Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет34/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

 
ДӘРІС №8 
Тақырып: Қазіргі заманның әлемдік экологиялық мәселелері, олардың пайда болу 
себептері және зардаптары 


42 
1. Қатты қалдықтарды тиімді пайдалану және жою. 
2. Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму. 
3. Қазақстанның радиоактивті қалдықтары. 
4.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.
 
 
Дәріс мақсаты:
Студенттерді тұрақты даму тарихымен, мақсаты, міндеттері, 
мәселелерімен таныстыру. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-
қатынастарымен таныстыру. 
Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мөселелері
Тұрақты даму дегеніміз - келесі ұрпақтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру 
мүмкіндіктеріне зиян тигізбей, бүгінгі күн қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғам мен 
табиғаттың үйлесіп даму үрдісі. Тұрақты даму табиғи қорлардың байлығы мен 
біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы 
мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық пен тағы да басқа мәселелердің 
бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. 
Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз: 
• Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру ; 
• Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін 
құру; 
• Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау. 
Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму 
мәселесін шешу жолдары болып табылады. 
Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму 
мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын 
жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты - биосфераны қорғау және сақтап қалу. 
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап 
қалу қызметімен анықталып отыр. 
1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен 
даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін 
қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Осында алғаш рет «Тұрақты 
даму» концепциясы ұсынылды.
1992 жылдың маусым айында Рио- де- Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар 
Ұйымының (БҰҰҚ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы 
болашағымыз» атгы конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «XXI 
ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады- Бұл бағдарламада 
шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. 
Солардың ішінде негізгі мәселелсріне тоқтала кетсек: 
• Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін- өзі қамтсыз 
етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. 
Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын 
жоспарлау. 
• Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды 
қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту. 
• Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард 
астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді. 
• Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның 
жағдайына байланысты болады. 
• Түрақты тұрғын жерлер (Урбанизация) 
• Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- 
энергияны өндіру мен тұтыну. 


43 
• Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер 
мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. 
Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, 
оларды жүзеге асыру қажет. 
• Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес; 
• Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану; 
• Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану; 
• Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру 
• Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою 
• Радиоактивті қалдықтарды жою 
• Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі 
•Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру: 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазакстан Рсспубликасының 
экологиялық саясаты белгіленді». Республика президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында жасаған 
баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді 
қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 
1992-1998 жылдары аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып, ядролық 
полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арнал;ан 
интеграциялық процестердің ұйытқысы болды. 
Билогиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан 
түрлшікті қорғаудыңҰлттық баяндамасы қабылданады. 
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар 
жатады: 
• Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі
•Экологиялық қауәпсіз технологияларды қолдану; 
Тұрақты дамудыңғылыми және ақпараттыққамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің 
Республикамыздыңтұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді 
шешудің 
міндеттері 
«Қазакстан 
Республикасының 
экологиялық 
қауіпсіздік» 
концепциясында қарасатырылған
Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді 
әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда 
шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, 
Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы 
байқалып отыр. 
Қазақстан Республикасының «экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты 
мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасауды дамыту жатады. 
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема 
тудыратын мәселеге айналып отыр. Кеңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының күрт дамуына 
байланысты табиғат мәселлелерін ескермей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөліп, ал 
табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян әкелгенін енді ғана біліп отырмыз. 
Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты: 
1.Шикізаткөзі 
2.Адам күші 
3.Суресурстары 
Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін 
емес. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар 
ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс 
орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың 
денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде. Қазақстандағы 
қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. 
Қазақстандағы 182 миллион гектар жайылымның 110 миллионы (60%) әр түрлі деңгейде 


44 
зиян шегіп отыр. Миллиондаған гектар орманды алқаптар жойылып кетті. Ауыл 
экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалыптасқан жүйесінің 
бұзылуына байланысты болып отыр. Мәселені шешуде Елбасының ауыл мәселесін күн 
тәртібіне қоюы халықтың қызу қолдауын тапты. Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, 
мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да қатты өсер 
етуде. 
Жыл сайын Қазақстан су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 миллиард 
м
3
ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сінеді, 200 млн. қатты 
қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар 
жүргізілуде. Республикадағы қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге 
байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет