41
бағытта дамытушы фактор ғана емес, қоғамның әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан
дамуына жағдай жасайтын бірден бір көрсеткіш болып табылады.
Қазақстан Республикасы аграрлық бағытта дамушы елдердің қатарына жатады. 1991
жылы еліміздің 272,5 млн. Гектар аумағының 218,7 млн. гектарға жері ұжымдар мен
азаматтарға және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына пайдалануға берілген болатын, ал
2001 жылы бұл үлес 93,4 млн. гектарға немесе 3 есеге қысқарды.
Осы кездегі ағымдық
тенденция ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда байқалады. Мысалы, 1991-2001 жылы
аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 0,8 млн. гектардан 1,2 млн.
гектарға көтерілді, ягни ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың өсу желісі
республикамыздың тәуелсіздігімен сипат алады. Егер 1991 жылы елімізде 7 қорық пен 1
ғана «Баянауыл ұлттық паркі» болса, соңғы 15 жылдың аралығында 3 мемлекеттік қорық
және 7 ұлттық мемлекеттік парктер бар. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың дамуы
жөнінде және қоғамдағы экологиялық- экономикалық ролі туралы ҚР Ага Заңында нақты
көрсетілген.
ЕҚТТ-ды Бүкіл әлемдік табиғи және мәдени мұра тізіміне,
ЮНЕСКО- ның
қорғалатын табиғат территорияларына және «Адам және биосфера» бағдарламасына енгізу
биоалуантүрлікті сақтаудың ең маңызды жұмысы.
Қазақстанның табиғат обьектілерінің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелгендері:
«Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері»(Қорғалжын мен Наурызым қорығы), «Іле
Алатауы» және «Алтын Емел» мемлекеттік табиғи паркі, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік
табиғи қорығы.
Бірден бір проблемалық сұрақтардың бірі ЕҚТТ табиғат зоналары бойынша біркелкі
таралмауы болып табылады. Сонымен қоса Каспий теңізіндегі жалғыз теңіз сүтқоректісі -
итбалықты қорғайтын қорық жоқтың қасы.
Конвенцияның басты міндеті- көп түрлі микроорганизмдерді,
өсімдіктер мен
жануарлар дүниесін және экологиялық жүйені сақтап, қорғау болып табылады. Сонымен
қоса «Шөлденуге қарсы күрес» Конвенциясына, «Мәдени және табиғи ескерткіштерді
қорғау» Конвенциясына және СИТЕСКонвенциясына қол қойды. Халықаралық Конвенция
мүшесі болып табылатын Қазақстан қазіргі кездің өзінде табиғат
ресурстарын қорғауды
жауапкершілікпен әлемдік деңгейде атқаруда.
Осы мақсатты орындауда Конвенция көрсеткендей ерекше қорғалатын
территориялардың болашағы мен дамуын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының
Үкіметі 2000 жылы «Ерекше қорғалатын табиғат территорияларын 2030 жылға дейін
дамыту, орналастыру Конвенциясы» қарастырған.
Қазіргі уақытта ЕҚТТ төңірегінде орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті
және халықаралық ұйым қолдауымен көптеген жобалар жасауда.
Қорыта
келгенде айтарымыз, елімізде табиғаттың бастапқы қалпын сақтау және
дамыту үшін мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қайта құру және
ұйымдастыру ісін кеңінен жолға қою керек. Осы жағдайда қайталанбас табиғи
ландшафттарды жинаған қорықтар мен ұлттық парктер келесі функцияларға басты назар
аударуы тиіс: бұлар тек табиғат
байлығын сақтау қоры ғана емес, туристерді тарту арқылы
олардан түсетін табыстан еліміздің бюджет саласын толтыру және адамдардың табиғатқа
кері әсерлерінің алдын алу. Кеңес Одағы жаңа құрылған уақытта сауатсыздықты жоюмен
қалай күрессе, қазіргі кезеңде балабақшадан, мектептен,
жоғары оқу орындарынан,
жанұядан бастап әрбір кәсіпорында экологиялық сауатсыздыққа қарсы сондай күрес
жүргізуіміз қажет. Экологиялық қауіпсіздік туралы тұжырымдамалар, оны әрі қарай
дамытатын заң кабылдануы керек деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: