1.
Қазақстанның қазба байлықтары
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан
астам. Көмір бассейіндерінде Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-
Қорғалжын, Шу; Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік Балқаш) және Орал-Каспий (Жайық-
Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі
болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды
конденсат - 15-ші, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай
қорының 2%-ына дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен газ
кен орындарынынңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат - шамамен 700млн. тоннаны
құрайды. Еліміздің болжанып отырғанмұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер кыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты,
Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін
жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен
орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған
есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай
мен ғазға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл провинцияларының болашағы зор.
Қазақстанда металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай теміркен
бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов- Сарыбай, Қашар,
Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа
ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш
ретінде пайдаланылады.
Алатау темір-марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл
іздері табылған. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер-
80 млн.тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақпай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кенібар.
Шағын темір-кен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау),
Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.
24
Марганец кендері Атасу темір-марганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда,
Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен
орындары бар. Кеннің ұзындығы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы
жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60%-ға дейін. Бұл кен
орнына дүние жүзінде тең келетін кен орны жоқ. Хромий кенін өндіру бойынша Қазақстан
дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда,
Семейде табылған.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері
шамамен 1% және молибден 0,22%. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер
Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған
аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетада, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында
барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен
сипатталады.
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар
аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің
бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты, Аманкелді, Обаған, Жоғары Тобыл, Теңіз,
Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға
болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар,
Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель
кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель кенінің үлкен
қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель
кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан
металлургиялық өндеу барысында кобальт та алынады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай
тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кеңдері барланған.
Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және
Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпанында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда,
Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір
тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат,
Бозшакөл, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық
байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б.
компоненттер алынады.
Қорғасыи-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен
Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және мегаллургиялық
көсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте,
Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш
немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған
облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары
Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана-Ақжол
іске қосылған.
Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар.
Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары
барланып, іске қосылған.
25
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде өндіріліп келген.
Солтүстікте -Ақсу, Майқайық, Жусалы, Жаңғабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары.
Шығыста - Қалбы алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу
және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймакқа айналады. Өндірілетін
алтын мөлшерін қазіргі жылына 10-15-тен 100-120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металлдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Вольфрам мен молибденніц өнеркөсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар,
Ақмая, Шалқия, Сарсн, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле
Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ) және
Қаратаудың ванадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері
Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы
мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі, сурьманың бірден
бір кен орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан.
Сынап Шара ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-
мырышты, мысты-мырышты кен орындарында орналасқан. Кадмийді мырышты
концентраттардан өндіреді.
Галий Амангелді мен Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде
кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңныңполиметал кендерінен алынады.
Рений Жезқазғанның мас кендерінем табылған.
Тапий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряновск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем,
Ақжал, Ұзынжал, Қарагайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен мен теллур Кенді Алтай, Майқайыңның, Шыңғыс тауының полиметалл
кендерінен.Саяқ, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған жәнет.б. мысты кендерінен
алынады.
Сирек металлдардың қасиеттсрі мен алыну технологияларын менгеруде үлкен еңбек
сіңірген ғалым, ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А.Букетов.
Қазақстанның үлссіне уранның дүниежүзілік қорының 25,7% тиесді (3,5млн.
тоннаның 900 мың тоннасы). Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышлақта,
Қордайда; Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларға да бай. Калий тұздары маңызды
химиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры
республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық-Жем аймағында орналасқан.
Полиметалдық кендермен әдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам,
Шығанақ және т.б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын полиметалдық кендерден 1,1-
1,2 млн. тонна флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.
Фосфориттерге Қаратау баурайы (барланған 40 кен орны бар) және Ақтөбе тобы (8
кен орны бар) бай. Қаратаудың фосфаттық кенінің сапасы жоғары P
2
O
5
, үлесі 23-26, кейде
30%, ал ақтөбелік фосфаттарда 6,1-14,1%-ға дейінғана.
Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі. Шығыс Қазақстанда жыл сайын
полиметалдық кендерден 700 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы өндіріледі. Актөбенің
маңынан күкірт кеин орны табылған.
Флюориттің айтарлықтай бай қоры Онтүстік және Шығыс Таскайнарда табылған.
Натрий сульфатыныңқорын өндірістік деңгейде игеру Балқаш, Қарашаған;
Қашкантеңіз Үлкен Ажболаг көлдерінде жүргізулуде.
26
Ас тұзы 20 көл мен 2 кен орнында өндіріледі. Қазақстанда жылына 1 млн. тоннаға
жуық тұз өндіріледі. Ол Қазақстанның, Орта Азия республикаларының және Батыс Сібірдің
сұранысын толық қамтамасыз етеді. Індердің тастұзы, Жамантұз және Тайқоңырдың
тұздары сода өнеркәсібінде қолданылады.
Синтетикалық каучук, кальций карбидің өндіру әктастың есебінен жүзеге
асырылады.
Жетіқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына жатады. Асбест
талшығының қоры Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан
асады.
Каолин кен орындары Акмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка, Елтай және т.б.
жерлерде кездеседі. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты жұмыс істейді.
Ыстыққа төзімді саз Амангелді, Арқалық, Май, Бірлік кен орындарында өндіріледі.
Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан шығарылады.
Кварциттер Ерейментау, Тектұрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен орындарында
өндіріледі.
Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар. Олардың ішінде Қазығұрт, Састөбе және
т.б. атауға болады. Бұл кен орындарының негізінде Қазақстанның ірі цемент зауыттары
жұмыс істейді.
Керамикалық шикізат Ақмола Қашпағай, Көкшетау фарфор зауыттарының, Ақмола
керамика комбинатының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Көктөбе және Төрген кен
орындарын атауға болады.
Шыны өндірісіне жарамды құм Мұғалжар, Қалқаман, Қалқан және Қаратөбе кен
орындарында өндіріледі.
Қазақстанда гипс қоры 11 кен орнында шоғырланған.
Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар.
Алматы, Екібастүз, Теміртау, Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың
куб метр және гранит 32 мың куб метрді құрайды.
Өскемен зауытында минералдық мақта өндірісінде порфирит, базальт қолданылады.
Құрылыста пайдаланылатын құмның қоры 88 кен орындарында шоғырланған.
Силикаттық кірпіш өндіруге 32 кен орнының құмы, кәдімгі кірпіш өндіруге 121 кен
орнының құмы қолданылады.
Қазақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-
шикізат ресурстары жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |