87
қамтамасыз етілуімен және оны қолдану білігі, шабуылдың кенеттен басталу
факторына
байланысты. УЗ таза түрде, бейтарап заттармен қосылып және радиоактивті қалдық
заттармен бірге қолданылуы мүмкін. УЗ – дың агрегаттық күйі – сұйық , аэрозольды, бу
түрінде, газ түрінде, сондай- ақ құрғақ қалдық зат түрінде болуы мүмкін.
УЗ адам ағзасына :
1. тыныс алу органдары арқылы бу, азрозоль, газ түрінде;
2. тері мен шырышты қабық арқылы – тамшы – сұйық күйде;
3. асқазан – ішек жолдары арқылы- тамшы – сұйық күйде ;
4. жара беті арқылы – аэрозоль, тамшы – сұйық күйде әсер етуі мүмкін.
Күшті әсер ететін улы заттардан түзілген ошақтар сипаттамасы
Бірқатар шаруашылық обьектілерінде күшті әсер ететін улы заттарды өндіру, пайдалану,
сақтау және тасу жүзеге асырылады. Бұл – химиялық мұнай өңдеу
мекемелері және соларға
еншілес басқа да салалар, сондай- ақ тоңазытқыш қондырғылары, су
құбырлары және
тазарту құрылыстары бар, хлор және т.б. пайдаланатын кәсіпорындар.
Қарсыластың осындай обьектіге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары
нәтижесінде табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті
әсер ететін улы
заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдану мүмкін.
КӘУЗ – бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне
зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар. 6
млн-нан астам химиялық
құрамалар белгілі, оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: