Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет41/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Сел тасқыны. 
Сел тасқындары көбіне кенеттен басталады. Кішкене тау өзендерінің бассейіндерінде 
және құрғақ боп тұрған сайларда минералды бөлшектердің, тастардың, тау жыныстар 
сынықтарының концентрациясы өте биік болып.түзілген лай судың ағындары деңгейін күрт 
көтеріп өтеді. 
Ереже бойынша сел тасқындары толассыз жауған нөсерден, сирегірек сырғыма мұздақ 
немесе маусымды қар жамылғысының күрт ери бастауынан, сондай-ақ өзен арнасына 
сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі салдарынан пайда болады. Жанар тау 
оянғанда ең күшті сел тасқындары болады. Селдің себептеріне тау сайларында жиналған 
үлкен көлемді көлді түзеген ( мұздың қозғалысынан пайда болған тау жыныстар 
сынықтарының үйіліп қалғандары, немесе шөккіндер болғанда өзен арнасын бөгеп-морена 
көлін пайда еткен) судың бөгетті бұзып өтуі де жатады. 
Зор қирату күші бар сел бір ағызындыларының көлемінде жүздеген мың, кейде, тіпті, 
миллион текше метрге дейін жететін (домалата ағызатын тас кесектерінің көлденеңінен 
көлемі 3-4 м, салмағы 100-200 тоннадан асады) материалды таудан төмен қарай 
жылжытады. 
Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек 
толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдылығы 
әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып – жарып селді бастаған жағдайда оның 
жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15Ц, 
кейде 25 м-ге жетеді, яғни «сел басы”деп аталады.
Селдің қауіптілігі – тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен 
келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің 
қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып 
табылады. Кедергілерге ұшыраған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, 
қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, 
егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені 
күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамбы (бөгет) 
түрінде жасалған жағалаудағы қалқалар айтарлықтай тосқауыл бола алмайды. Мүжіліп 


55 
түскен тау жыныстарын ағызып әкелгенде, сел кездескен нәрселерді шайып, өзіне қосып 
әкетеді. 
Қар көшкіні. 
Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар 
арасындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады. Қар өзінің әрекетін бастай отырып, 
барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре тез арада 
жылдамдылығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қардың ұсақ кристалдары мен ауаның 
араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын 
тоқтатады. 
50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар 
массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы 
жағдай – 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см 
қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу 
қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, 
қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін. Жылдамдығы 7-
8 м/с-ге жететін жел тұрса, ол көшкін қар қалыңдығын 10-15 см төмендетеді. Басқаша 
айтқанда жел көшкін болу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қарлы борандар қардың бір 
жерге көп мөлшерде жиналуына себепкер бола алады. Өте маңызды факторларға ауа 
температурасы жатады. Қысты күні жылы ауа райында (0°С) немесе уақытша болатын 
жылымықтарда қар жамылғысының босандығы жоғарлайды және де қар көшкіні жүреді, не 
қар шөгеді. Температураның төмендеуінде көшкін басталу мерзімі ұзарады. Көктемде 
жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі. 
Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарға мына параметрлерді жатқызамыз: 
жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; құрғақ қар 
көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м
3
, және сулы жағдайда 300-800 кг/м
3
болып қар 
массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі 
етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын 
ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; 
көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі-жекеленген аудандарда қар көшкін жылына 15-20 рет 
түсуі мүмкін; қар массаның көпжылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы 
маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады. 
Қар көшкіндері елді мекендерге, спорт және демалыс санаторий –курорт кешендеріне, 
темір және автожолдарына, электр желілеріне, құбырларға, өндіріс құрылыстарына едәуір 
нұқсан келтіре алады. Кей жерлерде қар көшкіні 100 жылда 1-2 рет-ақ болады екен. 
Мысалы, Кавказ тауларында орналасқан 200-300 жыл бойы тұрған ел мекендері кенеттен 
қар көшкіннің астында қалғаны белгілі. 
Ауа-райы құбылыстары. 
(Дауыл, боран, құйын, қар басып қалушылық, мұз тұру) 
Метеорологиялық сипаттағы табиғи ауыртпалықтарға қатты тұратын желдің 
(жылдамдығы 25 м/с биік), толассыз нөсер жауын шашынды (12 сағат арасында 50мм 
немесе одан көп мөлшерде болса), ірі бұршақтың түсуін (бұршақтың көлденең мөлшері 
20мм және одан да үлкен), күшті қар жауын (12 сағат арасында 20 мм немесе одан көп 


56 
мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), шаңды және құмды 
борандарды, вегетациялық мерзімде ауа температурасының өзгеруін ауа-райының 
құбылыстары деп атайды. Қыс кезінде боранды желдер орасан мөлшердегі қарды суырып 
жоғары жылдамдықпен бір жерден алып екінші жерге ауыстырады. Қар басумен бірге 
өтетін қарлы борандар кейде нағыз мәнінде апатқа айналады: үйлерді, шаруашылық 
құрылыстарды қар басады, күртік қардың биіктігі 4 қабатты үйлердің шатырына дейін 
жетіп қалады, көліктің барлық түріндегі жүрісі тоқталады, байланыс жүйелері, электр, су, 
жылу беретін желілер жұмыстары бұзылады, адам адасуы, өлімі де сирек емес. Қарлы 
борандардың жолы (ені) салыстырмалы түрде үлкен емес – ондаған километр. Жаз күндері 
дауылмен бірге келетін нөсерлер таулы жерлерде сел тасқындарға және шөккіндерге себеп 
болатыны түсінікті. 
Су тасқындарының түрлері 
Жергілікті аумақты топан су басуы көбіне өзендердің, теңіздердің деңгейі 
көтерілуден, су қоймаларының бөгеттері немесе тау көлдердің бөгеулері шайылып кетуден 
болып жатады. Бұл оқиғалардың себептеріне көл-көсір, жауын-шашындар, қардың үсті-
үстіне еруі, сең кептелуі, өкпек желдің әрекеті, мұхит табанында болатын жер сілкіну
кейбір теңіздер деңгейі (мысалы Каспий теңізі) белгілі бір замандарда оқта-текте өздігінен 
көтерілу құбылыстары жатады. 
Су тасқындардың тікелей келтіретін нұқсанына тұрғын үйлер мен өндіріс 
ғимараттардың бүлінуін, автомобиль және темір жолдардың жарамдылықтан, электр және 
байланыс жүйелерінің істен шығуын, мал және ауыл-шаруашылық өсімдіктердің 
жойылуын, шикізат, отын, азық-түлік, жем-шөп, тыңайтқыштар қорларының 
жарамсыздыққа ұшырауын т.б. жатқызуға болады. Ғимараттар мен басқа да құрылыстар 
осалдыққа ұшырайды, жердің қабаты әр түрлі қалыпта отырады, көпірлер мен туннелдер 
бұзылады. 
Жанама шығындарды халықты және материалдық құралдарды көшіруге, зардап 
шеккен ауданға түрлі қажет заттар мен жабдықтарды, дәрі-дәрмек сияқты нәрселерді 
жеткізуге жұмсалған қаражат, апат алқабында шығатын түрлі өндіріс өнімдерінің 
қысқаруы, елді мекендерде тұрғын жағдайы күрт төмендеуі құрайды. Әдетте, су басып 
қалған аумақтарда (жалпы басқа да стихиялық ауыртпалықтар болған жерде) түрлі 
аурулардың эпидемиясы таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет