Экология және өмір қауіпсіздігі


ДӘРІС №6  Тақырып:Атмосфераның ластануы және қорғау шаралары



Pdf көрінісі
бет23/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

ДӘРІС №6 
Тақырып:Атмосфераның ластануы және қорғау шаралары
1.
Климаттың жылынуы және себептері. 
2.
Озон қабатының бұзылуы. 
3.
Қышқылды жаңбырлар. 
Дәріс мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі негізгі ғаламдық экологиялық 
мәселелермен таныстыру. 
Қоршаған ортаның ластануы оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың 
концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, соның нәтижесінде 
қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, 
зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да 
жатады. 
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. 
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. 
• 
шығу тегі бойынша: 
табиғи және жасанды (антропогенді); 
• 
пайда болу көзіне байланысты: 
а) өндірістік,ауыл шаруашылық,транспорттық және т.б; 
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры),объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған 
(егістік танабы,бүкіл экожүйе),трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); 
• 
әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; 
• 
қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера 
және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары 
және т.б.); 
• 
әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, 
өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б; 
• 
әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химнялық заттар мен элементтер), 
физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-
химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б); 
• 
әсер ету периодтылығына байланысты 
(өнеркәсіп орындарының 
қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); 
• 
түрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - жүз, мың жыл тұратын (азот, 
оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты - 5-25 жыл (көмірқышықыл газы, метан, 


29 
фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың 
қостотығы, озон қабатындағы фреон). 
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті 
жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған 
ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, 
көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және 
ұзақ сақталу уақытына, олай болса, оның жинақталуы және осыған байланысты, парниктік 
эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді. 
Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал 
қалғаны қалдықтар (бос жыныс,шлактар және т.б.). 
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі 
ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай 
бейорганикалық және шамамен 2 млн органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан 
астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып 
отырады. 
Табиғат ресуртарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде 
қосымша энергияның жиналуымен байланысты. 
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, 
өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су коймаларының бетінен 
ластанудың өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді. 
Нәтижесінде ғалымдардың болжауы бойынша, ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 
С-ға артады.Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс 
жаңдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет