулап алуы 
жерортатеңіздік сауданың жағдайын қиындатты. Түрік қарақшыларының сауда 
кемелерін, керуендерді, базарларды тонауы Жерорта теңізінің шығыс бөлігімен 
сауда жасауды қауіпті іске айналдырды. 
Үндістанға баратын, әлі түріктердің қолына түспеген, жалғыз жол Египет 
және Қызыл теңіз арқылы болды. Бірақ бұл жолды толықтай арабтар 
монополиялап алған еді. Венециялықтардың өзі де Александрияға дейін тек 
арабтарға кезігіп қалмаса ғана өте алатын еді. Үндістанға баратын теңіз жолын 
іздеп табу туралы ой, арабтар мен түріктерге кездеспей өтетін, Батыс 
Еуропаның әртүрлі елдерінің көпестері мен теңізшілерін көбірек ойландыра 
бастады. 
ХV ғасырда еуропалықтарды Азияның ғана емес, сондай-ақ Африканың 
да байлығы қызықтыра бастады. Бұл кезде Оңтүстік Еуропаның елдері Жерорта 
105 


теңізі арқылы Солтүстік Африканың, ең бастысы, Египет және Магрибтің 
дамыған елдері: Марокко, Алжир, Туниспен сауда байланыстарын жүргізе 
бастады. Алайда ХV ғасырдың аяғына дейін Африка құрлығының көп бөлігі 
еуропалықтарға таныс болмады, Еуропаны Суданмен тікелей байланыстыратын 
жол белгісіз күйінде қала берді. Сол кездері Солтүстік Африканың 
жағалауындағы қалалар Судан және тропикалық Африканың ішкі 
облыстарының тайпаларымен піл сүйектерін және құлдарды айырбастаған 
сауда байланыстарын жүргізді. Керуен жолдарымен Сахара арқылы Батыс 
Суданнан, Гвинея жағалауларынан Магрибтің қалаларына алтын, құлдар, т.б. 
тауарлар жеткізілді. Бұл заттардың дені еуропалықтардың қолына өтті. Әрине 
бұның барлығы оларды бұрынғыдан да қызықтыра түсті.
Ғажайып Үндістанды іздестіруге еуропалықтарды қызықтырған өзге де 
себептер болды. Сауда шаруашылығының дамуы Еуропада қымбат 
металдардың көп мөлшерін талап етті. Алтын мен күміс феодалдар мен 
Еуропаның өсіп келе жатырған буржуазиясының шаруашылық мақсаттарына 
неғұрлым қажет бола түсті. Сонымен қатар Батыс Еуропадағы бұл қымбат 
металдардың өндірілуі әлсіз болды. Шығыспен сауда алтын және күміске 
қосымша қиындықтар туғызды.
Шығыстың қымбат экзотикалық бұйымдарына Еуропа ауыл және орман 
шаруашылығының өнімдерін, мыс, қалайы, шұға, құны арзанға бағаланатын 
өзге де бұйымдарды айырбастауға мәжбүр болды, бұл тауарлар Шығыстың 
заттарымен салыстырғанда әлдеқайда арзан еді, сондықтан Шығыстан сатып 
алғандардың құнын өтей алмады. Осылайша, еуропалықтардың қажетті соманы 
қымбат металдармен өтеуіне тура келді, нәтижесінде алтын мен күмістің 
Еуропаға құйылуының орнына, Еуропадан Шығыс елдеріне ағылуы орын алды.
«Алтын мәселесі» осылайша өткір экономикалық мәселеге айналып, тез 
шешімін табуды талап етеді. Үндістанға баратын жаңа теңіз жолын іздестірген 
еуропалықтар бірмезгілде алтынды да құныға іздеді. Осылайша, ХV ғасырда 
Батыс Еуропада Еуропадан Африкаға, Үндістанға, Шығыс Азияға баратын 
жаңа теңіз жолдарын іздестірудің мұқтаждығы туындайды. 
Бірақ алыс және қауіпті, ХV ғасырдың аяғынан бастап Африка мен 
Шығысқа апаратын жаңа жолдарды ашу және жаңа елдерді жаулап алу 
мақсатында жүргізілген теңіз саяхаттары теңізде жүзу мен әскери іс саласында 
өндіргіш күштердің дамуы нәтижесінде маңызды жетістіктердің енгізілуіне 
байланысты ғана мүмкін болды. Ең алдымен, ашық мұхитта да еркін жүзуге 
мүмкін болатын кемелер жетілдірілді.
ХV ғасырдың өн бойында португалдықтар жаңадан тез жүретін және 
жеңіл, алысқа жүзуге тиімді – каравелланы ойлап шығарды. Ол өте сиымды 
болды. Португалдықтар ғылымның соңғы жетістіктерінің барлығын 
саяхаттарды қауіпсіз және жемісті жасайтындай етіп пайдаланды. 
Компас және теңіз карталары – портуландар жетілдірді, Португалияда 
арабтардың бұрыш өлшейтін құралы – астролябияны үйрену жүзеге асырылды.
Еуропада Қайта өркендеу мәдениетінің дамуы, сондай-ақ жаңа ғылыми 
болжамдар орта ғасырлық догмаларға күмән туғыза бастады
.
106 


Алтынға бай елдерді және Үндістанға баратын теңіз жоларын іздестіруге 
алғашқы болып португалдық теңізшілер аттанды. Олардың экспедициясына 
белсенді қатысқан генуялық теңізшілер мен көпестер болды. Олар Шығыс 
саудадағы бәсекелестері венециялықтарды басып озуға талаптанды. 1415 жылы 
Африка құрлығындағы маңызды сауда пункті және әскери қамал болған 
Сеутаны иемденді. Одан әрі араб географтарының шығармаларында айтылатын 
алтынға бай өзендерді іздестіру басталды. Бұл экспедицияларды 
ұйымдастыруда португалдық бекзада Энрике Мореплаватель үлкен көмек 
көрсетті. Оның басшылығымен құрылған сауда компаниялары Африка 
елдеріндегі отарлау саудасының монополиялық құқығын иемденді, жекелеген 
жағдайларда еріксіз қара түстілермен тонаушылық сауда жүргізді. Батыстың 
шексіз көп билігі бекзаданың өзіне тиді. Оған папаның өзі Еуропаға қара 
құлдарды әкелудің монополиялық құқығын ұсынды. 1460 жылға таман 
португалдықтар Жасыл мүйісті ашып, Гвинея шығанағына кірді. Бұл кезде олар 
Азор аралдарын иемденіп үлгерді. Алда Африка құрлығын айналып өту және 
осы арқылы Үндістан жағалауына жету міндеті тұрды. 1486 – 1487 жылдары 
Бартоломео Диас басшылығындағы экспедиция ұйымдастырылды. Олар 
Африканың оңтүстік шетіне ілікті. Африка құрлығының ең оңтүстік нүктесі 
Добрая Надежда мүйісі ашылды. Осыдан кейін Үндістанға баратын теңіз 
жолын ашудың шынайы мүмкіндігі пайда болды. Алайда бұдан бұрын Колумб 
жаңа әлем Вест (Батыс) – Үндістанды ашты.
Х.Колумб және оның Американы ашуы. Үндістанға баратын теңіз 
жолының ашылуы. Батысқа ашық мұхитқа жүзу Колумбқа дейін жүзеге 
асырылды. Атлантикада Мадейра аралы, Азор және Канар архипелагтары 
ашылып, игеріліп үлгерді. 
Христофор Колумб (1451 – 1506 ж.ж.) шыққан тегі бойынша генуялық 
болатын. Оның ерте биографиясы туралы мәліметтер үзілді-кесілді. Жас 
кезінде жүйелі білім ала алмаған тәрізді, бірақ өзінің шексіз қабілеттілігі және 
қызығушылығының арқасында сол кездің географиялық білімдер курсында 
болып, теңіз ісі мен картаны жақсы меңгерді. Көптеген генуялықтар тәрізді 
Колумб 
Португалияға 
келіп, 
Атлантикаға 
бағытталған 
бірқатар 
экспедицияларға қатысып, Англияда болды. 1483 жылы Колумб Үндістанға 
баратын батыс теңіз жолын ашу үшін экспедиция ұйымдастыруға келісім 
береді,-деген үмітпен Португалия үкіметімен келіссөз жүргізе бастайды. 
Алайда оның ұсынысы қолдау таппайды. Португалия Африка төңірегіндегі 
теңіз жолын ашуға жақын болатын. Сондықтан Колумб Испанияға қоныс 
аударып, Испан сарайымен келіссөз жүргізе бастайды. Ықпалды сарай 
маңының қолдауына сүйеніп, өзіне тиімді тұрғыдағы келісімдерге қол жеткізді. 
Колумбаға ашатын теңіздегі және жерлердегі адмирал және вице-король 
атақтары берілді.
1492 жылы 3 тамызда Колумб экспедициясы 3 кеме және 90 адаммен 
Палос портынан Канар аралдарына аттанып кетті, аралдан 10 қыркүйекте 
батысқа қарай бағыт алды. Жүзу өте ауыр болды. Құрамадағы адамдар 
наразылық білдірді, бұл ашық бүлікке ұласып кете жаздады. 12 қазанда 
экспедиция Багам аралдар тобының біреуіне келіп жетті. Бұл жерге Колумб 
107 


Сан-Сальвадор (Құтқарушы) деген атақ берді, қазіргі карталарда Ватлинг деп 
аталады. Оңтүстікке қарай бағыт алып, Колум осы топтың тағы бірқатарын, 
сондай-ақ Куба сол жағалауы мен Гаити аралын (оны Колумб Эспаньола (кіші 
Испания) деп атады) ашты. Бұл аралдың жағалауында Навидат форты салынды, 
оған Колумб 39 адамнан тұратын гарнизонын қалдырды. Кішкентай фортты 
үндістер талқандап, қоныстанушыларын қырып жойды.
Колумб алтын іздеді, бірақ оны бұл жерден таппады. Ашылған аралдарды 
Үндістан мен Қытайды көмкеріп жатырған архипелаг деп есептеп, Колумб 
құрлыққа енемін деп текке әрекеттенді. 1493 жылы 4 қаңтарда шағын «Нинья» 
деп аталған кемемен кері Еуропаға аттанды. Испанияда оны үлкен құрметпен 
қарсы алды, яғни, Колумб тәрізді испандықтар да ашылған аралдарды Үндістан 
деп сенді. Колумбының екінші экспедициясы үлкен болды. Оған экипажында 
1560 адамы бар 17 кеме қатысты. Алайда нәтижелері өте қарапайым болды. 
Кіші Антиль аралдары, Пуэрто-Рико және Ямайка ашылды, Кубаның оң 
жағалауы зерттелді. Алайда «Үндістан» бәрібір табылмады. Испандықтар 
Эспаньола үндістеріне қалдырылған гарнизонның кегі үшін қатал жазалау 
әрекеттерін жүргізді. 1495 жылы Колумб Испанияға оралды. Тек үшінші 
сапарында ғана 1498 жылы Колумб Ориноко өзенінің сағасында Оңтүстік-
Америкалық жағалауға келіп жетеді. Дәл осы кезде португалдықтар Үндістан 
жағалауларына жетті.
Колумбының 
жағдайы 
шайқала 
бастады. 
Эспаньолада 
отарланушылардың бүлігі басталды. Колумбыдан вице-король атағы алынып, 
өзін кісенмен Испанияға алып келді. Алайда, оған король тарапынан кешірім 
беріліп, жаңа экспедиция ұйымдастыруға рұқсат берілді. Колумбының төртінші 
сапары (1502 – 1504 ж.ж.) әлдеқайда табысты болды. Орталық Американың 
Атлантикалық жағалауының жартысы (Гандурас, Никарагуа, Коста-Рика, 
Панама) ашылды. Алайда бұлардың ешқайсысы да Колумбының Испан 
сарайындағы беделін көтере алмады. Колумб ашқан құрлық оның есімімен 
емес, Америго Веспучидің құрметіне Америка деп аталды.
Америго Веспучи 1501 – 1504 жылдары Оңтүстік Америкаға бағыт алған 
португалдық экспедицияға және жаңа жерлерді сипаттауға қатысты. 
Лотарингиялық математик және географ Вальдземюллер 1507 жылы Америго 
Веспучидің қолжазбаларын жариялап, бұл жерлердің әлемнің жаңа, төртінші 
бөлігін құрайтыны туралы пікірлерін айтып, оны Америго немесе Америка деп 
атауды ұсынды. Соңғы атау картографтардың тарапынан қабылданды және XVI 
ғасырдың 20-жылдарынан бастап бүкіл Жаңа әлемді атай бастады.
Үндістанға баратын теңіз жолының ашылуы. Үстемдік аймағын 
шекаралау мәселесі бойынша Испания мен Португалия арасында қақтығыс 
басталды. Папаның қатысуымен болған ұзаққа созылған келіссөздерден кейін
1494 жылы Тордесильяс бітіміне қол қойылды: Испания мен Португалияның 
ықпал аймағы батысқа қарай 50 градус меридиан бойынша өтті. Осы арқылы 
Испанияның ықпал аймағына Бразилияның елеусіз бөлігін қоспағанда, бүкіл 
Америка қарады. Ал Португалияға Азия, Африка және Бразилияның көп бөлігі 
қарады. Ерте ме, кеш пе, шығыстан португалдықтардың, ал, батыстан 
испандықтардың арасында ықпал аймағын белгілеу үшін жаңа жанжалдың 
108 


пайда болатыны сөзсіз еді. Магеллен экспедициясынан кейін 1529 жылы 
Сарагоста жаңа келісім жасалып, екінші шекаралық түзу белгіленді. Олар 
Молуккалық аралдардан шығысқа қарай 17 градус бойында бөлінді. 
Бұл келісімдер тек екі мемлекет үшін ғана міндетті болған. Отар иемдену 
жолының соңына түскен басқа Батыс еуропалық елдер бұл келісімдермен 
санаспады, Португалия мен Испанияны ықпал аймақтарынан тықсыра берді. 
Колумбының ашулары португалдықтарды Үндістанға баратын теңіз 
жолының соңғы бөліктерін зерттеуді тездетуге итермеледі. 1487 жылдың 
өзінде-ақ құпия агент Кавельян жіберілді. Ол Кайр, Хормуз, Каликут және 
Мозамбик гаванында болды. Сондай-ақ Оңтүстік-Африкадан Үндістанға 
дейінгі теңіз сапары туралы қажетті мәліметтер жинады. 1497 жылдың жазында 
Васко да Гама басшылық еткен 4 кемеден тұратын экспедиция сапарға аттанды. 
Ол танымал болған бағыт бойынша Добрая Надежда мүйісіне қарай сапар 
шекті. Алайда қарсы ағыстардан қашқақтап, Жасыл Мүйіс аралдарынан 
оңтүстік-батысқа бұрылған Васко да Гама Бразилия жағалауларынан өтіп 
кетеді. Добрая Надежда мүйісінен өтіп, экспедиция солтүстік шығысқа қарай 
бағыт алды және 1498 жылы сәуірдің басында Малиндиге енді. Мұнда Васко да 
Гама тәжірибелі араб теңізшісі Ахмед ибн Мажидті лоцмандық қызметке 
тартады. Оның көмеімен экспедиция айтарлықтай қиындықсыз 1498 жылы 20 
мамырда Үндістан қаласы Каликутқа келіп жетті. Үндістанға баратын жол 
шамамен 10 айдай уақытты алды. Португалдықтарды жергілікті раджа салқын 
қарсы алды. Алайда Васко да Гама келісімдерге қол жеткізіп, татымды 
жемістердің азғантай мөлшерін сатып алады. 1499 жылы 10 маусымда 
экспедицияға аттанған құраманың жартысынан азымен қалған екі кеме 
Лиссабонға қайтып оралды. 
Португалдықтардың отарлаушылық әрекеттері. Васко да Гама 
экспедициясы Португалияның Үндістанның батыс жағалауын отарлауына 
бастау салып берді. Португалиядан жыл сайын көп солдаты және артиллериясы 
бар әскери кемелер Үндістан порттары мен теңіз базаларын отарлау үшін 
аттандырылып жатты. 1500 жылы Кабрал экспедициясы Үндістанға барар 
жолда Бразиляның жағалауларын ашты. Каликутта дұшпандықпен қабылданған 
Кабрал қаланы оқтың астына алып, көршілес Кочина және Каннакура 
факториялардың негізін салды. Португалдықтар жергілікті халықты аяусыз 
қырып жойды, олардың үстемдігіне қарсы әрекеттердің барлығы басып-
жаншылды. Олар елдің бытыраңқылығын тиімді пайдаланып, қарама-қарсы 
князьдықтардың әрқайсысымен одақтасып, пайдалы сауда келіссөздерін 
жасасты. Қару-жарағы және артиллериясы бар португалдықтар өздерінің сауда 
бәсекелестері – араб көпестерінің кемелерін жойып, базарларын басып алды. 
1505 жылы Үндістандағы португалдық иеліктердің вице-королі болып 
Альмейда тағайындалды. Ол Диудағы Египет флотына соққы беріп, Парсы 
шығанағына енді. Оның мұрагері Альбукерке араб көпестерінің Үндістанға 
баратын жолдарының барлығын қоршауға алды. Ол Парсы шығанағының кіре 
берісіндегі маңызды сауда және стратегиялық пункт Ормузды басып алды, 
сондай-ақ Қызыл теңізден шығатын жолды жапты. 1510 жылы Альбукерке Гоа 
қаласын иемденіп, қала халқын түгелдей жойып жіберді. Гоа Үндістандағы 
109 


португалдық иеліктердің орталығына айналды. Португалдықтар үлкен 
аумақтарды иемденуге тырыспады, тек отарланған тауарларын әкету үшін тірек 
пункттері мен сауда факторияларын құрды. Үндістанның Малабар жағалауында 
орныққан олар шығысқа, татымды жемістердің орталығына жылжи бастады. 
1511 жылы португалдықтар Малакканы басып алды. Сол арқылы Молукк 
аралдары мен Қытайға жол ашты. 1516 жылы Португалия экспедициясы 
жағалауда тұрды. Кешікпей Макаода (Кантоннан оңтүстік-батысқа қарай) 
португалдық фактория құрылды. Дәл осы кезде португалдықтар Малукк 
аралдарында орнығып, одан татымды жемістерді шығара бастады. 
Португалдықтар сауданы татымды жемістермен монополияды. Олар жергілікті 
халықты аталған дақылдарды «берік баға» – Лиссабон базарынан 100-200 есе 
төмен бағамен сатуға мәжбүр етті. Еуропа базарында отарланған тауарларға 
жоғары бағаны ұстап тұру үшін жылына небәрі 5-6 кеме татымды жемістер 
әкелінді, артығын жойып жіберіп отырды.
Ф.Магеллан және дүниежүзін тұңғыш рет айналып шығу саяхаты. 
Колумбтың Үндістан мен Қытайға батыс жолымен жету идеясы испандықтарды 
португалдықтар Үндістанға баратын жолды Африка айналасынан ашқаннан 
кейін де ойландыруын қоймады. Испандықтар татымды жемістер аралдарына 
баратын жолда өз бәсекелестерін басып озуға үміттенді. Бұл үміттер испан 
шапқыншысы Васко Нуньес Бальбоа Панама ойнағынан өтіп «Ұлы оңтүстік 
теңіз» – Тынық мұхитты ашқаннан кейін (1513 ж.) нығая түсті. Ендігі міндет 
осы теңізге өтетін бұғазды іздеп табу және батысқа қарай бағыт алып, татымды 
жемістер аралына жету болды. Бұл міндетті шешуді португал дворяны, испан 
короліне қызметке келген Фердинанд Магеллан өз қолына алды. Ол бірқатар 
португалдық экспедицияларға қатысып, Молукк аралдары туралы жеткілікті 
мәліметтер білді. Магеллан «Қасиетті Крест» жерін (Бразилияны) 30-40 градус 
оңтүстік жары шарлық ендікте айналып өтіп, «Оңтүстік теңізге» енуді 
ойластырды. Португал королінен экспедиция ұйымастыруға қарсы жауап 
алғаннан кейін ол Испанияға қашып келіп, өз қызметін V Карлға ұсынады.
1519 жылы 20 қыркүйекте Магеллан бастаған 5 кеме және 265 адамдық 
құрама испан порты Сан-Лукардан шығып, Бразилияға қарай бағыт алды. 
Магеллан бұғазды іздеу жолында үлкен күшпен Флотилияға дейін жетті. 
Тынық мұхитпен жүзу (Магеллан осылай атады) 2 жылға созылды. 1521 жылы 
15 наурызда экспедиция аралдар тобына келіп жетті. Кейін оны Испан королі ІІ 
Филипптің құрметіне Филиппин деп атады. Бұдан кейін Магеллан жергілікті 
халықпен болған қақтығыста қаза табады. Испанияға Эль-Кано басшылық 
еткен бір ғана «Виктория» кемесі оралды. Оның қарауында экипаждың 18 
адамы ғана қалған еді. Кеме Үнді мұхитын кесіп өтіп, Африканы айналып 
шықты. Сөйтіп жер шарын алғаш рет толық айналып өтіп, 1522 жылы 6 
қыркүйекте Сан-Лукараға қайтып оралды.
Ф.Магеллан – Эль-Кано экспедициясының маңызы зор болды. Оның 
барысында тәжірибе жүзінде тұңғыш рет Жердің шар тәрізді екендігі 
дәлелденді. Дүние жүзінің ең үлкен Тынық мұхитын ашты. Бұдан кейінгі дүние 
жүзін айналып шығу саяхатын жарты ғасырдан соң ағылшын адмиралы Дрейк 
жүзеге асырды.
110 


Мексика мен Перуді испан шапқыншыларының отарлауы. Американы 
ашқаннан кейінгі алғашқы 20 жылдарда испандықтар Кариб теңізінің 
аралдарында, Панама мойнағында және Венесуэлада бекіді. Жергілікті 
халықтың көп бөлігін жойған олар 1501 жылы-ақ Куба мен Эспаньолаға 
Африкадан қара құлдарды әкелді. Жаулаушылар соңына түскен алтынның саны 
өте аз болды. Сонымен қатар Испаниядан үсті-үстіне жаңадан шапқыншылар 
(конкистадорлар) келіп жатты. Олардың да іздегені, ең алдымен, алтын мен 
күміс болды. 1516 – 1518 ж.ж. испандықтар Юкатан түбегін ашты. Олар 
батыстан әрі қарай алтынға бай елдің бар екенін білді. «Алтын империя» 
туралы дақпырт испандықтарды әбіржуге салдырды. Бұл империя қазіргі 
Мексика аумағында орналасқан ацтектер елі болатын. Ацтектердің үстемдік 
етуші тайпалары елдің оңтүстігінен келіп, бірқатар үндіс тайпаларын 
титықтатты. Басқыншылардың өзі Тенотитлан қаласында тұрды. Олар 
бағындырған тайпаларды алым-салық жинап, қатал қанады. 
Мексика халқы материалдық мәдениеттің жоғары дамуы шыңына жетті. 
Тұрғындардың басты кәсібі егін шаруашылығы болды. Жерді тас және ағаш 
құралдармен қолмен жыртты. Малдың саны өте аз болатын. Мексикандықтар 
алтынды, күміс, мысты жақсы өңдеді, алайда металл балқытуды білмеді. 
Тоқуды, мата бояуды, құмыра жасауды білді. Мексикалық тайпалар үлкен 
жанұяларымен ортақ үйлерде тұрды. Қоғамдық істерді сайланбалы ақсақалдар 
жүргізді. Құлдық және құл саудасы кең тарады. Ацтектердің әскери одағы берік 
болмады. Бағындырылған тайпалар басқыншыларды жек көрді, жиі көтеріліске 
шықты. Оларды Испан конкистадорлары пайдаланды, елді азғантай күшпен 
басып алуды көздеді. 
1519 жылы Мексика жағалауына Эрнандо Кортес бастаған экспедиция 
бағыт алды, оның құрамында 500 солдат және 13 зеңбірек болды. Ацтектер 
бағындырған тайпалардың қолдауына сүйеніп, Кортес астанаға Теночтитлан 
қаласына бағыт алды. Ол билеушісі Монтесумды опасыздықпен қолға түсіріп, 
оның ұланғайыр байлығын иемденді. Алайда жаулап алушылардың тәлкегі 
қалада көтеріліс туғызды. Испандықтар қашуға мәжбүр болды, тек 1521 жылы 
ғана қайтадан Теночтитланды басып алып, қаланың ер адамдарын түгелге 
дерлік қырып-жойды. Бірнеше жылдардың ішінде бүкіл Мексиканы жаулап 
алды.
Мұнда испандықтар көп алтын және күміс тапты. 1521 – 1523 жылдары 
испандық конкистадорлар инктердің елі Перуді жаулап алды. Перудің 
жергілікті халқы үндістер Мексикадан да жоғарғы дамудың деңгейіне жеткен 
болатын. Халық соқалы егін шаруашылығымен айналысты. Перуліктер мыс, 
қола, қалайы, күмісті шебер өңдей білді, әсем храмдар мен сарайлар салды. 
Инктердің астанасы Кусконы елдің жекелеген облыстарымен әсем жолдар 
жалғастырды. Инктердің өз жазуы (кечу тіліндегі) болды, ғылымның 
бастамасы, күнтізбе дамыды. Үлкен әскери одақтың басында инктердің үстем 
тайпалары тұрды. Жоғары өкімет патшаның қолына шоғырланды. Ол барлық 
жердің жоғары иесі болып саналды. Оның шенеуніктері облыстарды басқарды, 
алым-салық жинады. Перуді испандықтардың жаулап алуы инктердің әскери 
одағының беріксіздігінен біраз жеңілдеді; 1531 жылдың басында Панамадан 
111 


алтынға бай «Биру» – Перуді жаулап алуы үшін әкспедиция жабдықталды. 
Оның басында конкистадор Франсиско Писарро тұрды. Оның отряды бар 
болғаны 130 солдат және 37 аттан тұрды. Кейін алынған қосымша күшпен де 
600 жауынгерден де аспады. Осындай күшпен испандықтар инктердің үлкен 
елін жаулап алды. Писарро отряды Каксамарка елді-мекенінде 15 мыңдық 
инктер патшасы Ата-Гуальнаның әскерімен жолығып, патшаны опасыздықпен 
тұтқынға алады, ал, әскерін таратып жібереді. Ата-Гуальна өз бостандығы үшін 
көп ақша төлейді, бірақ Писарро бұйрығымен сатқындықпен өлтіріледі. 1534 
жылы испандықтар Перудің астанасы Кусконы басып алды. Писарроның серігі 
Альмагаро Чилидің солтүстік бөлігін басып алды, ал басқа конкистадорлар 
Колумбияны иемденді. Перу өзінің байлығы бойынша Мексикадан біраз ілгері 
тұрды. 1545 жылы ашылған Потосидің күміс кен орындары сол кезде бүкіл 
Батыс Еуропадағыдан көп күміс өндірді.
Испандықтардың отарлау жүйесі. Жаңа әлемнен жиналған барлық 
байлықты тонап, жергілікті халықты тағылықпен қанады. Испан королі және 
католиктік шіркеу түземдіктерді құлдыққа айналдыруға формальды түрде ғана 
тиым салды. Оларға үндістерді корольге шексіз берілгендер және католиктерге 
жаңадан айналдырылғандар күйінде сақтау қолайлы болды. Алайда Испан 
отарлаушылары түземдіктерді құл есебінде ұстады: ауыр жұмыстарды орнатты 
және еріксіз оброктар төлетті. Үкімет үндістерге өктемдігін заңдастыру арқылы 
отарлаушыларға жеңілдіктер жасады. Қатал езгі және еріксіз жұмыс 
үндістердің жаппай қырылуына алып келді. Эспаньолада испан үстемдігі 
орнаған 20 жылдан кейін небары 15 мың түземдік қалды. Антиль аралдарында 
XVI ғасырдың ортасына таман үндістер мүлдем жойылды. Испандықтар өз 
отарларына Африкадан қара құлдарды әкеле бастады. 1518 жылы негрлерді 
әкелу жөнінде алғашқы келіссөз (асиенто) жасалды. Бірнеше жылдардан кейін 
кен орындары мен плантацияларда негізінен негрлер қызмет етті. Олар 
үндістерге қарағанда, неғұрлым еңбекқор және ауыр жұмыстарға төзімді 
болды. Құл сатушылар Африканы адам аулаудың тұрақты даласына 
айналдырды, жергілікті тайпалық князьдардан негрлерді жаппай сатып алды, 
әскери тұтқындарды арзан бағамен сатып алу үшін бір тайпаны екіншісіне 
айдап салып отырды. 
Сонымен, Батыс Еуропада капитализмге аяқ басып жатырса, Жаңа 
Әлемде құлиеленушілік гүлденді және ол Батыс Еуропа үшін алғашқы 
қорланудың негізін жасап берді. 
Географиялық ашылулардың Еуропа үшін салдары. Батыс еуропалық 
елдердің шаруашылық өмірінде ұлы географиялық ашылулардың нәтижелері 
айтарлықтай әсер берді. Ең алдымен, сауда байланысының бағыты өзгерді. 
Дүние жүзілік саудада Жерорта теңізі өзінің бұрынғы маңызын жоғалтты, 
италиян қалаларының ролі түсті. Дүние жүзілік сауданың орталығы Пиреней 
түбегінің Атлантикалық жағалауына ауысты, ал, кейін отарланған тауарлар легі 
Нидерландиядан орын алды. Өсіп келе жатырған дүние жүзілік саудаға қызмет 
жасау үшін Антверпен, Амстердам, Лондонда сауда биржалары ашылды. 
Баюдың жаңа көзі биржалық алып сатарлық пайда болды. Жаңа әлемнен 
Еуропаға алтын мен күмістің шектен тыс мөлшерінің ағылуының нәтижесі 
112 


«Бағалар революциясы» болды. XVI ғасырдың 40-жылдарынан бастап – XVII 
ғасырдың 30-жылдарына дейін Батыс еуропалық елдерде металл ақшаның 
құнының түсуі және тауарға, ең алдымен, азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі 
байқалды. Испанияда баға 4,5 есе, Италияда – 2 есе, Англияда – 4 есе, 
Францияда – 2,5 есе өсті.
«Бағалар революциясы» Еуропаға әкелініп жатырған алтын мен күмістің 
дайын қазына күйінде алынуы немесе арзан еріксіз еңбектің нәтижесіне 
байланысты өрістеді. Сондықтан қымбат металдардың құны күрт түсіп кетті, 
ал, тауарлар прапорциялы күйде қымбаттады. Ал қала халқының көбеюі азық 
түлік өнімдеріне сұраныстың өсуіне жағдай жасады. Халықтың әртүрлі бөлігіне 
«Бағалар революциясы» әртүрлі әсер етті. Одан жеке меншік иелері ұтты: 
тауарлары мен азық-түліктерін сатты. Қысқа мерзімге жерлерін жалға берген 
жер иелері жал ақысын өсіріп жіберді. Ал азық-түлікке бағаның көтерілуіне 
орай олар өздеріне өздері осылайша сый жасады. Кәсіпкерлер, көпестер, 
алыпсатарлар байыды. Қымбатшылыққа қарамай жалақысы бір деңгейде тұрып 
қалған жалдамалы жұмысшылар қатты зардап шекті. Ұстаушыларынан дәстүрлі 
оброк алып отырған дворяндар да қиындық көрді. Осылайша «Бағалар 
революциясы» феодалдық экономиканың тоқырап, буржуазияның баюына 
жағдай жасады. 
Жоғарыда баяндалған саяхаттар мен ашылулар Батыс Еуропаның 
Еуропадан тыс жерлерге енуінің алғашқы және аса маңызды кезеңі болып 
табылды. Жаңадан ашылған елдердің көпшілігі ішкі бөлістерден тыс, 
Австралия және оны айнала қоршаған теңіздер, Тынық мұхиттың бүкіл 
солтүстік бөлігі, Солтүстік Америка, Солтүстік Азияның ұлан-байтақ 
кеңістіктері, оны қоршаған Солтүстік Мұзды мұхит мүлдем белгісіз қалды. 
XVI ғасырдың екінші жартысы – XVII ғасырдағы географиялық 
ашылуларда ағылшындар мен голландықтар жасаған саяхат үлкен роль 
атқарды. Өте маңызды ашуларды орыс теңізшілері мен «жиһанкездері» де 
жасады. Ең маңызды жаңалық – Австралияны ашу болды. XVI ғасырдың 
географтары мен картографтары Солтүстік жарты шардағы орасан құрлықты 
«теңестіріп тұру» үшін Оңтүстік жарты шарда бір үлкен құрлық барлығын 
жорамалдады. Бұл құрлық тіпті XVI ғасырдың екінші жартысында испан және 
португал карталарының бетінде осы «Австралиялық», яғни, «Оңтүстік» жер, 
әсіресе, Оңтүстік Американы отарлаушы испандықтарды қатты қызықтырды. 
Олар бұл аймақтың алтын мен күміс кендерін табуға аттанбақшы болды. 
«Оңтүстік» жерді іздеп табу үшін XVI ғасырдың аяғы – XVII ғасырдың 
басында Перуден бірнеше экспедиция жабдықталды. Мұнымен Тынық
мұхиттың оңтүстік бөлігінен бірқатар аралдарды ашты. Нағыз Австралияны 
ХVІІ ғасырдың басында голландықтар ашты. Голландықтар 1619 жылы Ява 
аралдарында Батавия қаласының негізін қалады. Голландия теңізшілері Зонд 
аралынан оңтүстікке қарай жүзе отырып, Австралияның бүкіл Батыс 
жағалауымен және оңтүстік жағалауымен (жартысы) жүріп отырды. Бірақ 
жаңылысып, оны «Полярлық жердің» бір бөлігі деп санады. 1642 жылы 
Батавиядан саяхаттап шыққын Абель Тасман Австралияны айналып өтіп, үлкен 
аралды ашты, оны Ван Димена Жері (қазіргі Тасмания) деп атады. Алайда бұл 
113 


жаңа құрлық көп уақытқа дейін ешкімді қызықтырмайды. Бұл жер кедей, халқы 
аз, байлықтың нышаны да білінбеді.
Тынық мұхиттың солтүстік бөлігі Батыс еуропалық теңізшілерге мүлдем 
белгісіз еді. Еуропалықтар ХVІ ғасырдың аяғында Жапонияға басып кірді. 
Солтүстік Американың батыс жағалауы да көпке дейін белгісіз болды. Тек 
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында испандықтар Калифорния бойымен 
солтүстікке қарай өтіп, 58-параллельге жетеді. Ағылшын мен голландықтардың 
Американың солтүстігін немесе Азияны айналып шығып, Зонд және Молукка 
аралдарына жету талаптары нәтижесіз болды. Олар бұл жолды португалдықтар 
пайдаланбағандықтан аса қысқалау және қолайлы деп санады. Батысқа қарай 
жылжи отырып, ағылшындардың ХVІ ғасырдағы теңізшілері Фробишер мен 
Дэвис, ал ХVІІ ғасырдың басында Бэффин мен Гудзон қазіргі есімімен 
аталатын аралдар мен бұғаздарға, шығанақтарға жетіп, америкалық 
Арктиканың шығыс бөлігіне ғана кірді. Солтүстік-шығыстағы өткелді іздеген 
ағылшындар (Ченелер) 1553 жылы Солтүстік Двина жағалауын ашты, ал 
голландықтар (Бренц) 1590 жылы Жаңа жерге жетті. Бірақ, осы аудандардың 
бәрі де орыс теңізші-саяхатшыларына әлдеқашан мәлім еді. Еуропа мен Азияны 
Мұзды мұхитпен қоршап тұрған жағалауларын ашып зерттеуге орыс 
теңізшілері көп еңбек сіңірді. 
Француздар ХVІІ ғасырдың басында Қасиетті Лаврентий өзенінің 
бассейніне еніп, Канадада өз отарын құрды.
Орыс теңізшілері мен жиһанкездері Шығыста Солтүстік Мұзды мұхит 
және Солтүстікке қарай жылжи отырып, ХІV ғасырдың ортасында 
новгородтықтар Обьқа енсе, ХV ғасырда оған баратын теңіз жолын игерді. 
ХVІІ ғасырдың 30-жылдары орыс жиһанкездері (Иван Москвитин бастаған) 
Охота теңізіне дейін барды. ХVІІ ғасырдың жартысында Поярков пен Хабаров 
Төменгі Амурды зерттеп, картасын құрды. 1648 жылы Семен Дежнев пен 
Федот Алексеев (Попов) Колым сағасынан Анадырь сағасына дейін жүзіп өтті. 
Олар Беринг бұғазын ашты және бұл бұғаздың Азия құрлығын Америкадан 
бөліп тұрғандығын дәлелдеді. 
Ұлы географиялық ашылулар Еуропаның шаруашылық өміріне терең 
өзгеріс енгізді.
1.
Батыс Еуропа шеңберінде сауда жолдарының, сауда орталықтарының 
ауысуы және баға революциясы. Еуропаның Үндістанмен қарым-қатынастары 
ұлғайып, олар жаңа жолдарды жүргізді, сонымен қатар Жаңа дүниемен 
байланыс орнатып, дами түсті. Ал Еуропа үшін Жерорта теңіздік сауданың 
маңызы төмендеді және теңіз арқылы жағалаудағы елдермен еуропалық сауда-
саттық жасаушы итальян қалаларының маңызы да кеми түсті. ХVІ ғасырда 
делдалдық рольдерді Лиссабон мен Севилья, Антверпен қалалары атқара 
бастады. 
2.
Сауда және қаржы операцияларының жаңа ұйымдары – сауда және 
қаржы биржалары дами бастады. Биржалардағы келісімдер үлгілер бойынша 
жасалды. Баюдың жаңа түрі алыпсатарлық жайлады. Биржаларда алуан түрлі 
қаржы-несие операциялары жасалды: заемдар жасалды, вексельдер өсірілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет