Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет20/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Немесе: 
Кердең, кердең басады
Келіннің өзі келгендей 
Байларда қайыр қалды ма 
Артына кедей ергендей [50, Б. 84-85]. 
Міне, осындай жайттардың бәрі ақын жанын жегідей жеп 
маза бермейді. Осындай келеңсіз көріністерді өткір сынай отыр-
ғанмен, Ш.Қанайұлы мен А.Барманбекұлының өлеңдерінен ай-
қын көрінетіні – олардың алдағы өмірден күдер үзе, бұрынғы 
артта қалған заманды, өткенді көксеу көп орын алады. Бұндай 
келеңсіздіктерден қалай құтылуға болады, заманды қайтсе 
түзетуге болады деген сұрақтарға тап сол заманда жауап беруге 
Ш.Қанайұлының да А.Барманбекұлының да саяси өресі жетпеді. 
Олар тек Алладан көмек сұраудан басқа жол таба алмай қамық-
ты. Себебі қазақ халқында жазылмаған заңдар бар. Олар: үлкен-
ге құрмет, кішіге ізет, үлкеннің алдын кеспеу, ата тұрып ұл сөй-
лемеу, ата заңды құрметтеу, әке-шешені сыйлау, т.б. Ел ішіндегі 
осындай ымырашылдықты көріп өскен ақындар, қазақ ішіне 


92 
басқа ұлт өкілдерінің араласуымен бірге қазақ халқы бұзылып 
бара жатыр деп түсінді. Себебі, бұрын қазақта боза ішкенмен, 
арақ сынды харам сусын болған емес. Міне, осындай исламға 
жат дүниелердің мұсылман еліне дендеп кіруі көзі қарақты 
ақындарды алаңдатып қана қойған жоқ, олар содан шығар жол 
іздеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің негізгі мәселе-
лерінің біріне айналған адамгершілік туралы А.Ісмақова: 
«Имена Шакарима Кудайбердиева, Мирякуба Дулатова, Ахмета
Байтурсынова, Жусупбека Аймауытова и Магжана Жумабаева 
дают уроки высокой человеческой морали, что так необходимо 
в наше время», – деген болатын 
[
83, С. 117]. Дәуір әдебиетіне 
арқау болған адамгершілік мәселесі де ақын шығармаларының 
негізгі лейтмотивіне айналды. Осындай ауыр сәттерде ақиқат 
жолын Алладан іздеген А.Барманбекұлы сөздерінің халыққа 
рухани серпіліс алып келгені де жасырын емес. Ел ішіндегі 
ымырасыздықты, берекесіздікті, дінсіздікті (ислам дінінің шарт-
тарын дұрыс ұстамау) көрген ақын:
Азаматтар, күш кетті, 
Қырғыз бенен қазақтан. 
Мұсылманды сақтағай,
Мақшарда Алла азаптан [38]. 
– деп күйзелді. А.Барманбекұлы мен Ш.Қанайұлының 
өлеңдерін салыстыра келе І.Жансүгіров былайша қорытынды 
жасайды: «Асанның мазмұны да, түрі де Шортанбай үлгісі. Бұл 
да Шортанбай сияқты шолақ молда, жырында әлеумет мұңы 
мол, бұқарамен ақсақалдың тілегін қосып жырлаған феодалдың 
жырауы, бірақ Асандағы әлеумет мұңы Шортанбайдан әлдеқай-
да кең, әлдеқайда желілі жатыр. Асанда көбінесе Шортанбайда 
жоқ жер мұңы, базар қарсылығы, патша үкіметінің соңғы тәр-
тібі» [42]. Жердің бөліске түсуі, жақсы жерлердің отаршылдар 
қолына көше бастауы Асан ақын шығармаларында: 
Талдыбұлақ, Көкқырқа, 
Қызылқия, Белді алды. 
Бақ, Терек, Бақтықурай, 
Шаппа тұз деген кенді алды. 
Қарабұлақ, Сарыжазық,


93 
Текесті де енді алды. 
Ойқайың, Қарасай, Дардамбы, 
Үшқақпақ деген төрді алды. 
Есекартқан, Сүмбе мен 
Қоныстың шеті Өрді алды [50, Б. 34-35], 
– деп шынайы бейнеленген. Міне, көріп отырғанымыздай, 
көз алдында болып жатқан отаршылдықтың осындай түрлеріне 
ақын бей-жай қарай алмады. Отаршыл патша үкіметінің қазақ 
жерінің бәріне белгі соғып, жерді түгелдей өлшеп-сызып алып 
жатқандығын ақын былайша жеткізе жырлады:
Жердің бәрі өлшеніп, 
Қазынаға алынды. 
Қос соқа мен таңбалар, 
Кинагаға жазылды. 
Кең жайлауы тарылып, 
Өлшеуменен қалынды. 
Өзен су, жайлы жерлерге, 
Бәріне қала салынды. 
Сатусыз жер-су азайып, 
«Булан» қазық қағылды [67, Б. 77].
Атадан балаға, ұрпаққа аманат етіп берілген, ата-бабамыз-
дың қанымен суғарылған мекен жат біреулердің еншісіне ай-
налып бара жатқан тұста қол қусырып қарап отыра алмаған 
ақын осылайша қолына қалам алып, елдің мұң-зарын жырға 
қосты. А.Барманбекұлы сияқты ең өзекті мәселелердің бірі жер 
тағдырын шығармаларына арқау еткен зар заман ақындарының 
бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Ол өзі өмір сүрген тұстағы өмір шын-
дығын былайша жырлайды:
Еділді тартып алғаны–
Етекке қолды салғаны. 
Жайықты тартып алғаны–
Жағаға қолды салғаны 
Ойылды тартып алғаны – 
Ойдағысы болғаны. 
Мал мен басты есептеп, 
Баланың санын алғаны,


94 
Аңғарсаңыз жігіттер, 
Замананы тағы да
Бір қырсықтың шалғаны!.. [84, Б. 136] 
Жер үшін күресу, яғни патша саясатына қарсылық 
Махамбет жырларында да ерекше көзге түседі:
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік [85]
Исатай бастаған халық көтерілісінің де негізгі мақсаты 
отаршылдыққа қарсы жатқандығы тарихтан мәлім. Ендеше, 
М.Мөңкеұлы мен М.Өтемісұлының отаршылдыққа қарсы күрес-
ті білдіретін осы жырларының қатарын басқа ақындар да то-
лықтырады. Мұрат ақынның ойынша өмірді осылай бұра тарту
табиғат бұзылғандықтан, діннің жоғалғандығынан емес, табиғат 
бұрынғы қалпында, заманды бұзған қазақтың өз қауымы:
Бәйіт еттім бұл сөзді;
Қайғы шегіп заманнан.
Заман азып не қылсын,
Ай орнынан туады,
Күн орнынан шығады,–
Бұның бәрі адамнан…[84, Б. 136] 
Ақыр заман туралы Шортанбай ақынның осы ой-пікір-
лерінің негізі арыдан бастау алатындығы әдебиет тарихынан 
белгілі. XІІ ғасырда Ахмет Иүгнеки «ақырзаман» болатынына 
өзінше пайымдау жасап, бұзылған заман емес адам, адамды тәр-
биелесе заман орнына келеді, сондықтан адам өзгеруі керек де-
ген болатын:
Діндар кісі қойды дінді, амалды, 
Ғалым билеп, көңілді әнге сап алды. 
Таза жүрген жол таба алмай торығып, 
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер [86, Б. 50]. 
Өйткені елін қанап жатқан жат жерліктерге қоса елін, 
жұртын талауға салған болыс-билердің іс-әрекеті көңілге си-
майтын еді. Зар заман ақындары сөз еткен, көре тұра шыдай ал-
маған жағдайлар болыс сайлауы, ел биінің орнына ұлыққа пара 


95 
берген қу билердің сайлануы, жер қысымшылығы туралы еді. 
Бұл тұрғыда А.Барманбекұлының да адам бейілінің бұзылуы, 
«бастың аяқ болуы», яғни, ел басындағы билік айтар, елді бір-
лікке шақырар азаматтарының ниетінің бұзылып, содан келіп 
қалың бұқараның тығырыққа тірелгендігі туралы ойлары атал-
ған ақындар ойларымен үндес. 
Ресей империясының аярлық саясатының басы ел билеуші 
бишігештерді біріне-бірін айдап салу болды. Бұл ниеттеріне 
жергілікті ұлт өкілдерінен аға сұлтандық, болыстық, старшын-
дық билік мансаптарын үлестіру арқылы қол жеткізді. Олардың 
қолдарына мөр беріп, бірқатар биліктің басын ұстатып, алдап-
арбап ұстады. Биліктен айырылып қалмау үшін қазақ билері 
айуандықтың түр-түріне барды. Аға ініге, әке балаға қарамады. 
Сайлау уақыты келген кезде ел іші алуан түрлі сойқанға толып 
кететін болды. Сондықтан да егін егілмей, мал бағылмай айтыс-
тартысқа толы әділетсіздіктің барша түрі кең жайылып кетті. 
Сайланған би-болыстарды патша тағайындаған губернаторлар 
қадағалап, тексеріп отырды. Айтқандарына көніп, айдауына 
жүргендеріне мақтап, марапаттап, дүние-мүлік, әскери шен-
шекпендер берді, кеуделеріне ордендерін тақты. Осындай ке-
леңсіздіктер қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев шығармалары-
нан да кең орын алды. Абай мұрасы жөнінде С.Қасқабасов: «Ол 
қазақ өміріне, оның рухани дүниесіне сын көзбен қарап, олар-
дың заман ағымына сай емес екенін анықтады, жаңа ізгіліктерге 
ұмтылу қажеттігін айтып, оларды халық айқындап берді» [87, Б. 
545], – деген болатын. Абай болыс-билердің халыққа емес, тек 
қана ұлыққа қызмет жасауын: 
Мәз болады болысың 
Арқаға ұлық қаққанға. 
Шелтірейтіп орысың 
Шенді шекпен жапқанға [88, Б. 133] 
– деп шынайы бейнелеп көрсетті. Ел басқару жүйесінің 
осылайша күрт өзгеруіне наразы болған ақын ел билеушілерді 
сынай отырып, олардан жиренуге шақырды. Адамзат баласының 
қандай ізгіліктерге ұмтылу керектігін халықтың өз тіршілігі ай-
қындап берді. Отаршылдық саясаттың ақыры қазақ халқының әр 


96 
сатыдағы лауазымды адамдарының арасындағы алауыздықты 
күшейтті, біріне-бірі жауығып, бірін-бірі көре алмайтын жайт-
тарға жетті. Олар билік, мансап үшін бірін-бірі өлтіруге дейін 
барды. Оны С.Мұқанов: «Қазақ халқының күшін ыдыратуға, 
бірліктен айыруға патша үкіметі екі әдіс қолданды: біреуі көшіп 
барған шаруалармен тұрғылықты қазақтардың арасына ұлт 
араздығын тұтату, екінші – қазақтардың өзін өзара жауластырып 
ұстау», – деп түсіндірді [62, Б. 122]. Осындай ел басындағы 
жағдайларды тап басып көре білгендер әрине, XIX ғасырдағы 
көзі ашық, көкірегі ояу, қаруы өткір сөз болған қазақ ақындары 
еді. Олар патша ойластырған жаңа биліктің басындағы билеуші 
сұлтан-төрелерді, болыс-билерді ел басқаруда ата-баба салтынан 
жырақ кетпеуге, бірлікке, елдікке, имандылыққа шақырды. Бұл 
орайда А.Барманбекұлы : 
Патшаның сайлауы 
Үш жылда бір келеді. 
Елу басы тізіп ап,
Қолына шарын береді. 
Қадірменді бай адам,
Парамен шарын жеңеді. 
Екі жақ болып таласып, 
Елді ортадан бөледі. 
Намысты қолдан берме деп, 
Сайлауда талай өледі [50, Б. 79]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет