46
жылы құрылды. Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді,
халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай - ақ емдеу дәрілерінің
сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халық деңсаулығын жақсартуға көмектеседі.
Штаб - пәтері Женева қаласында орналасқан.
ЮНИДО - халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті
бекіту және өнеркәсіптің
дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;
МАГАТЭ - радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген,
бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей
тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта
пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агентгік.
Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін
қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб - пәтері Вена
қаласында орналасқан.
ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) - бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған,
бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын
бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен
құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық
бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту,
сондай - ақ
ұлттық метерологиялық қызметгің жұмысын үйлестіру. Штаб - пәтері Женева қаласында
орналасқан.
МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) - бұл
одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекеме.
МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау
жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан
(Швецария).
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халыкаралық ынтымақтастығы қызметі
халықаралық экологиялық құқығымен реттеледі. Оның негізінде барлық елдер келісіп,
қабылдаған принциптер мен нормалар жатыр. Осы принциптердің қалыпасуына маңызды
үлес қосқан БҰҰқоршаған ортаны қорғау проблемасы жөніндегі Стокгольм
конференциясы (1972ж.), Әлемдік табиғат партиясы мақұлдаған (1982ж.) және
Халықаралық БҰҰ конференциясы айнала қоршаған орта және дамыту Рио- де- Жанейро
(1992ж.). Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму
тарихын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1.Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972 ж.) мемлекеттер
және халықаралық қоғамдастыктың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын
белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда
әлемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың стратегиялық міндеті, жұмыс
жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған
орта қорғау күні деп белгіледі. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жөніндегі тұрақты
жұмыс
органы құрылды, оның штаб - пәтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды.
Қабылданған бағдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру
мен жоспарлауда:
-айнала ортаны бағалау - әлемдік бақылау жүйесі;
-айнала ортаны басқару;
-көмекші шаралар, қоршаған орта сферасында білім беру және мамандар даядлау;
Аталған ұйым басқа халықаралық ұйымдардың қоршаған орта компоненттері - жер,
су, атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.
Әлемдік табиғат партиясы БҰҰ Бас Ассамблеясы 28 қазан 1982 жылы қабылдаған.
Стокгольм конференциясы сияқты, Әлемдік табиғат хартиясы Халықаралық
қауымдастықтың экологиялық қызметінің басты бағыттарынанықтады, бұл мемлекеттердің
экологиялық саясаттарын әрі қарай қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Ғалымдар мен
47
мамандардың зерттеулері бойынша әлемдік табиғат хартиясы қоршаған ортаны қорғау
және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың халықаралық құқықтық принциптерін
дамыту жолында ілгерілеушілікке ұол жеткізеді. Хартияда келесі негізгі принциптер
жарияланады:
-адам баласы, табиғаттың құрамдас бөлігі екенін саналы түрде үғынады. Сондықтан,
табиғатқа құрметпен қарап, оның негізгі принциптерін бұзбауға тиіс;
-жер бетіндегі өмір тіршілігінің генетикалық негізі қауіпке тірелмеу керек. Әрбір
түрдің көбейіп таралуына жабайы немесе үй жануары болсын, оған жағдай туғызылуы, яғни
қажетті тіршілік ортасы сақталсын;
-жер бетіндегі барлық региондар, құрлық, теңіз болсын
қорғау заңдылықтарына
бағынышты болғаны жөн, бөлек қорғалумен қамтамасыз етілуі қажет, ерекше аймақтар -
барлық экожүйе түрлері және сирек, жойылып бара жатқан флора, фауна тіршілік ортасы;
-табиғи ресурстарды қолдауда ысырап етуге жол бермеу, олар пайдаланылуы тиіс
орынды, табиғат хартиясы принципі талап етуі бойынша;
-
биологиялық ресурстар өздерінің қалпына келу мүмкіндігі мөлшерінде ғана
пайдаланылғаны жөн, бірнеше рет қайталанып қолданылатын ресурстар суды қосқанда
айналымға жіберген дұрыс.
Хартия мәлімдегендей, табиғи ресурстарды аяусыз және ұтымсыз пайдалану
нәтижесі, сондай - ақ мемлекеттер мен халықтар арасында тұрақты экология -
экономикалық тәртіпті орнату қабілетінің жоқтығы цивилизация негізін жояды.
БҰҰ қоршаған орта және оны дамыту конференциясы (Рио - де- Жанейро 3-4
маусым 1992ж.) Рио - де - Жанейро қаласында 114 мемлекет басшылары 1600 мемлекеттік
емес ұйымдар өкілдері бас қосты. Бұл XX ғасыр тарихындағы қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі тарихи конференция болды.
Конференция 5 негізгі құжатты мақұлдады:
-деклаларация
қоршаған орта және оның дамуы;
-XXI ғасыр күн төртібінде;
-мәлімдеме барлық орман түрлерін сақтау және тұрақты дамуды басқару
принциптері;
-конвенция климаттық өзгеру проблемасы жөніндегі;
-конвенция биологиялық түрлер туралы.
БҰҰ конвенциясын маңызды қолжеткен келесі факторлардықол жеткен келесі
факторларды мойындауды мақұлдады:
-
қоршаған
орта
экономикалық
даму
проблемасыбір-
біріменбөлек
қарастырылмайды;
-жер экожүйесінің тұтастығын, тепе теңдігін қалпына келтіру, қорғау, сақтау
міндетіне байланысты барлық мемлекеттер серіктестік құрып қызмет жасауы тиіс;
-
әлем, айнала орманды қорғау және дамуы өзара байланысты және бөлінбейді;
Мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының экологиялық стратегиялық негізін
жасауға тұрақты даму концепциясы ұсынды.
Конференцияда келесі мәселелер атап көрсетілді: тұрақты даму,
оның мәнісі,
экономикалық даму мен экологиялық проблемаларды бір мезгілде шешу.
Осы конференцияға қатысқан өздері міндеттеме алған мемлекет тұрақты даму
жолына түсуі тиіс. Адамдардың тіршілік ортасы барлық биосфсра, біркелкі және тұтас
жүйені құрайды, сондықтан да тұрақты экология экономикалық қатынас тек барлық
мемлекеттердің келісілген біріккен күші негізінде мүмкін бола алады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз.
2. Экологиялық жағдай типтері қандай?
3. Тұрақты даму дегеніміз не?
4. Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін халықаралық бірлестіктер қандай?
48
Әдебиеттер
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы,
2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.
Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар»,
1990.
6. Мөмбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар»,
1990.
7. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ
географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
8.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма- Ата, «Ана тілі»,
1991.
9.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: