Бақылау сұрақтары:
1.
Рим империясының әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа килігуінің
себептері неде?
2.
Құлдардарды қанаудың өзгеруі неліктен?
3.
Аграрлық қатынастарда қандай өзгерістер жүргізілді?
4.
Құлиеленушілік құрылыстағы дағдарыстың империяға қандай әсерлері
болды?
5.
Рим империясының құлдырауының себептері қандай?
10
§ 3.
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Батыс Рим империясының
құлауы және варварлық мемлекеттердің құрылуы
IV –
V ғасырларда Рим империясы аумағына герман тайпаларының баса-
көктеп кіруінің себептері. Германдық тайпалар мен рим әлемі арасындағы
танымал әскери-саяси тепе-теңдік шамамен 1,5 ғасырдай уақыт сақталып, ІІ
ғасырдың ортасында маркоман (166 – 180 ж.ж.) соғысының салдарынан
бұзылды.
Осы уақыттан бастап римдіктердің бұрын жақсы ұйымдастырылған
армиясының бұрын өздері оңай талқандап жүрген бытыраңқы ұсақ
тайпалармен емес, ірі тайпа одақтарымен (алемандар, бургундар, франктер,
т.б.) қақтығысуына тура келді. ІІ ғасырдың аяғынан, әсіресе ІІІ ғасырдың
басынан германдықтардың империя аумағының шекаралық аудандарына
үздіксіз жылжуы басталды. Қоныс аударушылардың жаңа толқыны тарихқа
«Халықтардың Ұлы қоныс аударуының» деген атпен енді. Оның негізгі
себептері ретінде тарихшылар мыналарды атайды:
1.
халықтың өсуі – тиімсіз климаттық өзгерістер мен агромәдениеттің
дамымауы қоныстану және игеру үшін жаңа жерлерді іздеудің қажеттілігін
туғызды;
2.
шекаралық германдық тайпаларға неғұрлым алыс, ең бастысы көшпелі
готтар мен ғұндардың тарапынан қысымшылықтың күрт өсуі.
Готтардың оңтүстікке қарай жылжуы және германдықтардың неғұрлым
батыс бөлігін тықсыруы маркомандардың рим аумағына шапқыншылығына
әсер етті. Эльбаның ар жағында өмір сүруші алемандар мен бургундар Рейнге
қарай жылжып, өзінің аумағын өзге германдық тайпаларға қалдырды,
соңғылардың ортасында ірі одақтар вандалдар, лангобардтар, т.б. құрылды.
Түптің-түбінде империяның алемандарға «десятиндік алқапты», готтарға
Дакия провинциясын (төменгі Дунайдың сол жағалауы) беруіне тура келді.
Готтармен бейбіт қатынас орнату туралы Константин жасаған бітім шарты
бойынша соңғылары Рим армиясына 40 мың жауынгер беруге және Дунай
шекарасына өзге тайпаларды жібермеуге міндеттенді.
Қара теңіз бойында бекінген готтар екі тармаққа бөлінді:
1)
вестготтар – Дакияда тұрды.
2)
остготтар – Днестр бойындағы жерлерді иемденді.
IV ғасырда остготтардың королі Германарих бүкіл готтарға үстемдігін
орнатты, алайда 375 жылы Еуропаға жылжып келе жатырған ғұндардан
алғашқы соққы алған «Германарих державасы» өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Германарихтің өзі шайқас кезінде қаза табады, ал остготтар ғұндармен бірге
батысқа қарай еріп кете барады.
Жақындап келе жатырған толқыннан қауіптенген вестготтар Дунайға
қарай жөңкілді. 376 жылы Антиохияға император Валентке вестгот елшілігі
келеді. Вестготтар императордан өздерін империя маңайына қоныстануға
рұқсат беруін сұрады және бұл үшін оған өздерінің қызметтері мен
бағынатындығын уәде етті. Олардың өтініштері қанағаттандырылды: қару-
жарақ асынуға жарамды 200 000-дай адам әйелдері, балалары, қарттарымен
11
(барлығы 700 000 немесе 900 000 адам) гарнизондар болып, Мезияға (қазіргі
Болгария) орналасты. Ал, жергілікті өкімет империя аумағынан орын тепкен
бұл варварларды сыртқы жаудан қорғауға, керек-жарақтармен жабдықтауға
тиісті болды. Рим шенеуніктерінің әртүрлі әлімжеттіктері, азық-түліктен
тапшылық көру, империялық әкімшілік өкілдерінің варварларға қолданып
отырған басқа да қысымшылықтары готтардың арасында ашық көтерілісті
туғызды. Көтерілісшілердің қатарына көп көлемде римдік шаруалар мен құлдар
қосылып жатты, бүкіл Балқан түбегі үлкен қауіптің алдында тұрды. Император
Валент көтерілісшілермен Адрианополь маңында (378 ж.) болған шайқаста
талқандалып, қаза табады. Тек 382 жылы ғана Феодосий көтерілісшілерді
басып, готтармен келісім жасауға қол жеткізді. Готтар императордың билігін
мойындайды және одақтас әскер ретінде пәтерлер, Балқан түбегінің әр
бөлігінде керек-жарақтар алады. Осылайша, Шығыс империяның варварлануы
үлкен жетістіктерге жете берді.
Батыс империядағы жағдай өзгеше сипат алды. Мұнда да өздерінің
әскери күштері жетіспегендіктен империяны кезекті варварлардан қорғау үшін
келесі варварлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Бұл үшін Рейндік
шекара бойына лэттер мен федераттар жағдайында варварлардың тобы
қоныстанды, олар бургундардың, алемандардың, франктердің шабуылдарын
тойтаруы тиіс болды.
Сонымен, кезінде римдіктер мойындағысы келмеген варварлық тайпалар
IV ғасырда Жерорта теңіздік алып империяның құлауына себеп болған зор
күшке айналады. Сансыз жеңістермен даңқы шыққан Рим армиясы IV ғасырда
варварлардан тұратын жалдамалыға айналды. Әскери қазына да енді варварлық
деп атала бастады. Германдықтар армияның және преториандық гвардияның
қолбасшылары болды, өздерінің еріктерімен таққа императорды тағайындады.
Армиялық белгідегі римдік қырандарды варварлық айдаһарлар алмастырды.
Римдіктер енді киім үлгілерінде де варварларға еліктей бастады. Римдіктердің
варварларға көзқарасы екі жақты болды. Түрлі ахуалдарға және саяси ішкі
есептерге байланысты олар өздеріне өтініш жасаған тайпаларды дереу
қабылдап, оларды федераттар ретінде қоныстандырды және бұл жағдайда
олардың өзіндік әдет-ғұрыптары мен салттарын құрметтеді. Мұндай әдістер
арқылы римдіктер варварлардың агрессиялығын басып, оларды солдаттар мен
шаруаларға айналдырды және осының арқасында әскери және жұмысшы
күшінің жетіспеушіліктерін толықтырды.
Сонымен қатар, ішкі сипаттағы бірқатар оқиғалар варварлық
тайпалардың басып енушіліктерінің нәтижелі болуына жағдай жасады.
Солардың ішіндегі ең бастысы, IV – V ғасырларда батыс провинциядағы
жергілікті шонжарлар мен халық бұқарасының антиримдік баскөтерулерінің
жиі көрініс бере бастауы болды.
Варварлық корольдіктердің құрылуы. V ғасырда Батыс Еуропаға
ғұндардың баса-көктеп кіруі. Батыс Рим империясына берілген ауыр соққы V
ғасырдың басында Аларих бастаған вестготтардың тарапынан болды, шығыста
Иллирияны басып алғаннан кейін олар Италияға шапқыншылық бастады.
Италияда қорғанысты ұйымдастыру мақсатымен Британиядан легиондар және
12
рейндік армияның елеулі бөлігі алдырылды. Римдік әскерлердің Италияда
шоғырлануы варварларға римдік периферияға жол ашып берді. Тағдыр
тәлкегіне қалдырылған Британияны көп кешікпей англосакстар жаулап алды.
Бургундар, алемандар, франктер Рейннің сол жағалауына түпкілікті бекінді,
свевтер, вандалдар және аландар Пиренейге дейін жетіп, Испанияға енеді.
Аларихпен соғыс шамамен он жылға созылды. Соғыс барысында қарулы
қақтығыстар бейбіт келіссөздер және бітім шарттарымен алмасып отырды.
Батыс
империяның
жоғары
қолбасшысы
вандал
Стилихонның
басшылығындағы жалдамалы римдік әскерлер Римді өзге варварлық
тайпалардың шабуылынан қорғап, бірнеше рет жеңіске жетті. Бірақ, 408 жылы
антигермандық пиғылдағы сарай шонжарлары тобының бас қолбасшыны
Аларихпен құпия байланыстары бар және империяға сатқындық жасауда,-деп
айып тағып, талап етуімен император Гонорий Стилихонды өлім жазасына
бұйырды. Стилихонның тайдырылуы, билік басына «антигермандық» партия
басшысы Олимпийдің келуі, германдар мен ариандарға қарсы қозғалыс,
көсемдері өлтірілгеннен кейін Стилихон жауынгерлерінің жартысының
Аларихтің жағына шығуы, римдік қызметтегі германдық жалдамалылардың
отбасыларының жойылуы империяның қорғаныс қабілетіне айтарлықтай кері
әсерін тигізді. Дәл сол жылы Аларих вестготтардың жасағымен қайтадан
Италияға басып кірді. Олардың қатарына италияндық құлдар мен колондар
көптеп қосыла бастады. 410 жылы жаздың аяғында 3-ші қоршаудан кейін
Аларих Римді алды, қала қақпасын құлдар ашып береді. Үш күн бойы
вестготтар «мәңгілік қаланы» тонап, талқандайды.
Римді алғаннан кейін вестготтар тоналған олжамен Оңтүстік Италияға
қарай бағыт алды, бірақ Аларих қайтыс болғаннан кейін император
Гонориймен келісімге сәйкес, олар Оңтүстік Галлияға өтеді, кейін 414 жылы
вандалдар мен свевтерден Испанияны тартып алды, осыдан 418 жылы
қоныстану үшін Аквитания провинциясын алып, кейін шегінеді. Мұнда
418
жылы (419 ж.) Рим империясы аумағында тұңғыш варварлық мемлекет –
астанасы Толозада (қазіргі Тулуза) болған Вестгот корольдігі пайда болды.
Вестготтар империя армиясын құрады, ал олардың корольдігі ресми түрде
империяның құрамдас бөлігі болып есептелді. Вестготтардың королі бір
мезгілде жоғары әскери және азаматтық сановник, императордың
бағыныштысы және уәлиі болып табылды. Ал, шын мәнінде ол толық тәуелсіз
болды.
Вестготтар кейін Рим аумағында вандалдардың корольдігі құрылды. ІІІ
ғасырда вандалдар Германияның ішкі аймағынан орта Дунай бойына қоныс
аударды. IV ғасырдың ортасында вандалдар Паннонияға (Венгрия) қоныс
аударды. Ғұндар тарапынан қысым көріп, батысқа қарай жылжыды. V
ғасырдың басында басқа варварлық тайпалармен бірге (свевтер, аландар)
Рейндегі Рим қорғанысын бұзып, Галлияға басып кірді. Одан кейін вандал,
алан, свевтер Испанияға өтті. Олар вестготтармен қақтығысып, 429 жылы
Гибралтар бұғазы арқылы Солтүстік Африкаға өтті. Вандалдарды король
Гейзерих басқарды. Ол Солтүстік Африкадағы Рим уәлиінің бүлігін және
жергілікті тайпа – берберлердің көтерілісін, агонистердің халықтық қозғалысын
13
өз мақсатына шебер пайдалана білді. Ондаған жыл ішінде Солтүстік
Африканың біраз бөлігін (қазіргі Морокко, Алжир, Тунистің батыс бөлігін)
жаулап алды, 439 жылы екінші варварлық мемлекет – Вандал корольдігі
қалыптасты. Астанасы – Карфаген. Осылайша империяның тіршілік көзіне
айналған Солтүстік Африка одан бөлініп кетті. Вандалдар да империяның
федераттары болып есептелді. Вандалдар Рим ақсүйектері мен шіркеу
жерлерін, дүние-мүліктерін тартып алды. Гейзерих Жерорта теңізіндегі
Сицилия, Корсика, Сардиния, Балеар аралдарын басып алды. 455 жылы Римді
басып алып, талқандайды. Көптеген мәдениет, өнер ескерткіштерін жойып
жібереді. 534 жылы Вандал корольдігін Византия басып алып, Солтүстік
Африканы өзіне қосып алады.
V ғасырда Оңтүстік-Шығыс Галлияда Бургундия корольдігі қалыптасты.
Шамамен V ғасырдың басында бургундар Солтүстік Рейнге қоныс аударып,
Вормс облысында (орталығы) өз корольдігін құрды. Кейін бұны ғұндар
талқандады (437 ж.). Бургундтардың қалған бөлігі V ғасырдың 40-жылдары
Рим қолбасшысы Аэцийдің рұқсатымен федераттар ретінде Сабаудияға
орналасты. Кейін бургундар бүкіл Жоғары және Орта Рона жағалауына
орналасып, 457 жылы астанасын Лион етіп жаңа Бургундия корольдігін құрды.
Бургундия корольдігі Рим империясымен байланысын империя құлағанға дейін
сақтап келді. 534 жылы оларды франктер жаулап алды.
V ғасырдың 20-жылдары Рим армиясының көп бөлігін ғұн
жалдамалылары құрады. Олар Галлиядағы франктер, бургундар мен
багаудтерге қарсы қолданылды. Бірақ 451 жылы Аттила бастаған ғұндар
германдық тайпалардың бір бөлігімен одақ құрып, Галлияға басып кірді.
Каталаун жазығындағы шешуші шайқаста олар Римнің соңғы
қолбасшысы Аэцийдің басшылығындағы вестготтар, франктер, бургундардан
жеңіліс тапты. Алайда 454 жылы император ІІІ Валентиниан оның беделінің
өсуінен қауіптеніп, арнайы бұйрық беріп, өлтіртеді.
Оның өлімінен кейін елде анархия жайлайды. Батыс империя тағы
римдіктерде қызметте тұрған герман қолбасшыларының қолындағы
ойыншыққа айналады, ал олар соңғы екі он жылдықта тоғыз басқарушыны
алмастырды. 475 жылы Батыс Рим өкіметі готтардың Галлия мен Испанияны
жаулап алуын мойындауға мәжбүр болды. 476 жылы Одоакр бастаған
жалдамалы-варварлар Италиядағы жердің ⅓ бөлігін беруді талап етіп,
көтеріліске шығады, император Ромул Августулды орнынан алып, Одоакр
Италиядағы германдықтардың королі болып жарияланады. Осылайша 476 жыл
тарихта Батыс Рим империясының құлаған жылы болып есептеледі.
Тайпалардың қоныс аударуы мен варварлық патшалықтардың құрылуы
бұдан кейін де жалғаса берді. Осы жылы вестгот әскерлері Рона арқылы өтіп,
бургундармен қақтығыстан кейін Арль мен Марсельді басып алды. Олардың
қол астына Галлия аумағының бесінші бөлігі қарады. 486 жылы салилік
франктер өздерінің көсемі Хлодвигтің басшылығымен Суассон маңындағы
шайқаста Рим империясының соңғы бөлегі Солтүстік Галлиядағы Сиагрия
мемлекетін талқандады. 493 жылы Одоакрды өлтірген остгот королі Теодорих
Италияның билеушісіне айналды. Яғни, Остгот корольдігі құрылды. Оның
14
құрамына Италия, Солтүстік Дунайға дейінгі аймақтар кірді. V ғасырдың 90-
жылдары вестготтар мен франктер арасында қақтығыс болды. Ол 507 жылы
Тулуза патшалығының құлап, Аквитанияның жаулап алынуымен аяқталды.
Осы кезден бастап Вестгот патшалығының негізгі аумағы олардың испандық
иеліктері болды. 534 жылы франктер Бургунд патшалығын жаулап алады, осы
жылы Византия вандалдар патшалығын жаулап алды. 555 жылы Остгот
патшалығы да осы кейіпке түсті. 568 жылы аварлармен қақтығысқан
лангобардтар Солтүстік Италияға басып кіріп, Лангобард патшалығын құрды.
585 жылы вестготтардың соққысынан Свевтер патшалығы құлады.
Егер, варварлық мемлекеттердің тарихына зер сала қарайтын болсақ,
тарих сахнасына көтеріліп, жаңа құрылған мемлекеттің келесі бір тайпаның
соққысынан құлап, орнын өзге құрылымға беріп, жойылып кетіп жатырғанын
айқындауымызға болады.
Рим империясының құлауының нәтижесінде пайда болған варварлық
мемлекеттердің жалпы табиғаты күні бүгінге дейін тарих ғылымындағы өткір
мәселелердің бірі болып келеді.
1.
варварлардың Батыс Рим империясын жеңуінің және оның аумағында
бірнеше мемлекеттердің құрылуының себебі неде?
2.
бұл мемлекеттердің әлеуметтік сипаты мен мәні қандай болды?
Варварлардың әскери табысын римдіктерден көптігі немесе қоғамдық
дамуының жоғарылығынан қарастыруға болмайды. Керісінше, Галлия,
Испания, Италия және Солтүстік Африкада өз үстемдігін орнатқан
германдықтар берілген елдердің халқының санаулы пайызын ғана құрады.
Материалдық және рухани мәдениеттің даму дәрежесі де төмен болды. Тек
қару-жарағы бойынша ғана римдіктерден көп жағдайда жоғары болды.
Олардың әскері ру-тайпалық бірлестіктер негізінде құралып, ішкі беріктігімен
ерекшеленді. Бірақ варварлардың әскери жеңісіне бұлардың барлығы да
септігін тигізбеген болар еді, егер кейінгі рим қоғамының өз ішіндегі
құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы болмаса.
Көптеген тарихшыларға бұл авторлардың жұмбаққа толы ой-
қорытуларын жете зерттеуге тура келді. Цезарь мен Тациттің айтқандарының
барлығын дұрысқа шығару көп күмән келтірді. Кей тарихшылар Цезарь тек
Галлияда қоныстанған свевтер мен германдықтар туралы ғана деректерді білді
десе, келесі біреулері Цезарьдың Рим республикасы үшін жазғаны ғана назар
аударды.
Ежелгі заманда германдықтардың қоныстанған жерінің басты орталығы
Скандинавияның оңтүстігі, қазіргі заманғы Дания аумағы болды. Тайпаның
құрлықтың түкпіріне қарай және шығыс теңіз жағалауы аудандарында
қоныстануы өте ерте басталды. Б.э. алғашқы ғасырларында германдықтар
интенсивті миграция кезеңіне ұшырады. Батыс пен оңтүстікте бұл қозғалыс
германдықтарды кельт және римдіктермен қақтығыстырды. Римдіктердің
германдықтармен алғашқы таныстығы б.э.д. 100 жылдықтың шамасында
болды. Бұл кезде кемврлер мен тевтон тайпалары қоныстанатын жер талап етіп,
Галлия мен Италияның солтүстігін жаулап алған болатын. Алайда, Марий
әскерлері талқандайды. Б.э.д. 72 жылы Галлияның аумағына Ариовис бастаған
15
свевтердің отряды баса-көктеп кірді. 61 жылы олар галл тайпаларына шешуші
соққы берді. Рим сенаты б.э.д. 59 жылы Ариовиске «германдықтардың
билеушісі» деген титул беріп және оны рим халқының досы деп жариялап,
онымен уақытша бітімге келуді ойластырды. Бірақ, көп кешікпей соғыс қайта
жанданды. Свевтердің негізгі күштері Цезарь әскерін талқандап, қалғандарын
Рейнгі қарай қайтадан тықсырды. Осы кезден бастап римдіктер мен
германдықтардың арасында тұрақты қарым-қатынас орнады. Римдіктер
бірнеше рет Рейн үшін әскери қимылдар жасауға күш салды. Алайда
херускілердің көсемі Арминияның Вар бастаған армиясының б.э. ІХ ғасырында
берген соққысы бұл әрекеттерге түпкілікті тойтарыс берді. І ғасырдың 80-
жылдарында Рим провинциялары мен германдықтардың бос жерлері
арасындағы шекара түпкілікті анықталды. Ол Рейн арқылы өтті. Дунайға
дейінгі шекарасы 500 км. Рейндік шекарада германдықтарды 100 мыңдық Рим
армиясы тойтарып тұрды. Шекараның римдіктер жағында екі жаңа провинция
құрылды. Олар Төменгі және Жоғарғы Германия. Онда кельттер мен
германдықтар қатар тұрды. Шекараның екі жағындағы көптеген тайпалар
делдалдық саудамен айналысты. Рим легиондары лагерьлерінің айналасында
жаңа қалалар бой көтерді: Майнц, Кельн, Страсбург, Вормс, Шлейер, Трир,
Аугсбург, Регенсбург. Жекелеген герман тайпалары римдіктермен одақ құрды.
Қақтығыстардан қолға түскен германдықтар құлға айналдырылды. Бейбіт
тұрмыстағы 1,5 ғасырдан астам уақыт ішіндегі сауда айырбастау мен қарым-
қатынастар империя шекарасындағы тайпалар үшін текке кеткен жоқ. Осы
уақыт ішінде герман қоғамының өмірінде маңызды ілгері басушылықтар
болды: жер шаруашылығы және жерге жеке меншік дамыды, халықтың
тығыздығы күрт өсті. Ірі тайпа одақтарының нақтыланған қалыптасу жолдары
түп-деректердің жеткіліксіздігінен бізге белгісіз. Бірақ, тайпа одақтары
теориялық тұрғыда ұсақ туыстық құрылымдардың негізінде құрылғандығы
белгілі еді.
Осыған орай әр одақ өзіндік қасиеттерімен ерекшеленді (салт-дәстүр,
аумағы). Кейде тайпа одақтарын тек этникалық жақындық ғана емес, сонымен
қатар, алыс тайпалар да құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |