Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет125/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

ата буын, аға буын,
орта буын, жас буын 
арасын жалғастырушы 
ата
буын 
тұтастай оталып, жойылып кетті де, дәстүрлі 
жалғастық үзіліске ұшырады.
Біздің ұлттық қасіретіміз дәл осы мәселеден бас- 
талатынын сезгендей, Бауыржан Момышұлы ¥лы 
Отан соғысы кезінде «У нас есть последственная пе 
реемственность всего благородного от поколения 
к поколению. Именно в этом достойнство наше- 
го народа. Именно в этом суть нашего прогрессив- 
ного мышления и стремления к идеалам» (Б. Мо- 
мышұлының үй мұрағатынан), - деп қадай көрсетуі- 
нен біздің қасіретті жағдайға ұшыраған бейшара- 
лық халімізге көзіміз жете түседі. Б. Момышұлының 
Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Н. Оңдасынов, I. Ома- 
ров т.б. қазақ зиялы ларына майданнан жазған 
хаттарында да осы ойлары ны ң идеялық желісі 
жалғасын тауып жататыны бар. Отаны үшін от кеш- 
кен Б. М омыш ұлының осы ой-танымдық ерлігін 
бағалаудың орнына ол туралы «ұлтшыл, современ- 
ный Бөкейханов» деген жалалы пікірдің етек алғаны 
аға ұрпақтың есінде.
Алты нш ы дан, 
Голощекиннің екінші көтерген 
мәселесі - қазақ әліппесін тағы да ауыстырып, 
келешек жастарды ез халқының тарихи жадынан 
мақрұм қалдырып, мәңгүрттендіру арманы ашық 
айтылып отыр. Бұл мәселенің тарихи төркіні де 
патшалық замандағы орыс миссионерлеріне барып 
тіреледі. Мысалы, атақты миссионер ғалым, профес- 
сор Ильминский үкіметтің ресми хабарлары жария-


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
235
ланатын «Дала уалаяты» газетінде венгер ғалымы 
Вамберидің қазақтардың арғы ата-бабалары -
ғұндардың тарихынан мағлүмат бергенде, зәресі 
ұшып, бірден обер-прокурорға арыз жазып, ресми 
газеттің езін жаптырып тастауы - осының айғағы. 
Профессордың қаупі қазақтар өткен тарихын білсе, 
ұлттық санасы оянып кетуінен зәресі зәр түбіне 
түсе қорқуында жатыр. Сөйтіп Сталин мен Голо- 
щекин қаласын-қаламасын орыс миссионерлерінің 
дәстүрін жалғастырушы рухани мұрагерлер болып 
шыға келді. Неге бұлай? Мәселенің бәрі де осы 
ой-танымнан таралып, өріс алуында жатыр. Оларға 
ешкім де жала жауып отырған жоқ, шындықтың өзі 
осылай болса не дерсің?
Қазақтың жазу әліппесін өзгерту сырына мен 
аспирантурада оқып жүрген кезімде мән бере баста- 
дым. Өйткені ғылыми жетекшім академик Қажым 
Ж ұмалиев менің кандидатты қ диссертациямны ң 
тақырыбын «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының 
зерттелу жайы» (1889-1961 жж.) деп анықтаған 
еді. Бұл тақырыпқа қажетті дерек көздері арабтың 
қадимше, тете жазу таңбасы мен 1930 жылдан бастап 
латын жазу таңбасымен жазылған әдебиеттерде 
жататын. Араб, латын жазу таңбасын білмейінше, 
дерек кездеріне кіру мүмкін емес. Лаж жоқтықтан 
ол жазу таңбаларын өз бетіммен үйрене бастадым. 
Үйрене жүріп ой келді. «Бұл жазу таңбалары не 
себепті өзгерді, кімдер өзгертті, қандай мақсатпен 
езгертілді?» деген сұрақ ойымнан кетпеді. Іздене 
бастадым, іздену үстінде шындыққа шала-пұла 
болса да көзім жете түсті. Көзім жеткен сайын менің 
халқымды қорлаған қаскөй саяси айла-тәсілдердің


236


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет