СА-ның 4 мерзімі болады: - бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке
созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының
ауытпалығы білінеді. басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;
- екінші мерзімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу
мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа; адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын
сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан
құрамы өзгере бастайды;
- үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы
басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін; қан ұйысуы бұзылады, жалпы
организмнің қорғаныс күштері бәсеңдеп инфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады;
қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді;
- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). Шарпу мөлшеріне қарай денсаулықтың толық қалпына
келу уақыты созылыңқырап келеді. СА-мен бірге сәуле күйіктері де болуы мүмкін.
Күйіктердің бұл түрлері тереңде жасырын түрде дамып, бұлшық еттердің, сүйектердің
жансыздануына соқтырады. Және СА-ның 4 дәрежесі болады:
- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д= 100-200 рад. шамасында енген кезде
өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан құрамында лейкоциттер саны
азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық аурулары асқынуы мүмкін;
- екінші дәрежесі (орташа дәрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3 тәуліктерде организм
күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20 тәуліктерге барады. Сырқау белгілері
анық көрінеді. Жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. Өлім шығыны 20%;
- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10 күнге созылуы
мүмкін. Организмның алғашқы реакциясы айқын көрінеді. Ем көрсетілмеген жағдайда өлім
шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық ауруларынан не қан ағу салдарынан
өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6 айдан кейін дұрыстала бастайды. Үшінші
дәрежеде қан денешіктерінің (лейкоцит, эритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды;
-
төртінші дәрежесі - Д>600 рад, адамды әдетте қазаға соқтырады.