81
Радиация деңгейі жоғары болған жерде көмекшілердің радиацияға ұшырау қауіпінен
сақтану себебінен тұрғын халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуі қындыққа соғады.
Мұндай жағдайда зардап шегуші адамдардың өзіне-өзі және біріне-бірі жәрдем көрсетіп
зақымданған территорияда мінез-құлық, тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы өте зор.
Мысалы жерге жатуға болмайды, су көздерінен су ішуге, тамақтануға рұқсат етілмейді.
Радиация деңгейі төмендегенде ғана зақымдау ауқымында зардап шеккендерге көмек
толық көрсетіледі.
Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға радиацияға қарсы арналған антидот
беріп, сәулелену шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық жерлерін, бетін
антихимиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды
қағады және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсетеді
(жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау қояды т.б.). Сонан соң зардап шеккенді
зарарданбаған жерде орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа апарады
(мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Сәуле ауруды емдеу шараларын тек мамандар
өткізе алады. Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда оны күтуге тура
келеді; оған жалпы мына шараларды қолданады. Күшті сәуле шарпуына шалдыққан адам
сәуле ауруының бірінші кезеңдегі белгілерін көрсете бастайды, сондықтан оның төсекте
жатқаны жөн және оны көп немесе жағымсыз түрде қозғалтуға болмайды. Жатқан бөлме
қараңғылау, тыныш, ауа температурасы 18-20°С шамасында болуға тиіс, науқасты
салқындатып алмауға тырысу керек. Құсуды тоқтату үшін аэрон немесе аминазин
таблеткаларын 1-2 рет береді, қан құсуда мұз бөлшектерін жұтқызады. РЗ су немесе тамақ
арқылы организмге өтті деген күмән болса ауруға адсорбенттердің біреуін береді
(активтендірілген көмірдің 25-30 г, күкірт қышқылды барийдің 50г, сары топырақтың 25-
30 г сайодиннің 1-3 г қоса) да артынан су ішкізеді. Адсорбент РЗ-ды өзіне байлап қанға
сіңуді азайтады. 15-20 минут өткен соң 2-3 л су ішкізіп асқазанын құсу арқылы шаяды.
Аяғында ішін өткізетін дәрі береді - бұл әдіс РЗ-ды организмнен дереу шығару мақсатында
қолданады.
Науқасқа кеңінен әсер келтіретін антибиотиктер және шоктан сақтайтын
аурусыздандыратын (ауыр жарақат, күйіктер болған кезде) дәрілерді береді. Тамақтану
жағынан ешқандай арнайы шек қойылмайды, тек тамақтың жеңіл, бірақ қуатты, оның
құрамында белок, А,С,В - тобының витаминдері болғаны дұрыс. Тамақ аз мөлшерден жиі-
жиі беріледі, организмге сусындар – сәл тұздалған су, шырындар және т.б. жағымды боп
саналады.
Емханада науқастар 4 санатқа бөлінеді: бірінші санатқа жедел көмекке мұқтаж
болғандар (қабылдаған шарпу мөлшері 400 - 600 рентген және одан да көбірек), екінші -
емдеу шараларды кідіртуге болатындар (400 р-ге дейін), үшінші - екі аптаға дейін емді керек
етпейтіндер (250 р-ге дейін), төртінші санатқа шарпу мөлшерін 1000 р-ге жуық немесе одан
да жоғары сіңірген науқастар жатады. Сәуле мөлшерін білу үшін дәрігерлер организмнің
алғашқы реакциясына қарайды.
Сәуле ауруымен бірге әрине қосымша жарақаттар (қан кету, күйю, т.б.) да есепке
алынады.
Достарыңызбен бөлісу: