Кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет39/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
және цинк бойынша екінші, марганец және молибден- үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, 
алтын- алтыншы,темір кені- жетінші, қалайы мен никель-сегізінші, көмір мен табиғи газ –
тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік 
қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі 
орналасқан. Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. 
тоннадан астам. Көмір бассейіндерінде Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, 
Теңіз-Қорғалжын, Шу; Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік Балқаш) және Орал-Каспий 
(Жайық-Жем) жатады. Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі 
елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, 
газ бен газды конденсат – 15-ші, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған 
әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам 
мұнай мен газ кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат – шамамен 
700млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырғанмұнай ресурстары шамамен 13 
млрд. тонна. Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы 
ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай 
өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ 
кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды. Арал маңында да мұнай 
мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. 
тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, 
Зайсан-Алакөл провинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары 
барланған. 
Темір 
кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай теміркен 
бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар, 
Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа 
ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш 
ретінде пайдаланылады. Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен 
орындары мен металл іздері табылған. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна 
және марганецті кендер-80 млн.тоннаны құрайды. Ұлытаудағы Қарсақпай темір кен 
орындарында 500 млн. тонна темір кені бар. Шағын теміркен орындары Кеңтөбеде 
(Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) 
және т.б. жерлерде табылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет