Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы Дүние жүзінде дақылдардың едәуір шығынын тудыратын зиянкестер мен
аурулармен күресу құралдарын қолдану топырақтың химиялық деградациясына өз үлесін
қосады.
Пестицидтер - зиянкестермен күресу үшін сонымен қатар жәндіктерге қарсы
қолданылатын барлық химиялық заттардың жалпы атауы. Арамшөптермен күресу үшін
гербицидтер, саңырауқұлақтарға қарсы фунгицидтер, ал кеміргіштерге қарсы роденцидтер
қолданылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағалауы бойынша
әлемде пестицидтерді қолданудан жыл сайын 20000 адам қайтыс болады және 1 миллионға
жуық адам уланып, денсаулыққа айтарлықтай зардаптар әкеледі.
Көптеген зерттеулер пестицидтер жүктемесінің кез-келген өсуі патологияның алуан
түрінің таралу жиілігін жоғарылатып, адам ағзасына тікелей зақым келтіру арқылы ғана
емес, сонымен қатар аурудың басталуымен (әсіресе балаларда) аурушаңдықтың
жоғарылауына алып келетіндігін көрсетеді, сонымен қатар иммундық жүйе, өсуді, дамуды
және метаболизмді бұзады. Егер әлемде пестицидтерді қолдану көбейсе, онда сәйкесінше
аурушаңдық пен өлімнің өсуін күтуге болады. Пестицидтерден көп зардап шегетін
жануарлар тобы: омыртқасыздар, балықтар, құстар, сүтқоректілер, микроорганизмдер. Ішкі
су айдындары пестицидтермен және олардың ыдырау өнімдерімен ластанған.
Топырақтың тұздануы көбінесе суғарумен байланысты. Суғару жоғары және
тұрақты өнім болуын қамтамасыз ету үшін ұзақ уақыт бойы қолданылған. Суармалы
егіншілік ежелгі өркениеттерден бастау алады. Алайда, жер суғарудың шынайы кеңеюі 20
ғасырда, әлемде суармалы жердің ауданы 5-6 есе өскен кезде болды.
Суармалы жерлерде ең қарқынды өсу 1950-1960 жылдары болды, бірақ кейін ол
бәсеңдеді, ал кейбір елдерде, мысалы, АҚШ-та оның теріс әсері болды. 20 ғасырда әлемдегі
суармалы жерлердің көбеюі халықтың өсуінен асып түсті және осылайша азық-түлік
проблемасын шешудің маңызды факторына айналды.
Топырақтың физикалық деградациясы ауылшаруашылық
машиналарын
қолданылумен тығыз байланысты. Ол машиналар технологиялық интенсивті ауыл
шаруашылығында кеңінен қолданылды. Жалпы алғанда, әлемде ауылшаруашылық
өндірісінд, комбайндарды, соқаларды, тұқым сепкіштерді және т.с.с.қоспағанда 30
миллионнан астам трактор қолданылады. Бұл машиналардың барлығы дерлік өте ауыр.
Кейбір ауылшаруашылық машиналары асфальт төселген жолдардағы шекті жүктемеден
асып кетеді. Осындай ауыр техниканы қолдану нәтижесінде топырақтың тығыздалуы пайда
болады, олардың құрылымы бұзылады, кеуектілігі төмендейді, өсімдік тамырларының
дамуы шектеледі және осылайша топырақтың құнарлылығы төмендейді.
Қазіргі замандағы жер ресурстарының сапасына әсер ететін ең жылдам
процестерінің бірі - шөлге айналу, бұл құлдырауға және ең төтенше жағдайларда Жердің
биологиялық әлеуетінің толығымен бұзылуына әкеледі, яғни табиғи шөлге ұқсас жағдай
жасайды. ХХ ғасырдың соңына қарай адам қызметінің нәтижесінде 9 млн км
2
-ден астам
шөлдер пайда болды және оларды кеңейту процесі барлық жер көлемінің 43% қамтып
үлгерді. Бұл процесстен әлем халқының 1/6 бөлігі зардап шегеді.
Ғылыми негізделмеген әдістер мен табиғатқа үйлесімді пайдалану жолдарын дұрыс
қолданбау әсерінен топырақ тозуы мен құнарлықтың төмендеуі болып отыр. Ол үшін жерді
баптаудың экологиялық шараларын енгізу, экологиялық-экономикалық механизмдерді
жетілдіру керек. Экономикасы жақсы дамыған елдер: АҚШ, Англия, Жапония сияқты
елдердің жер құнарлығын арттыру жөніндегі тәжірибелерін кеңінен ауылшаруашылығына
қолдану керек.