«Жылу эффектісі» Жылу газдары өсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесінде жер шарының
алемдік температурасының жоғарлауы мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.
Американ экологы Б.Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін»
болашақтағы орасан зор апат ретінде қарастырды.
Негізгі жылу газына көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісінің» 50-65%
құрайды.
Басқа да жылу газдарына метан (20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар
(хлорфтор, көміртектер) және басқа газдар (10-25% жылу эффектік газдар). Барлығы 30%
жылу газдары белгілі.
Жылу газдарының жылыту эффектісі атмосферадағы санына ғана емес, бір
молекулаға әсер ету белсенділігіне де байланысты. Мыс: С02 -1; метан үшін 25 тең, азот
оксидтері үшін -165, фреондар үшін – 11 мың. Алынған мәліметтер бойынша, жылу газдары
әсерінен жердегі ауаның орташа жылдық температурасы соңғы жүзжылдықта 0,3-0,6°С
көтерілген.
XXI ғ-да планетаның орташа жылдық t°- сы әртүрлі жерлерде 1-3,5°С көтерілуі
мүмкін.
Болжам: егер мұхит деңгейі 1,5-2 м. көтерілсе, құрлықтың 5 млн.км жері су басып
кетеді. Климаттың жылуы ауа-райының тұрақсыздануына табиғи зоналардың
шекараларының ауысуына, құйын мен дауылдың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктерінің
жойылуының жылдамдауына әкеліп соғады.
Мәнгі қатып жататын топырақтардың ауданы кішірейіп, олардан (әсіресе бетпақты
территориялардан) метан көп бөлінеді, ал ол жылу эффектісін күшейтеді.
Осылардың барлығы 1979ж. Торонтодағы Халықаралық конференцияда климаттың
өзгеру проблемасы бойынша келесідей пікірді туғызды: «жылу эффектісінің соңғы
салдарын әлемдік ядролык соғыспен салыстыруға болады»- деген.
Атмосферадағы С0
2
енуінің негізгі техногендік көзін органикалық жанармайларды
жағу болып табылады. Қазіргі кезде тек жылу энергетикасына атмосфераға жылына бір
адамға 1т көміртегі енеді. Болжаулар бойынша XXI ғасырдың бірінші жартысында
көміртегі енуі жылына 10 млрд.т. тең болады екен, Климатологтар айтуынша 15-20 млрд.т.
көміртегі бөлінуі өтеқауіпті.
Атмосферадан көміртегінің негізгі шығу факторлары мұхиттың фотосинтез арқылы
сіңіруі жатады.