59
шығу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияақты экзотикалық түрлері
қарыштап дамыды.
Бейтаныс жерлерде әр уақытта жергілікті тұрғындардан «жылан ордалары» туралы
сұраңыз. Орманға саңырауқұлақ пен жидек жинау үшін барғанда міндетті түрде етік киіңіз.
Тек өздеріңізге таныс саңырауқұлақ пен жидекті жинаңыз. Еш уақытта өзіңізге таныс
емес жидектен дәм татпаңыз.
Улы жәндіктердің шағуы
Жыланның шағуының
әкелер зардабы да өте ауыр.
Сондыктан жылан мекендейтін
жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етік киген жөн.
Қазақстаңда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.
Жыландардың бұл тобының уы қан түйіршіктерін өзгертеді.
Жылан шаққан жердің
төңірегі жылдам домбығып, қанталайды және төңіректегі ұлпаларға жылдам таралып,
оның төңірегіндегі дененің басқа мүшелерін зақымдайды.
Жылан уы әсерінің жалпы белгілврі:
әлсіздік билеу, бас айналу, талықсу, жүректің айнуы
және құсу. Ауыр жағдайда есінен айрылып, өкпе қанталайды және шаққан жер домбығады.
Жылан уы әсерінің барлық белгілері: орташа он екі сағаттан кейін, кейде тәуліктен кейін
анық белгіленеді.
Алғашқы медициналық көмек
Шаққан жердің уын ауызбен жедел
сорып тастау
керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктерінің бірі жасай алады. Ауыз
қуысында жарық немесе жара болмау керек, өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.
Жылан уының сау ауыз кілегейіне, тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз. Егер уды өз
уақытында
сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам сауыға
бастайды. Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды, өйткені қозғалыс удың қанға өтуін
жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы тиіс.
Зақымдалған жерді сынған
жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны тақтайшаға байлап, сыртын қатты
таңып тастау керек. Жылан шаққан жерді кез-келген дәрі-
дәрмекпен залалсыздандыру
қажет (йод, спирт). Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды
— бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен су
жақсартады.
Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек,
өйткені естен тану жағдайы болмауы мүмкін емес. Қажет жағдайда жылан уына қарсы шипалы
сарысулар егіледі. Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану
үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: