Кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет87/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Топырақтың ағымдағы немесе ықтимал өнімділігіне байланысты 5 жер класы 
анықталады. Жерге жарамдылық кластары топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін 
бағалау негізінде топтастырылған. 
Жерге жарамдылық кластары топырақтың жалпы өнімділігіне белгінің әсеріне 
байланысты 100 баллдық шкала бойынша белгілі бір ұпай санымен бағаланады. 
Осылайша, қазіргі заманғы өнімділікке сәйкес келесі жер кластары ажыратылады 
I - өте жоғары өнімділік (65-100 балл); 
II - жоғары өнімділік (35-64 балл);
III - орташа өнімділік (20-34 балл);
IV - төмен өнімділік (8-19 баллов);
V – өте төмен өнімділік (0- 7 балл).
Бұл классификация мелиоративті іс-шаралар нәтижесінде өнімділікті арттыру 
мүмкіндігін қарастырады. 
3. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi
1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының 
бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының 
табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу 
мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары 
мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе 
ретiнде құрылады және жүргiзiледi. 
Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары Экологиялық Кодексте және Қазақстан 
Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи 
ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген 
жиынтығы болып табылады. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су, орман, 
топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын өсімдіктер мен жануарлар дүниесi 
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi болып табылады. Кадастрлардың бiрыңғай 
жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-
күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi 
түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен 
бiрлесiп жүргiзедi. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары жүйесiнде 
географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiле отырып, әрбiр есепке 
алынған кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы цифрлы түрдегi құжаттамалық 
мәлiметтер қамтылады. 
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi: 
1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы; 
2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 
3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет