Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет21/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Немесе:
Сайлау шарды шығарып,
Бірлікті алды еліңнен.
Қазынаға жаздырып,
Тарылтты тағы жеріңнен,
Бейілімізден айрылдық.
Албан, бұғы бұзылды.
Әлеумет мынау көрімнен…[50, Б. 16] 
– дейді. Патша өкіметіне сатылып кеткен сатымсақ жан-
дардан елге келер зияннан басқа түк те жоқ. Содан келіп жем-
қор, жұрт үстінен пайда көрер парақорлар кейпі ақынның ашу-
ызасын тудырып, қабырғасын қайыстыра ойлантады. Ақын кө-


97 
кейіне қонбаған, еш келісе алмаған жайттың бірі – ел билеуші 
топтың озбыр істері, халықтың қамын ойлайтын адал, «тура 
бидің» заманының өткені, ендігі ел билеушілердің сатымпаз-
дығы мен жағымпаздық бейнесі. «Тура биде туған жоқ» деп, 
билерден тек қана әділдік, төрелік күткен ақын ендігі жерде 
олардың да «Алтын көрсе періште жолдан таяр» дегендей құл-
қынның құлы болып кеткенін кешіре алмады. Сондықтан да ел 
билеушілердің аярлығын уытты тілмен әшкереледі.
Қытайда өзінің сауда-саттығын дамытуды 1868 жылдан 
бастап қолға ала бастаған орыстар, осындай жолды саяси-эко-
номикалық жағдайларын шешудің бірден-бір тиімді жолы деп 
түсінді. Түркістан әскери округін басқаратын капитан Гойерге 
жазған хатында генерал Г.А.Колпаковский былай деп жазады: 
«Россіи было бы выгодно отсутствіе Китайских купцовь 
Китайского правительства если бы она могла воспользоваться 
ихь отсутствіем, пріучить Иліиской народонаселеніе кь рус-
скимь товарам и пріучить Китайское правительство кь русским 
караванам вь сердце Китая» [89, С.3]. 1882 жылы Ресей Жетісу 
өңірін толықтай игерген соң Қытаймен келісе отырып, жәр-
меңкелер жұмысын жақсартуды қолға ала бастады. Ол дегеніміз 
сауда алыс-берістерінің Қытай, Иран, Ауған, Индия, Тибет ел-
деріне жол ашуын қамтамасыз етер еді. Елдегі бірліктің жоқты-
ғы мен берекесіздікті, патшаның отарлау саясатымен қатар кел-
ген сауда саттықты, базардың пайда болуын ақын елге келген 
келеңсіз құбылыс санап, оған жасар амалының жоқтығына 
күйзеледі. Осылайша ақын атақты «Қарқара» жәрмеңкесіне 
басы ашық қарсылық білдірді. Қарқара жәрмеңкесінің пайда 
болуы – 1893 жылға сай келеді. Бұл жәрмеңке Асан ақынның 
туып-өскен Жетісу жерінде ашылғандықтан да оның бар зиянды 
жақтары көз алдында өтіп жатты. Ұзақ мерзімге созылатын бұл 
ырду-дырдуға жергілікті халықпен қатар Семей, Ақмола және 
Қашқар мен Қоқандық саудагерлер көптеп келетін. Қытайдан 
тараншылар мен қалмақтар ағылып жататын. Осыған орай жәр-
меңке әкімшілігі де әрқилы қызмет түрлерін, мысалы, судья 
қызметі, уезд бастығы, уақытша пошта бөлімі, медицина және 
малдәрігерлік пункттердің жұмысын жасайтын. Жәрмеңкенің 


98 
пайдалы жағымен қатар, зияны да шаш етектен екендігін ақын 
жасыра алмады. Жәрмеңкенің зиянды жақтарын ақын сонда жи-
налған жастардың қосылып арақ ішуі, барын базарға салып сау-
далауы, ұрлық жасау ісінің дендеп ел ішіне енуі сияқты келең-
сіздіктер арқылы санамалап көрсете білді:
Базарға сатып тауыстың, 
Пормы келген атыңды. 
Жәрмеңкені жағалай, 
Көп шатақтар сатылды. 
Қарып, нашар малы жоқ, 
Тұз бенен сатты отынды. 
Базары жақын болғалы, 
Бейілі жұрттың тарылды. 
Көл шайқалып азайып, 
Қорлы саба сарқылды [50, Б. 41]. 
А.Барманбекұлы айтқан «ақыр заманның» тағы бір кө-
рінісі – әйелдің басына билік беру оларды еркекпен тең ұстау 
ісі. Осындай жағдайлардың бәрін де ол заманның азып-тозып 
бара жатқандығы, заманның бет алысының өзгеруі деп түсіне-
тіндігі анық аңғарылады. «Қалағанын алар деп, Базаршы қыл-
дың қатынды», «Ерге қызмет қылатын, жүгіріп тұрған қатын 
жоқ» деген ақын атасының алдын кеспейтін, ері мен тұңғыш 
баласының (кемпір-шалдың баласы ретінде тұңғышының атын 
атамайтын болған) атын атамайтын, үлкенге иіліп ізет жасай-
тын қазақ келіндерінің де жаңа заманмен бірге ойының бұзыла 
бастағанына күйінеді. Жаугер халықты отарлаудың бірден-бір 
жолы олардың әйелдеріне бостандық бергізіп, өз ішінен іріту 
керек екендігін түсінген отаршылдардың түпкі саясаты бүгінде 
ашылып жатқаны белгілі. Олар әйелге тең құқық береміз деген 
сылтаумен оларды табиғи болмысынан айырды. Қазақ қыздарын 
трактор мен машинаға отырғызып, оларды әйел ана бақытынан 
айырды. Қызмет қуған қазақ қыздарының ой-санасы түбірімен 
өзгергеніне бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Олай болса, ақын-
ның әйелдердің теңдікті дұрыс түсінбеуін, оның зиянды жақта-
рын көрсетуі әрине орынды.


99 
Осындай пікір сол замандағы ақындардың бірқатарының 
шығармаларынан орын алды. Солардың бірі – Ш.Қанайұлы. 
Оның:
Закон айтып қатын тұр, 
Қойнында жатқан еріне. 
Зарланып тұрған қатын бар,
«Қосылғам жоқ деп теңіме» [46, Б.89
].
– деген жолдарынан да әйел теңдігіне деген наразылық 
бар. Қазақ халқы қыз баланы қонақ ретінде сыйлағаны баршаға 
аян. Мұндағы ақындардың айтып отырғаны сол теңдікті әйел-
дердің дұрыс түсінбеуі. Алла тағаланың өзі бір саты төмен етіп 
жаратқанын ескермеген әйелдердің ақылдан адасуы ақындарды 
ғана емес, сол тұста өмір сүргендердің бәрін де алаңдатты. 
Оның тағы бір жағы заңға сүйену болса, сол заң сан ғасырдан 
бері қағазға жазылмаса да өз заңы қалыптасқан қазақ халқына 
түрпідей тиді.
Осы тұрғыда тағы бір айта кететін жайт, «Жақсы әйел» 
мен «Жаман әйел» сипаттарын жыр өзегіне айналдырмаған ақын 
кемде-кем. А.Барманбекұлы да өзінің шығармаларында бұл 
тақырыпты айналып өте алмағандығы осы себептерден болса 
керек. Ол түсінікті де, себебі әйел үйдің тұтқасы, қазығы, ұйыт-
қысы десек, әйелден күтер талап та соншама жоғары болмақ. 
Ақынның «Әйелдің әңгімесі», «Жақсы қатынның әңгімесі» атты 
өлеңдерінде азаматқа серік болар әйелдің жақсы және жаман 
қасиеттері туралы сөз болады. Аталған өлеңдерді 1915 жылы 15 
февральда жазғаны көрсетілген. Ақынның төте жазумен жа-
зылған өз қолжазбасының 60-61-62 беттеріндегі осы өлеңдерді 
бүгінгі кирилицаға түсіріп, бізге жеткізген ақынның тікелей 
ұрпағының бірі – Ш.Мұсаұлы. Ақын:
Ер бағын құдайым ашарында, 
Жақсы болса ырысқа қатын серік. 
Мейманның атын байлап есік ашып, 
Тілі шекер болады майдай еріп. 
Өзіңнің бар жоғыңды білдірмейді, 
Аямай қолдағыны алып беріп. 
Жоқта болса тайың деп ауыз ашпай


100 
Бар жоқты тұрған болса өзі біліп. 
Ондай қатын жолықса ырысың ғой, 
Түзелді сенің ісің оңға келіп. 
Бағыңды алла сенің ашқаны сол, 
Асы таза, қылықты қатын беріп. 
Кемеңгер өзі дана жақсы қатын, 
Тұрады өзіңе де ақыл беріп [50, Б.103-104] 
– деп жақсы әйелдің мінезін ердің басындағы ырысына 
балайды, келген қонағыңды күліп қарсы алса, сөзі шырын, қы-
лықты, асы таза, ақылды әйелдің ерге де ақыл беріп тұратынын, 
алланың сенің бағыңды ашқаны осы деп біл деген сөз қалды-
рады. Ал, жаман әйелді төмендегіше бағалайды: 
Жаман қатын айтайын нышанасын, 
Туысқаннан айырар қулық теріп. 
Шай да, май да, тауып кел тәуір көйлек, 
Қайдағы жоқ нәрсеге болар «жерік».… 
Қатынды жақсы демеңіз шырын сөзді болмаса, 
Ертелі кеш жасырын айтқан сөзің қонбаса. 
Тауар көйлек бүрмелі қос етек бұған болмаса. 
Үйге келген мейманға қағып кигіз салмаса. 
Бір сөз айтсаң қорс етіп ерінің тілін алмаса, 
Құдай қосқан екен деп қадырыңды білмесе, 
Бой - бойымен жыртылған үстіне жіп ілмесе, 
Опыр-топыр от басы, үйінің ішін жыймаса, 
Бар -жоғыңа қарамай алып кел деп қинаса, 
Өсек айтып тағы да даладан жанжал жинаса, 
Ұрсып, тілдеп үй ішін жаман сөзбен былғаса, 
Қатты айтып орнынан тұр дегенде тұрмаса, 
Жақтырғысы келмей сөзіңе мойын бұрмаса [50, Б. 105]. 
Бұл еріншек, салақ, ұрысқақ, өсек-аяңға жақын әйел бей-
несі, мұндай әйел ер жігіттің соры, басына Алла салған бейнет-
пен тең келеді. XІІІ ғасыр әдебиетінің белді өкілінің бірі Шал 
(Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819) да бұл туралы: 
Жақсы қатын алсаңыз, 
Жұмақтан шыққан хормен тең. 
Жаманға басың қосылса, 


101 
Маңдайға біткен сормен тең 
– деп атап көрсеткен [4, Б. 396]. Бұл тақырып та бастауын 
өте ескі замандардан алады. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде 
әйел ердің жары ғана емес, сонымен қатар ақылшысы ретінде 
көрінеді. Қобыланды батырдың жары Құртқа, Алпамыс батыр-
дың жары Гүлбаршын, Ақжүніс болып жалғасады. Сонымен 
бірге осы тақырыпқа қалам тартпаған ақын кемде кем. Бұл ай-
тылған өлеңдердің тәрбиелік, тәлімдік мәнімен қатар дидактика-
лық маңызы мен өміршеңдігі арқылы болашақта да өзінің мәнін 
жоймайтыны анық. Осы жыр шумақтарынан көкірегі ояу адам-
ның үлгі тұтар тұстарының көп екендігіне еш шүбә жоқ. Қорқыт 
ата кітабында да әйелдің үш түрі болатынына тоқталып өтуінің 
өзі осы тақырыптың адамның өмір сүру жағдайында алатын ор-
нының зор екендігіне назар аудартады. 
А.Барманбекұлының замандасы А.Қорамсаұлының «Қыз 
сипаты», «Әйелдер сипаты», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», 
«Жігіт сипаты» өлеңдерінде де адам бойындағы мінездер жете 
сөз болғаны белгілі. Жақсы мен жаманды қатар суреттеуде 
ақындар жастарға жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену керек 
екендігін ескертеді.
Қазақ поэзиясынан үлкен орын алатын тағы бір топ – 
адамның жас ерекшелігіне қатысты өлеңдер. XI ғасырда өмір 
сүрген Жүсіп Баласағұн өзінің бәйіттерінен де адам жасына 
қатысты айтылған шындықты аңғаруға болады. Ол адамның жас 
өлшемін: 
Асқан адам қырықтың қырқасынан, 
Айырылар жастық шақ сырласынан. 
Елу отыз жиғанды кері алады, 
Алпыс қолын тигізсе нең қалады?! 
Алпысты ассаң – шілденің аптабынан, 
Аттадым де қысқы аяз қақпанына [92, Б. 82] 
– деп поэтикалық тұрғыдан шебер суреттейді. Қазақ поэ-
зиясын хикметтерімен байытқан Қожа Ахмет Иассауидің жас 
сипатын әңгімелейтін Хикметтерін талдай келе оның мұрасын 
зерттеуші М.Жармұхамедұлы мынадай тұжырым жасайды: «Ол 
өз өмірін әңгіме еткенде, соның кейбір түйінді-түйінді жерлерін 


102 
ғана көктей шолып жырға қосады. Бұл тұста да астарлы тұс-
палдау, пернелеп жұмбақтау тәсілдерін жиі қолданады. Бір атап 
көрсететін ерекшелік: бұлардағы дидактикалық мазмұн мен жас 
ерекшеліктерін сипаттау Шығыс үлгісіндегі жазба ақындармен 
қатар, ауыз әдебиетіндегі суырып салма дәстүрін ұстанған ха-
лық ақындарына да елеулі әсер етіп, тұрақты із қалдырды» [93, 
Б. 42]. Қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихына көз жүгіртетін 
болсақ, жас сипатына қатысты мысалдарды көптеп келтіруге 
болады. Бұл тақырыптың кеңінен ашылып, түйінді тұжырым-
дармен берілуі, Бұқар жырау толғауларында, Шал ақын шығар-
маларында, Шернияз Жарылғасұлы өлеңдерінде де орын алады. 
Ұлттық поэзияда қалыптасқан осы дәстүрді А.Барманбекұлы да 
жалғастырды. Оның өлеңдерінің бір саласы адамның өмір жа-
сын сипаттауға арналған. Адамның жас ерекшелігіне қарап, 
олардың әрқилы кезеңдерін жілік-жілікке бөліп қарастыруда да 
ақын біраз жетістікке жетті. Адамның жас деңгейіне байланыс-
ты ақын көрсеткен ерекшеліктер кез-келген адамның өткен өмі-
ріне көз жүгіртуі, саралап талдауы, ойды салмақтап қорытуы бо-
лып табылады. Себебі, әрбір адам өз өмірінде басынан кешіре-
тіндіктен болар, өз дәрежесінде бұл тақырыпты айналып өте 
алмайды.
Он жаста жарға ойнаған лақтайсың. 
Он жастан жиырмаға келгеніңде 
Түскейден көзі ашылған бұлақтайсың.
Елуде ерлер мінген пырақтайсың. 
Алпыста ақыл ауып, қайрат кетіп, 
Әйтеуір ат жейтұғын құрақтайсың. [50 Б. 62] 
Ақын-жыраулардың жыр-толғауларында адам баласының 
жастық өмір белестері, жастық шақ пен кәріліктің келуі туралы 
айтқан ойлары жастарға өмірдің әрбір сағатын қадірлей білуге 
шақыратыны белгілі. Сондықтан да қазақ әдебиетіндегі адам-
ның жас ерекшелігін сипаттайтын мұндай өлеңдердің тәлімдік-
тәрбиелік мәні ерекше. 
А.Барманбекұлының өлеңдерінен орын алған жағдайлар-
дың бірі – елге келген арақ ішу, сот ісі, ақша айналымы сияқты 
құбылыстар. Ақын мұндай үрдістерге үрке қарайды. Бұл жай-


103 
ларды ел ішіне келген кері салт есебінде қабылдайды. Адам са-
насын улайтын арақтың керегі жоқ екендігін айтып, одан адам-
заттың аулақ тұруын тілек етеді. Мұсылман дініне жат харам 
асты ақын да қабылдай алмайды. Сонымен бірге оның зияннан 
басқа берері де жоқ еді. «Атқа мінген азамат», «арақ ақыл табар 
деп», «арақты судай сапырды» деп ашынған ақын оны өз өлең-
деріне қосады: 
Есіріктеніп, мас болып, 
Аюандай боп ақырды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет