Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
татар діншілдөрінің ықпалынан ажыратып, бөлектеп
үстаудағы басты құралы - қазақтың ғасырлар
бойы қолданып келген
жазуын орыс алфавитімен
ауыстыруға келіп тірелді. Осы мақсат тұрғысынан
келіп Ильминскийдің миссионерлік әрекетіндегі:
«...орыстың басты радикалды құралы - қазақ тіліне
орыс алфавитін енгізу. Қазақтар орыс алфавитімен
жазып отырғанда, ол қазақтарды өзінің шырма-
уынан шығармай, өзіне тарта береді...
Бұл ойды
орыс шенеунігі жүргізуі тіптен келіспейді», - деген
ой тұжырымы көп нәрсенің астарлы сырын ашып
беріп отыр. Яғни идеологиялық мәселенің өзінде
де басқаның қолымен от көсеу арқылы әрекет
ететін ысқаяқ отаршылдықтың жымысқы тәсілін
сездіріп отыр деген сез. Ильминскийдің отаршыл
үкіметтің миссионерлік
жолдағы кездеген идеясын
Ы. Алтынсариндікі деп таңуға шешуші мән берген-
дігі керініп тұр. Әрі бұл астарлы пікір жоғарыда
атап көрсетілген Ресей империясы ны ң Ағарту
министрлігінің ете құпия нұсқауында айтылған ой-
пікірмен де өзекті байланыста тұр десе болғандай.
Батыс
Сібір
генерал-губернаторы ны ң
1876
жылы Ішкі істер министріне жазған жолдамасында:
«...Торғай облысының халық мектебінің инспекто-
ры Аптынсарин езі орыс алфавитін қолданып жазып
қазақтардың халық өлеңінің
тексін маған әкеп тап-
сырды... біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын
жасауымыз керек... бұл жұмыс Ильминскийге тап-
сырылды», - деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс
алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский, оны
тәжірибеде алғаш рет қолданып байқаушы Ыбырай
екені ашық айтылған,