ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы айқындалатын уәкілетті орган белгілейді. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi
мемлекеттiк ақпараттық pecуpc болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының
мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық,
жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен
іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке
алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр
карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде,
жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен
қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде , сондай-ақ жердiң
бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды
жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер
учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн
негiз болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерiн есепке алу мен оларды
сақтау бiрлiгi тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы
қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi болып табылады. Жерге меншiк
нысанына, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат
етiлген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер
учаскелерi мемлекеттiк кадастрлық есепке алуға жатады.
(155-бап). Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу. Қазақстан
Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру
мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудiң
бiрлiгi есептiк кварталдар болып табылады. Әрбір жер учаскесіне орналасқан жерін
анықтау ( сәйкестендіру) мақсатында кадастрлық нөмірлер беріледі. Кейiннен құқық
кадастрында пайдаланылатын есептiк кварталдардың шекарасы сәулет және қала
құрылысы органдарымен, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
органдарымен келiсiм бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың уәкілетті органдары айқындайды және тиiстi жергілікті атқарушы органдар
бекiтедi. Шоқ ормандар алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне
есептік орамға кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады
және беріледі. Электр берудің бір әуе желісінің тіректері алып жатқан есептік орам
шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне бір кадастрлық нөмір беріле отырып, бір
сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі. Жер учаскелерiнiң кадастрлық
нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар
қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн
кодтардың тiзбесiн орталық уәкілетті орган белгiлейдi.
(156-бап) Жер-кадастр құжаттамасы Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың
барлық деңгейлерiнде: базалық, мезгiл-мезгiл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын
құжаттаманы қамтиды. Базалық жер-кадастр құжаттамасына: 1) жер-кадастр iстерi; 2) жер-
кадастр кiтабы; 3) жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмi; 4) жер-кадастр карталары жатады.
Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ
оны жүргiзу тәртiбiн орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
( 157-бап.) Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi. Мемлекеттiк жер кадастры
қағазға түсiрiлiп жүргiзiледi және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың
электрондық жүйелерiн пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттiк жер кадастрын
жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.