Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad

 
 
 
 
 
 
 
 
 №27- Лекция. 
Тақырыбы: Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. 
 
Жоспары: 
1.
 
Абайтану ғылымының тарихындағы Алаш зиялыларының бастама 
еңбектері. 
2.
 
М.Әуезов –Абайтану ғылымының негізгін қалаушы. 
3.
 
Абайтанудың қазіргі жағдайы. 
 
Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған.Бұл 
жӛнде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тарағанын еске алу 
керек. 
Бірінші жолы- баспа арқылы тарауы: екіншісі-халық арасына ауызша
жатталып, әнмен аралас тарауы: үшініші –қолжазба түрінде әр кӛлемді жинақтар 
боп, кӛшіріліп тарауы.Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу 
болғандықтан, алдымен революциядан бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан
еңбекке тоқтайық. 
Бұл жӛнде қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына ерекше еңбек
сіңірген , Абай ӛзі тәрбиелеп, баулыған жас жұртшылықтың кӛрнекті ӛкілі болған 
– Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек. 
Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таңдамалы жинағын бірінші рет 
Петербургтегі Бораганский баспаханасында 1909 жылы шығарады. Сол жинақтың
аяғында ақынның Кәкітай жазған бірінші ӛмірбаяны беріледі. Шығармалар 
жинағына Кәкітай ӛзінше талдау-жіктеу жасаған: «Ой туралы». «Ӛзі туралы», «Ел 
туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бӛліп шығарып, әр 
ӛлеңінің мазмұнына қарай мӛлшермен жіктейді. 
Революциядан бұрын және революцияның алғашқы жылдарында Абайдың 
халыққа тарауы, тек баспа жүзінде ғана болған жоқ дедік. Оның кӛп ӛлеңі әнші- 
ақындардың , жас-кәрінің жаттауымен және оқушы жастардың жадына алып. 
Айта жүруінен ауызша тарағаны да кӛпке мәлім. Бұлардың ішінде халық
ӛнерпаздары да кӛп еді. Солардың бастылары- Кӛкшетаудан келген атақты Біржан 
немесе Әсет, Жаяу Мұса, Ғазиз, Естай, Мұқа, Мауқай, Шашубай: әйелдерден: 
Ажар, Зейнеп, Сара, Қуандық сияқты талай талантты атақты әнші-ақындар 
болады. 


Осылардың айтуынан және Абайдың ӛз қасындағы Кӛкбай, Мағауия, Ақылбай, 
Әріп, Бейсенбай, Әлмахамбет сияқты оқымысты әнші-ақындардың айтуымен де, 
Абайдың кӛп шығармалары жоғарыда айтылған кӛп уездерге, бірнеше облыстарға 
ауызша тарап жүрген. 
Абай ӛзі барлық шығарған еңбектерін жинастырып, ұқыптылық етпеген. Тек 
1896 жылы ғана Мағауия, Кәкітай, Кӛкбайлардың айтуы бойынша, осы жылдан 
бастап, барлық шығармаларын жинастырып, кӛшіруге ұйғарады.Жаңағы 
молдалардың : Ғабитхан, Кішкене молла сияқты жасы үлкендері Абай ӛлеңдерін 
ертерек жинастырып, кӛшіріп жүрсе, кейінгі Мүрсейіт бастаған кӛпшілік Абай 
шығармаларының жинақтарын сол жаңағы 1896 жылдан бері қарай кӛшіретін 
болады. 
Революциядан кейінгі Абай тану , әсіресе, соңғы кезде ерекше үдей бастады. 
1920 жылдан бергі отыз жыл бойында Абайды тану ісі неше салада жыл санап 
үдеп, ӛркендеумен келеді. Ең алдымен, Абайдың баспасӛз жүзінде ӛз 
шығармалары шығып және Абайдың ӛмірі мен шығармалары туралы жазылған 
мақалалар, жеке кітаптар, үлкенді-кішілі зерттеулер аса кӛп боп молайғанын айту 
керек. 
Абайды тану , таныту істері тек қазақ тілінде ғана болмай, орыс тілінде де 
едәуір молайды. 
Абайдың ӛмірін, дәуірін зерттеп жүріп, кейде кемшілікті қате пікірлер айтқан 
болса да, негізінде Абайды тану ғылымына елеулі еңбек еткен адамдар: Сәбит
Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Ысмайылов, Бейсенбай 
Кенжебаев, Белгібай Шалабаев сияқты тағы бірталай әдебиет тарихшылары мен 
жазушылар. 
1933 жылдың баспасында М. Әуезов жазған Абайдың бірінші, толықтау 
ӛмірбаяны да берілді. 
Ақынның толық жинағы, кейін 1939-1940 жылдары екі том болып, тағы 
басылып шықты. Онан соң, әсіресе, толығырақ болып топталып, ұлы ақынның жүз 
жылдық мерекесіне арналған толық жинақ түрінде 1945 жылы басылды. Бұл 
жинақтың кіріспе сӛзін жазған Сәбит Мұқанов. 
1948 жылы басылып шыққан профессор Қажым Жұмалиевтің «Абайға дейінгі 
қазақ поэзиясы» және «Абай поэзиясының тілі» деген еңбегін айрықша атап ӛтуге
керек. Абайды тану жӛнінде 1946 жылы басылып шыққан Нығымет Сәбитовтың бір 
ғана библиографиялық «Абай» атты еңбегін атап ӛтпекпіз. Абай шығармалары орыс 
халқының тілінде 1940,1945 және 1954 жылдары жеке жинақтар болып, орыстың 
советтік кӛп ақындарының аударуымен жарыққа шықты. 1960 жылдардан бері қарай
Камен Оразалин, Айқын Нұрқатов, ғалым Мекемтас Мырзахметов Абайтану
проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп , бірнеше монографиялық 
еңбектер, кӛркем шығармалар жазды. 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.


5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Абай тағлымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. (Құрастырған Н.Ғабдуллин). 
А. 1986. 
7.Абайды оқы, таңырқа...-А. 1993. 
8.Абай тілі сӛздігі. –А. 1968. 
9. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан . –А. 1993 
10. М. Әуезов. Абай жолы. –А.1988-2002 ж 
11. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. -А., 1982


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет