халқы
мен Батыс, Орта Азия мен Шығыстың аты шулы ақын-жазушыларының
шығармаларын оқуға қолы жетеді.
Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, ӛз бетімен ізденуі, орыс
интеллегенциясымен араласуы оның ой-ӛрісінің ӛсуіне, ӛмірге кӛзқарасының
қалыптасуына кӛп жағдай жасайды. Осындай ұзақ та, тұрақты ізденіп оқу арқылы ол
ӛз мақсатын айқындай алады. Тілмаш болып кеңсе қызметінде қалып қоймай,
халқына қызмет етуді арман етті. Сол арманының алғашқы қадамы 1861 жылы
Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алып аттанған сапарынан басталады. Ыбырай бұл
мектепті тек 1864 жылы ғана аша алды.Оған дейін ӛз үйінде 4-5 баланы жинап
оқытып, болашақ мектеп оқуының негізін сала берді. Ӛзінің тәжірибесін арттырды.
Осылайша 1864 жылы салынып біткен тұңғыш мектепке үлкен даярлықпен жеткен
Ыбырай оқыту жұмысына құлшына кірісті.
Ыбырайдың педагогтік жұмысының ілгері басып, қыза түскен кезі оның
Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болып тағайындалған (1879) жылдардан
басталады. Әрбір уездік қалалардан орыс-қазақ балалары бірге оқитын училищелер
ашуды да қолға алады. Ол үшін елден қаражат жиып, ақыры бірнеше алты жылдық
уездік училищелерді ашады.
Ыбырай мектеп
тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқытушыларының
сапасына да ерекше кӛңіл аударды. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат кӛретін
адамы санайды.
Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе – оқу құралы. Ол балаларды
оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді. Мектеп
кітапханасын ұйымдастырып, оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі құралдарды
аударып, қазақ тілінде оқулық жазып, бұл салада да тынымсыз іс қылады.
Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай – белгілі ӛзіндік жүйе-әдісі бар
педагог. Ол қазақтың тұңыш бұқарашыл педагогикасын, халықтық мектептерін
негіздеуші. Ӛзінің дидактикалық кӛққарасынан ол - ұлы ағартушылардың озық
идеяларына сүйенген, бұқарашыл педагогикасын жаңа
жағдайда іске асырған ізгі
ниетті адам. Белинский, Добролюбов, Чернышевскийлердің озық идеялары,
ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский,
Толстой, Паульсон сияқты даңқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы
адамдардан тәлім алып ӛсті.Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен
ғана шектелмейді. Ол қазақ мектебін керекті құралдармен жабдықтай білді.
Ыбырай – кӛрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы
тамаша талабын танытқандай маңызы зор кӛркем шығармалар туды. Ол ӛзінің бар
күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың
жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-ӛнер, білім мәселесімен сабақтас.
Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық
қиялына қанат бітіретін зор
нысанасы-қараңғы қазақ халқының кӛзін ашу, кӛңілін ояту, оны озық мәдениетті
елдердің қатарына қосу.
Ұлы педагог-ақын ӛзінің ӛлеңдері арқылы оқудың, ӛнер-білімнің маңызын
түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан
болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Ӛнер-білім – бәрі де
Оқуменен табылған...
Кел, балалар, оқылық!-
деп жар салды.Ыбырай ӛлеңдері тек оқу, ӛнер, білім тақырыбы шеңберінде
қалып қоймайды. Оның кӛп ӛлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы
мәселелер тӛңірегінде кӛтеріп, ӛз кезінің шындығын аша түседі.
Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген ӛлеңінің мәні де терең.
“Әй, достарым!” деген ӛлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең
пейіл, адал азамат болуға шақырады.
Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол - ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен
тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие,
мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Ӛнер,
еңбек, кәсіп, адалдық,
адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс
жаңалықтары кең кӛтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды.
Ыбырайдың табиғат туралы ӛлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне
байланысты. Ақынның бұл ӛлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін,
әдебиетімізге қосылған зор үлес.
Ақынның ӛлеңдерінің кӛпшілігі – тәлім–тәрбие мақсатын кӛздеген, дидактика
сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың кӛпшілігіне публицистика стилі тән
деуге болады.
Ыбырай ӛлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де
толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының кӛңіліне құйып, қолыңа нық
ұстатқандай әсер қалдырады.
Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де
елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі кӛркем проза қазақ жазба
әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін
қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Кӛркем әңгіме, новелла жазудың жақсы
үлгісін кӛрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі кӛркем прозасы Ыбырай
әңгімелерінен басталады деу орынды.
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бӛлуге болады: оның бірі-новелла, екінші тобы-
ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы-шағын
кӛлемді мысал үлгісіндегі ӛнеге сӛздер.
Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері ӛз кезінің келелі мәселелерін қамтиды,
әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, ӛнерпаздыққа,
тапқырлыққа,
еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа,
зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар,
еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға
баулиды.
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтың оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы
алғанда оның әңгімелері – негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері.
Еңбек тақырыбындағы “Ӛрмекші,
құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы
баласы”, “Дүние қалай етсең табылады”, “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шӛп”,
“Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, т.б. әңгімелері - ӛзінің ӛнегелілігімен,
образдылдығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол кӛркем шығармалар.
Ыбырай творчествосында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік
шыңы - “Бай мен жарлы баласы”.
Асан – бай баласы. Ол ӛмірдің қиыншылығын кӛрмеген. Екі қолын жылы суға
малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке.
Ал Үсен - кедей баласы. Ол ӛмір мектебінен ӛткен. Басына түскен
қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің кӛтеретін тағы бір ӛзекті мәселесі-адамгершілік.
Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса, деген ізгі
ниет білдіреді. “Шеше мен бала”, “Бір уыс мақта”, “Мейірімді бала”, “Аурудан аяған
күштірек”, “Әдеп”, “Әділдік”, “Петр патшаның тергелгені”, “Тәкаппарлық”, “Таза
бұлақ” әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.
Ыбырай шығармаларының ішіндегі ертегі-аңыз ретінде келетін “Қара қылыш”,
“Тазша бала”, “Қара батыр”, “Алтын айдар”, “Жиренше шешен” сиқты халықтың
аңыз-ертегі сюжетіне құрылған әңгімелері де бар.
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, ӛмір
шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер,
аса қажырлы
қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін кӛтеріп, жыр тӛккен азамат ақын,
жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ӛз бойындағы қуатын халық
мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
7. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. –А.,1965.
8. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. –А.,1991.
Достарыңызбен бөлісу: