Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad

 
 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 
7.Ә.Әлімжанов “Махамбеттің жебесі”. –А.,1978. 
8. Махамбет. Ерулі атқа ер салмай. Ӛлеңдер. –А. 1974 
 
 
 
№ 8- Лекция 
Тақырыбы: Шернияз Жарылғасҧлы(1807-1867). 
Жоспары: 
1.
 
Ӛмірі туралы мәлімет. 
2.
 
Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық. 
3.
 
Ақынның толғау-термелеріндегі ӛмір қайшылықтары. 


4.
 
Шернияз – Исатай, Махамбет бастаған халық кӛтерілісінің 
жыршысы. 
Махамбет рухында жыр толғап,шаруалар кӛтерілісіне үн қосқан,
халықтың қайнаған шерін ӛлеңмен шерткен ӛткір тілді ерен жүйріктің бірі - 
Шернияз. 
Шернияз Ақтӛбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете 
елінен.Ол жас шағынан ел ӛмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-
мұқтажын жете түсінген. Ақын кӛтеріліс басталысымен бірден Орда жағына ӛтіп, 
Исатай мен Махамбетті ӛзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Бӛкей хандығына 
келіп Исатайға қосылады, ұзамай оның ең жақын достарының біріне айналады. 
Кӛтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың 
Шығыс бетіне ӛтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетке еріп Хиуаға да барады, 
бірақ кӛтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады. Баймағамбеттің 
ел кезген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. 
Ұсталатынына кӛзі жеткен ақын ӛзі ханға келіп, ӛнер асырып, оның кешірімін 
қабылдайды. Бірақ ол ешқашан ӛзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, 
басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп қызмет етеді. 
Шернияз он бес жасынан –ақ кішкене ділмар шері атанады. Ол адайдың атақты 
ақыны Абылмен кездеседі.Абылға еріп ел аралап, одан ақындық ӛнер үйреніп, 
Абылдың батасын алады. Кезінде Қашаған ақынмен де кездесіп, тіл қағыстырады.
Менің атым Қашаған,
Шынтуайтқа келгенде
Денемді артық жасаған. 
Үш сиықты баса алам,- 
деген Қашағанға Шернияз: 
Қашаған болсаң қияға,
Ұзын құйрық, жүйрік ат, 
Бар күшіңді аяма.
Қашқанменен қоя ма?- 
деп бір ауыз сӛзбен жауап айтқан екен. 
Шернияз айтыпты дейтін сӛздер, терме, толғаулар кӛп, ел аузындағы сӛздің 
бірі “Шернияз батасы” деп аталады. 
Қонса қоныс бермейді сай дегенің
Мінсе мініс бермейді тай дегенің. 
Үйіне қонақ қондырмас бай дегенің, 
Ішсе тамақ болмайды шай дегенің. 
Осы шайды шығарған қай дегенің, 
Тыңдап отыр сӛзімді бай дегенім, 
Құрып қап па осы үйде май дегенің? 
Бата берем қолыңды жай дегенім, 
Бұндай бата бере алмас баз дегенің. 
Осы батам сендерге саз дегенім. 


Шерниязды аты үш жүзге мәлім.Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды.
Кӛкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні 
кешеге дейін Шернияз ӛлеңін жырлап келген-ді. 
Шернияз туралы деректер 20 жылдардан бері қарай жиналып, зерттеле 
бастады. 1925 жылғы ақынның алғашқы жинағынан кейін Ташкент қаласында 
“Әдебиет терме” жинағы шықты. Бұл жинақты құрастырушы белгілі жазушы 
І.Жансүгіров еді.Ол жетісулық Омарбек ақынның айтуынан Шернияз ӛлеңдерінің 
біразын жазып алып, сол жинаққа енгізді. 
1938 жылы жазушылар С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин орта мектептер үшін 
жазған хрестоматияларына Шернияз ӛлеңдерін енгізді. Ал С. Мұқанов ӛзінің 1942 
жылы жазған “Қазақтың ХVІII-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очеркінде” 
Шернияз творчествосына тұңғыш талдау жасады. Кейін профессор Қ. Жұмалиев 
Шерниязды орта мектепке жазған оқулықтары мен 1957 жылы шыққан мақалалар 
жинағының І томында сӛз етті. 
Әдебиетші Б. Аманшин 1977 жылы Шернияздың жерленген жерін тауып, оның 
басына қойылған құлпытасында жазылған деректі жариялады. 
Қ. Жұмалиев Шернияздың бұрын басылмаған біраз ӛлеңдерін жариялады. 
Шернияз –заманы артқан міндетті атқару жолында құлшына қызмет еткен жалынды 
ақын.Ол ӛз басынан талай ауыртпалықты ӛткізіп, үстем тап ӛктемдігін, халық азабын 
кӛріп, шерлене ӛсті. Ханға қарсы қажырлы күрес үстінде шынығып, ақындық жолға 
шықты. Оның ӛлеңдерінен кӛтерілістен кейін қуғынға, бақытсыздыққа ұшыраған 
халық қайғысы мен хан жендеттерінен қашып-пысқан ӛз басының ӛкініші айқын 
кӛрінеді Хандардың кӛтерілістен кейін халық басына түсірген қайғылы кезеңін ақын 
“азған заман” деп бағалайды. Ол Исатайдай әділ адам билеген еркін ӛмірді аңсайды. 
Кейінгі қыспақты кезеңге сол күрес кезіндегі жарқын дәуірді қарсы қояды. 
Ақын қандай ауыр жағдайға кезіксе де Исатайдан айнымайды. Оны хан алдында 
тұрып-ақ дәріптейді. Исатайды ол әрі батыр, әрі әділ қазы, әрі ел қамқоры, 
қайырымды, адал жан етіп кӛрсетеді. 
Баймағамбет сұлтанның алдына кіріптар болып барған кездің ӛзінде ақын Исатайсыз 
сӛз айтпайды. 
Шернияз Исатай бейнесін үнемі Баймағамбетке қарама-қарсы қоя суреттейді. 
Шернияз - сыншыл, турашыл ақын. Ақын поэзиясындағы шындықтың айқын белгісі 
оның ханды және хан отбасын жамандап айтқан сӛздерінен де кӛрінеді. 
Шернияз - Исатай бастаған қозғалысқа саналы түрде қатынасып, жыр шерткен 
бұқара ниетіндегі ақын. Бірақ ол Махамбеттей тапжылмас ер ақын дәрежесінде тұрып 
қалмай, кейбір ауытқуларға, жалтара сӛйлеп, айлалы әдіс қолдануға душар болды. 
Сӛйтсе де, ақын поэзиясы негізінен реалистік сарыннан аулақтамай, халық мұңымен 
ұштасып жатады. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.


6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет