7
.Айтыс.3-томдық.-А.,1965-1991.
№11- Лекция
Тақырыбы: Майлықожа Сҧлтанқожаҧлы(1835-1898).
Жоспары:
1. Майлықожа- сауатты білімдар ақын..
2. Ақын шығармаларының жанрлық тҥрлері.
3. Айтыстары.
Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып ӛскен. Әкесі Сұлтанқожа
мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, кӛзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген
даңқына лайық кәсіп еткен.
Майлы әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін ӛз бетімен кӛп
ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.
Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей ӛліп, жеті жасар Есехан деген
інісі екеуі жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа
түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкӛріс қамын жасайды.
Ақынның ӛз сӛздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сӛзге араласып, ӛлең
ӛнеріне беріле бастаған. Ӛз басының еркі ӛзіне тиген кезден бастап, ел ақындарымен
кездесіп, сауық кештерге, ас берген жерлерге барып, ескі ел дәстүрі бойынша сӛз
ӛнеріне дағдылана берген. Кейін ӛзінің сауатын молайтып, жазба әдебиет ӛкілдерін,
шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға мүмкіндік
алған. Кӛрші елдерді, мәдениет орталықтарын аралап, мұсылман мәдениеті
орталықтарында да болған. Бұқар, Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып,
кӛрші елдер ӛмірімен, шығыс мәдениетімен танысқан. Осындай оқуы мен тынымсыз
ізденуіне байланысты ол тез жетіліп кеткен.
Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында
Сүйінбаймен кездесіп, онымен сӛз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа
әдебиет» журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім
деген байдың құрметіне разы болмай, оны сынайды. Ӛлеңнің жалпы кӛлемі – 68 жол.
Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сӛз болады.
Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару
әрекетін де істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зархұм»
үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» ӛзінше, қысқаша
толғаған.
Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте кӛрген. 1883 жылы
Ташкент
қаласында
басылған
«Қырғыз
хрестоматиясы»
атты
жинақта
Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар – «Райымқұлға»,
«Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады. Ақының бұл ӛлеңдерінің
жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сӛздер.
«Қасқыр» атты ӛлеңінде ақын ӛзі тойса да, кӛзі тоймайтын қасқыр мінезді
жыртқыштар тобын сынайды. Қызғаншақтық пен ашкӛзділік мінездерді әжуалайды.
Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау – адамның бойындағы ең жаман
қасиеттер деп ұққан ақын ӛзінің «Үш жігіт», «Аққу мен қу» толғауларында осы
жұғымсыз мінездерді сынайды.
Майлының «Тотынама» толғауы да мысал сӛз үлгісіндегі шығарма.
Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға,
жұт болған ауыр жылдар қасіретіне кӛптеген ӛлеңдер арнаған. Әсіресе, қоян жылғы
аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады.
Майлы ӛлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады дедік.
Мысалы, ол ӛзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты бір ӛлеңінде үстем тап
ӛкілдерін ӛлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз
тонап жатқанын әшкерелейді.
Ақын түсінігінше, әйелдің ӛмірдегі орны ӛзіне бӛлек. Оларды ескермеуге
болмайды. Үй құты, ӛмір кӛркі, семья сәні, жігіт қызығы – жақсы әйел. Әр үйдің
ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы,
сыпайы, кӛркіне сай жан жары болмақ. Бірақ әйелдердің де «жақсы», «жаманы» бар.
Олар да ерлер сияқты екі топқа бӛлінеді. Әйелдің жақсылығы тек кӛркінде ғана емес,
ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен ӛнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік,
сарқылмас ырыс.
Майлы шығармалары халықты адал еңбекке үндеуден жалықпайды. Ол адам
ӛмірін жан-жануарлар тіршілігімен ұштастыра мысалдап жырлайды. Мысалы,
«Бұлбұл» ӛлеңінде ақын еңбек үшін табыс тауып, қыс қамын жасар шақ жаз күндерін
босқа қызықтап ӛткізіп алмаудың керек екенін қатты ескертеді.
Ақын ӛзінің «Не жүйрік ӛтті дүниеден» ӛлеңінде тіршілік ӛмірдің
баянсыздығын, дүниеге келген адамның ӛлмесі де қақ болатынын түсіндіре келіп,
санаулы күнді босқа ӛткізіп алмауға, мүмкін болғанынша оны маңызды, мазмұнды,
қызғылықты ӛткізе білуге шақырады.
Дүние, ӛмір туралы Майлы ӛлеңдерінен кӛрінетін тағы бір шындық – ол
ақынның ӛмірден түңілмейтіндігі. Ол ӛлімді күтіп жатып алуға қарсы. Тіршілік қамы
әр кезде де керек. Ол – адамды ілгері жетелеп отыратын күш.
Ақын ӛзінің «Ажал бір келмес болсайшы» ӛлеңінде ӛлімге қарсы тіршілікті,
жастық жігерді қоя жыр шертеді.
Майлы шығармалары - ӛлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей әрі
мәнді, әрі сәнді жырлар. Ақын негізінен нақыл термелер шығарып, ӛлеңнің осы бір
түрінен шеберлік танытады. Ӛзі тұстас оқушылары мен тыңдаушыларына мәтелдеп,
мысалдап, нақылды сӛз айтып, ӛз ойын тайға таңба басқандай анық білдіруді мақсат
етеді.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
7.Айтыс.3-томдық.-А.,1965-1991.
Достарыңызбен бөлісу: |