Мағауиямен бірге Абай Күлбәдан деген қызын да орысша оқуға береді. Мағауия екі-
үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығады. Содан амалсыздан оқуын тоқтатып,
ауылға қайтады. Осыдан соң, үнемі Абайдың қасынан қалмай, әкенің ӛз тәрбиесінде
болады.
Бұның жастық шақтарында Абай орысша кітап
оқуға барынша еңсесін беріп,
ӛздігінен мол ізденеді. Сонда Абаймен ілесіп Мағауия мен Кәкітай екеуі де орысша
кітапты Абайша қатты зер салып оқиды. Жаз сайын келіп жүретін Әбдірахманның да
оларға кӛмегі кӛп болады.
Сонымен, Мағауия оқымысты жастың бірі болады. Ол әкесіне ел жұмысында
да үлкен серіктік етеді. Ел кӛпшілігі Абайдың билігімен қатар ,
бертін кездерде
Мағауияның әділ кӛмегін де кӛп кӛреді.
Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған Мағауия ӛзі де
Ақылбай, Кӛкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі Ол жазған поэмалар: “Еңлік-
Кебек”, “Абылай” және “Медғат-Қасым”.
“Еңлік-Кебек”, “Абылай” поэмалары қолжазба күйде сақталса да, оқушыларға
тарамаған.
М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың
ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына
арнаған. Ӛмір дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм
сарынындағы шығарма
болғанымен, оның реалистік шындықпен ӛмірге жанасымды қонымды тұстары да
бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық
жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.
Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаhарман
Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты кӛрінеді. Ол сезім
Қасымды үнемі күтпеген
іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелп отырады.
Қасымды романикалық қаhарман етіп тұрған да осы сезім.
Мағауияның ең кӛлемді және кӛркем поэмасы -“Медғат-Қасым”. Оның
ақындық ерекшелігін анық, айқын кӛрсететін де осы “Медғат-Қасым” поэмасы.
“Медғат-Қасымнан” бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа
түскендей болып, „Еңлік-Кебек” дастанын да жазады.
Зерттеушілер „Еңлік-Кебекті” кӛркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін
болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі – жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны
болса, екіншісі- осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз
ақын Абай берген болатын.
М. Әуезов „Еңлік-Кебек” поэмасының жанрлық тұрғыдан алып қарағанда
махаббат драмасы болып табылатындығын айтады.
Мағауияның махаббат
трагедиясына, Еңлік пен Кебектің ӛліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер
болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын
атап кӛрсетеді.
Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б .
кейіпкерлер ӛмірде болған адамдар. М.Әуезовтің шәкірті Қ.
Мұхамедханов
ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.
“Медғат-Қасым” поэмасының тақырыбы да қазақтан жырақ, алыс елдер
ӛмірінен алынған. Ақылбай ізденген жолменен тың тақырып пен мазмұнды Мағауия
да Африка елінің болмысынан алады.
“Медғат-Қасым” поэмасы романтизм сарынындағы поэма. Бірақ негізгі стилі
солай бола тұрса да, бұл поэманы реалистік шындықпен ӛмірге жанасымды, қонымды
берген тартыстары, мінездері дәлелді кӛркемдікке сүйенген.
Абай берген бағыт бойынша ізденген
шәкірт ақын Мағауия осы
шығармасында Абайдың ӛзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызады.
Ақылбай мен екеуі де, романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп
кіргізгенде, анық соны, жаңа, жақсы ағым әкеп қосты деу керек.
Мағауияның осы поэмасының орны қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырдың соңында
шыққан жаңалықтардың кӛркенті тұрғысының бірі деп атауға жарар еді.
“Медғат-Қасым”- Мағауияның ең соңғы поэмасы.
Бұдан бұрын Абайдың
тақырып етіп, шәкірт достарына тапсырып беруі бойынша , Мағауия қазақ ӛмірінің
ӛзінен алып, тағы бір поэма жазған. Бұл- қазақ тарихындағы салттық болмыстан туған
«Еңлік-Кебек» жайындағы қоспа поэма болатын.
Мағауияның бұл поэмасын қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың соңында шыққан
жаңалықтардың бірі деп атауға болады. Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт
ақын осы шығармасында Абайдың ӛзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызды. Бұл
тұрғыдан алғанда, Мағауияны романтикалық поэманың
стилін қазақ әдебиетіне
әкеліп кіргізген және жаңа, жақсы ағым әкеліп қосқан ақын ретінде бағалауымыз
керек.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Мұқамедқанов Қ. Абайдың ақын шәкірттері.-А.,1994.
7.Әуезов М.Абай Құнанбаев.-А.,1995.
Достарыңызбен бөлісу: