Экология және өмір қауіпсіздігі


Қирау аймақтары. Ядролық қарудың жарылыс ошағы



Pdf көрінісі
бет60/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Қирау аймақтары. Ядролық қарудың жарылыс ошағы 
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын 
ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі 
зақымдау кұралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық 
эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және 
мегатоннамен (Мт) өлшенеді. 
Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында болуы мүмкін. 
Оның 
талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі 
радиоактивті ластау және электрлік магниттік импулъс жатады. 
Соққы толқын 
ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс 
жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі 
жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы, Соққы толқын өзінің жойқын 
күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның 
күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек 
арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады. 
Жарық сәулесі факторына түсінік 
Жоғарыда айтылғандай жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион 
градусқа көтеріліп жарқыл шар ойнайды. Осы кезде жан жаққа өте күшті ультра күлгін 
сәуле тарайды. Бірте-бірте шардың сууы барысында көрінетін сәуле күшейеді, аяғында 
инфрақызыл сәулесі энергияның шығуын жалғастырады. 
Ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық 
сәулесін құрайды, табиғатында электромагниттік сәулелену болып табылады. Адам 
жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көру қабілеті жоқтығынан жарқыл 
шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, алайда ол адамның көзін осы кезде де 


75 
зақымдауы мүмкін. Қысқаша айтканда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы 
сәтін біле алмайды. 
Жарық сәулесі жан-жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өтпейді. 
Жарқыл шардың жарық сәуле шашу уақыты (І, с) мен бомбаның қуаты (я,кт) арасында 
эмпирикалық байланысы байқалады
t=
q
3
.
Әуедегі және жер үстіндегі жарылыстардың 
сәуле шашу уақыты сонда: 
q=1 
млн.т. - t=10 с; q= 10 мың. т. - t=2,2 с. Соққы толқынымен 
және өткіш радиациямен салыстырғанда жарық сәулесі едәуір қашықтықта әсер көрсетеді, 
оның негізгі көрсеткіші болып жарық күші (жарық импульсі) саналады.
Жарық күші Дж/м
2
бірлігімен өлшеніп, сәуле таралу бағытына қарама қарсы 
перпендикуляр күйінде жайғасқан бір шаршы метр (1м
2
) бетіне жарқырау уақытты 
бойынша түскен жарық энергиясының мөлшерін көрсетеді. Оның басқаша алынған бірлік 
өлшемі 1 кал/см
2
, анықтау үшін 1кал/см
2
=4,18 10
4
Дж/м
2
(1 каллория-судың 1 г мөлшерін 
19,5°С-тан 20,5°С-қа дейін көтеру үшін қажет энергиясы). Ауа райы ашық, ауасы мөлдір 
күндерде 1 млн. тонналық бомба жарылысында жарылыс орталығынан 17 км қашықтықта 
жарық күші шамада 240 кДж/м
2
тең (әуедегі жарылыс үшін). 100 мың т. бомба жарылысы 
үшін бұл көрсеткіштер 6 км қашықта болады. 
Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және 
атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа 
қирау зоналарда тұтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы 
мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен 
өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы 
көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып 
өртті одан әрі өрістетеді. 
Әсіресе бүл маңайда орналасқан жанар, жағар майлардың қоймалары тағы да басқа 
женіл от алдыратын заттар болса, олар өртті мүлде күшейте түседі. Жекеленген өрт алған 
территорияда қалың түтін, көміртек қышқыл тотығы және басқа да улы газдар басып кетеді. 
Жарық сәулесі адамдардың денесін күйдіріп жанарын зақымдайды. Қуаты 1 млн. т. 
жарылыста ауа мөлдірлігі орташадай жағдайда 7 км қашықтықта адам денесі бірінші 
дәрежелі күйікке шалдығады (жарық күші 3 кал/см
2
). 
Бірінші дәрежелі күйікте терінің беті қызарып ісінеді, сыздап ауырады; екінші дәрежелі 
күйік шамада 6 км қашықтықта пайда болады (4-10 кал/см
2
), тері күлдіреп, талауратады; 4-
5 км қашықтықта үшінші дәрежелі күйік теріні жансызданып, ойық жара пайда болуымен 
білдіртеді. Бұл жерде жарық күші 10-15 кал/см
2
. Бұл бірнеше секунд уақыт мерзімге 
сығымдалған ашық ауа райында күн сәулесі жер бетінің әр см
2
10 минут аралғында төгілген 
энергиясымен тең. 
Көзді зақымдауда жарық сәулесі үш түрлі әсер білдіреді: бірнеше минуттай уақытша 
көрмей қалу - бұл жарықтың ауыртпалығына байланысты, әсіресе ымырт не түнгі кезеңде - 
жанары орнына өздігінен қайта оралады; алыс қашықтықтағы жарылысқа тіке қараудан 
болатын қабақтын көз шарасының көздің торлы қабағының күюі. 
Жарық сәулесінен өрістеген өрт салдарынан да адамдар әр-түрлі дәрежелі күйіктерге 
шалдығады. Оған қосымша өрттер аумағында оттегі жетіспегендіктен, көміртек 
қышқылымен уланғандықтан және ауаның ыстығынан адамдар ауыр жағдайға
ұшырайды. Аздап бұзылған қорғаныс паналарында да бұл нәрселер орын алады деп 
күтілуде. 


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет