Экология және өмір қауіпсіздігі


Ластанған суды тазарту әдiстерi



Pdf көрінісі
бет29/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Ластанған суды тазарту әдiстерi.  
Су тазарту қондырғыларына үздiксiз жер асты құбырлары арқылы өндiрiстiк және 
тұрмыстық қалдық сулар түсiп отырады. Онда алдымен қабылдау камерасында күрделi 
көп сатылы тазарту әдiстерi орындалады. Суды сүзiп құрамындағы қалдық заттардан, 
зиянды қоспалардан арылтады. Алайда, сүзгiлер, құм тұтқыштар, саз-сорғыштар, т.б. 
жабдықтарды пайдалана отырып тазарту, суды бастапқы қалпына келтiрiп жандандыра 
алмайды. Бұл – өлi су, онда ағзаға қажеттi минералды тұздар, пайдалы 
микроорганизмдер т.б. компоненттер жоқ. 
Суды жандандыратын микроорганизмдер-инфузория-туфелька, коловраттар, т.б. 
Құрамында микроорганизмдер болатын активтi сазбен өңдеу биологиялық тазартудың
негiзгi жолы болып есептеледi. Оны арнаулы аэротенктерде тазартылған сумен 
араластырады. Мұнда су саз түйiршiктерiмен араласып, қап-қара болып, арнаулы үрленген 
оттегiнiң әсерiнен қайнап жатады. Осы жерде судың жандануы жүредi. Себебi, тiршiлiгiне 
оттегi қажет микроорганизмдер активтенiп, бұған дейiнгi тазарту кезiнде ұстай алмаған 
зиянды қоспаларды ыдыратып, суды тазарта түседi. Содан соң, екiншi тұндырғышта саз 
түйiршiктерi тұнып, таза минералды қоспалары бар су пайдалануға жiберiледi. Ал саз 
қайтадан өз “жұмысына” кiрiседi. Химиялық әдiстi қолдана отырып суға хлор қосып, су 
құрамындағы патогендi микроорганизмдердi жояды. 
Пайдаланылған судағы әртүрлi зиянды қоспалардың концентрациясының үнемi 
өзгерiп отыруы микроорганизмдердiң ортаға бейiмделуiн қиындатады. Қаладағы 
құбырларға улы қоспаларды бiрден көп мөлшерде төгу микроорганизмдердiң жойылуына 
әкеледi. Сол себептен, биологиялық тазартуға зиян келтiрмес үшiн, өндiрiс орындарында 
судағы зиянды заттардың арнайы белгiленген мөлшерi болады. Судағы зиянды 
қоспалардың бiраз мөлшерiн өндiрiс орындарындағы тазарту қондырғыларында тазартып 
барып, қалалық су құбырларына көрсетiлген ережеге сәйкес мөлшерi жiберiлуi тиiс. 


34 
Мыңдаған жылдар бойы адам баласы тұщы судан таршылық көрмей өзiнiң 
тұрмыстық қажеттерiне пайдаланып келдi. Өндiрiс пен техниканың дамуы, халық санының 
артуы су қорына да өз ықпалын тигiзуде. Суға деген қажеттiлiк арта түстi, өндiрiс 
шоғырланған және халық тығыз орналасқан жерлерде су тапшылығы анық байқалуда. 
Жер бетiндегi барлық судың тек 2,5%-тi тұщы су, яғни iшуге жарамды су. 
Сондықтан, адам баласының назары қазiргi кезде теңiздiң ащы суларын тұщыландыру 
мәселесiне ауып отыр. Француз ғалымы Р.Фюрон “Жер шарындағы су проблемалары” 
деген кiтабында 2000 жылдары Жер шарындағы халық саны 6 миллиардқа жетедi. Ащы 
суды тұщыландырмаса осынша халықты тұщы сумен қамтамасыз ету мүмкiн еместiгiн 
айтқан. Қазақстанда бұл мақсаттағы жұмыстар жақсы нәтиже берiп отыр. Ақтау 
қаласындағы атом электр станциясында Каспий теңiзiнiң ащы суын тұщыландыру арқылы 
тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етiлуде. 
Жер жүзi бойынша мыңға жуық тұщыландыру қондырғылары бар. Олар тәулiгiне 
1,5 млн м
3
суды тұщылайды. Одан кейiн тұщыланған суды минералдандыру жұмыстарын 
жүргiзедi, бұл өте қымбатқа түседi. Сондықтан, бұл әдiс жақын арада қажеттi мөлшерде 
халықты тұщы сумен қамтамасыз етедi деп айту қиын. 
Тұщы су тапшылығы, бiрiншiден халық санының жылдам өсуi мен халық шаруашылығы 
салаларының дамуына байланысты. Екiншiден, өзендердегi су қорының азаюы мен су 
қоймаларының өндiрiстiк және тұрмыс-шаруашылық қалдықтарымен ластануы себепкер 
болуда. Көптеген өзен суларының тартылуы орман ағаштарын кесу, жер жырту, 
шалғындықтарда өсiмдiктердiң азаюына байланысты. Осының әсерiнен жер асты 
суларының қоры азайып, олар өзен суларына әсер етедi. Қазiргi кезде оттегi мен сутегiнi 
байланыстырып су алуға болады. Бiрақ бұл әдiстiң шығыны өте көп. Жалпы халықты тұщы 
сумен қамтамасыз етудiң жолы жан-жақты қарастырылуда. 
Су тапшылығының негiзгi себептерiнiң бiрi– ластану. Өндiрiс орындары дамыған 
мемлекеттерде суды бей-берекет ластау кең орын алуда. Англия, Франция, АІШ, Германия, 
Бельгия, Италия, т.б. мемлекеттердiң территорияларында орналасқан iрi өзен-көлдер 
түгелдей немесе түгелге дерлік ластанған. 
АІШ-ның барлық көлдерiнiң 2/3 бөлiгi өндiрiстен түскен химиялық заттардың
әсерiнен түгелдей iске жарамсыз немесе iстен шығуға жақын тұр. Европаның ең iрi өзенi 
Рейн өндiрiс қалдықтарын жинайтын қоймаға айналған. Францияның Сена өзенi мен 
Египетте Ниль өзенiне де қауiп төнiп тұр. Жерорта теңiзi жер жүзiндегi ең лас теңiзге 
айналған. Италияның өндiрiс қалдықтарының 64%-тi төгiлетiн Адриат теңiзiнiң суы 
жарамсыз болуға жақын тұр. Онда мыңдаған танкерлер кезiп тағы ластайды. Осылардың 
салдарынан Венецияда ұсталған балықтар жеуге жарамсыз болып шықты, балық денесiнде 
көп мөлшерде сынап бар екендiгi анықталды.
Жер асты сулары жасырын жататындықтан таза, әрі көп шығынға ұшырамайды. Ол 
жердiң суы жоқ бөлiгiнен де табылады. Тұщы сулардың шамамен 1/3 бөлiгi жердiң жоғарғы 
таяз бөлiгiнде орналасқан. Жер асты суларын жоспарсыз көптеп шығарудың өзiнен 


35 
қолайсыз жағдайлар болады. Себебi, жердiң суы тартылған бөлiгi қуыс болып қалған соң, 
ол жерге тау жыныстары толып, жер шөге бастайды. Суы тартылған жерлердiң өсiмдiктерi 
қурап тiршiлiгiн жояды, ол жер шөлге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет