39
көздерiне азот ауыл шаруашылық алқаптарынан шайынды су арқылы түседi. Су көздерiн
нитраттармен ластанудан қорғаудың жолы- тыңайтқышты өз мерзiмiнде, арнаулы әдiсiмен,
өсiмдiктiң оны сiңiру динамикасын ескерiп пайдалану және оларды себудiң жетiлген
әдiстерiн меңгеру.
Өсiмдiктерге фосфор тыңайтқыштары
да қажет. Фосфордың азоттан
айырмашылығы жылжымалылығы төмен, сондықтан топырақта сол күйiнде, көп мөлшерде
қалып қояды. Фосфор тыңайтқыштарын үзбей пайдалану,
топырақта фосфат
қалдықтарының көп жиналуына, яғни өсiмдiкке себiлген фосфаттардың 22,6%-тi ғана
сiңетiндей жағдайда жиналуына әкеледi.Фосфор тыңайтқыштары-фосфорит Ca
5
(PO
4
)
3
F;
суперфосфат- Ca(H
2
PO
4
)
2
H
2
O; қоссуперфосфат- Ca(H
2
PO
4
)
2
. Ауыз судағы фосфордың
мөлшерi 10 мг/л аспауы қажет.
Фосфор тыңайтқыштарын топыраққа артық себу, топырақтағы өсiмдiктерге қажеттi
микроэлементтердiң мөлшерiн азайтады және оның құрамындағы фтор мен кадмиймен
ластануына әкеледi. Фосфор өте улы. Ол көп мөлшерде қоссуперфосфатта болады. Кадмий
жануарлар мен адам денсаулығы үшiн өте зиянды. Кадмий өсiмдiктерге сiңiрiледi, азық-
түлiк өнiмдерiнде жиналады.
Пестицид дегенiмiз- латын тiлiнен аударғанда “pestis”- зиянкес, “caedo”- өлтiремiн,
жоямын деген сөзiнен шыққан. Бұл топтағы улы химикаттар- арамшөптермен
(гербицидтер),
зиянкес
жәндiктермен
(инсектицидтер),
микроорганизмдермен
(бактерицидтер) күресу үшiн қолданылады. Пестицидтердi көп жылдар бойы авиациямен
себу нәтижесiнде (ауыл шаруашылығына және орман алқаптарына) қоршаған ортаның кең
көлемде ластануы байқалды. Пестицидтердiң молекуласы табиғи процестердің
миграциясымен қатар жүредi. Олар атмосферада желмен бiрге үлкен
қашықтықтарға
таралады. Бұл заттар егiстiк алқаптарынан судың ағынымен көлдер мен өзендерге түседі,
содан соң әлемдiк мұхиттарға құяды. Бiрақ ең бастысы олар экологиялық тағамдардың
құрамына енедi. Ол ең алдымен топырақтан және судан өсiмдiкке енедi, сосын жануарлар
мен құстарға, ал ең соңында тағамдармен және сумен адам ағзасына келiп түседі. Олар әр
көшу сатысында көптеген зиян келтiредi.
Уақыт өте келе ауыл шаруашылығына зиян келтiретiн жәндiктер бұл заттардың
химиялық қасиетiне бейiмделедi, соның нәтижесiнде пестицидтердiң әрекетшiлдiгi
төмендеп кетедi. Пестицидтердiң тұрақтылық және токсиндiк қасиеттерi тiрi табиғатқа
және адам өмiрiне өте қауiптi. Олардың қоршаған орта факторларына, яғни күн сәулесiне,
оттегiне және т.б. факторларға тұрақты болуы қауiп төндiредi.
Бiздiң елiмiзде пестицидтердiң қолданылуы негiзгi мәселелердiң бiрi болып отыр.
Мысалы, Молдова елiнде құдық суларының жартысына жуығы iшуге жарамсыз. Қара
топырақтар пестицидтерге толы. Бұл жағдай табиғатқа көп зиян келтiруде. Мұның себебi,
Молдова елiнiң көп аудандарында улы химикаттар қойылатын қоймалар жоқ. Соның
салдарынан бұл улы заттар желмен, жаңбыр суымен ауыз суларға зиян келтiредi.
Жылдан жылға пестицидтердiң пайдалану түрлерi өзгеруде. Олар түйiршiктi, ұнтақ
тәрiздес болып шығарылуда. Оларды аздап мөлшермен себу керек.
Пестицидтердiң
активтiлiгiн көтеру және әсер ету концентрациясын төмендету үшiн көптеген әрекеттер
жасалынуда. Бұл жағдайда олар жануарлар мен адам өмiрiне қауiпсiз. Егер пестицидтердiң
бiрiншi пайдаланылғандары қоршаған ортаны қатты ластайтын болса, ал екiншi рет
пайдаланылған пестицидтер бiрiншiсiне қарағанда өте қауiптi болып келедi. Қазiргi кезде
шығарылған препараттардың iшiнде күштi және ұзақ уақыт әсер ететiн түрлерi де бар.
40
Олардың көпшiлiгi микроорганизмдердiң, күн сәулесiнiң, су
және ауаның әсерiнен
қарапайым, зиянсыз заттарға тез, бiркелкi орналасады. Қауiптi зиянкестердiң жаңа түрлерi
және фитопатогендiк микробтардың пестицидтерге тұрақтылығын туғызады.
Қазiргi уақытта зиянкестердiң шамамен 130 түрлерi ауыл шаруашылығына көптеп
зиян келтiруде. Олар хлорорганикалық және фосфорорганикалық препараттарға өте
тұрақты. Бұл заттардың топырақта және су қоймаларында жиналуын болдырмау
микробиологияның күштi дамуына байланысты. Пестицидтердiң бiр топырақта ұзақ
қолданылуы микрофлораның жиналуына әкеледi, ал улы химикаттардың ауысып тұруынан
бұл процесс қиындайды. Сол себептi бiр жағынан бұл препараттардың тез ауысып тұруы
тұрақты паразиттерге керi әсер етсе, 2-шi жағынан топыраққа микрофлораның жиналуына
қарсы әсер етедi. Қазiргi кезде зиянкестердi жоюдың арнайы түрлерi бар. Олар тұрақсыз
болып келген, зиянкестердi тез жояды, бiрақ зияны жоқ. Қазiр ауыл шаруашылығында
пестицидтердiң әсер ету спектрлерi төмен түрлерi пайдаланылады. Олар қоршаған ортаға
зиян келтiрмейдi. Оларды өсiмдiктерде қолданудың арнайы жүйесi болу керек.
Пестицидтердiң ауыл шаруашылығында қолданылуы қатаң экологиялық ережеге сәйкес
болуы керек. Соңғы 10 жылдың iшiнде ауыл шаруашылығында пестицидтердiң 58 жаңа
препараттары енгiзiлдi. Олардың 26 отандық өндiрiстен шыққан. Бұл құралдарды ұнтақ
күйiнде
шаңдатып сепкенге қарағанда, сұйық күйiнде себелеуден ауа ластанбайды.
Қоршаған ортаның ластанбауына бұл препараттардың түйiршiктi түрiнiң маңызы өте зор.
Өсiмдiктердi қорғаудың биологиялық әдiсi- шаруашылықтағы қажет емес
ағзалардың санын басқа ағзалар түрiмен жою, олар жыртқыш жануарлар, аз көлемдегi
өсiмдiктердiң арнайы түрлерi немесе паразиттер. Бiздiң жерiмiзде ауыл шаруашылығына
зиян келтiретiн зиянкестердiң бiрнеше ондаған мың түрлерi бар. Оның ең негiзгiлерi-
энтомофагтар. Бұл зиянкестерге жәндiктердi, құстарды жатқызуға болады.
Биологиялық әдiс табиғат фаунасына еш зиян келтiрмейдi. Бұл әдiстi ауыл
шаруашылығында кең қолданады. Зиянкестермен күресу үшiн трихограмма қолданылады.
Трихограмманы капуста, мақта, бұршақ тұқымдастарды өсiргенде, олардың зиянкестерiн
жою үшiн қолданылады.
Ауыл шаруашылығында қазiргi кезде биопрепараттар жасалынуда. Бұл
препараттарды саңырауқұлақтарды, вирустарды қолданудан алды.
Олардың мынандай
түрлерi бар: энтобактерин, боверин, дендробациллин, фитобактериомицин, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: