Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

Бақылау сұрақтары: 
1.
Франктер корольдігінің негізі ең алғаш қай аумақта қаланды?
 
2.
Франктер тарихи деректерде қай ғасырдан бастап аталады?
 
3.
«Салий ақиқатының» тарихи мәні қандай және өзге құжаттардан 
қандай айырмашылығы бар?
 
4.
Майордомдар дегеніміз кімдер және олардың франк мемлекетінің 
тарихында қандай ролі бар?
 
5.
«Пипиннің сыйы» дегеніміз не немесе Папа облысы қалай пайда 
болды?
 
24 


6.
Карл Мартеллдің бенефициалды реформасының әлеуметтік алғы 
шарты, мәні және саяси мақсаты қандай болды? 
 
7.
Франк мемлекетінің империяға айналуы кімнің кезінде жүзеге асты 
және оның Ежелгі Рим империясынан айырмашылығы болды ма?
 
 
§ 5. 
ІV – ХІІ ғасырлардағы Византия империясы 
 
 
Шығыс Рим (Византия) империясының құрылуы. 330 жылы І Константин 
Рим империясының астанасын Шығысқа көшірді. Ол ежелгі мегарлық отар 
Византийдің орны болды. Мұнда тез арада жаңа қала Константинополь 
тұрғызылды. 395 жылы империяның екіге бөлінуі шығыс провинциялардың 
оқшаулануын туғызды. Шығыс Рим империясының құрамында Балқан түбегі, 
Кіші Азия, Солтүстік Месопотамия, Арменияның жартысы, Сирия, Палестина, 
Египет, Киренаика, Кипр, Родос, Крит, т.б. Шығыс Жерорта теңіздік аралдар 
болды. Бұл аумақта гректер, дактар, фракиялықтар, иллириялықтар, армяндар, 
грузиндер, эллиндендірілген Кіші азиялық тайпалар, сириялықтар, еврейлер, 
әртүрлі романданған этникалық топтар өмір сүрді. Олардың арасында гректер 
үстем жағдайға ие болды, грек тілі неғұрлым кең таралды. Шығыс Рим 
империясы шартты түрде Византия деп аталды. Византия Шығыс Жерорта 
теңізі мен көрші елдерге үлкен ықпалын тигізді.
Шығыс провинциялардың табиғи және климаттық жағдайлары әрқилы 
болды. Теңіз жағалық аудандарда, өзендердің аңғарларында және 
жазықтықтарды дәнді дақылдар, жүзім, зәйтүн, жеміс ағаштары өсірілді. 
Византия империясында мал шаруашылығы елеулі орын алды. Ол әсіресе, Кіші 
Азияның қыраттарында, Сирияда, Балқан түбегінің таулы облыстарында 
өркендеді. Шығыс провинцияларда батыспен салыстырғанда құл еңбегінің ролі 
аз болды. Мұнда құлдар ірі жер иеленушілердің шаруашылығында, император 
поместьелерінде еңбек етті. Алайда, Шығыста ІV ғасырда басты өндірушілер 
колондар мен ерікті қауымшылар болды. Колондардың көпшілігі жерге 
бекітілді және қожайыны мен мемлекеттің пайдасына міндеткерліктер өтеді, 
еркін көршілік қауымдарда (митрокомиялар) өмір сүрді.
Шығыс провинциялардағы қалалар батысқа қарағанда көп, әрі бай болды. 
Константинополь, Фессалония, Коринф, Эфес, Лакдокия, Антиохия, Бейрут, 
Дамаск, Александрия – дамыған қолөнер мен сауданың орталығы болды. 
Шығыс Рим империясының қалалары өзара, сыртқы елдермен қызу сауда 
байланыстарын жүргізді. Ежелгі керуен жолдары, теңіз жолдары Орта Азия 
елдері, Үндістан, Қытайға қарай кетіп жатты. Александрия көпестері Британия 
мен Тапробанға (Цейлон) жетті.
Ірі қалаларда құлдардың негізгі бұқарасы шоғырланды. Қала халқының 
әлеуметтік құрамы әркелкі болды. Қолөнершілер, саудагерлер, жалдамалы 
жұмысшылар да көп болды. Құлдарды қала шонжарлары үйлерінде қызметші 
ретінде де ұстады. Үлкен қала тұрғындарының өздерінің спорттық ұйымдары 
(димдер) да болды, оларды кимдерінің түстеріне қарай ажыратты. V – VІ 
ғасырларда димдер саяси роль атқара бастады. Полисті қаланың құлиеленуші 
жоғарғы тобы – куриалдар басқарды. Олар өздерінің есебінен қоғамдық 
25 


ғимараттарды ұстады, көріністерді ұйымдастыруға басшылық етті. 
Құлиеленушілік дағдарыстың күшеюімен бірге, ұсақ және орта полистердің 
құлдырауы жалғаса берді. Полис өзінің негізін – қала сыртындағы жерлерін 
жоғалтты. Бұл жерлер шенді ақсүйектер мен қауымның қолына өтті. Мемлекет 
ескі қоғамдық қатынастарды сақтап қалуға тырысты. Алайда, құлиеленушілік 
қатынастардың дағдарысы Шығыс Рим империясында батысқа қарағанда баяу 
сезілді. Неғұрлым бай шығыс провинциялардың ерекше мемлекетке 
оқшаулануы өкімет аппаратының нығаюына септігін тигізді. Өндіргіш 
күштердің дамуы нәтижесінде ұсақ, дербес шаруашылықтар егін шаруашылығы 
мен қолөнер өндірісінің ең тиімді нысандарына айналды. ІV ғасырда Шығыста 
бірқатар экономикалық өрлеулер байқалды: құл еңбегі үстем болудан қалды. 
Мұрагерлік жалға беру дамыды, құлдарды жермен бірге сату дәстүрі таралды.
Юстинианың тұсында құлиеленушылык мемлекеттің уақытша нығаюы. 
Юстинианның заңдары. Юстинианның билігі кезінде империяда өзгерістер 
жүргізілді. Аграрлық саясатында шіркеу иелерінің жерлерін өсірді, орта жер 
иелеренің мүддесін де көздеді. Ішінара болса да, ірі жер иелеріне шектеу қою 
саясатын жүргізді. Юстиниан билігі кезінде Рим құқығының реформалары 
жүргізілді. 528 – 534 жылдардағы қысқа мерзім ішінде Трибониан басшылық 
еткен заңгерлер комиссиясы Рим құқығының негізгі тармақтарына сүйене 
отырып, «Азаматтық құқықтардың жинағын» деп аталатынды құрастырды. Ол 
алғашында 3 бөлімнен тұрды: 
1.
Юстиниан «Кодексі» – Рим империясының маңызды заңдарының 
жинағы (Адрианнан Юстинианға дейін) – әртүрлі азаматтық істер 
қарастырылды (12 томнан тұрды); 
2.
«Дагесталар» немесе «Пандекталар» – танымал Рим заңгерлерінің 
ықпалды пікірлерінің жинағы (50 кітап); 
3.
«Институциялар» – Римнің азаматтық құқығы бойынша қысқаша 
басшылық беретін басылым. 
534 – 
565 жылдары Юстинианның өзі шығарған заңдар кейін 4-бөлімді 
құрады, ол «Новелла» («Жаңа заңдар») деп аталды. Юстиниан заңдарында 
құлдардың еркіне жіберілуі жеңілдетілді, колонат институтттары берік заңдық 
нысанға ие болды. Оның заңдары Рим империясының кезінен басталатын Рим 
азаматтары мен бағындырылған халықтардың арасындағы құқылық 
айырмашылықты жойды. Жаңа өзгерістер бойынша империяның барлық ерікті 
азаматтары бірыңғай құқылық жүйеге бағынды.
Юстинианның белсенді құрылыс жұмыстары, жаулап алушылық саясаты, 
мемлекеттік аппаратты ұстау, император сарайының сән-салтанаты ұланғайыр 
шығынды талап етті, сондықтан Юстиниан үкіметі бағыныштыларына салықты 
күрт өсіруге мәжбүр болды. Халықтың салықтық езгіге және ересьтерді 
қуғындауға қарсы наразылығы халық бұқарасының көтерілісіне алып келді. 532 
жылы Византиядағы ең ауқымды көтірілістердің бірі, тарихта «Ника» (грекше 
«Жеңіске жет» деген мағына береді) көтерілісі деген атпен танылған көтеріліс 
бұрқ етті. Ол Константинопольдағы цирктік партиялардың күресінің 
шиеленісуінен басталды.
26 


Византия тұрғындарының сүйікті кәсібі цирктағы (ипподромдағы) ат 
жарыстары мен әртүрлі спорттық ойындар, т.б. болды. Римдегі тәрізді 
Византияда да цирк саяси-әлеуметтік күрестің, халықтың көп жиналатын және 
императорды көріп, оған өз талаптарын еркін білдіре алатын орыны болды. Тек 
спорттық болып қана қоймай, сонымен қатар саяси ұйымдар да болған цирктік 
партиялар ат айдаушылардың киімдерінің түсіне қарай атауларды иемденді: 
венеттер («көкшіл»), прасиндер («жасылдар»), левкалар («ақтар»), русалар 
(«қызылдар»).
 
Неғұрлым маңыздылары венеттер мен прасиндер болды.
Цирктік партиялардың әлеуметтік құрамы да өте ала-құла болды. 
Венеттер партиясының басында сенаторлық ақсүйектер мен ірі жер 
иеленушілер тұрды. Прасиндер партиясы, ең алдымен, империяның шығыс 
провинцияларымен сауда жүргізіп отырған көпестер мен ірі қолөнер 
эргастерийлері иелерінің мүддесін білдірді. Цирк партиясы Византия 
қалаларының димдарымен байланысты болды, оларға қаланың ерікті халқының 
орта және төменгі жіктеріне жататын димның қатардағы мүшелері де кірді. 
Прасиндер мен венеттер өздерінің діни сенімдері б-ша ерекшеленді: венеттер 
ортодоксальды 
шіркеу 
ілімінің 
жақтаушылары 
болса, 
прасиндер 
монофиситтерді жақтады. Юстиниан венеттерді қолдап, прасиндерді 
қуғындады, бұл осы партияның үкіметке деген жек көрінішін туғызды.
Көтеріліс 532 жылы 11 қаңтарда прасиндердің Константиноль 
ипподромындағы бой көрсетуінен басталды. Бірақ кешікпей «жасылдардың» 
қатарына венеттердің жартысы келіп қосылады. Екі партияның да төменгі 
бөлігі бірігіп, салықты азайтуды және неғұрлым жек көрінішті шенеуніктердің 
қызметінен кетуін талап етті.
Кешікпей олардың наразылығы Юстинианның өзіне де қарсы 
бағытталады. Барлық жерде «Жеңіске жет!» деген (грекше «Ника») ұрандар 
естіліп жатады. Император мен маңындағылары сарайда қоршауға алынады. 
Юстиниан елден қашуға бет байлайды. Бірақ ханша Феодора дереу 
көтерілісшілерді басып алуға бұйырады. Бұл кезде көтерілісшілердің арасында 
да алауыздық болды, «көкшілдер» партиясының ақсүйектерінің жартысы халық 
бұқарасының қарқынынан қауіптеніп, көтерілісшілердің қатарынан кете 
батайды. Юстинианның қолбасшылары Велисар және Мунд бастаған үкімет 
әскерлері циркке жиналған халықты кенеттен басып алып, қырғын 
ұйымдастырады, оның кезінде 30 мыңнан астам халық жойылады.
«Ника» көтерілісінің талқандалуы Юстиниан саясатының реакцияға 
қарай күрт бұрылғандығын анықтап берді. Бірақ көтерілістер бұнымен тоқтаған 
жоқ. 
Юстинианның сыртқы саясаты басқыншылық бағытта құрылды. Ол Рим 
империясын қалпына келтіруге жұмыстанды. Бұл үшін варварлық 
корольдіктерді бағындыруы керек болды. 534 жылы алғашқылардың бірі болып 
Солтүстік Африкадағы вандалдар мемлекеті құлады. Алайда, құлиеленушілік 
құрылысты қалпына келтіру мен Римнің салық жүйесі басып алынған 
провинцияларда халықтың наразылығын туғызды. Бұны өздерін жермен 
қамтамасыз етпегені үшін үкіметке наразы болып жүрген армияның солдаттары 
да қолдады. 536 жылы солдаттар көтерілісіне жергілікті бербер тайпалары мен 
27 


қашқын құлдар-колондар да қосылды. Тек VІ ғасырдың 40-шы жылдары ғана 
Солтүстік Африка толықтай император өкіметіне бағынды.
535 жылы әскери қолбасшылардың бірі Юстиниан Велисарий Сицилия 
аралын басып алды. Бұдан ол Оңтүстік Италияға өтті. Ол Италия 
құлиеленушілік ақсүйектерінің қолдауына сүйене отырып, 536 жылы Римді 
басып алды. Бұл жерде де Юстинианның саясаты халықтардың қарсылығына 
ұшырайды. Оны остгот королі Тотила басқарды. Ол құлиеленушілік құрылысты 
құлатуды жақтамаса да, жауды жеңу үшін құлдар мен колондарға бостандық
береді. 546 жылы Римді, кешікпей Италияның Оңтүстік бөлігін, сонымен қатар 
Сицилия, Сардиния, Корсиканы азат етеді. Тотила жеңісі жақтастарының 
қызғанышын туғызады, өзі де бұқара халыққа қатысты саясатын өзгерте 
бастайды. 552 жылы маусымда Велисарийдың мұрагері Нараспен болған 
Тагина маңындағы шайқаста Тотила жеңіліс тауып, қаза болады. Остготтардың 
табанды қарсылығына қарамастан, 555 жылы Италияны толығымен 
византиялықтар жаулап алды. Бұдан кейін Испания вестготтарына қарсы 
шабуыл бастайды. Пиреней түбегінің оңтүстік-шығысындағы бірнеше тірек 
пункттерін басып алады. Алайда бұл жеңіс баянды болмайды.
V
І ғасырда Византия шығысында Сасанидтік Иранмен күрес жүргізеді. 
Оның себебі Закаказьенің бай облыстары болды. Көп уақыт Иран мен Византия 
Қытай, Цейлон, Үндістан арасындағы жібек, т.б. сауда үшін күресті. 
Византияның остготтармен соғысының ұзақтығын пайдаланған Сасанид 
патшасы І Хосрав Аношарван 540 жылы Сирияны басып алады. Бұл 562 жылға 
дейін созылған Византия-Иран соғысына алып келді. Ақырында, келіссөз 
бойынша Лазика (қазіргі Батыс Грузия) Византияға, Сватения, Грузияның басқа 
да облыстары Иранға өтеді. Империяның солтүстік шекарасындағы соғыстары 
да сәтсіз болды. Жыл сайын Дунай арқылы Византия аумағына славяндар, 
аварлар, ғұндар, т.б. варварлық тайпалар шабуылдап тұрды. Әсіресе, славяндар 
өте қауіпті болды. V ғасырдың аяғы – VІ ғасырдың басында олар Византия 
империясының аумағына жаппай басқыншылық бастады. VІІ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап Византияның ішкі әлсіреуі славяндар мен өзге де 
варварлық тайпалардың жаңа шабуылдарына жол ашып берді.
Юстиниан әулетінің соңғы жылдарында империяның күш-қуаты әлсіреді. 
Себептері: 
1.
толассыз соғыстар; 
2.
парсылардың шабуылдары; 
3.
ел ішіндегі қайшылықтар. 
V
ІІ ғасырдың басында славяндар Фракия, Македония, Грекие, Далмация, 
Истрияны жаулап алды. VІІ ғасырдың ортасында бүкіл Балқан түбегінің аумағы 
славяндарға қарады. VІІ ғасырдың 70-ші жылдары Византияның солтүстік-
шығысындағы шекарада Балқан түбегіндегі ірі славян мемлекеті Болгария 
пайда болды. Славяндардың біраз бөлігі Кіші Азияға да қоныстанды. 
Шығысында әлсіреген империяға парсылардың шабуылдары өрістеді. VІІ 
ғасырдың 30-шы жылдары Византияға шығыстағы қауіпті жаудың бірі арабтар 
болды. 632 – 642 жылдары арабтар Византиядан Шығыстағы бай провинциялар 
– 
Сирия, Палестина, Месопотамия, Египетті тартып алды. Бұл ел экономикасын 
28 


кері кетірді. VІІ ғасырдың аяғында арабтар Византияның Солтүстік 
Африкадағы иеліктерін басып алды.
Исавр әулетінің басқаруы (717 – 867 ж.ж.). Әулеттің негізін салған ІІІ Лев 
Исавра (717 – 741 ж.ж.). Оның кезінде Византия империясында феодалдық 
өзгерістер байқалды. Константинополь қаласын сол аймақтағы сауда 
орталығына айналдыруға ұмтылды. Арабтармен күресте біраз өзгерістер болды. 
740 жылы арабтарға күйрете соққы берді. Оның баласы V Константин (741 – 
775 ж.ж.) тұсында 746 жылы византиялықтар халифаттың Сириядағы 
иеліктеріне басып енеді.

Константин ішкі саясатында діни реформа жүргізді. Ол Византия 
аумағына қарасты аймақтарды бір құдайға бағындыру үшін Иконды ойлап 
тапты.

Лев Армениан (816 – 820 ж.ж.) тұсында Византия империясы жан-
жақты қыспақта қалды. Экономикалық дағдарыстар қалыптасты. 820 – 823 
жылдары Фома Славянин бастаған шаруалар көтерілісі болып өтті. Ол Кіші 
Азияның көп бөлігіне таралды. Көтерілісшілер Македония мен Фракияға қарай 
жылжыды. Бір жыл бойы Константинопольды қоршауда ұстайды. Көтеріліс 823 
жылы жеңіліспен аяқталды. Оның нәтижесінде шаруаларды салықтан босатты. 
842 жылы ІІІ Михаил император болып жарияланды. Ол 843 жылы 
наурызда Константинопольда шіркеу мәжілісін шақырды. Мақсаты: 
мемлекеттік дінді орнату.
Монастырьлардан тартып алынған жердің көп бөлігі әскери 
ақсүйектердің қолында қалды. Үкімет пен діни ақсүйектердің арасындағы бітім 
павликиандықтардың (иконға қарсы күресуші ағым) қарсылығын 
жандандырды. 856 жылы олардың көтерілісі басталды. Орталығы Кіші 
Азиядағы Тефрик бекінісі болды. Көтерілісшілер өздерінің республикасын 
құрды. Құрамында шаруалар, қала кедейлері, қолөнершілер болды. 872 жылы 
көтеріліс басылды. Х ғасырда павликиан қозғалысы Балқан түбегіне де 
таралды.
Македон әулетінің тұсында феодализмнің одан әрі дамуы (867 – 1056 
ж.ж.). Әулеттің негізін салған император І Василий (867 – 886 ж.ж.) болды. Ол 
ел ішіндегі әлеуметтік дағдарыстарды жою және сыртқы қауіпті тойтару үшін 
реформалар жүргізді. 868 жылы арабтармен күресу үшін армия жасақтады. Ал, 
869 жылы арабтарға тойтарыс берілді.
Х ғасырдың екінші жартысында император Болгар патшалығына да 
шабуыл бастады. ІІ Василий (976 – 1025 ж.ж.) шығыс шекарадағы тыныштықты 
пайдаланып, Балқанға елеулі күш біріктірді. 1018 жылы Болгария басып 
алынды. Дунайға дейінгі Балқан түбегі толығымен Византияға қарады. ІІ 
Василий қайтыс болғаннан кейін империя қорғаныс саясатына көшеді. 
Шекарасы да қысқара бастайды. Шығысында жаңа жау – түрік-селжұқтарлың 
шапқыншылығы басталды.
ІХ ғасырдың басынан бастап орыстардың шапқыншылықтары өрістеді. 
Олардың шабуылы Қырымнан басталды. 860 жылы орыс әскерлері 
Константинопольды жан-жақты қоршауға алды. Ал, оның ақыры бейбіт 
келісіммен аяқталды: осыдан кейін жүйелі Орыс-Византия байланысы 
29 


басталады. Алайда, ІХ ғасырдың аяғы – Х ғасырдың басында келісім бұзылды. 
907 жылы жазда орыс кемелері Константинопольды, Босфор жағалауын 
қоршауға алады. 941 жылы князь Игорь тағы да шабуылдар жасайды. Нәтижесі 
944 жылғы екі арадағы сауда келісімдерін жасаумен аяқталады.
Орыстардың 1043 жылы Константинопольге жасаған соңғы жорығы да 
сауда мүдделеріне байланысты болды. Жорық жеңіліске ұшырады. 1047 жылы 
орыс отрядтары ІХ Константин Мономахтың (1042 – 1055 ж.ж.) феодалдардың 
бүліншілігін басуына көмектеседі.
Х – ХІ ғасырларда шиеленісті күрестер тар шеңберде және жергілікті 
жерлерде ғана өтті. Тек 932 жылы Кіші Азиядағы шаруалар көтерілісі ғана 
біраз аумақты қамтыды. Оны «Мыс қол» деген жанама аты бар Василий 
басқарды. Қоршауда қалып, қолға түскен Василийді Константинополь 
алаңдарының бірінде отқа өртейді.
Осы кезеңде қалаларда да ірі көтерілістер болып тұрған. Солардың ішінде 
ең ірісі 1047 жылғы Константинопольдағы көтеріліс болды.
ХІ ғасырдың ортасындағы феодалдардың да өзара шайқастары 
империяның күшін әлсіретті. 1071 жылы Манцикерт (Армения) түбінде түрік-
селжұқтар Византия армиясын талқандайды. Император ІV Роман Диоген (1067 
– 
1071 ж.ж.) тұтқынға түсіп қалады. Түріктер Кіші Азия мен Арменияны басып 
алады. Осы жылы Италиядағы Византияға бағынышты ең соңғы қала – Бориді 
(Апулиде) нормандар басып алды.
1081 жылы провинциялық жер иеленуші ақсүйектер жеңіп, император 
тағына І Алексей Комнинді (1081 – 1118 ж.ж.) отырғызды. Осымен бірге 
Византия тарихында феодалдық алауыздықтың жаңа кезеңі басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет