36
“
Эрозия
” деген термин латынның “erosia” – үгiтiлу, бүлiну деген сөзiнен алынған.
Топырақ эрозиясы
– топырақ қабатының әртүрлi факторлардың әсерiнен үгiтiлiп бүлiнуi.
Топырақ эрозиясы табиғи және жасанды күштердiң әсерiнен пайда болады. Табиғи
эрозия табиғи күштердiң (судың, желдiң) әсерiнен болады. Мұнда топырақтың бүлiну,
үгiтiлу жылдамдығы оның пайда болу жылдамдығымен бiрдей жүредi.
Бұл қалыпты
геологиялық процесс.
Табиғатта табиғи геологиялық эрозиямен қатар жасанды эрозия жүредi. Эрозияның
бұл түрi адам әрекетiнiң нәтижесiнде пайда болады, әрi оның үгiтiлу жылдамдығы пайда
болу жылдамдығынан 100-1000 есеге дейiн жоғары.
Топырақтың беткi құнарлы қабатын
гумус
деп атайды. Топырақтың көптеген
түрлерiнде оның қалыңдығы шамамен 20-25 см. Гумус қабаты түзiлу үшiн 2-7 мың жыл
уақыт қажет. Ал жылдам жүретiн жасанды эрозияның әсерiнен гумус қабаты небары 20-30
жыл iшiнде бүлiнiп бiтедi. Ал кейбiр жағдайларда бiр ғана күштi дауылдың немесе үлкен
тасқынның әсерiнен жуылып кетуi мүмкiн. Құнарлы топырақ бүлiнген соң ондай жерлер
жарамсыз болып қалады, өсiмдiк өспейдi, егiстiкке жарамайды. Топырақ – дұрыс
эксплуатация жасаса өз қасиетiн жоймай дұрыс сақталатын, құнарлылығы арта түсетiн
табиғи ресурс.
Жасанды эрозия мынадай себептерден пайда болады:
орман алқабын жоспарсыз,
бақылаусыз кесуден, жайылымдарда ұзақ уақыт мал табындарын жаюдан, көлбеу
жазықтықтарды дұрыс жыртпаудан, жер өңдеу әдiстерiн дұрыс меңгермегендіктен.
Орман топырақты эрозиядан сақтайтын негiзгi қорғаныш. Жоғарғы белдеудегi iрi
ағаштар күштi тамыр жүйесi арқылы және төменгi белдеудегi шөптесiн өсiмдiктер мен
бұталар өздерiнiң тарамдалған ұсақ тамырлары арқылы топырақты ұстап тұратын тор
түзедi. Олар жауын, қар суларын ағып кетуiне кедергi жасап, топыраққа сiңуiне мүмкiндiк
жасайды. Осылайша жер асты суларының қоры байытылып,
топырақ ылғалдылығы
қалыпты мөлшерде сақталады. Кейбiр есептеулерге қарағанда массасы 1 кг болатын 1 м
3
құрғақ мүктiң массасы күштi жауындардан соң 5 кг артады. Сонда 10 мың га орманға
500000 м
3
су қоры сақталады екен. Орман кесiлген соң топырақ қорғанышынан
айырылады, су өзiмен бiрге топырақтың түйiрлерiн, яғни беткi қабатын жуып кетедi.
Нәтижесiнде топырақтың ылғалдылығы кемидi, жер асты сулары тартылады. Күн
сәулесiнiң әсерiнен топырақтағы судың булану мөлшерi артады. Орманмен салыстырғанда
ашық алаңдарда топырақтағы судың булануы 3 есе жылдам жүредi.Күн сәулесiнiң әсерiнен
қорғансыз қалған топырақ қатты қызып, микроорганизмдер және гумус қабатын түзуге
қатысатын өсiмдiктер мен жә ндiктердiң өмiрiне қауiп төнедi.
Топырақты мекендейтiн ағзалар, мысалы құрттар,
насекомдар, балдырлар,
саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақтың химиялық құрамын түзуде маңызды роль
атқарады. Орман ауданының қысқаруы сол жердiң климатына көп өзгерiс енгiзедi.
Топырақ эрозиясын өз кезегiнде желдiң, судың және техниканың әсерiнен болатын
эрозиялар деп бөледi. Топырағы бос қалған еңiстеу жерлер, қыратты жерлер жаңбыр-қар
суларының әсерінен жиі эрозияға ұшырайды. Беткейлерді тігінен төмен қарай жырту,
тыңайтқыш бермей бiр дақылды бiрнеше жыл бойы егу де топырақтың эрозиясын
күшейтедi.
Су эрозиясымен күресу үшiн, көлбеулiгi 2
0
-қа жететiн
беткейлердi көлденең жырту
керек. Ал көлбеулiгi 2
0
-тан асатын жерлердi көлденең жырту көмектеспейдi, ол үшiн
37
қатарларды реттеп түрлi агротехникалық шаралар қолданылады. Сонда көлденең қатарлар
суға тосқауыл бола алады.
Жыл сайын жер шары 6-7 млн га құнарлы топырағынан айырылады. Қазақстанның
жер көлемi өте үлкен, көп бөлiгiн шөлейттi аймақтар алып жатыр. Ол аймақтарда халық
негiзiнен
мал
шаруашылығымен
айналысады,
мал
табындарының
әсерiнен
жайылымдардың шөбi жойылып, топырақ жел эрозиясына ұшырайды. Ылғалы аз, өсiмдiк
тамыры жерге бекiп үлгермеген жерлердiң топырағы күштi жел ұшырып кетедi. Мұндай
жағдайлар Қазақстанның солтүстiгiнде, Украинада, Кавказда, Ресейде Волга өзенiнiң
жағалауларында жиi болып тұрады. Көтерiлген топырақ шаң түрiнде мыңдаған км-ге дейiн
жетедi. Күштi дауылдар кейде 7-10 см-ге дейiнгi құнарлы топырақ қабатын ұшырып кетедi.
Достарыңызбен бөлісу: