Қамиева Г. Б. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы АҚтау 2019


  Бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата08.02.2023
өлшемі1,41 Mb.
#167869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019

 



Бақылау сұрақтары: 
1.
Феодалдық 
қоғамның 
құлиеленушілік 
қоғамнан 
қандай 
айырмашылықтары бар?
 
2.
Орта ғасырлар кезеңінде алдыңға кезеңдермен салыстырғанда қандай 
елеулі өзгерістер байқалды?
 
3.
Дүние жүзі елдерінің феодализмге өту үрдісінде қандай ерекшеліктері 
бар?
 
4.
Орта ғасырлар мен жаңа заманның аралығындағы хронологиялық 
шекара ретінде қандай оқиғаларды атауға болады? 
§ 2. 
Рим империясындағы дағдарыс 
 
Батыс Рим империясындағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс және 
оның себептері. V ғасырдың ортасында Батыс Еуропаның елеулі бөлігі Рим 
империясының құрамында болды. Империяның қоластына қазіргі Италия, 
Испания, Португалия, Франция, Бельгия, Англия, Оңтүстік Шотландия, 
Оңтүстік Голландия, Швейцария, Германияның оңтүстік-батысы, Оңтүстік 
Австрия аумақтары қарады. 
Рим империясының билеуінде бұл аумақтар Балқан провинциясымен, 
сонымен қатар Кіші Азия, Сирия, Египет, Солтүстік Африкамен 
жалғастырылды. Ұлан-байтақ империяның батыстағы шекарасында Атлант 
мұхиты, солтүстігінде – Рейн және Дунай, шығысында – Ефрат, оңтүстігінде – 
Африканың шөл далалары ұштасып жатты. Империя аумағының формальды 
түрде сақталуына қарамастан, IV ғасырдың аяғына таман оның шығыс және 
батыс бөлігінде түпкілікті саяси бөлшектену үрдісі басталып, ақыры 395 жылы 
екіге бөлініп тынды. Ал, V ғасырда герман тайпаларының жаппай 
басқыншылығы нәтижесінде Батыс империя өзінің өмір сүруін тоқтатты. 
Заманымыздың І – ІІ ғасырларында өзінің гүлдену шегіне жеткен Рим 
империясы ІІ ғасырдың аяғында-ақ құлдыраудың алғашқы белгілеріне килікті, 
ал ІІІ ғасырдың ортасында экономикадағы, басқарудағы, рухани өмірдегі 
жағымсыз құбылыстар ортақ дағдарыстарға ұласты. Оқшаулану тенденциялары 
күшейіп, провинциялар арасындағы шаруашылық байланыстар үзілді, сауда 
мен ақшалай айырбастар қысқарып, қалалар құлдырай бастады, өнім шығару 
төмендеп, көптеген жерлер жыртусыз қалды. Құлдардың еңбегіндегі 
шаруашылықтың бір бөлігі қайыршылыққа ұшырады. Латифундиялардың 
басқару жүйесі мен құрылысында (латифундия – бай жер иеленушілердің ірі 
иеліктері) ірі өзгерістер басталды.
Күн санап шиеленісе түскен дағдарыстар орталық өкіметтің материалдық 
негізін бұзып, халыққа салынатын салықтың мөлшерін өсіруге алып келді. 
Рим мемлекетінің экономикалық және саяси жағдайының әр түрлі 
өзгерістері нәтижесінде құлдар еңбегіне негізделген шаруашылықтар 
рентабельді болудан қалды. Бұл тікелей өнім өндірушілерді қанау әдістерін 
өзгертуді талап ете бастады. Құлдарды біртіндеп жерге отырықшыландыра 
бастады. Оларға жер учаскелері мен шаруашылықты жүргізуге қажетті құрал-



сайман берілді. Ол үшін өнімнің бір бөлігін жер иесінің өзі алды. Жерге 
отырықшыландырылған құлдар жағдайы екі түрлі болды: 
1.
шаруалар тәрізді өз шаруашылықтарын жүргізді, жеке меншік құрал-
саймандардың болуы құлдың еңбегінің ынталандырылуын арттырды; 
2.
жерге отырықшыландырылған құлдар жағдайы берік болмады, себебі, 
құлға да, мүлкіне де иесі қожалық етті. 
Бостандыққа жіберілген құлдар саны өсті. Бостандық алушылардың 
көбеюіне шаруашылықтың құл иеленушілік жүйесінің дағдарысы да әсер етті. 
Рим империясы экономикалық дамуының соңғы кезеңінде колондардың 
(колон – латынның егінші деген сөзінен шыққан; өнімді тікелей өндіруші мен 
ірі жер иеленуіші арасындағы өндірістік өзара қатынастың ерекше түрі. Ол Рим 
империясында кең тараған) маңызы зор болды. Империяның алғашқы 
ғасырларында колондар ірі және орташа жер иеленушілердің ұсақ жер 
алушылары болып, заттай алым төлеп келді, кейде олардың пайдасына басқа да 
қызметтерді атқарды, солай болса да колондар толық құқылы ерікті адамдар 
болып саналды.
Империяның соңғы дәуірінде колондардың саны өсті. Олардың қатары 
күйзеліске ұшыраған шаруалар, ұсақ және орта жер иеленушілері, бұрын 
құлдыққа түскен варварлармен толықты. 
IV 
ғасыр – V ғасырдың соңында колондар еріктілер (либерлер) және 
жалдамалылар (адскриптицийлар) деп екіге бөлінді. Біріншілері, жеке және 
мүліктік құқықтарға ие болды; олардың иелігіндегі мүліктері қожайынның 
меншігі болып есептелмеді. Ал, екіншілері «жердің құлы» (бірақ қожайынның 
құлы емес) ретінде қаралды, олардың ұстауындағы жерлері пекулий болып 
танылды және жер иесіне тиесілі болды. Екеуі де қожайынына әртүрлі 
міндеткерліктер өтеді, уақыт өте келе біртіндеп бұл колондардың арасындағы 
айырмашылық жойыла бастады.
Құлдар, азат етілгендер, колондармен бірге егіншілікпен айналысатын 
қаналушы халықтың құрамына – ірі жер иеленушілерден әртүрлі шарттармен 
жер алушылар – ұсақ прекаристтер (латынның сөзі, белгілі шаруашылық 
қызмет атқарғаны үшін жер иесінің шаруаға (прекарист) бөліп берген жер 
телімі прекарий деп аталды) де жатты. Олар өздеріне пайдалануға берілген 
жерді иесіне тиімді болғанға дейін пайдалана алды. Империяның соңғы 
дәуірінде прекарист ұзақ мерзімге басыбайлы болды, ал ұсақ прекаристтер 
өздерінің жағдайы бойынша біртіндеп колондарға жақындады. 
Рим империясының соңғы дәуіріндегі ірі жер иеленушілердің өсуі ұсақ 
жер иеленушілерді ғана емес, орташа жер иеленушілерді де кіріптарлыққа 
түсірді. Алайда ірі жер иеленушілер оларды толық ығыстыра алмады.
Ұсақ және орташа жер иеленушілер Галлияның Солтүстік-Шығысында, 
Британияда, Дунай жағалауындағы провинцияларда, Солтүстік Африкада 
(Нумидия, Мавритания) біраз сақталып қалды.
Бірақ империяның батыс провинциясында құрылысы өзгерген ірі, көбіне 
сенаторлық жер иелері үстемдік етті. III – V ғасырларда латифундияның орнын 
ұсақ жер телімдеріне бөлшектелген парцеллалар басты. Парцеллалар қатарына: 
құлдар, азат етілгендер, колондар, прекариесттер жатты. 



Рим империясының соңғы дәуірінде аграрлық құрылыста жерге иелік 
етудің эмфитевзис (эмфитевтер – қазына мен шіркеудің ірі имениелерінен 
жалға жер алушылар) деп аталатын нысаны кең тарады. Оның мәні: эмфитевтер 
өздеріне берілген құқығын пайдалана отырып, жер иелеріне жыл сайын 
белгіленген төлемдерін өтеуге және шаруашылықты жақсы жүргізуге міндетті 
болды. Эмфитевтер алған жерлерін жалға бере алды, мұрагерлікке алуға, сатуға 
да құқылы болды. Ал, жердің нақты иесінің иелікті кері сатып алуына немесе 
сатылған құннан белгілі мөлшерде пайыз алуға ғана құқығы болды. Эмфитев 
тиісті төлемді үш жылда өтей алмаса, өзі өлгенде артында мұрагері қалмаса, 
иелік ету мерзімі өтіп кетсе (егер мерзім алдын-ала белгілен болса), жерді иесі 
қайтарып алатын болды.
ІІІ – V ғасырлардағы Рим империясындағы қоғамдық және мемлекеттік 
құрылыстағы өзгерістер.
 
Жеке меншік қатынастардың ауытқуында бір 
азаматтардың өзін екіншісінің (әрдайым ерікті түрде емес) қамқорлығына беру 
(неғұрлым ауқатты және беделді тұлғалардың) немесе патронат (патроциния) 
деп аталатын ежелгі институттардың бірінің қайта жандануы маңызды роль 
атқарды. Мұндай акт коммендация деп аталды. III – V ғасырларда 
патроциниялар шын мәнінде, ұсақ және орта жер иеленушілердің ірі жер 
иеленушілерге жеке басының тәуелділігі болды. Жеке басының бостандығы 
және азаматтың толық құқығының құнымен бірқатар мемлекеттік және 
муниципиалдық міндеткерліктерден құтылу үшін, өкімет пен неғұрлым күшті 
көршілердің қысымынан қорғау үшін патронатқа түскен адам қалай болғанда да 
жерге жеке меншік құқығынан айырылып, оның ұстаушысына айналды. 
Латифундияларда жеке меншіктік режимнің пайда болуы патронаттың 
орнатылуының нәтижесі болды. Императорлар нәтижесіз болса да, патронатпен 
күрес жүргізіп отырды. 
Доминат дәуірінде Рим империясының мемлекеттік құрылысы 
айтарлықтай өзгеріске түсті. Олар жоғарыда айтылған экономикалық 
өзгерістерге және елеулі әлеуметтік ілгерілеушіліктерге байланысты болды. ІІ 
ғасыр – ІІІ ғасырдың басында мынадай жаңа сословиелік бөліністер пайда 
болды: 
«лайықтылар», 
«құрметтілер» 
және 
«бағындырылғандар», 
«төмендетілгендер». 
Құлиеленушілік құрылыстағы дағдарыс Рим қоғамының саяси және 
идеологиялық дамуына да әсерін тигізді. Ел ішіндегі тап қайшылықтарының 
шиеленісуі, провинцияларда қайшылықты ағымдардың өсуі, империя 
шекарасына сыртқы жаулардың шабуылдарының күшеюі Рим мемлекетін 
әлсіретті. Мемлекеттік басқару көбіне император мен ол тағайындаған 
чиновниктерге көше бастады. Императордың өкімет билігі шексіз болды. 
Сенаттың маңызы біржола жойылды. Әскери-әміршіл аппарат күшейді. 
Қалалар бұрынғы автономиясынан айырылды.
Күрделі әміршілдік аппаратты ұстау мемлекеттің халыққа салатын 
салығын күшейтті. Қалалардағы қолөнершілер өз кәсіптеріне бекітілді. Олар 
белгілі мөлшерде мемлекет пайдасына алым төлеп тұруға тиісті болды. Алайда 
империяның әміршілдік аппаратын нығайтуға бағытталған бұл шараларының 
барлығы құлиеленушілік мемлекеттің біртіндеп күйреуіне және феодалдық 



қатынас элементтерінің қалыптасуына кедергі келтіре алмады. Құлиеленушілік 
құрылыстың дағдарысы жағдайында Рим империясы өзінің аумақтық 
тұрғыдағы тұтастығын сақтап қала алмады. 
Батыс және Шығыс провинцияларының экономикалық, саяси, мәдени 
оқшаулануына байланысты 395 жылы Рим империясы екіге бөлінді: 
1.
Батыс Рим империясы құрамында: Италия, Галлия, Британия, Испания, 
Дунай жағалауындағы провинциялар (Иллирия, Паннония), Солтүстік Африка 
қалды. 
2.
Шығыс Рим империясы құрамында: Балқан түбегі, Кіші Азия, Египет, 
т.б. Шығыс провинциялар болды. Ол Византия деп аталды. 
Шынайы билік императорлар кеңесінің қолына шоғырланды. Ол қасиетті 
консистория деп аталды. Бұдан былай император принцепс емес (тең 
дәрежедегілердің арасында бірінші, адамның ең жақсысы, жоғары магистрант) 
доминусқа айналды (қожайын, құдірет иесі, барлық жағынан заңнан жоғары 
тұрды). ІІІ ғасырдың аяғында империяның ескі әкімшілік құрылымы – дәстүрлі 
императорлық және сенаторлық провинцияларға бөліну, императордың жеке 
иеліктері (Египет осылай есептелді), одақтастық қауымдар, әртүрлі статустағы 
отарлар жойылды. Диоклетианның ойлап шығарған тетрархиясы, яғни 
мемлекетті екі «Августтардың» және олардың екі кіші әріптестері және 
мұрагарлері «цезарьлармен» бірлесіп басқару өзін-өзі ақтамады, бірақ, 
әкімшілік қатынаста империяның төрт бөлікті бөлінісі сақталып қалды. 395 
жылдан бастап Батыс пен Шығыс өздерінің жеке бөлек басқармаларын иеленді. 
Сонымен қатар империяның әр бөлігі (Батыс-Шығыс) екі префектураға, олар өз 
кезегінде – диоцездерге (жалпы саны 12), ал соңғылары азды-кем тең көлемдегі 
провинцияларға бөлінді; соңғыларының саны Диоклетианның кезінде күрт өсіп 
кетті және 101-ге жетті. Провинция уәлилері енді ректорлар деп аталатын 
болды және олар да көп санды шенеуніктерімен тұрақты резиденцияларда 
орналасты. Олардың басты міндеттері салық жинау және жоғары заңдық 
тұрғыдағы кеңес беру болды; әскери қызметтер біртіндеп арнайы 
тағайындалған әскери қолбасшыларға өте бастады. Олар жоғары тұрған әскери 
инстанцияларға ғана бағынды.
Орта ғасырларда магнаттарға өздерінің колондарынан белгілі бір санды 
әскер қатарына адам беру – рекрутчина міндеттелді – варварларды жалдауы 
тиіс болды (жекелеген адамдар немесе тұтас құрамалар), сонымен қатар 
шекараны қорғау федераттар құқығында қоныстанған варварлық тайпаларға 
жүктелді. Алдағы уақытта, осы тәжірибе империяның құлдырауының тікелей 
себептерінің біріне айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет