Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
50 


2-
ТАРАУ. ДАМЫҒАН ФЕОДАЛИЗМ ДӘУІРІНДЕГІ ЕУРОПА
(ХІ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – ХV ҒАСЫР) 
 
§ 1. 
ХІ – ХV ғасырлардағы Франция 
 
XI – XV 
ғасырлардағы Францияның әлеуметік-экономикалық дамуы. 
Феодализмнің нақ кемеліне келген кезеңіне Франция ХІ ғасырда келіп жетті. 
Оның ХІ – ХІІІ ғасырлардағы тарихынан ауыл шаруашылығының дамуы мен 
қалалардың пайда болып, қолөнер кәсібі мен сауда-саттықтың өсуі ең маңызды 
орын алды. Францияда бір орталыққа бағынған феодалдық мемлекеттің 
қалыптаса бастауы да осы мезгілге жатады.
ХІ – ХІІІ ғасырларда елдің солтүстігіндегі француз деревнясында үш 
танапты егістік жүйесі мен дәнді дақылдардың ең жақсы сорттары (олардың 
ішінен бидай бірінші орында болды), жақсартылған соқа өте кең тарады. Ауыл 
шаруашылығының жұмыстарын атқаратын күш көлігінің – өгіздің орнына енді 
атты пайдаланудың нәтижесінде жер жыртудың және басқа да ауыл 
шаруашылық жұмыстарды орындаудың мерзімдері қысқартылды.
ХІІ ғасырда тың жатқан жерлер мен ормандарды егістікке арнап 
тазартып, әзірлеу жұмыстары, яғни ішкі отарлау да басталды. Дәнді дақылдар 
мен жүзім егістерінің көлемдері кеңейтілді. Мал шаруашылығының дамуы 
егістік жерлерді неғұрлым жақсы тыңайтуға мүмкіндік берді. ХІІ ғасырдың 
аяғында Нормандияда жел диірмендері пайда болды және ол кейін Францияның 
басқа аймақтарына да тарады.
ХІІ – ХІІІ ғасырларда егістік алқаптары көлемінің біраз өсуі сол 
замандарға дейін, әсіресе апатты тұйық натуралдық шаруашылықтың тұсында, 
егіс шықпай қалған жылдар мен қуаңшылықтың және су тасудың, тағы басқа 
сол сияқты қолайсыз жағдайлардың салдарынан жиі-жиі кездесіп тұратын 
аштық пен эпидемияларды біраз азайтты.
Еңбек өнімділігі көбіне шаруалар шаруашылығында артты. Барщинаға 
қарағанда шаруа өз үлесінде жұмысты бар ынтасын сала жасады. Оның еңбегі 
анағұрлым өнімдірек те болды және астық пен көкөністерден де мол өнім берді. 
Сондықтан сеньорларға феодалдық рентаны еріксіз барщиналық еңбек түрінде 
емес, шаруалардың өз жер телімдерінен жинап алған өнімінен төлету әлдеқайда 
пайдалы болды. Феодалдар бірте-бірте өздерінің бұрынғы барщиналық 
еңбекпен өңделіп, жыртылған жерлерін жойып, енді оларды шаруаларға 
мұрагерлік жолмен ұстап пайдалану үшін үлестіріп бере бастады. Осының 
негізінде ХІІ – ХІІІ ғасырларда барщиналық рентадан өнім рентасына көшу 
пайда болды. Мұның мәні Францияның егін шаруашылығында барщинаның 
бірте-бірте қысқартылып (құрылыс пен тасымал жұмыстарындағы 
міндеткерліктер көпке дейін сақтала берді), бұрын барщинаға аздап қана 
қосалқы болып келген заттай төлемдердің көбейе түсуінде болды. 
Шіркеулік мекемелерге қарағанда, дүнияи сеньорлар өнім рентасына 
бұрынырақ көшті. Феодалдың иелігіндегі жерді сеньорға қызмет ету шартын 
қабылдау негізінде орташа және ұсақ рыцарьларға, түпкілікті, мұраға үлестіріп 
берудің нәтижесінде, корольдің үлкен сеньорлары мен ақсүйектері 
51 


бөлшектелініп кетті. Ақсүйектердің табыстары тәуелді шаруалардың төлейтін 
заттай ренталарынан, әсіресе сот айып-пұлдан және сеньорларға бағынышты 
аумақтарда тұратын шаруалар мен қала халқынан түсетін әр түрлі алым-
салықтардан құралды. 
Шіркеу поместьелерінде бұл іс біршама басқаша қойылды. Монастырьлар 
мен қалалардың соборлық шіркеулері өздерінің жер массивтерін бөлшектемей 
сақтап қалды.
Жұмыспен өтеу рентасының орнын өнім рентасының басуына 
ормандарды егістікке арнап тазартып, әзірлеу үлкен мүмкіндік туғызды. Бұл 
жұмыстарды жүзеге асыруда шаралар үлкен роль атқарды. Тазартылған 
жерлерге қоныстанушылардың (госпиттер) арасындағы көптеген қашқын 
шаруалар барщинаны өтемей, сеньорларға тек натуралды алым мен азын-аулақ 
ақша төлеп тұрды. Олар қара басының азаттығына ие адамдар (вилландар – 
орта ғасырлық Батыс Еуропадағы шаруалар қауымының бір жігі) бола 
тұрғанымен, жер салығы мен сот қатынастары жағынан феодалға тәуелді 
болды; шаруалардың көпшілігі (сервтер – басыбайлылар) ХІ – ХІІ ғасырларда 
басыбайлы күйінде қалып қойды.
Барщинадан натуралды алымға ауысу шаруалар шаруашылығының 
нығайа түсуіне мүмкіндік жасады. Шаруаларды алым беруге ауыстыра отырып, 
сеньорлар алым-салықтарды арттыра беруге ұмтылды. Шаруалар бұған жаңа 
алым-салықтарды төлеуден бас тартумен, қалаларға қашумен, жаңа орындарға 
кетіп қалумен, крест жорықтарына қатысудан бас тартумен қарсылық көрсетті. 
Бірақ, бұл тек жергілікті сипатта ғана болып жүрді; шаруалардың күресі бөлек-
бөлек түрде, көбіне жеке сеньорияның шеңберлерінде ғана болып отырды. 
Шаруалардың ХІ – ХІІ ғасырларда жасаған көтерілістері мен қарсылығының 
басқа да нысандарының маңызы, әдетте, алдына қойған тікелей мақсатына – 
жаңа алым-салықтарды толық жоюға жете алмағанымен де, өте зор болды. 
Міндеткерліктердің үнемі арта беруіне қарсы күресе отырып, шаруалар оларды 
өздерінің шаруашылығын жүдеушілікке ұшыратпайтындай, қайта оны одан әрі 
дамыта түсуге мүмкіндік беретіндей мөлшерде белгілеуді (фиксация) талап 
етті. Натуралды шаруашылықтың толық дерлік үстемдік жасап, тауар 
өндірісінің әлі жеткіліксіз дамыған жағдайында, француз шаруаларының 
негізінен өздеріне қажет өнімдерін және олардан артылғандарын феодалдардың 
қол сұғуларынан қорғап қалуға шамалары келді. Бұл артық өнімдерін шаруалар 
Францияның ХІ – ХІІ ғасырларда саны өсе түскен қалаларына апарып өткізе 
бастады.
Француз мемлекетін бір орталыққа бағындыру үшін жүргізілген күрес.
 
Францияда бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылу үрдісі ХІІ ғасырда 
басталды. Бұл үрдіс, ең алдымен, экономикалық және әлеуметтік алғы 
шарттары бар Солтүстік Францияда өрістеді. Феодал-сеньорларды өзіне 
бағындыруға бағытталған король өкіметінің саясаты, көбінесе сол феодалдар 
табының мүдделерінен туған еді. Олардың ең басты мақсаты шаруалардың 
қарсылығын тұншықтырып басып отыру үшін өкіметті нығайтып және оны 
орталықтандыру болған еді. Бұған қолдарында экономикадан тыс қыспаққа 
алуға жеткілікті құралдары жоқ, әсіресе ұсақ және орта феодалдар мұқтаж 
52 


болды. Олардың король өкіметін нығайтуға мүдделі болғандарының тағы бір 
себебі, корольді олар өздеріне қарағанда қуатты ірі феодалдардан көретін 
зорлық-зомбылықтары мен қысымдарынан қорғанышы ретінде санады. 
Корольдердің орталықтандыру саясаты ел үшін прогресті құбылыс болды. 
Король өкіметі елдің өндіргіш күштерін әлсірететін феодалдық анархиямен 
күресіп, қалалар мен қолөнердің және сауда-саттықтың өсуіне көмектесті. 
Сондықтан қалалар король өкіметін қолдап, ірі феодалдарға қарсы күресте жиі-
жиі оның одақтасы болды және олардың көрсеткен көмегі бір орталыққа 
біріккен мемлекетті құруда маңызды роль атқарды.
Бұл саясатқа бәрінен бұрын өздерінің саяси дербестіктерін қадірлеуші 
және соған байланысты халыққа өктемдік жүргізу құқығы мен одан түсетін 
табыстарынан айырылғысы келмейтін ірі феодалдар қарсы шықты, оларды 
жоғары дін басыларының бір бөлігі де қолдады. Король өкіметінің нығая 
түсуіне ірі феодалдардың арасындағы ешқашан толастамайтын араздық 
қолайлы болды. Феодалдардың әрқайсысы бір-бірінің есебінен әлденіп, күшейе 
беруге тырысты. Корольдер осы күресті өз саясатына пайдаланып, оны тіпті 
онан да әрі қоздыра түсуге құмар болды. 
Жалпы, ХІІ ғасырдың басы Капетингілер өкіметінің өсіп, жетіле түсу 
үрдісінде аса бір өзгерісті кезең болып табылды.
VІ Людовик (1108 – 1137 ж.ж.) және оның канцлері Суегерий корольдің 
доменіндегі феодалдардың қарсылығын басты. Олардың замоктарын жермен-
жексен етті немесе оларға корольдің гарнизондарын орналастырды. 
Қалалардың қолдауын пайдаланған Капетингілер өздерінің иеліктеріне 
таяудағы аймақтарды қосып ала бастады. VІІ Людовиктің кезінде (1137 – 1180 
ж.ж.) король доменінің көлемі Буржа мен Сансаны қосып алу есебінен 
ұлғайтылды.
Алайда ХІІ ғасырдың орта шенінде француз корольдерінің Францияда өте 
күшті бақталастары пайда болды. 1154 жылы француз феодалдарының бірі 
граф Анжуйский Генрих Плантагенет, ІІ Генрих деген атпен Англияның королі 
болды. Оның франциядағы иеліктері: Анжу, Мэн, Турень, Нормандия, Пуату, 
ал содан соң Аквитания (Генрих Алиенора Аквитанскаяға үйленгенінен кейін) 
француз королінің доменінен әлденеше рет артық аумақ болып шықты. Бұл 
жағдай ІІ Филипп Августың (1180 – 1223 ж.ж.) тұсында Капетингілер мен 
Плантагенттердің арасындағы қиян-кескі күресті туғызды. Шебер саясатшы 
және үздік дипломат – ІІ Филипп – өзінің бар назарын Плантагенттермен 
болған күреске аударды. Ол ағылшын королі Иоанн Безземельныймен 
жүргізген күресінде зор табыстарға жетті. ІІ Филипп Иоанның әрі Англияның 
өзінде, әрі Франциядағы иеліктерінде жұртқа әйгілі және беделді еместігін 
пайдалануға тырысты. Ол 1202 жылы Иоанның Франциядағы иеліктерінің бәрі 
де тәркіленді деп жариялап, Нормандияны (1202 – 1204 ж.ж.) басып алды. 
Иоанның қорқытып-үркітуінің азабын тартқан нормандық барондар мен 
қалалар француз короліне айтарлықтай қарсылық көрсете қоймады. Бұдан кейін 
ІІ Филипп ағылшын корольдерінің Франциядағы Луарадан солтүстікке және 
оның оңтүстігіне қарай көсіліп жатқан басқа иеліктерін де тартып алды. 
53 


Плантагенттердің қол астында тек Пуатудың бір бөлігі мен Аквитания 
герцогтығы ғана қалды. 
Айырылып қалған аймақтарын қайтарып алуға тырысқан Иоанн өз 
жағына герман императоры ІV Оттон мен граф Фландрскийді және кейбір ірі 
феодалдары тартты. Бірақ 1214 жылы француздар Ларош-о-Муане түбінде және 
Бувинде (Фландрияда) болған қырғын соғыста ағылшындардың және олардың 
одақтастарының тас-талқанын шығара жеңді. Осылайша ІІ Филипп өзінің 
жаулап алған иеліктерін түпкілікті түрде баянды етіп алды.
ХІІІ ғасыр ішінде, әсіресе ІХ Людовиктің (1226 – 1270 ж.ж.) билігі 
кезінде, король өкіметінің нығаюы бірқатар маңызды реформалармен, соның 
ішінде сот реформасымен баянды етілді. Король доменінің аумағында бұрын 
сеньориалдық соттарда кеңінен қолданылған сот айтыстарына (яғни, дау-
шарды екі жақтың арасында болатын айтыстардың көмегімен шешуге) тиым 
салынды; дауласушы жақтарға істерін корольдік сотқа беріп шештіруге 
мүмкіндік жасалынды. Феодалдық соттың қайсысының болса да шығарған 
үкімінің үстінен корольдік сотқа шағым-арыз беруге мүмкіндік туды, сөйтіп ол 
енді бүкіл корольдіктегі сот істері жағынан ең жоғарғы саты болып табылды. 
Бірқатар ең маңызды қылмыстық істер феодалдық соттардың қарауынан 
алынып, олар тек корольдік сотта ғана қаралатын болып шешілді.
Орталықтан басқару жұмысы да одан әрі дамыды. Корольдік кеңестен 
ерекше сот палатасы бөлініп шықты және ол «парламент» деп аталды. Орталық 
үкіметтің жергілікті өкімет орындарымен байланыстарын жүргізу үшін 
корольдік бақылаушылар құрылды. Олар жергілікті әкімшіліктердің 
әрекеттерін бақылап, олардың қызмет бабын пайдаланып, жұртқа жасайтын 
қиянаттарының бәрін де корольге жеткізіп отырды.
ІХ Людовик король доменіндегі феодалдардың арасындағы жеке 
соғыстарға тиым салды, ал әлі де король доменіне қосылмаған иеліктерде 
«корольдік 40 күндіктер» дегенді енгізді, яғни белгілі мерзімді заңдастарды. 
Осы мерзім ішінде соғысқа шақыру алған жақ қарсыласының үстінен корольге 
шағым арыз бере алатын болды. Бұл феодалдардың арасындағы бақталастық 
пен алауыздықтарды әлсіретті. 
Король доменінің барлығында бірыңғай монета соғу жүйесі енгізілді 
және корольдің соғып шығарған монетасы бүкіл ел ішіндегі монеталармен 
қатар қолданылуы тиіс болды. Бұл Францияның экономикалық жағынан 
топтаса түсуіне көмектесті. Корольдің соғып шығарған монетасы тек жергілікті 
монеталармен қатар жүріп қана қоймай, басқа монеталарды айналымнан 
ығыстырып шығара бастады; көпестер көбінесе король монетасымен немесе тек 
сонымен ғана есептесуді талап етті.
Сыртқы саясатында ІХ Людовик, Оңтүстік аймақтардың бір бөлігін 
иемдене отыра, Францияның Жерорта теңізіндегі позицияларын нығайтуға 
тырысты. Ол өзінің інісі Карл Анжуйскийге Оңтүстік Италия мен Сициялияны 
басып алып, Египет пен Тунисте бекінуіне (7- және 8-крест жорықтары) 
көмектесуге тырысты, бірақ бұл ісі сәтті болмады.
Сонымен ХІ – ХІІІ ғасырларда Франциядағы феодалдық мемлекеттің 
дамуы бірқатар кезеңдерден өтті. Феодалдық бытыраңқылық, ең алдымен, елдің 
54 


Солтүстік бөлігінде жойылды. Король
 
өкіметі бұл аудандарда қалалардың 
дамуының және аймақтар арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың 
күшеюі негізінде өрістеп нығайды. Үлкен ірі сауда-қолөнер және саяси 
орталыққа айналған Париж енді Францияның астанасы болды. Алайда король 
доменінің төңірегіне ірі феодалдық иеліктерді жинастыруды Плантагенттермен 
жүргізілген күрес қиындатып, тежей берді. Себебі Капетингілерге тек француз 
герцогтары және графтарымен ғана емес, олардан әлдеқайда күштірек 
жаулармен – ағылшын корольдерімен соғысуға тура келді.
Оңтүстік аймақтардың бір бөлігі Капетингілердің иеліктеріне тек ХІІІ 
ғасырдың бірінші жартысында жаулап алудың нәтижесінде ғана қосылды. 
Елдің Солтүстік бөлігі бұл уақытта Париж бен орталық өкіметтің төңірегіне 
жеткілікті түрде берік біріктірілген еді. 
ХІV ғасырдың басында король домені елдің үлкен бөлігін қамтыды. ХІІІ 
ғасырда Лангедоктың (бұрынғы Тулуза графтығы осылайша атала басталған) 
қосылуы Капетингілердің оңтүстік-батыс аймақтарға тек солтүстік-шығыстан 
ғана емес, оңтүстік-шығысынан да еніп кетулеріне мүмкіндік берді. Бұл 
олардың оңтүстіктегі, әлі де болса Бискай шығанағының жағалауын иемденіп 
отырған Англияға қарсы позицияларын едәуір нығайтты. 1308 – 1309 жылдары 
Капетингілердің жеке меншікті жеріне Аквитанияның бір бөлігі – Ангулем 
графтығы мен Марш, одан кейін Дордон мен Гаронна өзендерінің барлық 
жағалаулары да түгелге дерлік қарады. Бұл Францияның король өкіметінің бір 
орталыққа біріккен мемлекетті құру жолындағы ірі табысы болған еді. 
Ағылшындардың қолында тек Сентадан Пиренейге дейін жағалауды бойлаған 
тар алқап қана қалды (1285 жылдан бастап Пиренейдегі кішкентай Наварра 
корольдігі де француз иелігі болып саналды). Шығыс жақ шекара бойынша бай 
Шампань графтығы (1284 ж.) және үлкен ірі қала Лион (1307 ж.) қосылды. 
Король ІV Филипп Красивый (1285 – 1314 ж.ж.) мұнымен қатар Франциямен 
сауда-саттық қарым-қатынас жағынан тығыз байланысты болып, бірақ саяси 
жағынан корольдік құрамға тек номиналды түрде ғана кірген Фландрия 
граытығын да өзіне бағындыруға талаптанды. Фландриядағы ең басты рольді 
бай қалалар, әсіресе мықты өркендеген шұға тоқу өндірісі мен сауда-саттықтың 
орталықтары Гент пен Ипр және Брюгге атқарды. ІV Филипп бұл қалалардың 
ішкі күресіне араласып, патрициатты жақтады. Алғашқыда ол Фландриядағы 
ішкі қайшылықтарды пайдаланып, онда іс жүзінде өз өкіметін орнатты, бірақ 
оның енгізген ауыр алым-салықтары көп ұзамай-ақ француздардың билеп-
төстеуіне қарсы қалың бұқараның қозғалысын туғызды. 1301 жылы ең маңызды 
сауда-өнеркәсіптің орталығы Брюгге қаласының қолөнершілері француздардың 
гарнизоны мен патрициатқа қарсы көтеріліс жасап, қаланы басып алды. 
Француздар бұл көтерілісті басып тастады, бірақ көп кешікпей ол жаңа 
қарқынды күшпен тағы да басталады. 1302 жылы мамырда Брюггенің 
тұрғындары француз гарнизоны мен патрицийлерді қырып салады.
Көтеріліске қаланың қолөнершілері ғана емес, шаруалар да қатысты, 
себебі француздардың үстемдігі жалпы феодалдық езгінің күшейе түсуімен 
қоса жүргізілді. 
55 


ІV Филипп Фландрияға қарсы өзінің рыцарьлық армиясын жорыққа 
аттандарды. 1302 жылы 11 шілдеде Куртр түбіндегі соғыста Фландрияның 
қолөнершілері мен шаруаларының жаяу жасақтары француз рыцарьларын 
ойсырата жеңді. Француздар Фландрияны босатуға мәжбүр болды. Келешекте 
жүргізілген соғыс әрекеттері мен дипломатиялық келіссөздердің нәтижесінде 
ІV Филипптің бірнеше қалаларды алып қалу мен соғыс шығындарын өндіріп 
алуға ғана шамасы келді және ол енді бүкіл Фландрияны жаулап алудан бас 
тартуға мәжбүр болды.
Ірі феодалдардың дербестігін әлсіреткен король ендігі жерде қалалармен 
онша санаса қоймады. ІV Филипптің кезінен бастап корольдер өзін-өзі басқару 
және алым-салық салу жағынан бірте-бірте қаланың құқықтарын жойып, 
оларды барған сайын өзіне саяси жағынан бағындыра берді.
Бас Штаттардың пайда болуы. ІV Филипптің кезінде Францияда 
сословиенің өкілдігі қалыптасты. ХІІІ ғасырдың өзінде-ақ көбінесе қаржы 
мәселелерін қарап шешу үшін корольдер бірнеше рет қалалардың немесе 
рыцарьлардың өкілдерін шақырып кеңесетін. Кейбір жеке аймақтардың өз 
алдына жергілікті сословиелік жиналыстары – «штаттары» болды. Олар тек 
аймақтың өзіне жататын істерді және аймақтың жұртқа алым-салық салу 
мәселелерін ғана қарап шешті. 1302 жылдан бастап олар жиі-жиі шақырылып 
тұрды. Жиналыстарға король доменіндегі барлық аймақтардың сословиелік 
өкілдері қатысқан жағдайда ғана олар Бас Штаттар деп аталынды. Бірақ ХІV – 
ХV ғасырларда Бас Штаттар бұрынғыдай емес сирек шақырылатын болды. 
Оңтүстіктегі аймақтарда көбінесе Лангедок штаттары, ал солтүстіктегі 
аймақтарда Лангедойля штаттары өз алдарына жеке бас қосып тұрды. Оған 
қоса, кейбір жеке провинцияларда жергілікті штаттар жиналып отырды. 
Лангедойля штаттарының ролі, әсіресе, ХІV ғасырдың орта шенінде арта түсті. 
Олармен қатар көптеген аймақтық штаттар да жиналыс шақырып отырды. 
Франциядағы сословиелік өкілдік сословиелердің нағыз толық кемеліне 
келген кезінде феодалдық таптың әрбір тобының – дін басылары мен 
дворяндардың – бүкіл елдің аумағында біртектес ерекше құқықтар мен 
артықшылықтарға ие болған кезінде қалыптасты. ХІV ғасырдың басына таман 
қалалардың даму дәрежесінің өскендігі мен аса маңызды әлеуметтік-
экономикалық және саяси күшке айналғандығы соншалық, тіпті өздерінің ие 
болған ерекше жеңілдіктерінің жиынтығы бойынша олардың тұрғындары 
негізгі халықтан, яғни саяси құқықтарынан айырылып, ешбір өкілдік 
жиналыстарға қатыса алмаған шаруалар бұқарасынан ерекше бөлініп шығып 
көзге түсті. 
Франциядағы сословиелік өкілдіктің елдің әлеуметтік құрылымында 
тамырын кең жайған бірқатар ерекшеліктері болды. Үш сословиенің бәрі де 
штаттарда жеке-жеке мәжіліс құрды және олардың әрқайсысы бөлек-бөлек 
палата болды.
Бірінші сословиенің палатасы – дін басыларының палатасы болды. Бұл 
оның ең ірі мүшелерінен: архиепископтар мен епископтардан және үлкен 
монастырьлардың аббаттарынан құралды.
56 


Екінші сословиенің палатасы – дворяндардың палатасы болды. Оған 
король өкіметінің нақ жанашыр сүйеніші болған тек орташа және ұсақ 
рыцарьлар ғана кірді. Дүния ақсүйектер тобы жалпы алғанда палаталардың 
ешқайсысының да мүшелерінің қатарына кірмеді; герцогтар мен графтар 
палаталардың мәжілістеріне корольдің қошеметшілері ретінде ғана барып, 
депутаттармен араласпады.
Үшінші палатада (ХV ғасырдың аяғынан ол «үшінші сословиенің» 
палатасы деп аталынды) «қайырымды қалалардың» өкілдері – қалалық 
кеңестердің мэрлері мен мүшелері, яғни қалалардың ең байлары және беделді 
адамдары мәжіліс құрды.
Әрбір палата тек бір ғана дауысқа ие болды және оның белгілі-бір 
шешімдер қабылдауына палата мүшелерінің басым көпшілігінің дауыс берулері 
қажет болды. Штаттардың шешімдері тұтас алғанда палаталар беретін 
дауыстардың ара-қатынасына байланысты болды. 
Штаттар корольдің бастамасы бойынша шақырылды жане оның ұсынған 
бағдарламасы талқыланды. Олар дүркін-дүркін шақырылып тұратын жүйелі 
органға айналмады. Штаттар көбіне корольге жәрдем ақша беру немесе кейбір 
маңызды саяси істер жөнінде оны қолдау мәселелерін ғана шешіп отырды. Дін 
басылары мен дворяндардың штаттардағы ролі олардың жерлерінде тұрушы 
шаруалардан корольдік тальді өндіріп алуға келісімдерін берумен ғана 
шектелді. Феодалдардың өздері мемлекеттік алым-салықтарды мүлдем 
төлемеді. Штаттардағы ең басты рольді орталықтандыру саясатын қолдаушы 
және корольге жәрдем ақшалардың негізгі бөлігін беруші қалалар атқарды. 
Сондықтан ХІV ғасырдың бірінші жартысында король үкіметі мен штаттардың 
арасында айтарлықтай қайшылықтар болмады және олар феодалдық 
монархияны нығайту үрдісінде маңызды фактор да болды. Ал елдің 
(Лангедойляның) солтүстік бөлігіндегі қалалар мен рыцарьлардың арасындағы 
бітіспейтін араздықтары, қалалардың өз сеньорлары мен рыцарьларына қарсы 
жүргізген күресінің нәтижесі болған еді. ХІV ғасырда бұл араздықтар көбіне 
дворяндардың мемлекеттік алым-салықты төлемеуінен тереңдей берді. Ал 
қалалар рыцарьлардың мемлекеттік алым-салықты өздерімен бірдей төлеп 
отыруларын қайткенде де жүзеге асыруға ұмтылып бақты. 
Сословиелердің үнемі өзара бірлесіп, ымыраға келе бермейтін ала 
ауыздықтарын корольдер өз мақсаттарына пайдаланып отырды, сондықтан да 
ағылшын парламентінің қалалар мен рыцарьлардың арасында қалыптасқан 
одағының нәтижесінде қолы жеткен үлкен құқықтарын француздық Бас 
Штаттар өзінде орната алмады. 
Сословиелік-өкілдік 
жиналыстардың 
қалыптасуына 
байланысты 
Францияда феодалдық мемлекеттің – сословиелік монархияның (немесе 
сословиелік-өкілдікке негізделген феодалдық монархияның), ХІІ – ХІІІ 
ғасырларда Француз мемлекетіне қарағанда, көбірек орталықтандырылған жаңа 
нысанының қалыптасу үрдісі аяқталды. Мемлекеттің бұл нысанының пайда 
болуы Францияда ХV ғасырдың басына таман болған әлеуметтік-экономикалық 
дамудағы ілгері басушылықтарды бейнеледі. Елді одан әрі орталықтандыра 
берудің алғы шарттары, бір жағынан, қалалардың қалалық сословиенің ықпалы 
57 


өскен сайын ішкі экономикалық қарым-қатынастардың жедел дамушылығы 
болса; екінші жағынан, деревнялар мен қалалардағы тап күресінің шиеленісуі 
болған еді. Бұл шиеленісушіліктің өзі ендігі жағдайда үстем тап пен қалалық 
билеуші жоғарғы топтың бүкіл мемлекет ауқымында өзара бас қосып, бірігіп 
нығаюын талап етті. 
Тек ең ірі және бөлектену пиғылындағы феодалдар ғана бұрынғыша 
орталықтандыру үрдісіне қарсылық көрсетті. Олар өздерінің жоғалтқан саяси 
құқықтарын қайтарып алуға әрекет жасап, қарулы бой көрсету арқылы ІV 
Филипптің мирасқоры король Х Людовиктен бірқатар жеңілдіктер алды. 
Алайда бұл формальды сипатта ғана болған жеңілдіктер, әжептәуір нығайып 
алған француздық сословиелік монархияның сағын сындыра алмады.
Жүз жылдық соғыс, себебі, барысы.
 
ХІV ғасырдың 30-шы жылдарында 
Францияның бірқалыпты табиғи түрде келе жатырған дамуы бір ғасырдан 
артығырақ уақыт Англиямен жүргізілген (1137 – 1453 ж.ж.) Жүз жылдық 
соғысқа байланысты үзіліске тап болды. Бұл соғыстың тигізген ақырғы зардабы 
өндіргіш күштерін жаппай жойып, халықтың санын азайтып, өндіріс пен сауда-
саттықтың көлемін мейлінше қысқартуға әкеліп соқтыруы болды.
Франция мен Англияның арасында бұрын ХІІ – ХІІІ ғасырларда болған 
соғыстар сияқты (Капетингілер мен Плантагенттердің күресі) Жүз жылдық 
соғыс та негізінен Францияның ағылшын корольдерінің қол астындағы 
оңтүстік-батыстық жерлері үшін жүргізілген күрес болды. Соғыстың бастапқы 
жылдарында екі елдің Фландрия жөнінде мүдделері қарама-қайшы келіп, 
бақталастық жасауларының да маңызы аз болмады. Француз корольдері 
Фландрияның дәулеті мол бай қалаларын өздеріне бағындыру жөніндегі 
ниеттерінен қайытқылары келмеді, ал Фландрияның қалалары Англияның 
көмегіне сүйене отырып, өздерінің тәуелсіздіктерін сақтап қалуға тырысты.
Келешектегі, 50-жылдардағы, соғыс әрекеттерінің негізгі майданы 
(Нормандиямен қатар) Оңтүстік-Батыс, яғни бұрынғы Аквитанияның аумағы 
болды. Оны қайтарып алуға тырысқан Англия өзіне сол жердегі тәуелсіздікте 
отырған феодалдар мен қалалардан одақтастар тауып тартты. 
Жүз жылдық соғыстың басталуына анасы жағынан ІV Филипптің 
немересі, ағылшын королі ІІІ Эдуардтың әулеттік ұмтылушылық талаптары 
тікелей сылтау болып табылды. ІV Филипптің ең кенже баласы 1328 жылы 
дүние салды; осыған байланысты ІІІ Эдуард француз тағына отыруға өзінің 
құқығы бар екендігін мәлімдейді. Алайда Францияның королі болып 
Капетингілердің жақын тармағының аға өкілі ІV Филипп Валуа (1328 – 1350 
ж.ж.) сайланып қойылады. ІІІ Эдуард өзінің құқығын қару-жарақтың күшімен 
шешуге бел байлайды. Соғыс 1337 жылы ағылшындар үшін ойдағыдай 
басталды. Ағылшын армиясының, француздарға қарағанда, бірқатар 
артықшылықтары болды. Ол сан жағынан онша үлкен армия болмаса да, 
ұйымдастырылуы өте жақсы еді.
Ағылшындар теңізде (1340 ж. Фландриядағы Слейса түбінде) және 
құрлықта (1346 ж. Пикардияның солтүстігінде, Калеге жақын, Кресидің 
түбінде) жеңіп шықты. Бұл оларға 1347 жылы аса маңызды тірек пункті Калені 
алуға мүмкіндік берді. Сонымен, олар өздерінің Фландриядағы позицияларын 
58 


тек сақтап қана қоймай, нығайтып алды. Басқа жақтарынан ағылшындардың 
солтүстіктегі соғыс қимылдары сәтсіз болып шықты. Содан соң олар соғысты 
оңтүстік-батысқа қарай ауыстырып, теңіз жағынан Гиэнь мен Гасконь 
аймақтарын қайтадан басып алды, ағылшын королінің Бордодағы уәлиі ІІІ 
Эдуардтың ұлы, Эдуард Черный Принц (оны түсіне қарай солай атады) болды. 
Француздар ауыр жеңіліске ұшырады. Көптеген рыцарьлар қырылып, тұтқынға 
түсті, король Иоанн Добрыйдың (1350 – 1364 ж.ж.) өзі де тұтқындалды. 
Франция қазынасы қаңырап қалды; армия шын мәнісінде жойылды. Соғысты 
одан әрі созып, тұтқындарды, соның ішінде корольдің өзін де ақша төлеп, 
босатып алу үшін орасан зор қаражат керек болды.
1356-
1358 жылдардағы Париж көтерілісі. Пуатье түбіндегі масқара 
жеңіліс, елді жаудан қорғауды дұрыс ұйымдастыра алмаған дворяндар мен 
корольге қарсы бұқара халықтың қатты наразылығын туғызды. Сондықтан 
тұтқындағы корольдің баласы дофин (Францияда тақ мирасқоры осылай 
аталды) Карл, 1356 жылы қазанда қаржы іздеп табу үшін Бас штаттар шақырды. 
Пуатье түбіндегі жеңілістен кейін дворяндардың әлсіреп қалғандығынан, 
штаттарда едәуір ықпалға ие болған қалалардың өкілдері маңызды мынадай 
реформалар жүргізуді талап етті:

корольдік кеңестің мүшелері мен басқа да маңызды қызмет 
адамдарының отставкаға шығуын; 

барлық істі жүргізудің жауапкершілігін штаттардың 28 депутатынан 
құрылған ерекше комиссияға жүктеуді; 

комиссияның келісімінсіз дофинге армия бойынша бұйрықтар беріп, 
шенеуніктерді орындарынан алып және тағайындау құқығын бермеуді.
Сондай-ақ штаттар қала халықтарынан гөрі дворяндардан да үлкен 
мөлшерде алынатын жаңа алым-салық енгізуді де талап етті. Дофин бұл 
талаптарды орындаудан бас тартты. Парижде наразылық қозғалыстар басталды. 
Париждіктерді көпестердің үлкені (париждік муниципалитетінің бастығы) 
Этьен Марсель басқарды. Дофин тағы да штаттардың көмегін сұрауға мәжбүр 
болды; олар 1357 жылы наурызда жиналып, мемлекеттік басқару жұмысының 
барлық жағына да қатысы бар реформалардың кең жоспарын жасады. Бұл 
жоспар жұртқа жарияланып, «Ұлы наурыз орданансы» деп аталды. Ол 
бойынша үкімет органдарының құрылымына түбегейлі өзгеріс енгізілді. 
Дофиннің қолында тек шектеулі ғана атқарушы өкімет билігі қалды. Дофиннің 
рұқсатынсыз-ақ штаттар жылына екі рет жиналып, маңызды істердің бәрін де, 
бітім және уақытша бітім жасауға дейін қарап, шешіп отыруға тиісті болды. 
Олар корольдің кеңесшілерін тағайындады, алым-салықтарды дауысқа салып 
шешті және оларды өздері жинады. Корольдік аппараттың саны мейлінше 
азайтылды. Дофин әрекеттерінің бәрін штаттар тағайындаған комиссия 
бақылап отырды, Комиссияның құрамына Этьен Марсельді жақтаушылар да 
кірді.
Алайда бұл тәртіп ұзақ өмір сүре алмады. Штаттардың дауысқа салып 
бекіткен ақша жәрдемінің көп пайызы ірі табыстыларға емес, аз табыстыларға 
басымырақ түсті. Рас, ол дворяндарға да салынды, бірақ дворяндар оны 
төлеуден бас тартты және іс жүзінде штаттардың жұмысына қатысуларын 
59 


тоқтатты. Астананың бүкіл жұртшылық болып таныған басшылық роліне 
қарамастан, өкімет билігінің тек жалғыз Париждің қолында болғанына басқа 
қалалар наразы болды.
Бұл жағдайды Дофин өз мақсатына пайдаланды. Ол қалаларды аралап, өз 
жағына рыцарьларды жинап тарта бастады; Парижден тысқары жерде 
штаттарды шақырып, олардан жәрдем ақша алуға үміттенді.
Жакерия. 1358 жылдың ақпанында Бас штаттар Парижде қайтадан 
жиналды, бірақ бұған тек Париждік билеуші топтың өкілдері ғана келіп 
қатысты. Этьен Марсель Дофинді өзіне күшпен бағындыруды шешті. 1358 
жылы 22 ақпанда ол қаруланған қолөнершілерді алаңға жинап шығарып, өзі 
бірнеше жақтастарын ертіп сарайға келеді және Дофиннің көзінше оның ең 
жақын кеңесші маршалдары – Шампанский мен Нормандскийді өлтіреді. 
Келесі күні Дофин париждік төбелтоптардың уәкілдерін өз Кеңесіне енгізіп, 
штаттардың қабылдаған ордонанстарын қолдап және оларды орындауға келісім 
береді. Бірақ бір айдан кейін Дофин астанадан қашып кетіп, Парижді қоршауға 
даярлана бастайды.
1358 жылы мамырдың аяғында Францияның және тіпті бүкіл Еуропа 
тарихындағы қозғалыстардың ішіндегі ең ірі шаруалар қозғалысы – Жакерия 
басталды. Көтеріліс Солтүстік Францияның көптеген аймақтарын: Бовези, 
Пикардия, Иль-де-Франс және Шампаньды қамтыды. Көтерілісшілердің көбі 
шаруалар болды; оларға деревнялардың қолөнершілері мен ұсақ саудагерлері 
және аумақтық священниктер де қосылды. Көтерілісшілерді «жактар» деп 
атады (сол кездегі шаруаларға берілген дағдылы – «Жак простак» деген атаудан 
алынған). Кейін осыдан «Жакерия» деген атау пайда болды. Заманындағылар 
бұл көтерілісті «дворян еместердің дворяндарға қарсы соғысы» деп атады.
Сол кездегі мәліметтер бойынша барлық аймақтардағы көтерілісшілердің 
жалпы саны шамасы 100 мыңға жеткен.
Көтеріліс, әсіресе, Бовезиде кең өрістеді. Шаруалардың біріктірілген 
отрядтарын Гильом Каль басқарды.
Феодализм дәуіріндегі шаруалар көтерілістерінің ақыры даусыз 
жеңілістермен аяқталатын дағдылы тағдырын Жакерия да басынан кешірді, 
яғни жеңіліспен аяқталды.
XIV ғасырдың екінші жартысындағы Франция. 1356 – 1358 жылдардағы 
қызулы оқиғаларынан король өкіметі біраз сабақ алды. V Карлдың тұсында 
(1364 – 1380 
ж.ж.) алым-салық реформасы жүргізілді, жәрдем ақша жинау 
жұмысы тәртібіне және оны жинаушыларға бақылау қойылды.
1360 жылы Бретиньеде (Шартрдан шығысқа қарай) Англиямен жасалған 
бітім Франция үшін өте ауыр болды. Ағылшындық иеліктер енді Луарадан 
оңтүстікке қарай (орталық массивтің тауларын батыс жақтан айналып өтіп) 
Пиренейге дейін созылып жатты. Бұл бүкіл ел аумағының ең кем дегенде 
1
/
3
-
і 
еді. Өзіне қарасты жерлерді қайтарып алу үшін Францияның жаңа қырғын 
соғыстарға әзірленуі қажет болды. V Карлдың тұсында армияға реформа 
жүргізілді: осы кезде пайда болған артиллерия барынша күшейтіліп, 
жалдамалы отрядтар көбейтілді, король армиясының қолбасшысына үлкен 
құқық беріліп, оның беделі мен билігі жоғары сатыға көтерілді. Бұл орынға 
60 


феодалдық жерлестіктің дәстүріне қарамастан, ұсақ бретаньдық рыцарь 
Дюгеклен тағайындалды. Үлкен ірі шайқастарға жолаңқырамай және 
ағылшындық иеліктердің бүкіл байтақ шекараларында дерлік бір мезгілде 
қимылдар жасаумен, француз армиясы ағылшындарды бірте-бірте теңізге қарай 
ығыстыра берді. Сөйтіп ХІV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде 
ағылшындардың қарауында тек Бордо мен Байонна және солардың 
аралығындағы жағалау ғана қалды. 
Қорыта келе, 70- жылдарының аяқ кезіне таман соғыс әрекеттері 
әжептәуір-ақ азайып және ағылшындардың қолында тек азғана аумақ қалған 
кезде де алым-салықтардың бәсеңдемей, қайта өсе беруінің дәлелін халық 
ешбір таба алмай-ақ қойды.
Қалалардағы көтерілістер. 1379 – 1384 жылдардаы елдің бүкіл аумағында 
көтерілістердің толқыны жайлады. Олар Лангедоктағы оңтүстік қалалардан 
басталды. 1379 жылдың аяғында жаңа төтенше алым-салық жарияланысымен-
ақ Монпельеде көтеріліс бұрқ ете түсті. Қолөнершілер мен кедейлер ратушаға 
басып кіріп, корольдік қаржы шенеуніктерін өлтірді, бұдан кейін өздерінің 
қаһарын көпестер мен дворяндарға қарсы төгіп, оларды да тонап, өлтіруге 
кірісті. Осындай көтерілістер Алэ, Ним және Клермонда басталды. Осылардың 
нәтижесінде үкімет амалсыз алым-салықты мықтап азайтуға мәжбүр болды.
Ал, 1382 жылдың басында, үкімет қайтадан бұрынғы салық саясатына 
оралуға ыңғайланған кезде солтүстік қалаларда көтерілістер басталды. Ақпанда 
Руандағы кедей қолөнершілер, көмекші шеберлер және цехтан тысқарғы 
кедейлер көтеріліс жасады. Қалалық кеңес мүшелерінің бір бөлігі қашып кетті. 
Көтерілісшілер алым-салықтың барлығын жойылды деп жариялап, бірнеше күн 
өздері қалаға билік жүргізді. Осындай көтерілістер Аменьеде, Сен-Кантенде, 
Ланда, Суассонда, Реймсте, Орлеанда да болды.
Руандағы оқиғалармен қатар бір мезгілде және сондай себептермен 
Парижде де көтеріліс басталды. Ұсақ қолөнершілер мен саудагерлер қала 
кедейлерімен біпге қолдарына қару алып, отрядтар ұйымдастырды, көшелерді 
айнала қоршап алып, қақпаларға күзет қойды. Көтерілісшілер ең басты алым-
салық жинаушыны өлтірді және ратушадағы жауынгерлік балғаларды (maillets 
– 
осыдан көтерілісшілерге де maillоtins, майотендер деген ат тағылды, яғни, 
«балғалы адамдар») және басқа да әскери қару-жарақты басып алып, алым-
салық жинаушылар мен қалалық кеңестің мүшелерін, бай көпестерді, 
шеберлерді және дворяндарды тонап өлтіре бастады. Көтерілісшілерді басып, 
тыныштандыруға қалалық милицияның шамасы келмеді. Үкімет жаңа алым-
салықтарды жойып, көтерілісшілерге кешірім жариялауға мәжбүр болды, бірақ 
олардың басшыларын қатаң жазаға тартты. 
Бұл арадағы бір ерекшелік, барлық көтерілістердің, алдымен, үкіметтің 
төлетпекші болған алым-салықтарына қарсы бой көрсетулерден басталып, 
кейін бірден қалалық өкіметтің өкілдері мен қаланың дәулетті жоғарғы 
топтарына және дворяндарға қарсы күш жұмсауында болды.
Жүз жылдық соғыстың қайталануы. 1415 жылы ағылшындардың 
Францияға жаңадан басып кіруі басталды. Ағылшын королі V Генрих өзінің 
әскерімен Сена өзенінің сағасына келіп түсіп, Пикардия арқылы Калеге қарай 
61 


бет алды. Азенкура (Каленің оңтүстігіне таман) түбінде болған қырғын соғыста 
арманьяктардың рыцарьлық армиясы (герцог Бургундский ағылшындармен 
бірлесіп әрекет жасауға ыңғайланды) талқандалды; көптеген француз 
феодалдары тұтқынға алынды немесе өлтірілді; герцог Орлеанскийдің өзі де 
тұтқынға түсті. Содан кейін ағылшындар Нормандия мен Мэнді басып алды. 
Тағы да 1356 жылдағы сияқты, Франция армиясыз, соғысқа керек қаражатсыз 
қалды. ХІV ғасырдағыға қарағанда жағдай мүлдем нашарлап кетті, өйткені 
өзара бақталастық елді қатты күйзелтіп қана қоймай, сонымен қатар оның 
аумағының бөлшектенуіне де әкеліп соқтырды. Герцог Бургундский тек өзінің 
герцогтығында ғана емес, сонымен қатар Францияның бүкіл шығысындағы 
және солтүстік (Пикардия) жерлерінің дерлік тәуелсіз қожасы болды. Оның 
үстіне ол Батыс Еуропаның сол кездегі ең бай аймақтарын – Нидерландияны 
(Фландрия мен Брабант және қазіргі Бельгия мен Голландия аумағындағы басқа 
жерлер осылай атала бастады), сондай-ақ Люксембургті де иеленді. Француз 
королінен өзінің тәуелсіздік жағдайын сақтап қалу мақсатында ол 
ағылшындармен одақтасты. Франция халқы үшін, алдымен, солтүстікте, ал 
содан соң барлық жерде де, ағылшындар сияқты, бургундықтар жау бола 
бастады.
Соғыс табыстарының нәтижесінде ағылшындар Францияны ең ауыр бітім 
шарттарын қабылдауға мәжбүр етті. Соның бірі 1420 жылғы Труа бітім-шарты 
болды. Шарт бойынша Франция өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, біріккен 
ағылшын-француз корольдігінің бір бөлігі болып қалды. VІ Карлдың әлі тірі 
кезінде-ақ V Генрих Францияны билеп тұрды, ал одан кейін тақ ағылшын 
королі және француз ханшайымының (VІ Карл қызының) баласына – VІ 
Генрихқа көшуі тиісті болды. Дофин Карл (VІ Карлдың баласы) 
мирасқорлықтан тайдырылды. Бірақ 1422 жылы V Генрих қайтыс болды, 
бірнеше айдан соң VІ Карл да дүние салды. 
Труа бітім-шартына қарамастан, дофин Карл өзін VІІ Карл деген атпен 
(1422 – 1461 
ж.ж.) Францияның королімін деп жариялады. Ағылшындар мен 
герцог Бургундский Англия мен Францияның королі деп он айлық VІ Генрихты 
таныды және оның атынан елді оның немере ағасы – герцог Бедфорд биледі.
Францияның солтүстігін ағылшындар басып алды; олардың шығыстағы 
иеліктері герцог Бургундскийдің иеліктерімен тығыз тұтасып жатты. Герцог 
Бретонский де ағылшындармен одақтасты.
VІІ Карлдың аумағы елдің орталығы мен оңтүстігінде (Лангедок) және 
оңтүстік-шығысында (Дофинэ) орналасқан провинциялармен ғана шектелді. 
Корольге Бискай жағалауындағы, Бретанья мен оңтүстік-батыстағы (орталығы 
Бордо) ағылшын иеліктерінің арасында қысылып тұрған Пуату провинциясы да 
қарады. Корольдің қарауында қалған жерлер көлемі жағынан ағылшындар 
басып алған аумақтан аз емес еді. Корольдің қарауында соғыс кезінде көрнекті 
қаржы және адам жағынан жәрдем көрсеткен ірі қалалар да көп болды. Алайда, 
корольге қараған аумақ, оның жауларының иеліктеріне қарағанда, біртұтас 
емес, халқы аз және жері құнарсыздау болған еді. Бірақ өте ұзаққа созылған 
соғыста, тәуелсіз ұлттық мемлекет ретінде Францияға үлкен қауіп төнген кезде, 
62 


елді азат етуде тек жалғыз аумақтың маңызы ғана емес, басқа факторлардың да 
атқарған ролі аз болмады.
Осы факторлардың бірі ағылшындардың жаулап алған жерлерде 
жүргізген саясаты болды. Басып алған аумақты V Генрих өзімнің жеке 
меншігім деп санап, оны бірден ағылшын рыцарьлары мен барондарына 
үлестіруге кірісті, ал Нормандиядағы бірнеше порттарға тек ағылшындарды 
ғана орналастырды. Өз иеліктерінен айырылған француздардың туып өскен 
жерлеріне қайтулары үшін бір ғана жол қалды – ол біржола жеңіп шыққанға 
шейін күресу болды.
Партизандар соғысы. Францияның ең ақырғы түпкілікті жеңісін 
қамтамасыз еткен ең маңызды фактор бұқара халықтың басқыншыларға қарсы 
жасаған ерлік әрекеттері болып табылды. Француз халқының оккупацияланған 
аумақтарындағы партизандар соғысын ағылшындардың басып кірген (1415 
жыл) кезінен басталды деуге болады және ол барған сайын үдей берді. Бұл 
әрекеттер 1422 жылы V Генрих өлгеннен кейін, Бедфордтың Англиядан көмек 
алудан үмітін үзіп, оккупацияланған аймақтарды ешбір аяусыз тонай бастаған 
кезінде кең өрістеді. 1428 жылы қазанның басында Англиядағы нормандық 
гарнизондардан жинастырып әкелінген отрядтардан және күштерден құралған 
кішкене армия Орлеанның түбіне келіп, оның айнала төңірегіне қоршау 
бекіністерін салуға кірісті. 
Орлеанға дереу көмек көрсету қажет болды. Қолында шамалы ғана 
әскери күштері бар VІІ Карл жорық бастауға бата алмады. Францияның 
тағдырына осындай өте қиын кезде қарапайым шаруа қызы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет