86
адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.
УЗ
тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-
мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан - ішек жолдарымен организмге өткен кезде
адамдарды зақымдайды. Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы
ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті.
Зақымдау әсерінің өткірлігі,
уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттеріне мән, УЗ-
ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға,
сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты. Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта,
осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер
ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуымүмкін.Улағыш
заттардың жіктелісі. Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға
бөлінеді:
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V -
газдар;
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан;
♦ терінің құрысуына әсер
ететін УЗ - иприт, люизит;
♦тұншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;♦
көздің жасын ағызатын және
тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет)
лизергин қышқылының
диэтиламиді;Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин,
зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт,
фосген).УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір қышқылы, иприт, люизит, фосген);
♦уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;
♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.УЗ
төзімділігі бойынша төзімді
және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді
бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді
емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады
(көгілдір қышқылы, фосген).
Достарыңызбен бөлісу: