58
әзірлеу, тұрпайы әдістермен от жағу, ұзақ уақытқа лагерь ұйымдастыру жарақат алған
кездегі алғашқы көмек, су тосқауылдарына өту және т. б.
Суға бату
-
механикалық тұншығудың (асфиксияның) бір түрі. Суға батудың үш
клиникалык нұсқасын бөліп көрсетуге болады.
1 -
нұсқа
зардап шегушінің тыныс алуының рефлекторлы
тоқтауымен және тосын
суынудан, аяқасты естің шығуынан, құлаққа және евстахи түтігіне суық судың дабыл
жарғағыш тесігі арқылы кіруінің салдарынан жүрек қызметінің әлсіреуімен сипатталады.
Осыған байланысты адам тез батады,
өкпеге су
толып үлгермейді,
зардап шегушінің
терісінің бет жағы ағарады, дене сипағанда суық, бет бейнесі көгереді, үстінгі тыныс алу
жолдарынан су шығарылғаннан кейін көбік бөлінбейді.
ІІ
-
нұсқада
адам
суға
баяу
батқан
кезде
яғни
судың
үстіне
бір
шығып
бір
батқан
кезде
(қажыған
уақытта)
өкпеге
судың
толуымен ерекшеленеді.
Бұл
жағдайларда
тері
жамылғыларының
көгеруі,
мойын
мен
аяқ
-
қол
тамырларының
ісінуі,
ауыз
бен
мұрыннан
қызғылт
түстес көбіктің шығуы байқалады.
ІІІ -
нұсқада
мастық, мидың шайқалуы, талықсу нәтижесінде зардап шегушінің
орталық жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады.
Суға батудың бастапқы кезінде дауыс саңлауы қарысып қалады және судың болмашы
ғана бөлігі өкпеге кетеді. Бұл жағдайдағы цианоз (кілегейлі қабықтардың көгеруі)
бірқалыпты, жоғарғы тыныс жолдарына ұсақ көбіктер түседі.
Суға бату механизмін анықтаудың реанимацияны табысты жүргізу үшін үлкен
маңызы бар. Егер тыныс алу мен жүректің рефлекторлық тоқтауы кезінде ("ақ суға
батушылар") клиникалық өлім жағдайынан шығару тіпті организм су астында 10 минут
болған жағдайда да шығаруға болады, ал суға батудың баска түрлерінде ("көк суға
батушылар") табысты реанимация үшін су астында болу мерзімі 3 -6 минуттан аспауы тиіс.
Жекелеген жағдайларда қыста суық суға батқан кезде реанимациялық шаралардың табысты
болуы үшін адамның су астында 20 минутқа дейін болған кезінде де үміт артуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: