Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


таза қазақ, шала қазақ, ада қазақ



Pdf көрінісі
бет122/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

таза қазақ,
шала қазақ, ада қазақ 
болып бөліну үдерісі қызу 
жүріп жатты. «Қазақстан - жүз ұлтты планета», 
«халы қтар 
досты ғы ны ң 
лабораториясы » 
деп 
даңғазаланып жатты. Шынында да, қазақ жері 130 
ұлттың екінші Отанына айналды. Осыдан келіп 
Қазақстан 
көп ұлтты республика 
деген ұғымды


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
кеңестік идеология термин есебінде санамызға 
сіңірді. Шындығында, мәселеосылай ма? Маңайдағы 
шегаралас елдерге назар салып қарайықшы, қалай 
екен? Мысалы, отаршыл Ресей мен Қытайды неме- 
се Өзбекстанды алып қарайық: Ресейдегі барлық 
жергілікті ұлттардың бәрі де тарихи атамекенінде 
отыр. Бір кезде олардың бәрін де Ресей жаулап 
алып, өз жеріне бодан етіп күшпенен зорлап қосты. 
Кеңестік дәуірде олардың бәрі де одақтас респуб- 
ликалар мен автономиялы республикаларға, ұлттық 
округтарға айналып, соның негізінде федарациялық 
құрылымға айналып, 
көп үлтты 
республикаға айнал- 
ды. Ол ұлттардың атамекен жері болуы себепті де, 
олардың бөлініп кетуге конституциялық заңды құқы 
бар. Қытай Халық республикасы жерінің 60%-ы 
ұсақ ұлттардың жері болса да, қытайлар өзін көп 
ұлтты республикамыз демейді. Өзбекстанда өмір 
сүретін қазақ, тәжік, қарақалпақ, қырғыз халықтары 
да өз атамекен жерінде отыр. Осы себептен де 
олар Өзбекстан үшін диаспора деп есептелмесе 
де, Өзбекстан өзін көп ұлтты республикамыз деуге 
саналы түрде бармай отыр.
Ал біз не себепті, қандай заңдылыққа негізделіп 
көп ұлтты республика боламыз? Біз өмір сүріп 
отырған атамекен жерде қазақ елі толық отарлауға 
ұшырағанға дейін бірде-бір бөтен халық отырмаған. 
Осы себепті де Қазақстан тәуелсіздік алысымен 
әлем халқына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет