Қорғасын-мырыш (полиметалл)
кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен
Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық
кәсіпорындар
Лениногорскіде,Зыряновскіде,
Өскеменде,
Текеліде,
Шымкентте,
Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді. Полиметалл кендерінің құрамында
қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш
болады. Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кедері Қарағанды және Жезқазған
облыстарыында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары
Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана-Ақжол
іске қосылған. Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары
бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен
орындары барланып, іске қосылған. Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары
табылған.
Алтын
мен
күміс
ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде өндіріліп келген.
Солтүстік- Ақсу, Майқайық, Жусалы, Жаңғабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары.
Шығыста- Қалбы алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу
және Іле тауларында табылған. Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа
айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10-нан 100-120 тоннаға дейін
арттыруға болады.
Сирек металлдар
Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Вольфрам
мен
молибденнің
өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Батыстау және т.б.),
Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен
орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ) және Қаратаудың ванадийлі кен орындарында әр
түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий
кендері Қалба мен Мұғалжарда
таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті
шөгінділерінен табылған
Цирконий
Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай
ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут
қорғасынды, мырыш және
мыс кендерінде кездеседі . Сурьманың бірден бір кен
орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан.
Сынап
Шара ауданында, Шу, Іле және
Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың
негізгі қоры алтын кен орындарында
орналасқан.
Кадмий
Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры
қорғасынды-мырышты, мысты-мырышты кен орындарында орналасқан. Кадмийді
мырышты концентраттардан өндіреді.
Галий
Амангелді мен Торғай бокситінде, Алтайдың
|