Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет38/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108
табиғи элементтермен
(алтын, платина және 
платиноидтар, күміс, мыс, висмут) және 
олардың металларалық қосылыстарымен
: ауыр 
металл оксидтері (магнетит, гематит, касситерит, вольфрамит, танталит-колумбит және 
т.б.); сульфидтер (молибденит, галенит, сфалерит, кинабар), сонымен қатар кейбір басқа 
минералдар түрінде беріледі. 
Металл емес кендер
құрамында силикаттар, алюмосиликаттар, карбонаттар және 
басқа тұздар (әктас, доломит, гипс, галит, слюда, каолин және т.б.) басым жыныстардан, 
сирек табиғи элементтерден (графит, алмас, күкірт) немесе органикалық қосылыстар 
(битум, көмір, тақтатас), сондай-ақ кейбір басқа минералдар мен жыныстар түрінде 
жинақталған. 
Құрамында пайдалы компоненті жоқ, бірақ руда құрамына кіретін минералды 
ілеспе 
металл емес минералдар
деп атайды. Бұл минералдарда кварц, хлорит, дала шпаттары 
және басқалары басым. 
Адамзат қоғамының минералды шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі 
мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Бұл олардың 
уақыт өте келе қорларының толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
3. Қазақстанның қазба байлықтары
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздаған елдердің бірі. 
Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың Қазақстанда 39-ы алынады. 
Салыстырмалы түрде алсақ жоғары көрсеткіштер тек Ресейде –49, Қытайда–45, 
Австралия және АҚШ–42, Бразилия-41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. 
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлем елдерінің бірінші он
дығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хромит, қорғасын, мырыш, мыс, 
уран
және
сирек
кездесетін
металдар
т.б. 
табылған. 
Осы 
пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде 
литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына мұнай, табиғи газ концентраттарын 
өндіру ықпал етеді. Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, 
олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай – газ конденсаты, 6 мұнай – 
газ,
11 
газ
конденсаты
және
12
газ
кен
орындары
ашылған. 
Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 
трлн. текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс 
Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% 
өндіріледі. Бұл аймақ Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және 
экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тас көмір мен қоңыр көмір 
өндірудің де экологиялық салдары бар. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына 
жағымсыз әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі 
кен орындарын атап өтейік. Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш 
мыс рудаларын, алтын, фосфориттер, құрылыс тастары мен минералды шикізат 
ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген 
рудниктер және карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.
Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафттар табиғатының литогенді 
ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді. Табиғат 
ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл 
олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты. 
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің 
ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет