жетті. Кейінірек
Мұрат елі жұтқа ұшырап, ӛзі адай ағайындарына барып, жан
сақтаған.
Мұрат - ӛзі ӛмір сүрген дәуірінің перзенті. Ӛскен орта, жасаған заман, қай
ақынға да болсын алтын бесік, ұшар ұя талант талғамын, ӛнер ӛрісін, шығар биігін
белгілейтін негізгі факторлар.
Мұраттың ақындық ортасын сӛз еткенде, оны ӛсірген қоғамдық құрылыс,
әлеуметтік тұрмыс, туған ел жұртының салт-санасы, ӛмір
құбылыстарын қарастыра
зерттеу керек.
Ата-баба дәстүрі мен ата мекенде ӛмір сүру, кең жайлау мүмкіндігі құрып
бітіпті. Ақынның заман ӛзгерістері туралы түйіні осындай. Бұл қорытындыны Мұрат
терең толғаныспен жырлай білді. Айтар ойын ашық та анық, әсерлі де әсем ӛлең
жолдарымен кестеледі. Ақын шығармалары мәңгілік кӛркем туындылар қатарында
кең тарап, қанша қысым кӛрсе де, ұмытылмай ел аузында сақталды. Ақын
шығармалары кіші-гірім жинақ ретінде 1924 жылы Ташкент қаласында “Мұрат ақын
сӛздері” деген атпен Халел Досмұхамедұлының бастыруымен жарық кӛрді.
Мұраттың ӛлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын
байқалады. Жақсы жерлерді тартып алып, ел қамын жегендердің қамалғаны,
ӛлтірілгені анық айтылады.
Ақын қалдырған мұраларға кӛз салсақ,
оның творчествосы кең арналы, сан-
салалы білімді ақын тұрғысын танытарлық келеді. Оның шығармаларындағы негізгі
сарын-таза халықтық әуен. Мазмұн жағынан бастан-аяқ ел мұңын, халық тірлігін
кӛтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды. Ақынның бала жастан
алған тәлімі, кӛрген білгені, ӛмірден жіпке тізіп түйгендері-бәрі ӛзі ӛскен қазақтың
қақ ортасынан тарамдалады. Бала жастан ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, халық
ақындары қатарлы ӛсіп жетіледі. Халық творчествосы, ақындар поэзиясы болашақ
ақынның талант кӛзін ашады.
Мұрат айтысқа тым ерте, 15-16 жастар шамасында түседі.
Алғашқы
айтыстары, басқа да кӛптеген дүниелері бізге түгел жеткен жоқ. Баспа бетін кӛріп
жүргені тек бес-ақ айтыс: Жаскелең, Балаораз, Жантӛле, Тыныштық, Ізім ақындармен
айтыс, тіл қағыс, дидарласу сӛздері. Осылардың ішіндегі ең мәндісі-Мұраттың
Жантӛлі қызбен айтысы. Бұл-екі ақынның әлеуметтік мәселені қозғаған жақсы
диалогтары, ӛзінің тіл ұстарту үлгісімен де елеуге тұрарлық, ақындардың сӛз тапқыш,
ұтқыр, шешендіктерін таныта аларлық туынды.
Мұраттың Жантӛлі қызбен айтысында Жантӛлі Сара ақын сияқты күйеуінің
кемтарлығы себепті Мұраттан жеңіледі.
Мұраттың айтыстары негізінен қайымдасу түрінде келеді. Қайым ӛлеңдердің
жолдарын қайыра қолданады. Ӛзінің жаңа ойын соған жалғай салады. Қайым айтыс
формасы, кӛбінесе, әзілдесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар. Мұратпен
айтысқандардың біразы айтыстың осы бір халықтық түрін ұнатқан сияқты.
Айтыс жанрындағы Мұраттың шығармалары – оның ақындық ӛнерге
дағдылану жолын танытарлық және суырыпсалма ақпа жырау болғандығына куә
боларлық туындылар.
Мұрат
шежіре-тарихқа жетік, ӛткен ғасырлардағы жыраулар мен батырлар
жырларын жатқа білген. Әсіресе, Қазақстанның Батыс ӛлкесінің ӛткен-кеткені, жер,
су мекені, атақты адамдары, шешен-жыраулары, тілінен бал тамған ӛнер иелері, ел
қорғаған батырлары, бай-мырзалары, жақсы деген азаматтары – оның
туындыларының алтын арқауы. Сыпыра, Асан, Қазтуған, Шалгез, Жиенбет,
Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. тарихи адамдардың
шығармалары бізге осы
Мұраттың айтуы арқылы жеткен. Ескі ел тарихынан естіген, білген, түйгендерін
шашау шығармай әсерлі де мәнді эпостық шығармаға айналдырып, ӛзі кӛзін
жұмғанша халқы алдында сайрап ӛткен. Еңсесі түскен туған елінің кӛңілін кӛтеріп,
ойын сергіткен. Мұрат сӛздерін ел-жұрты сүйсіне тыңдап, бірі кӛзіне жас алып
қасірет шексе, екінші тобы, бойларын жиып, ертедегі ер азаматтары ісіне қайран
қалып, оларға еліктеп, ат
арқасына қонып, тәуелсіздік ұранын кӛтерген. Сондықтан
Мұраттың шығармалары-ӛз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының мұңын кӛтерген,
тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған туындылар.
Мұраттың толғаулары мен дастандарына тоқталсақ, олар:”Үш қиян”,
“Сарыарқа”, “Қазтуған”,”Ӛттің бір қапы дүние”-ӛзара байланысты, әуендес,
мазмұндас, сарындас шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан
кӛрген ауыр зауалдары бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, кӛңіл-
күйі шертіледі. Халық басынан ӛткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі.
Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең кӛлемдісі “Қарасай-Қази” жыры. Бұл
– нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың
жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын
желіге құрылған. Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын ӛтей білулері,
нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екіжүзділіктерін
әшкерелейтін ұтымды
оқиғалар, кӛркем кӛріністер жинақталған.
Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау,
хат, сын-сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар,
негізінен, ақын ӛмір сүрген кезеңнің шындығын, дәуір адамдарын, олардың мінез-
құлық, іс-әрекеттерін бейнелейді.
Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”,
“Қарақожа болысқа” т. б. ӛлеңдері-қазақ
еліндегі болыстық билікке, патшалық
сайлауға наразылық ниетіндегі туындылар.
Мұрат шығармаларын тізбектей жіктеп, талдау соңында айтарымыз-оның тілге
шешен, тапқыр да алғыр ақын болғандығы. Оның шығармалары қамтымаған кезінің
шындығы кемде-кем. Кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан
қырлы саңлақ.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
7.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А., 2000.
Достарыңызбен бөлісу: