Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет18/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

ә) көміртегі айналымы
Атмосферадағы С фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің органикалық заттарына 
еніп, әрі қоректену тізбегіне қатысады. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы 
немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Ағзалардың тыныс алу процесінде 
С органикалық заттардан босатылады. С негізгі массасы өлі органикалық заттардан 
редуценттер арқылы (бактериялар, саңырауқұлақтар) бөлінеді. Өсімдіктер түзген 
органикалық заттыңқұрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі, не өлі өсімдік 
ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде кемірқышқыл 
газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегінің шамалы (аз) бөлігі Вернадскийдің 
айтуынша, заттар айналымынан торф, көмір, мұнай, су экожүйелеріндегі карбонаттар 
түрінде «геологияда минералдар түзуге кетеді». 
Көміртегі ииклінің негізгі бұзылуы геологиялық құрылымдардан бөлінетін заттарға 
байланысты. Сонымен қатар, өсімдіктер бірлестігінің ауданы мен өнімділігінің өзгеруі 


21 
нәтижесіне де байланысты. Осы көміртегінің бір бөлігі атмосферада көмірқышкыл газы мен 
метан түрінде жиналып, «жылыжай әсерінің» пайда болуына ықпал етеді. 
Оттегінің циклі. Жердегі оттегінің циклі шамамен екі мың жылда, судың шамамен 
екі млн жылда жүріп өтеді. Бұл заттардың атомдары жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы 
өткен. Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты. Соңғы алты жүз млн жылда зат 
айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі денгейіне жақындады. Биосфера 
үлкен үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді.
«Ноосфера» түсінігі.
«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, 
математик, палеонтолог және антрополог Эдуард Леруа және палеонголого Пьер Тейяр 
Шарден болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған 
кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. Вернадский бойынша ноосфера «адам 
санасының ролі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиаялық 
күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады. 
Ноосфера сана, ақыл ой қабаты, экологияның төрт заңы. Ағылшын ғалымы 
Б.Коммонер тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым 
қатынастарды төрт заңға біріктірген. 
1.Барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы 
байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық 
немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге 
әкеліп соқтыруы мүмкін. Әр түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады. 
2: Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. 
Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін 
азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық 
көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануардар тыныс алуы 
кезінде оттегіні бөліп шығарады. 
3.Табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. 
Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай жаңа органикалық зат жасалмайды. 
Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. 
4.Тегін еш нәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек 
қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің 
көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада 
пайдалана білмеуімізгебайланысты туындап отыр. 
Сонымен, биосфера дегеніміз тірі ағзалардың және осы ағзалармен үздіксіз алмасуда 
болатын планета барлық затының және оның қызметінің жиынтығынан тұратын Жердің 
қабықшасы. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Биосфера концепциясының мәні неде? 
2.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімінің қағадапары:
3.Биосфераның ерекшеліктері қандай? 
4.Биосфераның тірі зат компонентін түсіндіріңіз. 
5.Коммонер заңдарының мәнін түсіндіріңіз. 
6.Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет