№18- Лекция.
Тақырыбы: Сара Тастанбекқызы(1818-1854).
Жоспары:
1.
Ӛмірі, ақындық шығармашылығы.
2.
Сара – қазақ әйелінің арманы, мҧң-шерін поэзия тілімен
ӛрнектеген ақын.
3.
Ақынның Біржан салмен болған айтысы.
Қазақ халқының ӛнерпаз қауымы – талантқа бай. Ерлері мен қыздары ӛмір
сапарын бірге кешіп, болашақ мүдделерін қоян-қолтық шешкен.
Ӛнер салаларының ӛсу жолында талай тамаша таланттар бой кӛрсетіп, ӛркен
жайған. Шаршы топ алдында шабыт шақырып, қанша шапса да бір шалдықпай, сӛз
ӛнері жарысында сан саңлақ қыздар сыннан сағы сынбай қатар ӛткен: Манат,
Ырысжан, Ақбала, Күңбала, Тоғжан, Айжан, Ақсұлу, Айсұлу, Жантӛлі, Мақта,
Мәйке, Айкүміс, Шәлипа, Ләтипа, Шәрипа, Қызболық, Шӛкейқыз, Тәбия, Дәмеқыз,
Ұлбике, Қадиша, Ажар, Жекейқыз, Күйкентай қыз, т.б. айтыс ӛнерінің қыздары –
ақпа ақындардың алтын алқасы. Аталған арулардың кӛпшілігі қаршадай шағында – ақ
, 15-17 жастарынан тӛселген сақа ер ақындармен тайсалсай тайталасқа түскен, ӛнер
асырып, жүлделерге ие болған, дәуірлік туындылар қалдырған. Осынша арулар
тобының алдыңғы қатарында қолына ӛнердің кӛкжасыл туын ұстап, аршынды
адыммен ілгері ұмтылып, нӛсерлі ән шырқаған Сара қыз болатын. Ол - атақты
Біржанмен айтысы арқылы даңқын асырған ақпа ақын.
Сара Тастанбекқызы 1853 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы,
Матай-Қатағай елінде туып ӛскен. Әкесі Тастанбек ерте ӛліп, оның інісі
Жайсаңбектің қамқорлығында қалады. Сара жетімдік зардабын шегіп, жоқ-жітік
кӛріп, тұрмыс тауқыметін тартып ӛскен. Шешесі Уәзипа, інісі Сахари сол
ауыртпалықтың салмағына шыдамай ерте тізе бүгіп, қаза тапқан. Ал, Жайсаңбек
болса, бойына біткен қайратын жұмсап, ӛнімді еңбек ете алмай, бұзықтар құрған
тұзаққа ӛзін де, жасӛспірім Сараны да іліндіріп алып азап шеккен. Таяуда
жарияланған Ӛтепберген Ақылбекұлының мәліметі Қалихановты толыстырып,
нақтылай түскен. Сараның ӛмірін, айтысын бұрмалаудан арашалап, ғылымға керек
деректер берген. Біз осы соңғы табысқа жүгінеміз. Ол Сараның 1853 жылы туып,
1907 жылы ӛлгенін, 1871 жылы Біржанмен айтысқанын, Қарашоқыдағы зиратқа
жерленгенін (Қапал ауданы), Біржанның кӛмегімен азат болып, Бекболға қосылып,
бес бала сүйіп ӛмір кешкенін, әкесі Тастанбек пен шешесі Уәзипаның шағын
шаруасының болғанын анықтады.
Сара заманына салқын жүзбен қарап, бойына қуат жиып, қайсарлық кӛрсете
ӛсті. Кезі келіп, күні туар жарқын күнін армандаудан танған жоқ.
Ӛнерге әуестік оны танымал саңлақтарға тап қылады. Сара-елінің атақты
қобызшысы Молықбай ақынмен кездеседі. Қазақтың басқа да ақпа ақындары сияқты
Сара да халық ӛнерпаздары алдын кӛріп, ӛнерін үйреніп, мектебінен ӛтеді. Зейінді
жас аға ақылын мүлт жібермейді, ӛнеріне бас иіп, ӛзінше ӛрнек тӛгеді. Жастығына
қарамастан, санасы да, қабілеті де тез қалыптасып, алқалы топ алдында ақындық
сыннан ӛтіп, кӛркем сӛз сиқырына жетіліп алады. Домбыраға да Сара он жасынан-ақ
әуес болып, жыл ӛткен сайын ән мен музыканы ақындық талантына дем берер сенімді
сүйемелге айналдырады.
Қоңыр күй қобызында Молықбайдың ,
Үкісін домбырамның толықтайын...
Аралап ӛмір сырын, бойым сергек,
Саралап алды-артымды, ақыл тергеп,
Арман мен адал сырымды ӛлең қылып,
Ән салу домбырамен болды енді ермек.
Жетімдік, жоқтық азабын тарта жүріп, 15 жаста-ақ ол ел аузына ілініп, ақын Сара
атанады. Еліне танымал Ниязбек, Мәулімбай, Қыдырәлі, Арслан, т.б. ақындармен
кездесіп, айтыс ӛнеріне де жаттығады. Тасыбек, Ермек, Құдайбергендермен
айтысады. Түбек, Бақтыбай сияқты аға ақындардан да хабарлы болады. Ақылы мен
ӛнеріне кӛркі де сай , сындарлы сұлу Сара болып бой жетеді.
Сара - ӛмір бойы мұқтаждық, панасыздық қасіретімен арпалыса жүріп, ӛнерін,
ақылын жетілдіре білген ізденімпаз, ізгі ниетті аяулы жас түлек. Оны халқы аялап
ӛсіреді, түлетіп бақты.
Қазақ әдебиеті жасаған сан сұлулар мүсіндерінің мұңлы тағдыры бұл шындықтың
қайғылы сырын танытар мәңгі ескерткіш. Мысалы: Абайдың “Бір сұлу қыз тұрыпты
хан қолында” деген, ӛлеңіндегі теңдік таппай қорланып, жартастан суға құлаған сұлу
тағдыры, кейінгі ақындар жасаған – Гүлхашима, Ғайша, Сұлушаш, Қаралы сұлу,
Қаракӛз сияқты қазақтың аяулы сұлуларының қайғылы тағдырларын Сара да ӛз
басынан кешті. Бой жетпей жатып-ақ оған құда түсті.Он үш жасар балғын Сараны
тумысынан кеміс, кексе Жиенқұлға қоспақшы болады.Сараның ендігі мақсаты тек
тұрмыс кемтарлығын жоюды, халық қатарлы ӛмір сүруді ойлау емес, ең алдымен,
басына бостандық алу ниетінде болған еді. Он бес жастан он жеті жасқа дейін ол
Жиенқұл қармағынан құтылу әрекетін іздестірді.
Замана қайшылықтары, әсіресе, кедей-кепшік пен әйел жұртының
правосыздығы Сараның кейінгі ақындық творчествосының арқауы болып
қалыптасады. Қалың малды құдалық салты, оны малданған ескі есер қауым замандар
бойы талай арулардың кӛз жастарын арқалап, обалдарына қалып келе жатқандарын
батыл әшкерелейді. Кейбір жоқшылық кӛрмей ӛмір кешкен жеке аналар тағдырлары,
ӛзі де, осы правосыздық салмағын мойындарымен кӛтеріп, ауыр зілдің астында бой
жаза алмай байланып-маталып, жүректер сүйген ғашықтарына қосыла алмай, арманда
ӛткенін ашына жырлайды. Ӛзі ашқан шындық сырын басқаларға да ұғындырмақ
болады.Халқының жылы лебізімен Сара барған сайын батыл қимылдап, күңдіктен
құтылудың амал-айласын қарастыра түседі. Бас бостандығы талаптарын ашық
кӛтеріп, тыным таппайды. Правосыз ӛмір кешкен кӛп әйелдердің бірі болып ӛтуден,
ӛмірден түңіліп, дәрменсіздік кӛрсетуден, босқа ӛлуден бас тартады. Батыл сӛз
айтады. Әсерлі ән шырқап, даланы күңірентеді.
Қызымын Тастанбектің атым - Сара,
Арман кӛп, ауызыма, халқым қара.
Қорғанар кӛп ішінен бұта таппай,
Шырылдаған боз торғай мен бір бала.
Еңіреттің ерте бастан, туған елім,
Кір жуып, кіндігімді буған менің.
Кең жатқан Садыр, Матай елдерінен
Бір теңім болмады ма ұлдан менің.
Сара ӛзінің басына түскен ауыртпалықтың үлкен сыры теңсіздікте, қорғансыз
жетімдікте екенін айта алды. Егер әкесі тірі болып, ол дәулетті байлардың бірі болса,
мұндай қорлыққа душар болуы екіталай екенін:
Бүйтер ме ем, болсам егер баласы бай,
Ауқатты, әкем тірі, тӛрт жағым сай,-деп термелейді.
Сараны тек Найман елі ғана біліп қоймайды. Алыс ӛлке, Арқа жайлаған қалың
ел хабарлы болады. Ӛнер адамдарының да Сара даңқын естіп таңдағандары аз емес-ті.
Сара тағдырына ара түсу, оның ӛнерін зәбірлеушілікке тойтарыс беру қажеттігі кӛзі
ашықтар мүддесіне айнала бастайды. Тұрысбекке кейбірі ӛз үндерін жеткізеді. Хат
жазушылар, іздеп келушілер, наразылық білдірушілер кезігеді. Орынбай, Әсет, Әріп,
Жүсіпбек, Абай, Біржандардың құлақтарына шалынады. Асылы, Біржанның Сараны
іздеп алыс сапарға аттануында осындай шындық жатыр. Ол бұл жолға аттанбас
бұрын Абай аулында болған. Онымен кеңесіп, ақылдасып, ұйғарысқан. Сараны іздеп
барып, жағдайын ӛз кӛзімен кӛріп-білу, оған аяушылық білдіріп қоймай, кӛмек болар
әрекеттер істеп кӛру Абайдан шыққан идея болуы ғажап емес. Бұған тағы бір дәлел,
кейінірек болса да, Сараның Абайды жете тануы. Оның есімін ардақтап, еске алуы.
Әбдірахман ӛліміне байланысты қайғысын бӛлісу, оның сүйегіне келген
адамдарға – Мағауияларға кӛрсеткен сый-құрметі, кӛңіл айтып, ӛлеңмен жазған хаты.
Бұларды кездейсоқ оқиғалар деуге болмайды. Біржан басқа айтыс ақындарынша
Сараны тілдемейді, қайта, оның қайғысына ортақтасып, оның азаттығын талап етеді.
Тіпті, Сарамен мұңдасып кетеді. Қайткенмен де атағы жер жарған Біржан салдың
Ешкіӛлмеске келуі, Жетісу елінің мұңды саңлағымен кездесуі, елеулі оқиға. Ол
әсіресе, Сараның тағдырына мықты әсер еткен кездесу. Біржанның Сараға келу
сапары екі ақын үшін де сәтті аяқталады. Біржанның келуі белгілі дәрежеде Сараның
бағын ашады. Айтыста жеңілген де Сара емес , “Ақ батаны” қолдаушы ескі қауым,
қажылар тобы болып шығады.
Сара Жиенқұлдан азат болғанмен, махаббат бостандығын алған жоқ, ӛзі сүйген
Үсенбайға қосылған жоқ. Бәрібір сол елдің адамына – Бекбай дегенге некеленеді.
Сӛйтсе де Сара оны мақұл кӛрді. Әйтеуір дені сау, қатарлы адамға қосылғанына
шүкірлік қылады. Бекбайды кӛргендер, оны теріс адам демейді. Сарамен санасқыш,
ниеті түзу жар болады. Жастары да тым алшақ емес екен. Сарадан он алты жыл кейін
(1932 жылы) ӛлген. Екеуінен бес бала (үшеуі қыз) ұрпақ қалған деседі.
Сара – дарынды ақын, саналы суреткер, кӛркем сӛздің шебері. Бізге жеткен
шығармаларының кӛлемі шағын. Оның үстіне зерттелу жағы кенже.
Ақын ӛзінің алтын ойларын жан тебірентер монологтар мен диалогтарға
құрылады. “Тордағы тоты” жинағы ақынның “Тағдыр тәлкегі” атты кӛлемді
туындысымен ашылады. Бұл - ӛзінің құрылысы мен мазмұн желісіне қарағанда
дастан тәріздес оқиғалы шығарма. Әкесі ӛліп, жетім қалғаннан кейінгі ӛмір жолынан
бастап-ақ ӛлеңмен шолып суреттейді.
Сараның келесі маңызды шығармасы – “Жүрек” деп аталады. Дастанның
мазмұны қызық. Жергілікті халық аңыздарының негізінде жазылған кӛркем туынды.
Лирикалық герой жалғыз ӛзі түн жамылып, Қапал тауының “Баянжүрек”, “Сайын
бӛлек”, “Қоңтәжішоқы” аталатын бӛлек шоқылары мен жоталарына қаратып сыр
шертеді.
“Жүрек” – қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын аларлық ерекше шығарма. Ол
– романтикаға толы лирикалық дастан. Жер жүрек пен ӛз жүрегін толғантқан
лирикалық қаһарманның монологтары ӛте әсерлі. Махаббат еркіндігін аңсаған жастар
жүрегінің дүрсілі естіліп-ақ тұрады.
Ақындық шабыт пен терең толғамын танытар шығармаларға оның
“Ашындым”, “Арсалаң алдында”, “Ортақ мұң”, “Аққу”, “Қарлығаш”, “Торығам”,
“Шымылдық”, “Қош бол, елім”, “Кӛп сәлем Ыбакеме, дұғай-дұғай” атты арнау,
толғауларын да жатқызу орынды. Бұлардың әрқайсысы – кӛлемі шағын, мазмұны
терең, кӛркемдік құны жоғары шығармалар.
“Қарлығаш” - Әріпке арналып жазылған жұмбақ сыр. Ӛзінің ғашықтығын
білдіріп, хат жазған әріпке жұмбақтап жауап қайтарған Сараның бұл туындысы да
“Аққу” сияқты символды бейнелі сӛздерге толы.
Сараның “Шымылдық” атты толғауының маңызы да атап кӛрсетерлік.
Қазақтың “Әмеңгерлік” салтына қарсы пікірлерін ақын алыстан орап, сұлу суреттер
жасай отырып бейнелейді.
Сараның ақындық ӛнерінің шыңы – Біржанмен айтысы. Бұл – ақындар айтысы
ӛнерінің үздік үлгісі дерлік тұтас туындысы. Ӛзінің әлеуметтік мәнімен де, кӛркемдік
суреттілігімен де, поэтикалық тапқыр тілімен де құнды, шынайы шығарма.
Сара Тастанбекқызы – XIX ғасыр қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан кӛркем
сӛздің белгілі шешені. Халық поэзиясы үлгісінде ӛмір бойы жыр тӛккен ақпа ақын.
Халық поэзиясының суреттілік сапасын кӛтеріп, кӛркемдігін зорайтқан, ӛзіндік
ӛнерпаз. Еш шалдырмас топтан озған жүйрік. Асыл сӛздің сарқылмас кені.
Поэзиямыздың қыздан шыққан кемеңгері.
Достарыңызбен бөлісу: |