Экология және өмір қауіпсіздігі


ДӘРІС №7  Тақырып: Су және топырақтың ластануы



Pdf көрінісі
бет28/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

ДӘРІС №7 
Тақырып: Су және топырақтың ластануы
1.Биосферадағы су ресурстары: теңіз сулары және тұщы судың табиғи жүйелері.
2. Судың ластану көздері және су қорларын дұрыс пайдалану.
Ағынды суларды тазалау әдістері 
3.Топырақ эрозиясы, түрлері. 
4. Ормансыздану және шөлге айналу. Биоалуантүрліліктің азаюы.
 
 Биосферадағы су ресурстары. 
Су – бiздiң планетамыздағы ең көп таралған минерал. Табиғат байлықтарының 
iшiнде судың мәнi ерекше. Биосферадағы барлық ағзалар үшiн су- тiршiлiк және 
эволюциялық даму ортасы. Су- Жер шарындағы ауа райын өзгертiп отыратын негiзгi күш. 
Бұл процесте су буының ролi күштi. Атмосферадағы бу күйiнде болатын су негiзiнен 
әлемдiк мұхиттардан буланады. Буланған су мен жерге жаңбыр-қар түрiнде түсетiн судың 
мөлшерi азды-көптi бiрдей болады. Жыл сайын шамамен 100 см
3
су буланатын болса, осы 
мөлшерде жерге қар, жаңбыр жауады. Тiрi ағзалардың зат алмасумен байланысты көптеген 
биохимиялық, биофизикалық процестер тек судың қатысуымен жүре алады.
Су жер шарында ең көп таралған минерал бола тұра, қазiргi кезде су ресурстарын 
тиiмдi пайдалану негiзiгi мәселе болып отыр. Суды ең көп қажет ететiн салаларға – ауыл 
шаруашылығы, өндiрiс орындары және халықты сумен қамтамасыз ету шаруашылығы 
жатады. Ауыл шаруашылығының суды мол жұмсайтынына мынандай мысал келтiруге 
болады. 1 тонна бидай өндiру үшiн оның вегетациялық дәуiрiнде 2500 т су жұмсалады, ал 
1 т күрiш өндiру үшiн 4500 т су керек. Энергетика саласы, мал шаруашылығы да суды көп 
қажет етедi. Өндiрiс орындарында судың көп жұмсалуы оның жылдам дамуымен қатар, 
өндiрiстiң су сыйымдылығына байланысты, яғни өнiм бiрлiгiне жұмсалатын су мөлшерiнiң 
артуына байланысты. Мысалы, 1 т мақта-матасын жасауға фабрикада шамамен 250 м
3
су 
жұмсалады, ал 1 т синтетикалық талшық өндiру үшiн – 2590-5000 м
3
су жұмсалады. Химия 
өндiрiсi де суды көп қажет етедi. 1 т аммиак өндiруге 1000 м
3
су жұмсалады, 1 т 
синтетикалық каучукқа – 2000 м
3
су керек. Түстi металлургия өндiрiсiнiң де суға деген 
қажеттiлiгi үлкен. 1 т никель балқытуға– 4000 м
3
су жұмсалады, 1 т шойын балқыту үшiн 
180-200 м
3
су қажет,онымен салыстырғанда никель балқытуға 20 есе су көп жұмсалады. 
Жер шарының су қорын мұхиттар, теңiздер, өзен- көлдер, жер асты сулары, 
мұздықтар және атмосферадағы су буы құрайды. Мөлшерi шамамен 1353985 млн км
3
. Жер 
шарында тұщы су мөлшерi өте аз, көлемi шамамен 35029 км
3
.
 
Ол Жер шарындағы барлық 
су қорының- 2,5% құрайды. Әйтсе де, ол судың көп бөлiгi (68,7%) мұздықтарда, яғни 
ерiмейтiн қар жамылғыларында, Антарктида мұздықтарында шоғырланған. Әлемдiк 
мұхитқа жыл сайын құйылатын материктiк судың мөлшерi – 4700 км
3
.
Алғаш рет тiршiлiк су ортасында дамыған. Жануарлар мен өсiмдiктердiң көптеген 
түрлерi үшiн су әлi де тiршiлiк ортасы болып есептеледi. Тiрi ағзалардың денесiнiң 3/4
бөлiгi судан тұрады. Су ресурстарының бiраз бөлiгiн жер асты сулары құрайды. Бiздiң 
елiмiз бен көршiлес республикалардың территориясындағы жер асты сулары әркелкi 
таралған. Ішуге жарамды жер асты сулары көбiнесе Қазақстанда, Солтүстiк Кавказда және 
батыс, оңтүстiк-батыс аудандарда, ал минералдылығы жоғары су қоймалары – Молдова, 
Орта Азия, Қазақстан және Батыс Сiбiрде кездеседi. 
Өндiрiс орындарында су көптеген функцияларды орындайды. Ол – ерiткiш, жылу 
тасымалдаушы, салқындатқыш, бу беретiн негiзгi көз болып табылады. 


33 
Табиғаттағы су қоймаларын ауадағы зиянды қоспаларды өзiне қосып алған 
атмосфера суы, қалалық қалдық сулар, өндiрiстен бөлiнген зиянды сулар, ауыл 
шаруашылығынан бөлiнген, яғни құрамында тыңайтқыштар мен пестицидтер болатын 
қалдық сулар ластайды. 
Табиғатта су қоймаларының өздiгiнен тазалануы жүредi. Ол су қоймаларын мекен 
ететiн бактериялардың, балдырлардың және жоғары сатыдағы су өсiмдiктерiнiң қызметi 
арқылы орындалады. Су қоймаларының өздiгiнен тазалануы физикалық, химиялық, 
биологиялық факторлардың көмегiмен жүредi.
Физикалық факторларға өзеннiң интенсивтi ағысын атауға болады. Ол арқылы 
судағы түйiршiктi заттар ерiп араласады, концентрациясы төмендейдi. Суда ерiмейтiн 
заттардың су түбiне шөгуi, ластанған судың тұнуы арқылы да су тазаланады. Сол сияқты, 
күннiң ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен судағы патогендi микроорганизмдер жойылып 
залалсызданады. 
Химиялық факторларға судағы органикалық және бейорганикалық заттардың 
тотығуын атауға болады. Биологиялық фактор ретiнде моллюскалар суды сүзгiлеп 
тазартады. Мысалы, Ока өзенiнiң сүзгiлеушi – моллюскалар аз қоныстанған жерiнде су 
тазалығы төмен. Ал, көп қоныстанған жерлерде, яғни 1 м
2
-ге 150 моллюска орналасқан 
аудандарында судың ластығы 70%-ке төмендеген. Әрбiр моллюска 1 тәулiкте 30 л су 
тазалайды. Су қоймаларындағы моллюскалардың санының азаюына өндiрiстiк қалдық 
сулар және улы химикаттармен ластануы себепкер болуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет