Құрастырған : аға оқытушы Әбенова Л



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата20.02.2023
өлшемі1,11 Mb.
#169454
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
abenova.19gaskazad

 
 
 
 №23- Лекция. 
 
Тақырыбы: Ыбырайдың ӛлеңдері, әңгімелері, аудармалары. 
Жоспары: 
1.
 
Ӛлеңдерінің тақырыптық мазмҧны. 
2.
 
Әңгімелері- ҧстаздық тәлім-тәрбие қҧралы, қазақ жазба прозасы
қалыптасуының бастау негізі. 
3.
 
Аудармаларында қазақ халқының ҧғымына сай еркін аудармалық 
ҥлгіні қолдануы. 
 
Ыбырай – кӛрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы 
тамаша талабын танытқандай маңызы зор кӛркем шығармалар туды. Ол ӛзінің бар 
күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметінге жұмсады. Ыбырайдың 
жазушылық қызметінің түпкі қазығыда сол оқу-ӛнер, білім мәселесімен сабақтас. 
Озның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор 
нысанасы – қараңғы қазақ халқының кӛзін ашу, кӛңілін ояту, оны озық мәдениетті 
елдердің қатарына қосу.
Ұлы педагог ақын ӛзінің ӛлеңдері арқылы оқудың, ӛнер-білімнің маңызын 
түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан 
бодлашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады. 


Ӛнер, білім – бәрі де 
Оқуменен табылған... 
Кел балалар оқылық!-
деп жар салды. Қазақ балаларына оқыған адамның қараңғылықтан құтылып, 
дүниенің шырағын жағып, ілгері нық басатынын ескертті.
Оқымаған жүреді, 
Қараңғыны қармаклап... 
Оқысаңыз,балалар, 
Шамнан шырақ жағылар! 
Надандықтың белгісі- 
Еш ақылға жарымас, 
Жайылып жүрген айуандай 
Ақ, қараны танымас. 
Ӛнерлі, білімді адамды надандарға қарама-қарсы қойып, ақын олардың бірінен-
бірінің айырмашылықтарын тайға таңба басқандай бейнеледі. 
Ыбырай ӛлеңдері тек оқу, ӛнер, білім тақырыбы шеңберлерінде қалып 
қоймайды. Оның кӛп ӛлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер 
тӛңірегінде кӛтеріп, ӛз кезінің шындығын аша түседі.Ақынның „Араз бол кедей 
болсаң ұрлықпенен” деген ӛлеңінің мәні де терең. „Әй , достарым !” жеген ӛлеңінде 
„Қолыңнан келсе қыл қайыр !” деп, қайрымды, кең пейіл, адал азамат болуға 
шақырады. 
Ыбырай-жаңашылқ жазушы. Ол-ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен 
тың тақырыптар әкелумен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет 
мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешікм болған жоқ-ты. Ыбырай бұл
мәселелерді ӛз шығармаларының арқауы етті. Ӛнер, еңбек , кәсіп, адалдық, 
адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең кӛтеріліп, 
европалық мәдениет үлгісі уағыздалды. Ӛмір мәселелері кейіпкерлер әрекеттері 
арқылы ашылып, адам образын жасау қолға алынды. Ыбырай қазақ әдебиетінде 
ұнамды кейіпкер жасау проблемасын кӛтерген жазушы деп танылса да артық емес. 
Сейітқұл, Үсен, әке мен бала , кәсіпқорлар т.б. кейіпкерлер сол кездегі қазақ 
әдеьбиетіне, сондай-ақ ақынның „Жаз”, „ Ӛзен” деген ӛлеңдері де кезінде қазақ 
әдебиетіне жаңалық болып қосылды. Адам ӛмірін емірене жырлаған ақын табиғатты 
ескермей кетуге тиіс емес еді. Бірақ, Ыбырайға дейінгі қазақ ақындары табиғатты ӛз 
алдына тақырып жасап, бӛлек жырауды дәстүр етпеген-ді. Ал, Ыбырай мен Абай 
қазақ әдебиетінде жыл мезгілдерін ӛз алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик 
ақындар болды. 
Жазушы табиғат лирикасын туғызған кезде оның алдында даяр үлгі – орыс 
әдебиеті мен батыс поэзиясы бар еді. Ақын оны шебер меңгерді және оған ӛзіндік 
талғаммен қарады. Ол орыс не батыс әдебиетіндегі табиғатты жалаң алып, ӛмірден 
оқшау жырлаған символист, пейзажист ақындарды емес, табиғатты адам ӛміріне 
байланыстыра жырлаған Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты ақындарды үлгі тұтты. 
Сӛйтіп, ол әрі мәнді, әрі сұлу суретті табиғат лирикасын жасады. 
Ыбырай „Жаз” деген ӛлеңінде
Сәуірде алуан-алуан жауар нӛсер, 
Нӛсердің қуатымен жер шӛбі ӛсер. 


Кӛкорай дүние жүзі шалғын болып,
Мал, айуан, азамат бауырын тӛсер. 
Жан-жәндік рақат атуып тұру үшін 
Ұшпақтан хош иісті желдер есер. 
Ыбырайдың табиғат туралы ӛлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне 
байланысты.Ақынның бұл ӛлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, 
әдебиетімізге қосылған зор үлес. 
Ақын ӛлеңдерінің кӛпшілігі- тәлім-тәрбие мақсатын кӛздеген, дидактика сарыны 
басым шығармалар. Сондақтан олардың кӛпшілігіне публицистика стилі тән деуге 
болады. 
Ыбырай ӛлеңдерінің тілі қарапайым , жатық та тартымды , мақал-мәтелдерге де толы. 
Ақын айтайын деген ойын оқушысының кӛңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай 
әсер қалдырады. 
Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де 
елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі кӛркем проза қазақ жазба
әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін 
қалыптастырады. Бұл жанрдың сырын ашты. Кӛркем әңгіме, новелла жазудың жақсы 
үлгісін кӛрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі кӛркем прозасы Ыбырай 
әңгімелерінен басталады деу орынды. 
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бӛлуге болады: оның бірінші-новелла, екінші тобы- 
ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы- шағын 
кӛлемді мысал үлгісіндегі ӛнеген сӛздер. 
Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері ӛз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, 
әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, ӛнерпаздыққа, тапқырлыққа, 
еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, 
зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, 
еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға 
баулиды. 
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтын оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы 
алғанда оның әңгімелері-негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері. 
Ыбырайдың ұстаздарының бірі атақты педагог К.Д. Ушинский де еңбекке 
негізделген тәлім-тәрибені қуаттайды. Еңбек тақырыбындағы „Ӛрмекші, құмырсқа, 
қарлығаш”, „Бай мен жарлы баласы”, „Дүние қалай етсең табылады”, „Байлық”, „Әке 
мен бала”, „Асыл шӛп”, „Қыпшақ Сейітқұл” т.б әңгімелері-ӛзінің ӛнегелілігімен, 
образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол кӛркем шығармалар. 
Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Ол 
қазақ мектебін керекті құралдармен жабдықтай білді.
Ыбырай – кӛрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы 
тамаша талабын танытқандай маңызы зор кӛркем шығармалар туды. Ол ӛзінің бар 
күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың 
жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-ӛнер, білім мәселесімен сабақтас. 
Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор 
нысанасы-қараңғы қазақ халқының кӛзін ашу, кӛңілін ояту, оны озық мәдениетті 
елдердің қатарына қосу. 
Ұлы педагог-ақын ӛзінің ӛлеңдері арқылы оқудың, ӛнер-білімнің маңызын 
түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан 
болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады. 
Ӛнер-білім – бәрі де


Оқуменен табылған... 
Кел, балалар, оқылық!- 
деп жар салды. 
Ыбырай ӛлеңдері тек оқу, ӛнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның 
кӛп ӛлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер тӛңірегінде кӛтеріп, 
ӛз кезінің шындығын аша түседі. 
Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген ӛлеңінің мәні де терең. 
“Әй, достарым!” деген ӛлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең 
пейіл, адал азамат болуға шақырады. 
Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол - ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен 
тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, 
мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Ӛнер, 
еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс 
жаңалықтары кең кӛтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды. 
Ыбырайдың табиғат туралы ӛлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне 
байланысты. Ақынның бұл ӛлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, 
әдебиетімізге қосылған зор үлес. 
Ақынның ӛлеңдерінің кӛпшілігі – тәлім–тәрбие мақсатын кӛздеген, дидактика 
сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың кӛпшілігіне публицистика стилі тән 
деуге болады. 
Ыбырай ӛлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де 
толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының кӛңіліне құйып, қолыңа нық 
ұстатқандай әсер қалдырады. 
Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де 
елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі кӛркем проза қазақ жазба 
әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін 
қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Кӛркем әңгіме, новелла жазудың жақсы 
үлгісін кӛрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі кӛркем прозасы Ыбырай 
әңгімелерінен басталады деу орынды. 
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бӛлуге болады: оның бірі-новелла, екінші тобы-
ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы-шағын 
кӛлемді мысал үлгісіндегі ӛнеге сӛздер. 
Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері ӛз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, 
әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, ӛнерпаздыққа, тапқырлыққа, 
еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, 
зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, 
еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға
баулиды. 
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтың оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы 
алғанда оның әңгімелері – негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері. 
Еңбек тақырыбындағы “Ӛрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы 
баласы”, “Дүние қалай етсең табылады”, “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шӛп”, 
“Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, т.б. әңгімелері - ӛзінің ӛнегелілігімен, 
образдылдығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол кӛркем шығармалар. 
Ыбырай творчествосында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік 
шыңы - “Бай мен жарлы баласы”. 


Асан – бай баласы. Ол ӛмірдің қиыншылығын кӛрмеген. Екі қолын жылы суға 
малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке. 
Ал Үсен - кедей баласы. Ол ӛмір мектебінен ӛткен. Басына түскен 
қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі. 
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің кӛтеретін тағы бір ӛзекті мәселесі-адамгершілік. 
Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса, деген ізгі 
ниет білдіреді. “Шеше мен бала”, “Бір уыс мақта”, “Мейірімді бала”, “Аурудан аяған 
күштірек”, “Әдеп”, “Әділдік”, “Петр патшаның тергелгені”, “Тәкаппарлық”, “Таза 
бұлақ” әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді. 
Ыбырай шығармаларының ішіндегі ертегі-аңыз ретінде келетін “Қара қылыш”, 
“Тазша бала”, “Қара батыр”, “Алтын айдар”, “Жиренше шешен” сиқты халықтың 
аңыз-ертегі сюжетіне құрылған әңгімелері де бар. 
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, ӛмір 
шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы 
қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін кӛтеріп, жыр тӛккен азамат ақын, 
жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ӛз бойындағы қуатын халық 
мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. 
 
Әдебиеттер 
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991. 
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907. 
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989. 
7. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. –А.,1965. 
8. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. –А.,1991. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет