Реанимацияның негізгі шаралары
Жүрекке жасанды соққысы:
соққыны кеуде сүйегі аяқталатын тұсындағы төс
шеміршегінен 2-3 см жоғары кеуденің ортасынан сәл төмен орналасқан нүктеге
жұдырықпен соғады. Соққыны дұрыс және өз уақытында жасаса жүрек соққысы қалпына
келіп, адамның есі кіреді. Есіңізде болсын! Осындай соққы жүрегі соғып тұрған адамды
өмірден алып кетуі де мүмкін.
Өкпені жасанды тыныс алдыру:
Алдымен зардап шегушіні қатты жерге жатқызып,
басын артқа қарай шалқайтып, иегінің астыңғы жағын алға қарай жылжытып, науқастың
аузын ашу керек. Содан соң салфеткаға оралған саусақпен науқастың ауыз-қуысын тазалау
қажет: құсықтан, қаннан, құмнан, жасанды тістен. Тілін шығарып түйреуішпен бекітіледі.
Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру. Ол екі әдіспен жүргізіледі: «ауызға-
ауыз», «ауыздан-мұрынға».
«Ауыздан-ауызға» (8-сур.) дем жіберу үшін, дем беруші бір қолымен маңдайынан
басып, науқастың басын артқа шалқайтады да терең дем алып науқастың мұрнын қысып,
аузына дем жібереді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік
береді. Дем жібергенде көкірек қуысы 4-5 см көтерілуі керек. Егер ауа өткізетін түтікшелер
болса, солар арқылы да дем жіберуге болады. Сондай-ақ арнайы резеңкеден немесе
пластмассадан жасалған Амбу қапшықтарын қолдануға болады. Егер де реанимацияны бір
құтқарушы жүргізсе, онда кеудені 15 рет басқанда өкпеге 2 рет ауа үрлейді.
«Ауыздан-ауызға» әдісімен қолдан тыныс алдыру
«Ауыздан-мұрынға» әдіс кезінде зардап шегушінің жағы қарысып немесе
жарақаттанған кезде, аузының шырышты қабығы күйікке шалдыққанда қолданылады. Бұл
әдіспен жасанды демалуды жүргізу үшін құтқарушы бір қолымен маңдайынан басып
зардап шегушінің басын артқа шалқайтады, мұрын қуысын тазалайды, екінші қолымен
жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Мұрынға салфетка немесе қол орамал төсеп, ауа
үрлейді. Тынысқа ауа беру жиілігі минутына 16-18 рет.
Балаларға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар
қамтиды, ауаны азырақ үрлейді, ересектерге қарағанда жиі, баланың жасына қарай. Басқа
қолданылатын әдістер Сильвестр, Шефер әдістері.
Жүрекке жабық массаж жасау:
жүрекке жабық массаж жасау нәтижесінде
әдеттегі қан айналысының 10-30 пайыз қалпына келуі, бұл ми қабығы жасушаларының
66
өліп қалмауына жағдай жасайды. Жүрекке сырттай массаж жасарда зардап шегушіні
шалқасынан жерге, үстелге немесе қатты төсекке жатқызады. Кеудесін жоғарырақ көтеріп,
ал басын шалқайтып қойған жөн.
Ауру адам клиникалық өлімде болған кезде кеуде бұлшық еттерінің тонусы
төмендейді, осы кезде кеудені күшпен басатын болсақ, онда ол 5-6 см-ге майысады да,
жүректі қысады. Сонда қан жүретін сол жақ қарыншадан қолқаға құйылып, одан бүкіл
денеге тарайды, миға барады, жүректің өзін көріктендіреді. Бір мезгілде қан жүректің оң
жақ қарыншадан өкпеге барып, оттегімен қанығады. Кеудені басып тұрып қоя берген кезде,
ол кеңейіп, қалпына келеді, сол кезде жүрекке көк қан тамыры арқылы қан сорылады.
Осыны қайталай беріп қанды тамырларға уақытша жүргізуге болады.
Жүрекке жабық массаж жасау техникасы
(9-сур.)
:
көмек көрсетуші сол жағынан
тұрады. Төстің төменгі жағына бірінші алақанды төсеп сонан кейін оның үстіне екінші
алақанды қойған жөн. Саусақтармен кеудені қатты басуға болмайды, қабырғаларды
сындырып алуға болады. Көмек көрсетуші омыртқаға қарай кеудені 4-5 см ығыстырады,
массаж жасағанда құтқарушының қолы түзу болу керек. Мүндай қозғалыстар минутына
60-80 рет, балаларға 100-120 рет жасалынады.
Жүрекке жабық массаж жасау техникасы
Көмекті екі адам көрсететін болса, онда біреуі жүрекке массаж жасайды, ал
екіншісі қолдан дем алдырады. Зардап шегушінің кеудесін 5 рет қысқан кезде өкпеге бір
рет ауа үрленеді.
Ал реанимацияны бір адам жасаса, онда ол кеудені 15 рет қысқанда өкпеге 2 рет ауа
жіберіледі. Егер мүмкіндік болса, 100 пайыз оттегіні беріп, кеңірдекке тыныс алдыруға
арнайы жасаған түтік кіргізіп, жасанды тыныс алдыруға кіріскен жөн. Әр 5 минут сайын 1
мг адреналинді көк тамырға енгізеді. Егер жасаған шаралар көмектеспесе дефибриллятор
арқылы жүретің түсына электр ток разрядын береді.
|