Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары:
1.
ХІ – ХІІІ ғасырлардағы Германияның ауыл шаруашылығындағы 
өндіргіш күштердің өсуін неден көруге болады? 
2.
Славяндарға қарсы неміс басқыншылығы қалай өріс алып отырды?
 
3.
ІІ Фридрихтің Германия мен Италиядағы саясатының күйреуін неден 
байқауға болады?
 
4.
Қалалардың Швабия және Рейндік одақтарының құрылуының себебі 
неде?
 
5.
ХV ғасырда империяның дамуы қандай сипатқа ие болды?
 
 
§ 4. 
ХІ – ХV ғасырлардағы Чехия 
 
ХІ – ХІІІ ғасырларда Чехияда феодалдық қатынастардың дамуы. ХІ 
ғасырдың аяғына таман Чех жерінде феодалдық қатынастар толық қалыптасып 
болды. Жер шіркеу мен жоғары феодалдардың меншігінде болды. Қауымшы-
шаруалардың негізгі бөлігі тәуелділерге айналды. Бұрынғы құлдар жай 
қарапайым басыбайлыларға айналды. Ірі феодалдар (пандар), сонымен қатар 
орта және ұсақ (земандар мен рыцарьлар) вотчиналар мен лендарды (лен – орта 
84 


ғасырлардағы Германиядағы әскери немесе әкімшілік қызмет атқарғаны үшін 
жеке адамдарға берілетін жер иелігі. ХІІ ғасырдан бастап лен мұраға, ең 
алдымен, феодалдардан шыққандарға берілді) иемденді. Олар князьдық өкімет 
арқылы жоғары артықшылықтарға ие болды.
Шаруалардан оброк және шіркеу ондығын (шіркеу ондығы – орта 
ғасырлық Батыс Еуропада шіркеудің халықтан алынатын табысының 
1
/
10
бөлігін жинауы. Оның бірнеше түрі болды: үлкен ондық – астық пен жүзімге 
салынды; кіші ондық – бау-бақша, техникалық дақылдарға салынды; «қан 
ондығы» – мал, мал өнімдеріне салынды) жинаушы шіркеу феодалдары кең 
мүмкіндіктерді пайдаланды. Феодализмнің дамуы және феодал ақсүйектердің 
қуатының артуы князьдық (корольдік) өкіметтің позициясының әлсіреуіне 
әкелді. ХІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Чехия бірнеше жерлерге 
бөлінді. Әрқайсысының басында Пржемысловичтер әулетінен шыққан князьдар 
тұрды. Олардың арасында тартыс күшейді. Ол Герман императорларына 
қолайлы болды. Х ғасырдың 2-жартысынан бастап олар Чехияны өздеріне 
вассалды тәуелділікте ұстады және елдің әр ісіне араласып отырды. Чех князы 
герман королінің вассалы ретінде оның римдік жорықтарына қатысуы тиісті 
болды. Алайда, «Қасиетті Рим империясы» Чехияны толық бағындыра алған 
жоқ. 1026 жылы император ІІІ Лотарь Чехияға басып кіргенде жеңіліске 
ұшырап, чех князьдарының тұтқынына түседі. Бұдан кейін император әскери 
күш қолданудан бас тартып, чех князьдарымен одақтасуға мәжбүр болады. 
1086 жылы ІV Генрих чех князы Братиславқа өмір бойына корольдік атақ берді. 
Ал, ХІІ ғасырдың ортасынан бастап атақ мұрагерлік болды.
Чехияның феодалдық бытыраңқылығы Батыс Еуропаның басқа 
елдеріндегідей ұзаққа созылған жоқ. Оның өзіндік себептері де болды: 
1.
чех феодалдары сыртқы басқыншыларға тойтарыс беру үшін күш 
біріктіруге мәжбүр болды; 
2.
экономикалық деңгейінің жоғары болуы, тауар-ақша қатынастарының 
кең таралуы. 
ХІІІ ғасырдың басында Чехияда корольдік өкімет елеулі дәрежеде бекіп, 
бүкіл аумақты бағындырды. Король І Пшемысл-Отакар (1197 – 1230 ж.ж.) діни 
ақсүйектердің қарсылығын басып, оларға жаңа артықшылықтар берді. Орталық 
Еуропаны басып келе жатырған моңғол-татарларға тойтарыс берілді. ІІ 
Пшемысл (1253 – 1278 ж.ж.) тұсында да біраз табыстарға жетті. Ең бастысы, 
Германияның үстемдігінен толық азат болды. Енді Чехияның өзі «Қасиетті Рим 
империясына» қауіп төндіре бастады.
ІІ Пшемысл елдің саяси күші мен мемлекеттік аппаратты нығайту үшін 
маңызды реформалар жүргізді. Феодалдардан корольдің қызмет адамдарына 
бақылау қойылды. Корольдік бекіністер мен қалалар тұрғызылды. Сауданы 
дамыту үшін шаралар жүргізілді, өлшем мен салмақтың бірыңғай жүйесі 
енгізілді.
Нығайған Чехия мемлекеті белсенді сыртқы саясат жүргізе бастайды. 
Чехияға Австрия, Штирия, Каринтия, Крайна тәрізді империялық аумақтар 
қосылды. Чехияның оңтүстігіндегі шекарасы Адриатикаға дейін жетті. Алайда 
ІІ Пшемыслдың саясатын чех дәулетті топтары қолдамайды және неміс 
85 


князьдарынының тарапынан да қарсылықтарға кездеседі. Император Рудольф 
Габсбургпен соғыста чех феодалдары қолдамай, Пшемысл жеңіледі. Чехияға 
қарасты австриялық жерлерді Габсбургтер жаулап алды.
Чехиядағы неміс отаршылдығы және оның салдары. Люксембургтердің 
басқаруы. Чехия саяси тәуелсіздікке қол жеткізгенімен, немістердің ықпалында 
қала берді. Бұл неміс отаршылдығына алып келді. Неміс басқыншылығы 
Чехияның христиан дінін қабылдауынан басталды. Католиктердің көпшілігі 
немістер болды. Үлкен жер үлестерін иемдене отыра, монастырьлар 
Германиядан рыцарьлар мен шаруаларды шақырды. Олардан өз табыстарын 
ұлғайтуды көздеген чех феодалдары да қалысқан жоқ. Чехияда діни-рыцарьлық 
ордендер пайда болды. Олардың дені де немістерден құралды.
Неміс басқыншылығына корольдік өкіметтің қалаларға қатысты саясаты 
да әсерін тигізді. Табыс көзінің жолында чех корольдері өз қалаларына неміс 
көпестері мен қолөнершілерін әртүрлі жеңілдіктер беру арқылы тарта бастады. 
Нәтижесінде чех қалаларында неміс патрициандық төбелтоптары пайда болды. 
Олар жергілікті халықтарға экономикалық, ішінара саяси үстемдік орнатты. 
Неміс кәсіпкерлерінің қолында бай күміс кен орындары жиналды. Елдгі 
әлеуметтік қайшылықтар ұлттық сипат алды. Чех корольдері неміс 
отаршылдығын бүркемелеп отырды. Неміс тілі мен дәстүрі таралды. Халық, 
феодалдардың төменгі бөлігі неміс отаршылдығына қарсы пиғылда болды. 
1306 жылы Пржемысловичтер әулетінің билігі аяқталды. Чех 
ақсүйектерінің арасында ұзаққа созылған тақ таласы басталды. 1310 жылы чех 
пандары таққа Ян Люксембругты отырғызды. Жаңа король өз сайлаушыларына 
біраз артықшылықтар берді: заң шығару құқығы, салық салу, пандардан 
құралған сеймдегі артықшылықтар. 
Люксембургтар кезінде дүнияи шонжарлар мен шіркеу иелерінің саяси 
ықпалы өсті. Король Чехияны басқаруды өзінің уәлилеріне тапсырды. Өзі 
әртүрлі халықаралық әрекеттерге қатысты. 1346 жылы ол Креси маңындағы 
(Франция жағында соғысты) шешуші шайқаста қаза тапты. Оның баласы және 
мирасқоры І Карл (1346 – 1378 ж.ж.) тұсында, ол бірмезгілде император тағына 
да сайланған еді, Чех корольдігі нығайып, кеңейді. Люксембургтардың иелігіне 
Жоғары Пфальц, Тюрингия және Саксониядағы жерлер қосылды. Сонымен 
қатар бүкіл Бранденбург маркграфтығы ақшаға сатып алынды. Бірақ бұл 
иеліктерден кейін айырылып қалды. І Карл сыртқы саясатта әскери 
қақтығыстардан қашқақтап жүрді. Оларды келіссөздер және ақша арқылы 
реттеді. 1356 жылы Алтын Буллада Чех корольдігінің тарапында «Қасиетті Рим 
империясы» иемденген жағдай бекіді. Ел ішінде І Карл жоғарғы дін өкілдеріне 
сүйенді. Оның феодалдарды артықшықтарынан тайдыру жөніндегі әрекетінен 
еш нәрсе шықпады. 1348 жылы І Карл Орталық Еуропадағы тұңғыш 
университет – Прага университетінің негізін салды. І Карлдан кейін оның үлкен 
баласы ІV Вацлав (1378 – 1419 ж.ж.) Чех королі болды. Ол сонымен қатар Рим 
тағына да (1378 – 1400 ж.ж.) сайланды. І Карлдың кіші баласы Сигизмунд 
әулеттік некенің нәтижесінде Венгрия тағына ие болды.
Әлеуметтік және ұлттық қайшылықтардың шиеленісуі. Гусшілдер 
қозғалысы. ХІV ғасырдағы ортақ шаруашылық өрлеу мен тауар-ақша 
86 


қатынастарының тарауы нәтижесінде шаруаларды қанау өрши түсті. Ақшалай 
салықпен қоса, феодалдар шаруалардан әртүрлі заттай алымдарды да талап етті. 
Деревнялар мен қалаларда антифеодалдық қозғалыстар туындады. ХІV 
ғасырдың аяғы – ХV ғасырдың басында Оңтүстік Чехияда еретиктер қозғалысы 
басталды. Шиеленіскен әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан, чех қоғамының 
қалың бұқарасы католиктік шіркеу мен неміс басқыншыларына қарсы күреске 
бірікті. Католиктік шіркеуге қарсы оппозицияға алғашқы болып чех дін 
өкілдерінің төменгі тобы мен Прага университетінің магистрлары шықты. ХІV 
ғасырдың басында католиктік шіркеуге қарсы оппозицияның басында Прага 
университетінің профессоры Ян Гус (1371 – 1415 ж.ж.) тұрды. Ол елдегі, соның 
ішінде Прага университетіндегі, неміс озбырлығына қарсы шықты. Чехтардың 
елдің толық иесі болуын, чех білімі мен мәдениетінің таралуын талап етті.
Елдегі партизандық қозғалыс Чех королі ІV Вацлавтан Кутногор эдиктін 
шығаруды талап етті. Нәтижесінде Прага университетіндегі басшылық 
толықтай чехтардың қолына өтті. Ян Гус Інжілді чех тіліне аударды. Басқа да 
аудармалар әдеби чех тілінің қалыптасуына жағдай жасады. Папа Густі дінсіз 
деп кіналады және оны жазалауды талап етеді. ІV Вацлав шіркеу реформасын 
жүргізуден және шіркеу меншігін мемлекетке өткізуден мүдделі бола отырып, 
Ян Густы Прагадан уақытша кетірумен ғана шектелді. 1414 жылы Густі 
Констанц соборы шақырды. Император Сигизмунд оған қорғаныс грамотасын 
тапсырды. Бірақ кейін оны опасыздықпен бұзады. Ян Густі халық 
қолдағанымен, соборда одан «еретиктік адасуларынан» бас тартуын талап етеді. 
1415 жылы 6 шілдеде собор үкімі бойынша Ян Густі Констанц қаласында отқа 
жағады. Бұған қарсы бүкіл Чехияда жаппай халықтық баскөтерулер басталды. 
Чех дворяндары Констанц соборына қарсылық жариялайды. Фавор тауында 42 
мың шаруа жиналды. 1419 жылдың жазында гусшілдер мен католиктер 
арасында қарулы күрес басталды. ІV Вацлав қайтыс болғаннан кейін чех 
тағының мұрагері болып оның інісі император Сигизмунд жарияланды. Алайда, 
гусшілдер, соның ішінде шляхтар мен пандар Сигизмундты король деп танудан 
бас тартады. 1419 жылдың аяғында бүкіл елде қозғалыстың жаңа толқыны 
көтерілді. 1420 жылдың көктемінде Папа гусшілдерге қарсы крест жорығын 
жариялады. Оның басында император Сигизмунд тұрды. Чехияға 100 мыңдай 
кресшілер басып кірді. Чех халқы Витково тауының маңында кресшілерге 
күйрете соққы берді. Гусшілдер армиясын қолбасшы Ян Жижка басқарды. 
Кейін оның құрметіне тау Жижка деп аталды.
1421 жылы Чеславта шақырылған собор Сигизмундты чех тәжінен 
айырып, гусшілдер чех тағына поляк королі Владислав-Ягайлоны 
тағайындауды талап етті.
1421 жылы тамызда Чехияға қарсы екінші рет крест жорығы 
ұйымдастырылды. Олар Жатец қаласын қоршап, ала алмайды. Жижка армиясы 
кресшілерді кері шегіндірді.
1419 жылы гусшілдердің лагерінде екі ағым пайда болды: 
1.
чашниктер (баяу, самарқау топтың өкілдері) – шляхтар, пандар, 
қалалардың жоғарғы топ өкілдері кірді. Бағдарламасы «Праганың 4-бабында» 
87 


көрсетілді. Мазмұны: құдайға сыйыну тек чех тілінде жүргізілсін. Дін өкілдері 
барлық артықшылықтарынан айырылды.
2.
табориттер (радикалды бағыт; Табор тауының атына байланысты 
шыққан) – шаруалар, бюргерлер мен қала плебейлерінің бір бөлігі, кедейленген 
дворяндарды біріктірді. Бағдарламасы шіркеу реформасымен қоса, барлық 
қоғамдық және саяси өмірді өзгертуді талап етті.
Чашниктер мен табориттер арасындағы идеологиялық күрес тоқтамайды. 
Олар тек кресшілерге қарсы күресте ғана бірікті. Чашниктер католиктермен 
келісімге келуге тырысты. Осы арқылы гусшілдер қозғалысын талқандауды 
мақсат етті.
1422 жылы гусшілдерге қарсы үшінші рет крест жорығы 
ұйымдастырылды. Сәтсіз аяқталды. Осыдан кейін табориттер мен чашниктер 
арасында күрес қайта басталды. 1424 жылы жазда Ян Жижка бастаған 
табориттер әскері чашниктерді жеңіліске ұшыратты. Көп кешікпей Жижка оба 
аурынан қайтыс болды. Орнына Прокоп Великий тұрды. Оның басшылығымен 
гусшілдер жақсы жеңістерге жетіп жүрді.
1426 жылы гусшілдер Уст маңындағы шайқаста Сигизмундтың әскерін 
талқандады. 1427 жылы Папа жариялаған төртінші крест жорығы да сәтсіз 
аяқталды. 1431 жылы бесінші крест жорығы гусшілдерге қарсы бағытталған 
соңғы жорық болды. Домажлиц түбіндегі шайқаста кресшілер армиясы күйрей 
жеңілді. Гусшілдер қозғалысы енді басып алуларға көшеді. Германия, Австрия, 
Венгрияға басып енді. 1433 жылы гусшілдер солтүстікке жорық 
ұйымдастырды. Балтық теңізінің жағалауына жетті. Гусшілдердің қатарына 
венгрлер, немістер, поляктар, тіпті орыстар да қосылды. Папа мен император 
крест жорықтарынан күдер үзіп, чашниктермен бірлесуді жөн көрді. 1431 жылы 
шақырылған Базел соборында гусшілдермен келіссөздер жүргізіп, 1433 жылы 
чашниктердің қолдауына ие болды. «Прагалық компакттар» бойынша Чехияда 
құдайға чех тілінде сыйынуға рұқсат берілді. Табориттер «Прагалық 
компакттарды» мойындамады. Нәтижесінде чашниктер мен табориттер 
арасында соғыс басталды. Чашниктер католик шіркеуінің қолдауымен 1434 
жылы 30 мамырда Липан шайқасында табориттерді жеңіліске ұшыратты. 
Прокоп Великий мен оның жақтастары шайқаста қаза табады. 1437 жылы 
соңғы табориттердің соңғы қолбасшысы Ян Рогач дарға асылды. Чашниктер 
король деп таныған Сигизмунд Праганы алды.
Гусшілдер соғысының нәтижесі – Чехияның ұлттық жаңаруы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет